О присвоении наименований новым улицам микрорайона Селекцентр села Чапаево Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Чапаев ауылы Селекцентр ықшам ауданының жаңа көшелеріне ат қою туралы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Іле аудандық тіл және қоғамдық ономастика кеңесінің келісімі, сондай-ақ ауыл халқының пікірін ескере отырып, Чапаев ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Чапаев ауылы Селекцентр ықшам ауданының оңтүстігінде орналасқан жаңа көшелерге "Тәуелсіздік", "Жастар", "Ынтымақ", "Достық", "Алатау", "Ақ бұлақ", "Рахат", "Шұғыла", "Тың дала" аттары қойылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау Чапаев ауылы әкімінің орынбасары Сакипова Гүлжан Рамазанқызына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.