О начальной военной подготовке Күшін жойған
Басқа 0
Бастапқы әскери даярлау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.10.2001 № 114 шешімімен.
«Алғашқы әскери даярлық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы 1340 қаулысын жүзеге асыру туралы» облыс әкімінің 1997 жылғы 8 қаңтардағы шешімін орындауда:
Тармақ 1
1. Облыстық әскери комиссариат (И.Е. Лосьев), облыстық білім департаменті (Г.Г. Шек), облыстық дене тәрбиесі және спорт комитеті (Қ.Б. Оспанов), облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма (Е.В. Батов), облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.Ғ. Ғалымжанов), қалалар мен аудандар әкімдері облыстың оқу орындарындағы алғашқы әскери даярлықтың 1999-2000 оқу жылындағы жағдайына 1 қосымшаға сәйкес талдау жасасын (2000 ж. тамыз).
Тармақ 2
2. 2000-2001 оқу жылына жастардың алғашқы әскери даярлығын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың жоспарын 2 қосымшаға сәйкес бекітсін.
Тармақ 3
3. Қосымшаға сәйкес 2000-2001 оқу жылында оқу орындарындағы, оқу пункттеріндегі, қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлеріндегі жастардың алғашқы әскери даярлығы, әскери-патриоттық тәрбиесі мен дене бітімінің жағдайына тексеру жасаудың кестесін бекітсін.
Тармақ 4
4. Облыстық білім департаменті (Г.Г. Шек), облыстық әскери комиссариатпен (И.Е. Лосьев) бірлесе отырып, қалалар және аудандар әкімдері барлық оқу орындарын алғашқы әскери даярлықтың оқытушы-ұйымдастырушыларымен жинақтылықтасын.
Тармақ 4.1
4.1. Мектептердің 10-11 сынып оқушыларын және меншік нысанына қарамастан басқа оқу орындарының тыңдаушыларын, оларды алғашқы әскери даярлыққа толық қамтуға қол жеткізсін.
Тармақ 4.2
4.2. Оқу орындарын алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқу- әдістемелік және басқа құралдармен жинақтылықтасын, алғашқы әскери даярлық жөніндегі кабинеттер, мүлік сақтауға арналған бөлмелерді, саптағы, дене бітімінің жағдайы және ішкі қызметке арналған алаңшаларды әскери- патриоттық тақырып бойынша көркем үгіт құралдарымен жабдықтасын.
Тармақ 5
5. Облыстың аудандары мен қалаларының әкімдері әкім аппаратының штаттық санының шегінде әскерге шақыру жасына дейінгі және әскерге шақыру жасындағы жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі маманның-қорғаныс-спорттық сауықтыру лагері бастығының лауазымын енгізсін.
Тармақ 5.1
5.1. Облыстың әр қаласында, ауданында қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерін құрсын және оқу-материалдық база құру жөнінде материалдық- техникалық қамтамасыз ету, қаржыландыру және еңбекке ақы төлеу жөніндегі мәселелерді жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен шешсін.
Тармақ 5.2
5.2. Әскери комиссариаттармен бірлесе отырып оқу орындарында бұрындары алғашқы әскери даярлықтан өтпеген әскерге шақыру жасындағы жастарды оқыту үшін оқу пункттерін құрсын және қаржыландырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық әскери комиссариат әскери даярлық жөніндегі оқу- әдістемелік жұмысқа басшылықты қамтамасыз етсін.
Тармақ 6.1
6.1. Әскери комиссариаттар жанынан алғашқы әскери даярлық жөніндегі штаттан тыс әдістемелік кеңестер құрсын.
Тармақ 6.2
6.2. Алғашқы әскери даярлықтың оқытушы-ұйымдастырушыларымен 3-күндік әдістемелік жиындарын және ай сайынғы бір күндік сабақтарын, сондай-ақ оқу пункттерінің бастықтары мен нұсқаушыларының әдістемелік даярлығын ұйымдастырсын және өткізсін.
Тармақ 7
7. ТЖ жөніндегі облыстық басқарма (Е.В. Батов) жастарды қауіпсіздік негіздері және адам өмірінің іс-әрекеті бойынша оқытуға басшылық және бақылау жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 8
8. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Е.Ғ. Ғалымжанөв) медициналық-санитарлық даярлықтың оқытушыларын іріктеуді, даярлауды және бақылау жасауды қамтамасыз етсін. Оқу орындарына оқушылардың практикалық сабақтарын өткізу үшін емдеу мекемелерін бекітсін.
