О предупреждении заморных явлений рыбы при прохождении паводка в река Урал Күшін жойған
Басқа 0
Жайық өзенінен су тасыған кезде балық тұншығу жағдайын ескерту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 20.12.2004 жылғы № 248 қаулысымен.
Жайық өзенi су тасқынының жоғары деңгейде күтiлiп отыруына және олардың зардабы бойынша шаралар кешенiн өткiзумен байланысты ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Атырау облыстық қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi басқарма (Әбдiрахманов М.), биоресурстарды қорғау жөнiндегi Солтүстiк-Каспий аймақтық мекемесi (Сүлейменов Қ.), КазБШөЗИ-нiң Атырау бөлiмшесi (Ким Ю.) орман және биоресурстар жөнiндегi басқарма (Таубаев Б.Ж.), "Атырау су шаруашылығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (Қуанов. Б) жұмысшы тобын құрсын, топ осы жылдың 4 мамырына дейiнгi мерзiмде Бақсай, Нарын, Сарыөзек және Соколок суландыру жүйелерiнiң жағдайын тексерсiн, суға химиялық талдау жасасын және тасқын судың көп көтерiлуi жағдайында өзенмен аралықтағы тосқауыл бөгеттi ашып, су жiберу мумкiндiгi туралы қорытынды берсiн.
Тармақ 2
2. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi Атырау облыстық басқармасы Батыс Қазақстан облысымен шекарадағы Жайық өзенi суының сапасын бақылауды күшейтсiн.
Тармақ 3
3. Қала, аудандар әкiмдерi суландыру жүйелерiн табиғатты пайдаланушыларға бекiтiп беру туралы шешiм қабылдасын, орман және биоресурстар басқармасы суландыру жүйелерiнен балық аулауға балық кәсiпшiлiк билеттерiн жазып берсiн, оларға шабақтарды құтқару мен өлген балықтарды кәдеге асыру мiндеттелсiн.
Тармақ 4
4. Органолептикалық көрсеткiштерi бойынша балықтың сатуға және өңдеуге жарамсыздығы жағдайында оны "Атыраубалық" ААҚ (Долгих С.) азықтық ұн дайындауға тапсыруды ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Биоресурстарды қорғау жөнiндегi Солтүстiк-Каспий аймақтық басқармасы шабақтарды суландыру жүйелерiнен құтқаруды бақылауды тасқын су қайтқаннан кейiн жүзеге асырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық санэпидстанса (Жарылғасова Ж.), табиғат қорғау полициясы (Бимурзин Н.) жаз кездерiнде облыс базарларында балық сату сапасына бақылау жасауды қатайтсын.
Тармақ 7
7. Аңшылар мен балық аулаушылар қоғамы (Тасқынбаев Е.) облыс аудандарындағы әуесқой балық аулаушыларды жұмыспен өтеу есебiнен су тасқыны кезiнде алдын алу шараларын өткiзу ретiнде жәрдем көрсетсiн.
Тармақ 8
8. Орман және биоресурстар жөнiндегi басқарма, биоресурстарды қорғау жөнiндегi Солтүстiк-Каспий аймақтық мекемесi облыс айдындарында көктемгi балықтардың уылдырық шашуын қорғау жөніндегі облыстық және аудандық үйлестіру кеңестерiне су тасқыны кезiнде балықтардың тұншығу жағдайын болдырмау жөнiндегi шаралардың орындалуы барысы туралы ақпарат берiп тұрсын.
Тармақ 9
9. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Н. Мақашевқа жүктелсiн.