О временном порядке по оборудованию и использованию кабинета информатики Күшін жойған
Басқа 0
Информатика кабинетiн жабдықтау және пайдаланудың уақытша тәртiбi туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімінің 29.06.2007 № 5 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 22.09.97 жылғы № 3645 өкіміне сәйкес "Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру" туралы мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында қалаға қарасты мектептер мен арнайы және жоғары оқу орындарында компьютерлiк сауат ашуға және информатика негіздерін оқытуға жағдай жасау жұмыстарын бiр нормаға келтiру туралы Алматы қаласы әкiмiнiң шешімі:
Тармақ 1
1. Алматы қаласының бiлiм беру мекемелерiнде информатика кабинетiн
жабдықтау және пайдаланудың уақытша тәртiбi бекiтiлсiн (қосымша).
Тармақ 2
2. Көрсетiлген шешiмдi өзiнiң қарамағындағы барлық бiлiм беру
мекемелерге жеткiзу Бiлiм беру басқармасына (Қарымсақов Т.У.) тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Шешiмнiң орындалу бақылауы Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары – А.Ж. Ибраевке жүктелсiн.
Басқа 4. УАҚЫТША ТӘРТIБI
Алматы қалалық орта бiлiм
жүйесiнде информатика кабинетiн
жабдықтау және пайдаланудың
УАҚЫТША ТӘРТIБI
Алматы, 1998 жыл
Бұл құжат Қазақстан Республикасының Президентiнiң мемлекеттiк "Орта бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру бағдарламасын" жүзеге асыру негiзiнде, Алматы қалалық бiлiмдегi жаңа технологиялар орталығының (ҚБЖТО) "Жаңа ақпараттық технологиялар" ғылыми-әдiстемелiк зертханасында жасалған.
Құжатта, информатика және есептеу техникасы сыныбының (ИЕТС) алатын орны,
ондағы оқу iсiн ұйымдастырудағы ерекшелiктерi, оны жабдықтау және
жабдықтарды орнатуға қойылатын шарттары және педагогикалық, эргономикалық
талаптарға жауап беретiн ИЕТС-тiң орналастыру жобасының түрi келтiрiлген.
Құжатты жасау кезiнде пайдаланылған әдебиеттер:
- мемлекеттiк стандарт (МемСТ) 28139-89 "Мектептегi жабдықтар.
Қауiпсiздiк талаптары";
- Мем СТ-Р 50377-92, Мем СТ-12.2.007.0-75, Мем СТ-25861-83
"Механикалық және электрлiк қауiпсiздiктi сақтау";
- Мем СТ-21552-84, Мем СТ-27016-86, Мем СТ - 27201-87 "Санитарлық
нормалар және ережелер".
Ғылыми жетекшi: Тәтенов А.М. – ф.-м.ғ.к., Алматы қ. ҚБЖТО – директоры.
Жауапты орындаушы: Артыгалин Ш.Ш. – Алматы қ. ҚБЖТО директорының орынбасары.
Авторлары:
- Сайрамбаев Д.Т. – Алматы қ. ҚБЖТО "Жаңа ақпараттық технологиялар" зертханасының меңгерушiсi;
- Ильясова Ж.Ж. – Алматы қ. ҚБЖТО "Жаңа ақпараттық технологиялар" зертханасының жетекшi маманы.
Қазақ тiлiне аударғандар:
- Тәтенов А.М. – ф.-м.ғ.к., ҚБЖТО директоры;
- Сабурова Г.К. – "Данашым" мектебiнiң директоры.
Кiрiспе
Қазiргi қоғамды ақпараттандыру процесiнiң басты бағытының бiрi бiлiм саласын ақпараттандыру психология–педагогикалық жасамаларды өмiрге кеңiнен ендiрудi қамтамасыз етушi, дамыта оқыту идеяларын жүзеге асырушы, оқыту процесiн ұйымдастырудағы әдiстемелерi мен түрлерiн жетiлдiрушi, нақты бiлiмдi механикалық түрде меңгеруден өз бетiнше жаңа бiлiм табуды игеруге өтудi қамтамасыз етушi күш болып табылады.