Тармақ 9
9. Облыстық дене тәрбиесі және спорт комитеті (Қ.Б. Оспанов) облыстың оқу орындарында әскерге шақыру жасына дейінгі жән әскерге шақыру жасындағы жасөспірімдердің дене бітімі даярлығына басшылық және бақылау жасауды жүзеге асырсын.
Тармақ 10
10. Облыстық қаржы департаменті (М.А. Щеглова) алғашқы әскери даярлықты ұйымдастыру және жүргізуге байланысты шығыстарды оқу орындарын ұстауға бюджеттік ассигнованиелердің шегінде қарастырсын.
Тармақ 11
11. Істелген жұмыстар туралы ақпаратты облыс әкімінің аппаратына 2001 жылғы 30 шілдеге дейін берсін. Өкімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа, облыс әкімінің көмекшісі А.В. Синютинге жүктелсін.
Басқа 18. Облыстың оқу орындарындағы 1999-2000 оқу жылындағы алғашқы әскери даярлықтың жағдайы туралы
ақпарат
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2000 жылғы 24 шілдедегі
№ 141-ө өкіміне 1 қосымша
Облыстың оқу орындарындағы 1999-2000 оқу жылындағы алғашқы әскери даярлықтың жағдайы туралы
ақпарат
Алғашқы әскери даярлық 1999-2000 оқу жылында «Алғашқы әскери даярлық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 1 қарашадағы № 1340 қаулысына сәйкес 14300 жасөспірімді және 15371 бойжеткенді оқумен қамтитын 347 орта жалпы білім беру мектептерінде, 10 кәсіптік-техникалық мектептерде және 12 орта арнаулы оқу орындарында жүргізілді.
Оқу жылы аяқталғаннан кейін жалпы білім беру және кәсіптік- техникалық мектептердің, орта арнаулы оқу орындарының түлектері жасөспірімдермен, сондай-ақ оқу орындарында алғашқы әскери даярлықтан өтпеген әскерге шақыру жасындағы жасөспірімдермен лагерлік (оқу-далалық) жиындары өткізілді, оларға 6991 жасөспірім қатысты.
Өткен оқу жылында алғашқы әскери даярлықты ұйымдастыру және өткізу деңгейі айтарлықтай өсті.
Облыстың әскери комиссариаттары білім беру органдары оқу орындарын алғашқы әскери даярлық жөніндегі оқытушы- ұйымдастырушылармен жинақтылықтау жөнінен жұмыстар жүргізді, оқу жылы басталар алдында оқытушы-ұйымдастырушылармен ай сайынғы бір күндік әдістемелік сабақтар және оқу-әдістемелік жиындар өткізудің сапасы артты. Қөстанай мұғалімдер білімін жетілдіру институты жанындағы білім қызметкерлері біліктілігін арттыру жүйесінде алғашқы әскери даярлықтың жаңадан тағайындалған оқытушы-ұйымдастырушыларымен 2-апталық біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.
Оқу орындарында алғашқы әскери даярлықты ұйымдастыру мен өткізуде Қостанай, Лисаков қалалары, Мендіқара және Әулиекөл аудандары үздік нәтижелерге жетті.
Сонымен қатар алғашқы әскери даярлықты ұйымдастыру мен өткізуде бірқатар елеулі кемшіліктер орын алған, олар облыстың оқу орындарында алғашқы әскери даярлықты өткізудің сапасына айтарлықтай әсер етеді.
Осы кезге дейін әскерге шақыру жасына дейінгі және әскер жасындағы жасөспірімдермен жұмыс жөніндегі мамандар-қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерінің бастығы лауазымдары Рудный және Лисакөв қалаларында ғана енгізілген.
Қалалық және аудандық халыққа білім беру бөлімдерінде әскер жасына дейінгі және әскер жасындағы жастарды алғашқы әскери даярлықтан өткізуге үйлестіру және бақылау жасау жөніндегі штаттық мамандар енгізілмеген, ал міндеттерін атқару негізінен дене тәрбиесі жөніндегі инспекторларға жүктелген.
