О присвоении наименований новым улицам в селе Касымбек Шолаккаргалинского сельского округа Жамбылского района Қолданыста
Басқа 0
Жамбыл ауданы, Шолаққарғалы селолық округіне қарасты Қасымбек ауылындағы жаңа көшелерге ат қою туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармағына сәйкес және Жамбыл аудандық қоғамдық ономастика комиссия келісімі сондай-ақ тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Шолаққарғалы селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шолаққарғалы селолық округіне қарасты Қасымбек ауылының оңтүстік-батыс жағында орналасқан жаңа көшелерге "Парасат", "Тәуелсіздік", "Көкбастау", "Аққайнар" аты қойылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды және іс жүзіне асыру жұмыстарын жүргізу Шолаққарғалы селолық округі әкімі аппаратының бас маманы Айгуль Шекербекқызы Шошикбаеваға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.