Бiлiмдi ақпараттандыру идеяларын жүзеге асыру үшiн жеке электронды-есептегiш машиналарының (ЖЭ-ЕМ) болашақтық модельдерiн оқыту жүйесiнде пайдалану жағдайында ғана мүмкiн, бiрiншiден, жаңа бағдарламалық құралдармен оқушыларды таныстыруға мүмкiндiк беретiн, жасанды интеллект жүйелерiмен, мультимедиа технологиялық құралдарымен, үлкен көлемдi ақпараттармен оның iшiнде аудиовизуалды ақпаратпен, өзгермелi және тұрақты сақталатын ақпаратпен жұмыс iстеудi қажет ететiн. ЖЭЕМ-ды пайдалану негiзiнде мүмкiн, екiншiден, арнайы периферилік жабдықтармен жұмыс жасауды қамтамасыз ететiн ЖЭЕМ-ды пайдалану негiзiнде мүмкiн. Периферилік жабдықтарға алфавиттiк-санды және санды–алфавиттiк өзгерткiштер, алғашқы ақпарат бергiштер, оқуға пайдаланатын роботтар және өңдеушi комплекстер кiредi.
Осыған орай, информатика пәнi өтетiн, информатика кабинетiн жабдықтаудың бiркелкi ережелерiнiң ролi ерекше орын алады.
Тарау 1. 1. Информатика және есептегiш техника
кабинетiнiң мақсаты
1. Информатика және есептегiш техника
кабинетiнiң мақсаты
Информатика және есептеу техника кабинетi (ИЕТК) жалпы орта бiлiм саласының және кәсiптiк-техникалық мектептердiң, оқыту-өнеркәсiптiк комбинаттардың оқыту тәрбие бөлiгi ретiнде, оқыту есептегiш техникасымен (ОЕТ) жабдықталған құрылымы болып ұйымдастырылған. Оның құрамында оқыту-көрсеткiш құралдар, оқыту жабдықтары, сынып жиһаздары, ұйымдастыру техникалары бар және тәжiрибелiк-теориялық "Информатика және есептегiш техника негiздерi" пәнiнен сыныптық, сыныптан тыс сабақ өткiзуге арналған. Одан басқа, ИЕТК-iн басқа да пәндерден сабақ өткiзуге, еңбектiк тәрбие, оқыту-тәрбие процесстерiн өте пайдалы түрде басқаруға, оқушылардың қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыруға пайдалануға болады.
ИЕТК-i психологиялық, гигиеналық және эргономикалық тұрғысында оқушыларға жайлы орта ретiнде жасалған. Ол оқушылардың ақпараттық мәдениетiн, ойлау қабiлетiн, бiлiмiн күшейтiп "Информатика және есептегiш техника негiздерi" пәнiн терең түсiнуге, басқа пәндердi сапалы меңгеруге мұғалiмдердiң сабақ беру сапасын арттыруға көмек бередi. Аталған мақсаттарды iске асыру үшiн мұғалiмдер мен оқушылардың денсаулығын сақтайтын және еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн информатика және есептегiш техника кабинетiн жабдықтау қажет.
ИЕТК-iндегi сабақтар төмендегi шарттарға көмек беруге тиiс:
- оқушыларға қазiргi есептегiш техникасының құрылымы және жұмыс iстеу негiздерiн қалыптастыру, ЖЭЕМ-ң көмегiмен есептердi шешу тәсiлдерiн меңгеру, бағдарламалық жабдықтау тәсiлдерiн пайдалана бiлу және ақпараттандыру ресурстарымен жұмыс жасай бiлу;
- оқушыларды есептеу техникасын өндiрiсте пайдалану жолдарымен, конструкторлық-жобалау мекемелерiнде, ғылыми-зерттеу мекемелерiнде, оқыту жүйесiнде және оны басқару процесiнде пайдалану жолдарымен таныстыру;
- оқыту әдiстерiн және мектептегi оқыту–тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды жетiлдiру.
