Об экспертизе энергосбережения разрабатываемых проектов строительства и реконструкции объектов на территории города Алматы Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласының аумағындағы салынатын және реконструкцияланатын нысандардың әзірленетін жобаларындағы энергияны үнемдеуді сараптау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қалалық Әкімшілгінің 29.10.2004 N 4/867 қаулысымен. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті өкілетті және атқару органдары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Энергияны үнемдеу туралы" Заңына сәйкес қала әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :
Тармақ 1
1. Алматы қаласының аумағындағы салынатын және реконструкцияланатын нысандардың әзірленетін жобаларындағы энергияны үнемдеу сараптауды Алматы қаласы бойынша Энергияны үнемдеу департаменті жүргізеді деп белгіленсін.
Тармақ 2
2. Энергияны үнемдеуді сараптау энергия ресурстарын тұтынатын, нысандарды салатын және реконструкциялайтын жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 3
3. Алматы қалалық Сәулет және қала құрылысы департаменті жобалау алдында және жобалық шешімдерді әзірлеу кезінде "Энергияны үнемдеу" аталатын арнаулы бөлімнің міндетті шарттарын енгізе отырып, жобалау үшін сәулеттік-жоспарлық тапсырмалардың берілуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.Т. Дұлқайыровқа жүктелсін.