Об изменении границ Алгабасского, Жамбылского, Коктерекского и Шаянского сельских округов Байдибекского района Южно-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.09.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданындағы Алғабас, Жамбыл, Көктерек және Шаян ауылдық округтерінің шекараларын өзгерту туралы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек аудандық мәслихаты мен әкімдігінің бірлескен ұсынысын ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Бәйдібек ауданының Шаян ауылдық округінің әкімшілік шекарасына Алғабас ауылдық округінен жалпы көлемі 560,8 гектар, Жамбыл ауылдық округінен жалпы көлемі 694,46 гектар, Көктерек ауылдық округінен жалпы көлемі 621,33 гектар жер бөліктерінің қосылуымен Алғабас, Жамбыл, Көктерек және Шаян ауылдық округтерінің шекаралары өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы бірлескен қаулы және шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.