Об утверждении Инструкции о порядке освобождения от налога на добавленную стоимость реализации товаров (работ, услуг), а также импорта товаров, осуществляемых за счет средств грантов Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Нұсқауды бекіту туралы "Қазақстан Республикасының салық салу мәселелерi бойынша кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22 қарашадағы N 485-І Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қоса берiлген "Сатылуы, сондай-ақ гранттар есебiнен жүзеге асырылатын импортталған тауарларды (жұмысты, қызмет көрсетудi) қосымша құн салығынан босату тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Нұсқауы бекiтiлсiн.
Тармақ 2. Гранттар қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сатылуын, сондай-ақ тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібі туралы Нұсқау
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Әдiстеме департаментi (Yсенова Н.Д.): - аталған нұсқау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлсiн. - келiсiлген Нұсқауды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберiлсiн. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрі 2000 жылғы 5 шілдедегі Келісілді Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс Министрінің 2000 жылғы 28 шілдеде N 661 бұйрығымен бекітілді Гранттар қаражаттары есебінен жүзеге асырылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) сатылуын, сондай-ақ тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату тәртібі туралы Нұсқау
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабы 1-тармағы 24) тармақшасы мен 71-бабы 10) тармақшасына сәйкес осы Нұсқау әзiрлендi және мемлекеттер, мемлекеттер үкiметi және халықаралық ұйымдар желiсi бойынша берiлетiн гранттар қаражаттары есебiнен жүзеге асырылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) сатылуы, сондай-ақ тауарлар импорты бойынша айналымдарды қосылған құн салығын төлеуден босату тәртiбiн айқындайды.
Тармақ 2
2. Грант қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi), сондай-ақ тауарлар импортын сату бойынша айналымдар грант туралы шарт негiзiнде салық заңдарына сәйкес қосылған құн салығынан босатылады.
Тармақ 2
Тарау 2. 2. Осы Нұсқауда пайдаланылатын ұғымдар
2. Осы Нұсқауда пайдаланылатын ұғымдар
Тармақ 3
3. Грант - Қазақстан Республикасының Үкiметiне, заңды тұлғаларға (соның iшiнде резидент еместерге), олардың филиалдары, өкiлеттiктер және өзге де оқшауландырылған құрылымдық бөлiмшелерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға айқындалған мақсаттарына (мiндеттерiне) жету үшiн мемлекеттерi, мемлекеттер үкiметтерi, мемлекеттiк, халықаралық және қоғамдық ұйымдар мен Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларынан тегiн негiзде берiлетiн мүлiктер.
Тармақ 4
4. Грант туралы шарт - мұндай келiсiм бiр құжатта немесе өзара байланысқан бiрнеше құжаттарда, сондай-ақ оның нақты атауына қарамастан сақталатынына қарамастан жазба нысанда және халықаралық құқықтарды реттейтiн шетел мемлекетiмен не халықаралық ұйыммен Қазақстан Республикасы жасаған халықаралық шарт (келiсiм).
Тармақ 5
5. Халықаралық ұйым - мемлекетаралық, үкіметаралық ұйым.
Тармақ 6
6. Өкiлеттi орган - Қазақстан Республикасы атынан грант туралы шартта сөз сөйлейтiн және егер грант туралы шартта өзгелер көзделмесе атқарушы агенттi тағайындаушы мемлекеттiк орган.
Тармақ 7
7. Атқарушы агент:
Тармақша 1
1) грант туралы шартты iске асыру мақсатында айқындалатын тұлға;
Тармақша 2
2) грант мақсатын iске асыру үшiн өкiлеттi орган тағайындайтын тұлға.
Тармақ 8
8. Жеткiзушi - атқарушы агентпен шарт (келiсiм-шарт) негiзiнде грантты атқару шеңберiнде атқарушы агентке тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сататын тұлға.
Тармақ 9
9. Импорттаушы - грант шеңберiнде тауарларды импорттайтын тұлға.
Тармақ 3
Тарау 3. 3. Мемлекеттер, мемлекеттер үкiметi және халықаралық ұйымдар желiсi бойынша берiлетiн гранттар қаражаттары есебiнен жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату бойынша айналымды қосылған құн салығынан босату
3. Мемлекеттер, мемлекеттер үкiметi және халықаралық ұйымдар желiсi бойынша берiлетiн гранттар қаражаттары есебiнен жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату бойынша айналымды қосылған құн салығынан босату
Тармақ 10
10. Грант есебiнен жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) сату бойынша айналымды қосылған құн салығынан босатылғанын растаушы осы тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) жеткiзушiлерi мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) тауарларды жеткiзу, жұмыстарды орындау, қызмет көрсетулерде атқарушы агентпен жеткiзушiнiң жасаған шарты (келiсiм-шарты);
Тармақша 2
2) атқарушы агентпен белгіленген тәртiпте ресiмделген жұмыстарының (қызмет көрсетулерiнiң) орындалған және қабылданған кесiмдерi.
Тармақ 11
11. Егер атқарушы агент грант туралы шартта көрсетiлмесе, онда жеткiзушiнiң тағайындалуы туралы өкiлеттi органның растауы болуы қажет.
Тармақ 12
12. Егер грант туралы шартта атқарушы агент қаралған жағдайда, жеткiзушiде грант туралы шарттың көшiрмесi болуы қажет.
Тармақ 4
Тарау 4. 4. Мемлекеттер, мемлекеттер үкiметi және халықаралық ұйымдар желiсi бойынша берiлетiн гранттар қаражаттары есебiнен жүзеге асырылатын тауарлар импортын қосылған күн салығынан босату
4. Мемлекеттер, мемлекеттер үкiметi және халықаралық ұйымдар желiсi бойынша берiлетiн гранттар қаражаттары есебiнен жүзеге асырылатын тауарлар импортын қосылған күн салығынан босату
Тармақ 13
13. Грант шеңберiнде импортталатын тауарларды қосылған құн салығынан босату үшiн кеден органына:
Тармақша 1
1) грант туралы шарттың көшiрмесi;
Тармақша 2
2) грант туралы шартқа қолма-қол сiлтемесi бар тауар тасымалдау немесе тауарға ілеспе құжаттар тапсырылады.
Тармақ 14
14. Егер грант шеңберiнде өкiлеттi органға немесе атқарушы агентке тауар тiкелей әкелiнсе, импорттаушыға қосылған құн салығынан босату үшiн кеден органына әкелiнетiн тауардың мәртебесiне растау тапсыруы қажет.
Тармақ 15
15. Грант шеңберiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн және қосылған құн салығын төлемейтiн еркiн айналыс үшiн шығарылған тауарлар салық жеңiлдiктерi ұсынылуына байланысты, сол мақсатта ғана пайдалануы мүмкін. Өзгеде мақсаттарда аталған тауарларды импорттаушылар пайдаланған жағдайда, импортталатын тауарларды кедендік ресімдеу кезінде төленбеген қосылған құн салығы "Импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС" жеке субесебіне есептелетін бюджетке төлеуге жатады.