О создании подвижного узла связи городской комиссии по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций Күшін жойған
Басқа 0
"Төтенше жағдайды ескерту және оның алдын алу жөнiндегi қалалық комиссияның жылжымалы байланыс торабын құру туралы"
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 31.12.2003 № 5/778 қаулысымен.
Қауiптi аудандарда жер сiлкiну зардаптарын жою жөнiндегi тәжiрибе АҚ пен ТҚ қызметтерiнiң жедел бiрлесiп қызмет атқару қажеттiгiн ең қиын жағдайда ықшамды ток көздерiн пайдалана отырып алыс жерлермен тез арада байланыс орнатып және ең қиын жағдайда жұмыс iстеуге жол ашатын орталықтандырылған басқаруды ұйымдастыруды және күштi радиостанцияларды пайдалануды талап етедi.
Тұрақты әзiрлiкте болуды және күштi радиацияны кешендi пайдалану және халық пен аумақты алғашқы шаралар бағдарламасын жүзеге асырудағы қосымша шаралар арқылы, бұдан әрi қорғау, қатты жер сiлкiнген жағдайда шығынды болдырмау мақсатында, Алматы қаласының әкiмi
ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қаланың аумағында төтенше ескерту және оның алдын алу шараларын басқаруды ұйымдастыру үшiн төтенше жағдайды ескерту және оның алдын алу жөніндегi қалалық комиссияның жылжымалы байланыс торабы мына салада құрылсын:
- төтенше жағдайлар жөнiндегi қалалық басқарма (Б.Б.Ысқақов);
- қалалық iшкi iстер басқармасы (Қ.Н.Қасымов);
- "Алматытелеком" телекоммуникация қалалық орталығы (Т.Н.Ниязқұлов);
- Мемлекеттiк өрт сөндiру басқармасы (С.Д.Кребаев);
- үкiметтiк байланыс агенттiгiнiң бас басқармасы (Т.Г.Байжанов).
Төтенше жағдайды ескерту және оның алдын алу жөнiндегi қалалық комиссияның жылжымалы байланыс торабының құрама мен күшi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Төтенше жағдайды ескерту және оның алдын алу жөнiндегi қалалық комиссияның жылжымалы байланыс торабын жинау және хабарлау қаланың Азаматтық қорғаныс бастығының, қаланың Азаматтық қорғаныс бастығы орынбасарының, қалалық төтенше жағдайды ескерту және оның алдын алу жөніндегi комиссия төрағасының әкiмiмен төтенше жағдайлар жөніндегi қалалық басқарманың жедел кезекшiсi арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Төтенше жағдайды ескерту және оның алдын алу жөнiндегi қалалық комиссияның жылжымалы байланыс торабы бойынша "Апат" атты парольдiң әзiрлiк мерзiмi 4+3 сағат. Хабарлаудан кейiн жиылыс орны – Панфилов көшесi, 59.
Жылжымалы байланыс торабының жеке құрамы өзiмен бiрге тәулiктiк тағамын, мерзiмге сай киiмiн алады.
Тармақ 4
4. "Алматытелеком" қалалық телекоммуникация орталығы (Т.Н.Ниязқұлов) "Апат" паролi бойынша төтенше жағдайды ескерту және оның алдын алу жөнiндегi қалалық комиссияның жылжымалы байланыс торабын сол жерлерде жұмысқа қоссын және мыналарға бөлсiн:
- қалалық АТС-тiң 6 телефонын;
- диспетчер арқылы қалааралық телефон байланысын, телефоны: 339-882.
Тармақ 5
5. Iшкi iстер бас басқармасы (Қ.Н.Қасымов) жол қозғалысында және сол жерлерде төтенше жағдайды ескерту және оның алдын алу жөніндегi қалалық комиссияның жылжымалы байланыс торабын күзетудi қамтамасыз ету.
Тармақ 6
6. Меншiк түрiне қарамастан барлық мекемелер мен ұйымдардың басшылары "Апат" паролi бойынша төтенше жағдайды ескерту және оның алдын алу жөнiндегi қалалық комиссияға тез арада төтенше жағдайды ескерту және алдын алу жөнiндегi мiндеттердi шешу үшiн ведомстволық каналдар, байланыс күштер мен құралдарын беретiн болсын.
Тармақ 7
7. Төтенше жағдайды ескерту және оның алдын алу жөнiндегi қалалық
комиссияның жылжымалы байланыс торабының құрамына хабар беру және оларды
жинау жаттығуы әр тоқсан сайын жүргiзiлсiн.
Тармақ 8
8. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алматы қаласы әкiмiнiң бiрiншi
орынбасары Я.И.Заяцқа жүктелсiн.
Басқа 9
Алматы қаласы әкiмiнiң
1999 жылғы 16 сәуірдегі
№ 365 шешiмiне
қосымша
Төтенше жағдайды ескерту және оның алдын алу
жөнiндегi қалалық комиссияның жылжымалы
байланыс торабына бөлiнетiн күш пен
байланыс құралының
ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайлар жөнiндегi қалалық басқарма (Б.Б.Ысқақов):
- ГАЗ-66 автомашинасына Р-142Г радиостанциясы, 2 адам құрамы
(жүргiзушi - 1, радист - 1).
Тармақ 2
2. Қалалық телекоммуникация орталығы (Т.Н.Ниязқұлов):
- ГАЗ-16 автомобилi, 4 адам құрамы (звено бастығы - 1, телефоншы - 2,
жүргiзушi - 1).
Тармақ 3
3. Iшкi iстер басқармасы (Қ.Н.Қасымов):
ГАЗ-66 автомашинасына Р-142Н радиостанциясы, 3 адам құрамы (р/станция
бастығы - 1, радист - 1, жүргiзушi - 1).
- жол полициясының автомобилi (колоннаға ерiп жүру үшiн) 2 құрам,
2 адам.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк өрт сөндiру қызметiнiң басқармасы (С.Д.Кребаев):
- И-80 командалық - штаб машинасы Урал-43203 автомобилiне құрамы 3
адам (КШМ - бастығы - 1, радист - 1, жүргiзушi - 1).
Тармақ 5
5. Үкiметтiк байланыс агенттiгiнiң бас басқармасы (Т.Г.Байжанов):
- 28682 әскери бөлiмшенiң байланыс техникасы.