О переоформлении правоудостоверяющих документов на земельный участок гражданам города Алматы Күшін жойған
Басқа 0
Алматы қаласы азаматтарына жер учаскесiне құқық куәландыратын құжаттарды қайта рәсiмдеу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 16.07.2001 N 1/83 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N№2717 Заң»күшi бар "Жер туралы" Жарлығын және құжаттарды қайта рәсiмдеу мерзiмiнiң»қысқаруын iске асыру мақсатында Алматы қаласының Әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Бұрын берiлген, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, бау-бақ, құрылыс және тұрғын үйге қызмет көрсету, саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскелерiнiң»нақты пайдаланып отырған аумағын анықтап, жеке меншiк құқығының құжаттары рәсiмделсін.
Тармақ 2
2. Жер учаскелерiнiң аумағы мен шекараларын анықтап, үйлестiру жұмыстарын жүргiзу Алматы қаласының жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетiне тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Жер пайдаланушылардың учаскелерiнiң бұрынғы бекiтiлген жоспарлары сәйкестiкке келмесе, оны Қазақстан Республикасы Президентiнiң қолданылып жүрген заңдылықтары мен нормативтiк актiлерiне сәйкес жоспарларды құру барысында талаптарды басшылыққа ала отырып, қайта жасау Алматы қаласының»жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетке мiндеттелінсiн.
Тармақ 4
4. Жер учаскелерiнiң жоспарын құру талаптары бекiтiлсiн (қосымша).
Басқа 5
Алматы қаласы әкiмiнiң
1999 жылы 18 қаңтардағы
N 58 шешiмiне
қосымша
Жер учаскелерiнiң жоспарын құру
талаптарының тiзбесi
Осы талап жер учаскелерiнiң жоспарын құру үшiн заңды және жеке тұлғаларға жердi меншiкке, тұрақты пайдалану, Алматы қаласында ұзақ мерзiмдi жалдауға беру (бекiту) үшiн таратылады.
Тармақ 1
1. Жер учаскесiнiң жоспары (бұдан былай жоспар) топографиялық түсiрiп алу материалдары бойынша масштабы 1:500 - 1:2000 болып жасалады.
Тармақ 2
2. Жоспардың масштабы жер учаскесiнiң конфигурациясына және көлемiне қарай алынып, жер пайдалану шекараларының бетбұрыс нүктелерiн көрсетедi.
Тармақ 3
3. Топографиялық түсiрiп алуды (бұдан былай - топотүсiру) сәйкестiк құқығы бар (лицензия) мекеме жүргiзе алады. Осындай жұмысты iске асыруда жоспарды жасау мерзiмi өндiрiске алынған күннен бастап бiр жылдан аспауы қажет.
Тармақ 4
4. Жоспарды жасау кезiнде ескерiлсiн:
Тармақ 4.1
4.1. Басқа тұлғалардың бос, күрделi құрылыстарға тиiп тұрған, iс-әрекеттерге керектi аумақ (нормативтен аспауы тиiс);
Тармақ 4.2
4.2. Осы жылжымайтын мүлiктiң иесi, меншiктiң инженерлiк инфраструктура объектiлерiне және кiрiс жолдар, құрылыстарға өтетiн жолдар;
Тармақ 4.3
4.3. Жер учаскесi шекарасында орналасқан құрылыстарға Алматы қаласының жылжымайтын мүлiктi тiркеу орталығының тiркеу мәлiметтерi;
Тармақ 4.4
4.4. Жер учаскелер құқықтары туралы Алматы қаласының мемлекеттiк жер кадастрының құжаттарды рәсiмдеу және тiркеу мәлiметтерi;
Тармақ 4.5
4.5. Шектесу тiзiмдерiнiң сипаты (шектесу шекараларының жер пайдаланушылардың құқық куәландыратын құжаттары);
Тармақ 4.6
4.6. Қаланың бас жоспары, нақтылау жоспарлауының жобасы, қызыл сызық, iшкi өтетiн жолдардың бiлiгi, күзететiн аумақ жобасы, басқа да күрделi құрылыс (жоспарлау) құжаттары;
Тармақ 4.7
4.7. Қызмет көрсету аумақ, шектеулер аумағы, сервитуттар және де басқа да ауыртпашылықтар.
Тармақ 5
5. Жер учаскелердiң шекаралары көршiлес шектесулермен келiсiліп, даусыз болуға тиiс, жер пайдалану шекарасы қол қоюмен келiсiлiп куәландырылады.
Тармақ 5.1
5.1. Жылжымайтын мүлiк объектiсiнің (меншiк) иесi;
Тармақ 5.2
5.2. Көршiлес жер пайдаланушылардың жерге құқық куәландыратын құжаттары жоқ болса, егер пайдаланушы жер учаскенi керектi негiздермен келiстiрiлмесе, сол учаскелердiң жоспарына "талас" бар деп жазылады.