Об изменении границ населенных пунктов Ордабасинского района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ордабасы ауданының елді мекендерінің шегін өзгерту туралы 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 1, 5-тармақтарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы» Заңының 12-бабының 3-тармақшасына сәйкес Ордабасы аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Ордабасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Аудандық жер қатынастары мен сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысына сәйкес:
Тармақша 1
1) 46,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Төрткөл ауыл округі Арыстанды ауылының жалпы ауданы 273,76 гектар болып;
Тармақша 2
2) 202,1 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Төрткөл ауыл округі Көкарал ауылының жалпы ауданы 382,01 гектар;
Тармақша 3
3) 19,3 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Төрткөл ауыл округі Елшібек Батыр ауылының жалпы ауданы 84,2 гектар;
Тармақша 4
4) 53,4 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөржар ауыл округі Жамбыл ауылының жалпы ауданы 161,7 гектар;
Тармақша 5
5) 100,8 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бөген ауыл округі Бөген ауылының жалпы ауданы 1023,9 гектар;
Тармақша 6
6) 151,1 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Шұбар ауыл округі Сарытоғай ауылының жалпы ауданы 176,1 гектар;
Тармақша 7
7) 20,06 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қараспан ауыл округі Батыр-ата ауылының жалпы ауданы 151,06 гектар;
Тармақша 8
8) 10,5 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Қызыл Сеңгір ауылының жалпы ауданы 309,48 гектар;
Тармақша 9
9) 24,6 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Боралдай ауылының жалпы ауданы 373,13 гектар;
Тармақша 10
10) 532,98 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Қажымұқан ауыл округі Темірлан ауылының жалпы ауданы 2902,92 гектар болып өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.