О взаимодействии медицинских организаций, органов записи актов гражданского состояния, соответствующих служб силовых структур и организаций, осуществляющих выплату пенсий и пособий за счет средств республиканского бюджета, по обеспечению своевременности документооборота, регистрации и представления документов, удостоверяющих факт смерти, выезд на постоянное место жительства за пределы Республики Казахстан получателей пенсий и пособий Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Медициналық мекемелердiң, азаматтық хал актiлерiн тiркеу органдарының, әлеуеттi құрылымдар мен зейнетақыларды және жәрдемақыларды республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асыратын ұйымдардың тиiстi қызметтерiнiң құжат айналымдарын, қайтыс болу, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшiн көшiп кету фактiлерiн растайтын құжаттарды тiркеу мен ұсынуды уақытында қамтамасыз ету жөнiндегi өзара iс-әрекеттерi туралы" 📌 Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігiнiң 29.11.2006 № 264-ө, ҚР Әдiлет министрiнiң 11.12.2006 № 318, ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.12.2006 № 631 Бірлескен бұйрығымен. Медициналық мекемелердiң, азаматтық хал актiлерiн тiркеу органдарының, әлеуеттi құрылымдар мен зейнетақыларды және жәрдемақыларды республикалық бюджеттiк қаражаты есебiнен жүзеге асыратын ұйымдардың тиiстi қызметтерiнiң өзара iс-қимылдарын жақсарту және алушының қайтыс болуына, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшiн көшiп кетуiне байланысты зейнетақы төлемдерi мен жәрдемақыларды уақытында тоқтатуын қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Медицина ұйымдарының басшылары: дәрiгерлердiң бақылауындағы ауру адамның қайтыс болғандығы туралы АХАТ органдары мен азаматтардың хал актiлерiн тiркеуге уәкiлеттi селолық (поселкелiк) округтердiң лауазымды адамдарына бiр тәулiк iшiнде хабарласын; дәрiгердiң бақылауындағы қайтыс болған адамдардың толық тiзiмiн әр айдың 5 жұлдызынан кешiктiрмей аудандық (қалалық) азаматтардың хал актiлерiн тiркеу органдары мен азаматтардың хал актiлерiн тiркеуге уәкiлеттi селолық (поселкелiк) округтердiң лауазымды адамдарына ұсынсын; ай сайын әр айдың 5-жұлдызына қарай өздерiнiң бақылауындағы қайтыс болғандарды азаматтардың хал актiлерiн тiркеу органдарымен, азаматтық хал актiлерiн тiркеуге уәкiлеттi селолық (поселкелiк) округтердiң лауазымды адамдарымен бiрге салыстырып тексерсiн; өлiмi туралы дәрiгерлiк куәлiктi алушыларды АХАТ органдарында немесе азаматтардың хал актiлерiн тiркеуге уәкiлеттi селолық (поселкелiк) округтерде өлiмi туралы тiркеу және өлiмi туралы куәлiктi алу қажеттiгi туралы хабардар етсiн; өлiмiн уақытында дәрiгерлiк тiркеудi жеке бақылауына алсын, әрбiр медициналық ұйымда осы бөлiмге жауапты қызметкердi дербес белгiлесiн.
Тармақ 2
2. Аудандық, қалалық азаматтарды хал актiлерiн тiркеу бөлiмдерiнiң басшылары немесе азаматтардың хал актiлерiн тiркеуге уәкiлеттi селолық (поселкелiк) округтердiң лауазымды адамдары: қайтыс болған зейнетақы және жәрдемақы алушылардың толық тiзiмiн олардың фамилиясын, атын, әкесiнiң атын, туған жылын, тұрақты тұратын жерiн, қайтыс болған күнiн көрсете отырып, әр айдың 5-жұлдызынан кешiктірмей ЗТМО-ға тапсырсын; әрбiр ұйымда қайтыс болған зейнетақы және жәрдемақы алушылардың тiзiмiн ЗТМО-ға тапсыруға жауапты қызметкердi белгiлеп, жеке бақылауына алсын.
Тармақ 3
3. Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары қайтыс болған жалғызiлiктi зейнеткерлер мен мүгедектердiң тiзiмiн ЗТМО-ға уақытында тапсыруды ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылдасын, әрбiр әлеуметтiк көмек көрсету бөлiмшесiнде осы Бұйрықтың 2-тармағында көзделген жұмысқа жауапты әлеуметтiк қызметкердi белгiлесiн.
Тармақ 4
4. АХАТ органдары, Қорғаныс министрлiгiнiң, Ішкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық Қауiпсiздiк комитетiнiң, Республикалық Ұланның және Қазақстан Республикасының Президентi Күзет қызметiнiң зейнетақылық қызметтерi ұсынған мәлiметтердiң негiзiнде зейнетақы және жәрдемақы алушылар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге көшiп кеткен, қайтыс болған жағдайда ЗТМО бөлiмшесi, егер Қазақстан Республикасы заңнамасында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, зейнетақылар мен жәрдемақыларды олардың есеп шоттарына аударуды зейнетақы және жәрдемақы алушы көшiп кеткен айдан кейiнгi айдан немесе қайтыс болған күннен бастап тоқтатады.