Қостанай, Арқалық қаласының жалпы білім беру мектептері оқушыларының алғашқы әскери даярлығы негізінен қажетті оқу-материалдық базасы бар, жастармен практикалық жұмыс тәжірибесі бар запастағы офицерлер арасынан АӘД тәжірибелі оқытушы-ұйымдастырушылары іріктелген оқу орталықтарында ұйымдастырылады және өткізіледі. Жеткіліксіз қаржыландыру салдарынан орта білім беру мектептерінің көпшілігінде алғашқы әскери даярлықтың оқытушы-ұйымдастырушысына мұғалімнің 0,5 мөлшерлемесі белгіленген, ол алғашқы әскери даярлықтың оқытушы-ұйымдастырушылар лауазымының сапалы жинақтылықталуын қиындата түседі. АӘД 342 оқытушылар-ұйымдастырушыларының 108-нің ғана офицерліқ атағы жастармен жұмыс тәжірибесі бар, ал қалған 234 жастармен жұмыс істеуде белгілі тәжірибесі жоқ запастағы солдаттар мен сержанттардан іріктеліп алынған.
1999-2000 оқу жылындағы оқу орындарының АӘД жөніндегі оқу- материалдық базасының жағдайы алғашқы әскери даярлық жөніндегі бағдарламаның талаптарына сай келмейді, ол айтарлықтай көлемде жастарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі әскери қызметке даярлау сапасына әсер етті. Оқу орындарындағы алғашқы әскери даярлық жөніндегі сыныптар алғашқы әскери даярлықтың жаңа бағдарламасына сәйкес оқу және көрнекі құралдар және плакаттармен жинақтылықталмаған. Оқу мүліктерін сақтауға арналған бөлмелер, сап және дене бітімі даярлығы сабақтарына арналған алаңшалар, кезекшінің міндеттерін үйренуге арналған орындар жабдықталмаған.
Облыста Рудный, Лисаков қалаларында ғана 2 қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлері бар.
Жалпы білім беру және кәсіптік-техникалық мектептердің, орта арнаулы оқу орындарының оқушыларымен, 5-күндік лагерлік (оқу-далалық) жиындар Лисаков қаласындағы ҚССЛ-де сапалы өткізілді. Қостанай қаласындағы лагерлік жиындар АӘД жөніндегі оқу орталығы базасында және Федоров ауданында бұрынғы пионер лагері базасында өткізілді. Облыстың басқа қалалары мен аудандарында қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлері және қажетті оқу-материалдық базасы болмағандықтан әскер жасындағы жасөспірімдермен болған лагерлік жиындар тұрған жерлеріндегі оқу орындарында өткізілді және АӘД жөніндегі бағдарламаның талаптарына сай келмеді. Рудный қаласында қорғаныс-спорттық сауықтыру лагері бар, қала әкімі лагерлік жиындарды қаржыландыруға арналған қаражатың жоқтығын сылтау қылып әскер жасындағы жастармен лагерлік жиындарды өткізу туралы шешім қабылдамады, сондықтан Рудный қаласының оқу орындарындағы лагерлік жиындар төменгі деңгейде өтті.
Қалалар мен аудандар әкімдері бұрындары оқу орындарында алғашқы әскери даярлықтан өтпеген жастарды оқытуға арналған қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерін және оқыту пункттерін құру және қаржыландыру жөнінен қажетті шаралар қабылдамайды, сондықтан әскерге шақырылушылардың бұл санаты мерзімді әскери қызметке алғашқы әскери даярлық курсынан өтпей шақырылады.
Басқа 19. 2000-2001 оқу жылында жастармен алғашқы әскери даярлықты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың жоспары
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2000 жылғы 24 шілдедегі
№ 141-ө өкіміне
2 қосымша
2000-2001 оқу жылында жастармен алғашқы әскери даярлықты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың жоспары
Реттік саны
Іс-шаралардың атауы
Орындалу мерзімі
Орындаушылар
І. Ұйымдастырушылық іс-шаралар
1.
Облыстың қалалары мен аудандарының әкімдеріне, «1999-2000 оқу жылындағы жастармен алғашқы әскери даярлықтың қорытындылары туралы» ақпаратты даярлау және жіберу.
тамыз
Әскери комиссариаттар, білім департаменті
2.
Қалалар мен аудандар әкімдерінің әскер жасындағы жастардың алғашқы әскери даярлық жағдайын жақсарту жөніндеғі шешімдерін қабылдау және жаңа 2000-2001 оқу жылына алғашқы әскери даярлық жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспарын бекіту
тамыз
Қалалар және аудандар әкімдері
3.
