О рыбохозяйственном освоении водоемов Исатайского района Қолданыста
Басқа 0
Исатай ауданының су айдындарын балық шаруашылығы үшін игеру туралы
Каспий теңiзiнiң солтүстiк-батыс деңгейiнiң ұдайы көтерiлуiне байланысты, сонымен бiрге әлсiн-әлсiн теңiз суының тасқынынан балықтың тұншығу жағдайы туындап отыр. Исатай ауданы шегiнде теңiз жағалауының экологиялық жағдайын зерттеген комиссия ұсынысын қарап, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. ҚР Үкiметiнiң № 1480 1996 жылдың 4 желтоқсанындағы қаулысымен бекiтiлген балық аулау Ережесiнiң 9-бабын басшылыққа ала отырып, Каспий теңiзiнiң Мартыши мекенiнен Құрманғазы ауданының қамысты аймағындағы шекарасына дейiнгi жа¬алау балық тұншы¬у қауiптiлiгi бар балық шаруашылығы су айдыны деп танылсын.
Тармақ 2
2. Исатай ауданының әкiмi (Н.Мұхтаров):
- табиғатты пайдаланушыларға балық тұншығу қаупi бар телiмдердi бекiтiп берсiн;
- балық аулау кәсiпшiлiктерi телiмдерiн жабдықтауға жәрдем көрсетсiн;
- жергiлiктi жерде балық қабылдауды қамтамасыз ететiн ұйымды iздестiрсiн;
- жергiлiктi халықты қатыстыра отырып балық аулаушылар бригадасын, кооперативтердi, ЖШС құратын болсын.
Тармақ 3
3. Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау министрлiгiнiң Солтүстiк-Каспий аймақтық биоресурстарды қорғау жөнiндегi мекемесi (Қ.Сүлейменов):
- балық тұншығу қауiптiлiгi бар су айдындарын бекiту үшiн келiсiмдер мен паспорттарды ресiмдесiн;
- балық аулау кәсiпшiлiктерi билетi мен кеме жүру рұқсатын жазып берсiн;
- балық тұншығу қаупi бар айдындарды балық шаруашылығы үшiн игеруге бақылау жасау мен ауланған балықты есепке алуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Балық аулауға рұқсат алған табиғатты пайдаланушылар балық қорын сақтау жөнiндегi шаралар кешенiн әзiрлесiн және жүзеге асырсын (қамысты аумақты шабу, мәлөктердi құтқару, балықты мелиоративтiк аулау және т.б.).
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыс әкiмiнiң орынбасары Н.Мақашевқа жүктелсiн.