О Координационном Совете по борьбе с бедностью и безработицей Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.03.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 20.12.2004 № 248 шешімімен. Облыс әкімінің қала, аудандар және облыс шеңберінде кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу мәселесі жөніндегі үстіміздегі жылдың 1 ақпандағы хаттамалық шешімін орындау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу жөніндегі Үйлестіру кеңесі туралы Ереже бекітілсін (№1 – қосымша жалғанады).
Тармақ 2
2. Кеңестің жеке құрамы бекітілсін (№2-қосымша жалғанады).
Басқа 3
Облыс әкімінің 200 жылы «1» наурыз № 371 шешіміне қосымша № 1 Кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы жағдайлар.
1. Жалпы жағдайлар.
Тармақша 1
1). Кедейлікпен күресу жөніндегі Үйлестіру Кеңесі (былай қарай Кеңіс) консультативтік – кеңесші орган болып табылады. Ол мемлекеттік саясаттың кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу бағытында және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында бірыңғай саясат жүргізудегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға ықпал етеді.
Тармақша 2
2). Кеңістің қызметінің құқықтық негізі – Қазақстан Республикасының Конституциясы, қолданыстағы заңдардың ережелері, сонымен бірге осы Ереже.
Тарау 2. 2. Кеңестің негізі міндеттері.
2. Кеңестің негізі міндеттері. Кеңестің негізгі міндеттері болып табылады: - жағдайдың мән-жайын талдау, кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу жөніндегі шаралар кешен әзірлеу және жүзеге асырылуын бақылауын бақылау, азаматтардың конституциялық құқықтары мен мүдделерін қорғау: - кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу жөніндегі мемлекеттік және басқа мүдделі органдар қызметін үйлестіру; - облыс әкімін кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу жөнінде ұйымдастыру және басқа шаралар алу үшін ұсыныстар әзірлеу.
Тарау 3. 3. Кеңестің құзіреті.
3. Кеңестің құзіреті. Кеңес оның өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай қызметтерді орындайды: - кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу саласында мемлекеттік және басқа мекемелер мен үйымдардың қызметіне талдау жасау; - кедейлік және жұмыссыздық мәселерін шешуге бағытталған шараларды әзірлейді және жүзеге асырады; - мәжілістерде қаралау қорытындыларымен кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу саласында қызметін жүзеге асыратын тиісті кұзіретті мекемелер мен ұйымдар атына ұсыныстар қабылайды.
Тарау 4. 4. Кеңестің өкілеттігі.
4. Кеңестің өкілеттігі. Кеңіс өз қызметін жүзеге асыру мақсатында: - кеңіске жүктелген міндеттерді орындауға қажетті мәліметтер, құжаттар мен материалдарды сұратып алады; - өзінің мәжілістерінде кедейлікпен, жұмыссыздықпен күресу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мекемелердің және ұйымдардың есебін тыңдайды.
Тарау 5. 5. Кеңес жұмысын ұйымдастыру.
5. Кеңес жұмысын ұйымдастыру.
Тармақша 1
1). Кеңес өз жұмысын жоспарлы енгізде жүзеге асырады. Кеңестің мәжілісі тоқсанына бір рет кем емес мөлшерде, сонымен бірге қажетіне қарай да өткізіледі.
Тармақша 2
2). Кеңіс мәжілісін оның төрағасы, немесе оның тапсыруымен орынбасары өткізіледі. Кеңіс өзінің мүшелерінің жартысынан астам құрама қатысқанда заңдылыққа ис.
Тармақша 3
3). Шешім қатысушылардың көпшілік дауымен қабылданады және хаттамамен ресімделеді.