Облыстың әр қаласында (ауданында) қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерін құру. Әкімнің сәйкесті шешімін қабылдау.
2001 ж. 01.05-дейін
Қалалар және аудандар әкімдері, білім департаменті, дене тәрбиесі және спорт комитеті, ТЖ жөніндегі басқарма
4.
Бұрындары оқу орындарында алғашқы әкери даярлықтан өтпеген әскер жасындағы жастарды оқытумен толық қамтуға шаралар қабылдау және оқу пункттерін құру
наурыз, қыркүйек
Қалалар және аудандар әкімдері, әскери комиссариаттар
5.
Әскер жасындағы жастармен лагерлік (оқу-далалық) жиындар ұйымдастыру және өткізу
2001 жылғы мамыр
Қалалар және аудандар әкімдері, әскер- коматтар, білім департаменті, дене тәрбиесі және спорт комитеті
6.
Әскери комиссариаттардың, білім бөлімдерінің, АӘД жағдайына жауап беретін лауазымды тұлғаларымен жиындар өткізу
2000-2001 ж. тамыз
Обләскеркомат, білім департаменті, ТЖ жөніндегі басқарма, денсаулық сақтау басқармасы, ДТ және спорт комитеті
ІІ. Алғашқы әскери даярлықтың оқытушы-ұйымдастырушыларын іріктеу және даярлау
1.
Оқу орындарының АӘД оқытушы-ұйымдастырушыларының, оқу пункттерінің бастықтары лауазымына, көбіне жастармен жұмыс істеу тәжірибесі бар запастағы офицерлерден кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмысты жүйелі түрде жүргізу.
Тұрақты түрде
Білім департаменті, әскери комиссариаттар
2.
Облыстың қалалық аудандық әскери комиссариаттарында алғашқы әскери даярлық жөніндегі штаттан тыс әдістемелік кеңестер құру
2000 ж. қыркүйек
Әскери комиссариаттар, білім департаменті, ТЖ жөніндегі басқарма, денсаулық сақтау басқармасы, ДТ және спорт комитеті
3.
АӘД оқытушьшары-ұйымдастырушыларының әдістемелік даярлығын ұйымдастыру және өткізу:
-оқу жылы басталар алдында 5 күндік оқу-әдістемелік жиындар;
-ай сайынғы бір күндік әдістемелік сабақтар;
-қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерінің лауазымды тұлғалармен үш күндік оқу-әдістемеліқ сабақтар;
-оқу пункттерінің лауазымды тұлғаларымен 5 күндік оқу- әдістемелік сабақтар;
-мұғалімдердің білімін жетілдіру институтының жанынан жаңадан тағайындалған оқытушы-ұйымдастырушылармен 15 күндік жұмыс
2000-2001 ж.ж. тамыз
Ай сайын 2001 ж. сәуір
2000 ж. наурыз, қыркүйек
Жоспар бойынша
Білім департаменті, әскери комиссариаттар, ТЖ жөніндегі басқарма, облыстық денсаулық сақтау басқармасы, ДТ және спөрт комитеті
4.
Оқу орындары арасында үздік АӘД оқытушылар-ұйымдастырушыларының тәжірибесін жинақтап қорытындылау және тарату
2001ж. қаңтар
Білім департаменті, облыстық әскери комиссариат
ІІІ. АӘД бойынша оқу-әдістемелік базаны жасау және жетілдіру
1.
Облыстың барлық оқу орындарында АӘД бойынша оқу-материалдық базасының жетпейтін элементтерін жасау
2000 ж. қыркүйек
Білім департаменті, оқу орындарының басшылары
2.
Қорғаныс-спорттық сауықтыру лагерлерінде қажетті оқу-материалдық базасын жасау
2000 ж. 1 мамырға дейін
Әкімдер, білім департаменті, ДТ және спорт комитеті
3.
Оқу орындарын, оқу пункттерін, қорғаныс-спортгық сауықтыру лагерлерін оқу химиялық және инженерлік мүлікпен, көрнекті құралдармен жинақтылықтау
2000 ж. қыркүйек
Облыстық әскери комиссариат, білім департаменті, ТЖ жөніндегі басқарма
4.
Оқу орындарын медициналық мүлікпен, медициналық-санитарлық даярлық жөніндегі оқу және көрнекі құралдармен жиынтықтылау
2000 ж. қыркүйек
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
IV. Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу және дене бітімі жағынан даярлау
1.
