Об утверждении Правил взимания платы за пользование судоходными водными путями Күшін жойған
Басқа 0
Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшін төлем алу ережесін бекіту туралы
"Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасының
1994 жылғы 21 қыркүйектегi
Заңының 9-бабына сәйкес Қазақстан
Республикасының Yкiметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берілiп отырған Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн
төлем алу ережесi бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
Басқа 3. Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем алу
ЕРЕЖЕСI
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы "25" тамыздағы
N 1308 қаулысымен
бекітілген
Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем алу
ЕРЕЖЕСI
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы қағидалар
1. Жалпы қағидалар
Тармақ 1
1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының негізiнде әзiрленген және Қазақстан Республикасында кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем алу тәртiбiн белгілейдi.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
кеме иесi - Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланатын, кеме иесi болып табылатыны немесе табылмайтынына қарамастан өзге де заңды негiзде кеменi өз атынан пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға;
уәкiлетті орган - Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгінiң Көлiктiк бақылау комитетi.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Төлеу тәртiбi мен мерзімдері
2. Төлеу тәртiбi мен мерзімдері
Тармақ 3
3. Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемдi кеме иесi кеменің тiркелген (тiркеме жасалған) орны бойынша төлейдi.
Шетелдiк кеме иелерi кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемдi кеменiң Қазақстан Республикасының аумақтық суларына кiрер алдында енгізедi.
Тармақ 4
4. Кеме иелерi үшiн алынатын төлемнiң мөлшерi Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланған нақты мерзiмiне негiзделiп белгiленедi, бiрақ айлық ставка мөлшерiнен кем болмайды.
Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн айлық мөлшерi жылдық ставканы навигация кезеңiне бөлу арқылы анықталады (айлармен).
Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн жылдық төлемнiң мөлшерi 1 регистрлi тонна үшiн 0,26 айлық есеп көрсеткiш есебiнен белгiленедi.
Шетелдiк кеме иелерi үшiн кемелердiң бiр жолғы кiруi кезiнде кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем айлық ставка мөлшерінде белгiленедi. Шетелдiк кеме иелерi Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарында 1 ай мерзiмнен артық уақыт болған кезде кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем iшкi кеме иелерi ретінде (нақты пайдаланған мерзiмi) есептеледi.
Кеме қатынайтын су жолдарына төлем теңгемен төленедi.
Қазақстан Республикасының кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем мемлекеттiк тапсырыс шеңберiнде су жолдарын кеме қатынайтын жағдайда қамтамасыз ету жөнінде және шлюздердi ұстау, жол жұмыстары (жер қазу, өңдеу, арна тазалау, тралды, iздестiру), сондай-ақ кеме қатынайтын жағдайда ұстау жөнiндегі жұмыстарды орындайтын кеме иелерiнен жылдық ставканың 20% мөлшерiнде алынады.
Тармақ 5
5. Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлем төлеу
ақша аудару жолымен, қолма-қол ақшамен есеп айырысу жолымен белгiленген
ставкаға сәйкес жүзеге асырылады және заңнамада белгiленген тәртiппен
Республикалық бюджеттiң бiрыңғай бюджеттiк сыныптамасының тиiстi кодына
есептеледi.
Тек оларда төлем туралы растау құжаттары бар болған кезде ғана
кеме иелерiне кеме қатынайтын су жолдарын пайдалануға рұқсат етiледi.
Тармақ 6
6. Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн енгiзiлген төлем
заңнамада белгiленген тәртiппен қайтаруға немесе қайта есептеуге жатады.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн
төлемнiң түсуiн және шетелдiк кемелердiң болуын бақылау
3. Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн
төлемнiң түсуiн және шетелдiк кемелердiң болуын бақылау
Тармақ 7
7. Кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемнiң дұрыс
есептелуiн толық және уақытылы төленуiн бақылауды Қазақстан
Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес салық органдары
жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Кеме қатынайтын су жолдарын кеме иелерiнiң пайдалану мерзiмiн
бақылауды уәкiлетті орган жүзеге асырады.