О присвоении наименования улице в селе Б. Өтепов Қолданыста
Басқа 0
Б. Өтепов ауылының көшесіне атау беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабының 4)-тармақшасына сәйкес және Б. Өтепов ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШЕМІН:
Тармақ 1
1. Б. Өтепов ауылының атаусыз орталық көшесіне «Сібе» атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау бас маман Ф. Каирбаеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. 2012 жылғы 01 тамыздағы № 02 «Б. Өтепов ауылының орталық көшесіне атау беру туралы» шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.