О городском Координационном Совете по профилактике и борьбе с туберкулезом и бруцеллезом сельскохозяйственных животных и птиц при Акиме города Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласы әкiмiнiң жанындағы ауылшаруашылық малдары мен құстарының туберкулезге және бруцеллезге қарсы күрес және оның алдын алу жөнiндегi қалалық Үйлестiру Кеңесi туралы Екерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 31.12.2003 N 5/778 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 9 наурыздағы N 215 "Ауылшаруашылық малдары мен құстарының 1999-2003 жылдары аралығындағы туберкулезге және бруцеллезге қарсы күрес және оның алдын алу жөнiндегi Бағдарламаны бекiту туралы" Қаулысына сәйкес және ауылшаруашылық малдары мен құстарының туберкулезге және бруцеллезге қарсы күрес жөнiндегi жұмысты үйлестiрудi жандандыру мақсатында Алматы қаласының әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы әкiмiнiң жанындағы ауылшаруашылық малдары мен құстарының туберкулезге және бруцеллезге қарсы күрес және оның алдын алу жөнiндегi қалалық Үйлестiру Кеңесi құрылсын.
Тармақ 2
2. Бекiтiлсiн:
Тармақша а
а) Алматы қаласы әкiмiнiң жанындағы ауылшаруашылық малдары мен құстарының туберкулезге және бруцеллезге қарсы күрес және оның алдын алу жөнiндегi қалалық Үйлестiру Кеңесiнiң Ережесi № 2 қосымшаға сәйкес;
Тармақша б
б) Алматы қаласы әкiмiнiң жанындағы ауылшаруашылық малдары мен құстарының туберкулезге және бруцеллезге қарсы күрес және оның алдын алу жөнiндегi қалалық Үйлестiру Кеңесiнiң құрамы, № 1 қосымшаға сәйкес.
Тармақ 3
3. Аудан әкiмдерi туберкулезбен, терi ауруларына, СПИД-ке, iшiмдiкке және нашақорлыққа қарсы күрес жөнiндегi ведомствоаралық комиссияның жұмыс жоспарына ауылшаруашылық малдар мен құстарының туберкулезге және бруцеллезге қарсы күрес мәселелерiн қоссын.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасары Е.И. Шатовқа жүктелсiн.
Басқа 7
Алматы қаласы әкiмiнiң 1999 жылғы 5 мамырдағы N 406 шешiмiне N 1 қосымша Алматы қаласы әкiмiнiң жанындағы ауылшаруашылық малдары мен құстарының туберкулез және бруцеллез ауруларымен күрес және оның алдын алу жөнiндегi Үйлестiру Кеңесiнiң ҚҰРАМЫ 1. Евгений Иванович Шатов - Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары, Кеңестiң төрағасы 2. Мэлс Балташұлы Бабаев - қалалық малдәрiгерлiк бақылау басқармасының бастығы Кеңес мүшелерi: 1. Аян Қалиоллаұлы - Алматы қаласы әкiмi Ғаббасов аппаратының денсаулық сақтау және халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң бас маманы 2. Виктор Александрович - қалалық санитарлық- Меркер эпидемиологиялық басқармасының бастығы 3. Сейiтқан Ербосынұлы - қалалық малдәрiгерлiк Телтаев бақылау басқармасы бастығының орынбасары 4. Әли Хамзаұлы Ибрагимов - қалалық қаржы басқармасының бөлiм меңгерушiсi 5. Тарих Омарұлы Омаров - қаланың бас фтизиаторы (келiсiм бойынша) 6. Қайрат Сағатханұлы - қалалық iшкi iстер Тыныбеков басқармасы әкiмшiлiк полициясы қызметiнiң бастығы 7. Людмила Васильевна - қалалық малдәрiгерлiк Есауленко басқармасы кәсiби шаралар бөлiмiнiң меңгерушiсi, Кеңес хатшысы
Басқа 8
Алматы қаласы әкiмiнiң 1999 жылғы 5 мамырдағы N 406 шешiмiне № 2 қосымша Алматы қаласы әкiмiнiң жанындағы ауылшаруашылық малдары мен құстарының туберкулез және бруцеллез aуруларымен қарсы күрес және оның алдын алу жөнiндегi Үйлестiру Кеңесiнiң ЕРЕЖЕСI
Тармақ 1
1. Алматы қаласы әкiмiнiң жанындағы ауылшаруашылық малдары мен құстарының туберкулез және бруцеллез ауруларымен күрес және оның алдын алу жөнiндегi қалалық үйлестiру кеңесi (бұдан әрi Кеңес) ақылшы-кеңесшi орган болып табылады. Кеңестiң жеке құрамын Алматы қаласының әкiмi тағайындайды.
Тармақ 2
2. Кеңестi оның төрағасы басқарады, оның орынбасарлары бар. Кеңестiң құрамына Алматы қаласы әкiмiнiң, қаланың малдәрiгерлiк бақылау басқармасының, қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының, қалалық қаржы басқармасының, қалалық iшкi iстер басқармасының және қалалық фтизиатриялық қызметiнiң өкiлдерi кiредi.
Тармақ 3
3. Малдар мен құстардың туберкулез және бруцеллез ауруларымен күрес Кеңесi: - жергiлiктi атқару органдарының, ветеринария, денсаулық сақтау ұйымдарының ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулезбен, бруцеллезбен күресудi және алдын алуды ұйымдастыру мәселелерi бойынша қызметтерiн үйлестiруге қатысады; - жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларына қарсы күресудiң құралдары мен тәсiлдерiн жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейдi және қала әкiмiнiң Аппаратына енгiзедi; - эпизоотология, эпидемиология және бруцеллездiң, туберкулездiң алдын алу мәселелерi бойынша кешендi жоспарларды, шараларды дайындау бойына ұсыныстарды қарайды және келiседi.
Тармақ 4
4. Кеңес белгiленген тәртiптерге сәйкес мынандай құқықтарға ие: - жергiлiктi атқару органдарынан, ведомстволар мен ұйымдардан, ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулез, бруцеллез ауруларына қарсы күреске және олардың алдын алуға байланысты қызметтерiн бейнелейтiн мәлiметтердi сұрап алу және алу; - жергiлiктi жерлердегi әртүрлi ведомстволардың басшыларының ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарының бруцеллез, туберкулез ауруларына қарсы күрестерiнiң жағдайы, олардың алдын алу туралы меншiк түрлерiне қарамастан мекемелер мен кәсiпорын басшыларының жұмыс iстейтiндерге қалыпты еңбек ету жағдайын жасау және денсаулықтарын қорғау жөнiндегi есептерiн жүйелi тыңдап отыру; - ауылшаруашылығы жануарлары мен құстарының туберкулез, бруцеллез ауруларына қарсы күресудi және олардың алдын алуды қамтамасыз етпеген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң басшыларын тәртiптiк жауапқа тарту туралы ұсыныстарды Алматы қаласы әкiмiнiң қарауына енгiзу; - Кеңестiң мәжiлiстерi тоқсан сайын өткiзiледi. Жұмыс жоспары Кеңестің мәжілісінде бекітіледі. Кеңестің шешімі басым көпшiлiктiң ашық дауыс беруi арқылы қабылданады және хаттамалық шешiм ретiнде хатталады; - Кеңестiң шешiмi оның өз аймағындағы тиiстi мекемелер мен ведомствалар үшiн орындалуы мiндеттi болып табылады.