О государственных памятниках природы местного значения Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің 2012 жылдың 2 тамыздағы № 02-02-01-24/250-ОАШК ұсынысының негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумағының шекарасын және қорғау режимінің түрлерін бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтуғановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Қарағанды облысы әкімдігінің 2012 жылғы 04 қазандағы № 51/02 қаулысына қосымша Жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері N п/п Атауы Шекаралары Қорғау режимінің түрі 1 "Тихонов қайыңды тоғайы" Қарағанды облысы, "Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қарағанды орманшылығы, Қарағанды-Теміртау трассасы бойынша Қарағанды қаласының шекарасынан 1 километр солтүстік-шығысқа қарай, Бұқар жырау ауданының жерлерінде; 10 гектар Қорықтық 2 "Кәдімгі қарағайдың екпесі" Қарағанды облысы, "Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Қарағанды шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, Қарағанды орманшылығы, 31 квартал, 14, 15 телім; 5,7 гектар Қорықтық 3 "Биші қайыңдар тоғайы" Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті; 2 гектар Қорықтық 4 "Шаған жапырақты үйеңкі" екпесі Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қарқаралы қаласы, Ермеков көшесі, 13 үй; бір ағаш Қорықтық