АӘД жөніндегі сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралардың тәрбиелік ролін арттыру, болашақ жауынгерлер бойында Отан қорғау жөніндегі борышты орындауға қажетті жоғарғы моральдық-өнегелі, психологиялық, ерік қасиеттерін, дене бітімі машықтарын қалыптастыру
Оқу жылы бойына
Білім департаменті, ДТ және спорт комитеті, әскери комиссариаттар, оқу орындарының директорлары
2.
Әскерге шақырылушы күнін ұйымдастыру және өткізу
15 қарашаға дейін, 15 сәуірге дейін
Әкімдер, әскери комиссариаттар, білім департаменті, ДТ және спорт комитеті
3.
«Отан қорғаушы және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің күніне» арналған қорғаныс-көпшілік жұмыстарының айлығын өткізу
2001 ж. сәуір-мамыр
Әкімдер, әскери комиссариаттар, білім департаменті, ДТ және спорт комитеті
4.
Жасөспірімдерді мерзімді әскери қызметке салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастыру және өткізу
Мамыр-қараша
Қалалар мен аудандар әкімдері, әскери комиссариаттар
5.
Қостанай гарнизоны әскери бөлімдеріңің базасында әскери-техниканы, қару-жарақты көрсете және солдаттардың өмірі мен тұрмысын таныстыра отырып, «Ашық есік күнін» ұйымдастыру және өткізу
Сәуір, қазан
Гарнизон бастығы, әскери комиссариаттар
6.
Әскери-патриоттық клубтар мен бірлестіктерге болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі жұмыстарына көмек көрсету.
Тұрақты түрде
Әскери комиссариаттар, білім департаменті
7.
Оқу орындарының басшыларымен, оқытушы-ұйымдастырушыларымен әскери училищелерге кандидаттар іріктеу жөніндегі мәселелер бойныша кеңес өткізу
2001 ж. қаңтар
Әскери комиссариаттар, білім департаменті
8.
Облыстың қалалары мен аудандары әкімдеріне әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеуге алынған тапсырма туралы ақпарат беру
2000 ж. желтоқсан
Әскери комиссариаттар
9.
Оқу орындарында, әскери комиссариаттарда әскери оқу орындарына кандидаттарды іріктеу жөнінде көрнекі үгіт құралдарымен безендіру
2000 ж. желтоқсан
Білім департаменті, әскери комиссариаттар
10.
Жергілікті баспасоз бен радиода «Отанға қызмет ету - құрметті мамандық» атты мақаланы тарату
2000 ж. желтоқсан
Қалалар мен аудандар әкімдері, әскери комиссариаттар
Басқа 20. Оқу орындарындағы, оқу пункттеріндегі, Қостанай облысы қалалары мен аудандарының ҚССЛ жастардың АӘД, әскери-патриоттық тәрбиесі және дене бітімі даярлығының жағдайын тексерудің
кестесі
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
2000 жылғы 24 шілдедегі
№ 141-ө өкіміне
3 қосымша
Оқу орындарындағы, оқу пункттеріндегі, Қостанай облысы қалалары мен аудандарының ҚССЛ жастардың АӘД, әскери-патриоттық тәрбиесі және дене бітімі даярлығының жағдайын тексерудің
кестесі
Жоспарланған іс-шаралардың атауы
Тексеру күні
Кім тексерді
1.
Барлық оқу орындарының оқу жылының басталуына даярлығын тексеру
23.08 мен 27.08 аралығында
Аудандық, қалалық әскери комиссариаттар
2.
Кешенді тексерулер:
Облыстық әскери комиссариат, білім департаменті, ТЖ жөніндегі басқарма, ДТ және спорт комитеті, облыстық денсаулық сақтау басқармасы
1. Әулиекөл ауданы
23-27 қазан
2. Лисаков қаласы
18-22 желтоқсан
3. Рудный қаласы
19-23 ақпан
4. Жітіқара ауданы
16-20 сәуір
3.
Жеке тексерулер:
Облыстық әскери комиссариат
1. Аманкелді ауданы
25-27 қыркүйек
2. Қарабалық ауданы
16-18 қазан
3. Қостанай қаласы
15-18 қаңтар
4. Меңдіқара ауданы
12-14 ақпан
5. Арқалық қаласы
12-14 ақпан
6. Таран ауданы
3-5 сәуір
7. Қарасу ауданы
24-26 сәуір
8. Федоров ауданы
14-16 мамыр