О некоторых вопросах лицензирования аудиторской деятельности Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Аудиторлық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті аудиторлық қызметті жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті орган – лицензиар (лицензиялар (оның ішінде телнұсқалар) беру, қайта ресімдеу, лицензиялардың қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру) болып айқындалсын.
Тармақ 3
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Аудиторлық қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 601 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 282-құжат);
Тармақша 2
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 601 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 мамырдағы № 639 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 22-23, 200-құжат);
Тармақша 3
3) «Аудиторлық қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 17 шілдедегі № 601 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 1318 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 29-құжат).
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 12 қарашадағы № 1434 қаулысымен бекітілген Аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі Р/с № Ауди­тор­лық қыз­мет­ті ли­цен­зи­я­лау ке­зін­де қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры мы­на­лар­ды қам­ти­ды: Құ­жат­тар Ес­керт­пе 1 2 3 4 1. Жа­у­ап­кер­ші­лі­гі шек­те­улі се­рік­те­стік ұй­ым­дық-құқық­тық ны­са­ны­ның бо­луы Жар­ғы­ның, заң­ды тұл­ға­ны мем­ле­кет­тік тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы ку­ә­лік­тің* неме­се анық­та­ма­ның кө­шір­ме­ле­рі; ес­керт­пе: * «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның кей­бір заң­на­ма­лық ак­ті­ле­ріне заң­ды тұ­лға­лар­ды мем­ле­кет­тік тір­кеу және фи­ли­ал­дар мен өкіл­дік­тер­ді есеп­тік тір­кеу мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар ен­гі­зу ту­ра­лы» 2012 жы­л­ғы 24 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы қол­да­ны­сқа ен­гі­зі­л­ген­ге дей­ін бе­рі­л­ген заң­ды тұл­ға­ны (фи­ли­ал­ды, өкіл­дік­ті) мем­ле­кет­тік (есеп­тік) тір­кеу (қай­та тір­кеу) ту­ра­лы ку­ә­лік заң­ды тұл­ға­ның қыз­ме­ті тоқ­та­ты­л­ған­ға дей­ін жа­рам­ды бо­лып та­бы­ла­ды. «Е-ли­цен­зи­я­лау» мем­ле­кет­тік де­рекқор­ды пай­да­ла­на оты­рып тек­се­рі­ле­ді 2. Жар­ғы­лық ка­пи­тал­да ауди­тор­ға (ауди­тор­лар­ға) және (неме­се) ше­тел­дік ауди­тор­лық ұй­ым­ға (ұй­ым­дар­ға) ти­е­сі­лі үле­стің жүз пай­ы­зы бо­луы 3. Құ­ра­мын­да осы ауди­тор­лық ұй­ым­да ға­на ауди­тор ре­т­ін­де өз қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын кем де­ген­де екі ауди­тор­дың бо­луы Осы ауди­тор­лық ұй­ым­да жұ­мыс iстей­тiн ауди­тор­лар­ға «ауди­тор» бiлiк­тiлi­гiн бе­ру ту­ра­лы бiлiк­тiлiк ку­әлiк­терiнiң және оның негiзiн­де осы ауди­тор­лық ұй­ым­мен ең­бек қа­ты­на­ста­рын­да тұ­ра­тын құ­жат­тар­дың кө­шiр­ме­лерi 4. Ауди­тор­лық ұй­ым бас­шы­сын­да, сон­дай-ақ ауди­тор­лар­да ауди­тор­лар­ға кан­ди­дат­тар­ды ат­те­стат­тау жө­нін­де­гі бі­лік­ті­лік ко­мис­си­я­сы бер­ген «ауди­тор» бі­лік­ті­лі­гін бе­ру ту­ра­лы бі­лік­ті­лік ку­ә­лі­гі­нің бо­луы «Ауди­тор» бiлiк­тiлi­гiн бе­ру ту­ра­лы бiлiк­тiлiк ку­әлi­гiнiң, ең­бек кiтап­ша­сы­ның, же­ке ең­бек шар­ты­ның кө­шiр­ме­лерi не бас­шы­ны қа­был­дау және шы­ға­ру ту­ра­лы бұй­рық­тар­дан үзiн­дi 5. Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­лық ак­ті­ле­ріне сәй­кес ауди­тор­лық ұй­ым­ның бас­шы­сы­на қа­ты­сты бұ­рын ол же­тек­ші­лік ет­кен ауди­тор­лық ұй­ым­ның ли­цен­зи­я­сы­нан ай­ы­ру ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­дің бол­мауы Осы та­лап ли­цен­зи­ядан ай­ы­ру ту­ра­лы сот ше­ші­мі заң­ды кү­шіне ен­ген кү­ні­нен ба­стап бір жыл бойы әре­кет ете­ді және ауди­тор­лық ұй­ым­дар ті­зі­лі­мі­нің және құқық­тық ста­ти­сти­ка және ар­найы есеп­ке алу жө­нін­де­гі уәкiлет­тi ор­ган­ның ақ­па­рат­тық де­рекқо­ры­ның де­ректе­рін пай­да­ла­на оты­рып тек­се­рі­ле­ді Ше­тел­дік ұй­ым (ше­тел­дік ұй­ым­дар) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­ден­ті – ауди­тор­лық ұй­ым­ды құр­ған кез­де жо­ға­ры­да са­на­ма­лан­ған бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­нан бас­қа, мы­на­дай қо­сым­ша та­лап қой­ы­ла­ды: 6. Ше­тел­дік ұй­ым ауди­тор­лық деп та­ны­луы ти­іс Ре­зи­ден­тi бо­лып та­бы­ла­тын ел­дiң кәс­i­би ауди­тор­лық ұй­ы­мы неме­се мем­ле­кет­тiң құ­зы­рет­тi ор­га­ны бе­ретiн но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған аудар­ма­сы бар ауди­тор­лық ұй­ым­ның мәр­те­бесiн рас­тау ту­ра­лы хат­тың түп­нұс­қа­сы не ли­цен­зи­я­ның но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған кө­шiр­месi Ха­лы­қа­ра­лық бух­гал­тер­лер фе­де­ра­ци­я­сын­да­ғы ше­тел­дік ауди­тор­лық ұй­ым­ның мәр­те­бесiн рас­тай­тын, кәс­i­би ауди­тор­лық ұй­ы­мы­ның мү­ше­лі­гі ту­ра­лы құ­жат