ИЕТК-де мынадай жұмыстар жүргiзiлуi тиiс:
- информатика және есептегiш техника пәнiнен сабақтар жүргiзiледi және онда жаңа ақпараттық технологиялар құралдары, көрсетiп үйрететiн оқу құралдары пайдаланылуы қажет;
- мұғалiмдердiң және мектеп басшыларының тапсыруымен мектепке қажет қолданбалы бағдарламаларды оқушылардың жасай бiлуiн үйрету;
- жаңа ақпараттық технологиялар құралдарды пайдалана отырып сабақтан тыс жаттығулар жүргiзiлуi тиiс.
ИЕТК-де оқушылардың жұмыс орны сыныптағы оқушылар санына байланысты 9, 12, 15 болуы мүмкiн. Практикалық сабақтар өткiзу үшiн ЖЭЕМ-да жеке немесе топтама, коллективтiк жұмыстарды ұйымдастыруға болады. Бiр жұмыс орнында, әдiстемелiк есептерге байланысты, бiр немесе екi оқушы жұмыс iстеуiне болады.
Тарау 2. 2. Информатика және есептеу техникасы
кабинетiн жабдықтау. Жаңа ақпарат технологиясын
пайдаланудағы жобамен алынатын оқу-материалдық базасы
2. Информатика және есептеу техникасы
кабинетiн жабдықтау. Жаңа ақпарат технологиясын
пайдаланудағы жобамен алынатын оқу-материалдық базасы
ИЕТС жабдықтаудағы ж/е жұмыс мазмұмын iске асыруға арналған мiндеттер:
Тармақ 1
1. ИЕТС (лаборант жумыстарымен 90 кв.м. дейiн)
ИЕТС пайдаланумен информатика ж/е кейбiр жалпы бiлiм беретiн пәндердi оқытуда соның құрамына кiретiн:
- оқу-есептеу техникасының комплектi психологиялық-педагогикалық, эргономикалық, техникалық талаптарға сай сипаттамасы;
- арнайы сынып жиһазы ж/е оргтехника;
- ИЕТС жұмыс барысында қамтамасыз ететiн техникалық қауіпсiздiк сақтау мазмұны ж/е құралдары;
- Профильдiк және базалық оқытуда "Информатика ж/е есептеу техникасы негiздерi" курсын оқу бағытындағы программалық құралдары;
- Оқушылардың компьютердi өз бетiмен жұмыс iстеуге, оқытуда жекеше жұмыс iстеуiне тәсілдiрудi қамтамасыз ететiн тапсырмалар;
- Методикалық және анықтамалық, ғылыми-белгiлi әдебиеттерi;
- Оқу-методикалық комплекс (ОМК), пайдалануға (ЖАТҚ) бағдарланған, жалпы бiлiм беретiн пәндердi оқытуға арналған, блоктық құрылыста қалыптастырылған, (ЖӘЗМ)(жеке электронды есептегiш машиналар), оқу корсеткiш жабдықтардың кейбiр турлерiн қайта комплектациялауға келетiн оқу – материалдарының оқытатын мазмұны - мақсатына сай;
- Оқушылардың қауіпсіздiк техникасын сақтау, нұсқауы жөнiнде периодикалық және кiрiспе журналы;
- ОЕТК (оқыту-есептеу техника классы) әр жұмыс орнында пайдалану журналы;
- Бұзылған машиналарды жөндеудi тiркейтiн журналы;
- Оқушылардың жұмысын көрмеде көрсетуге арналған таблица және стендтердiң ұстатқыштары;
- Кабинеттегi оқу құралдарын тiркейтiн инвентарь кiтабi;
- Мектеп директорының бекiтуiмен ИЕТС қосымша жабдықтау жөнiндегi жылдық жоспары;
- Алғашқы көмек аптечкасы;
- Өрт сөндiру құралдары;
- Қауiпсiздiк сақтау құралдарын және жабдықтарды сақтау.
ЖАТҚ (жаңа ақпараттық технология құралдары) пайдалану арқылы оқу эксперименттiк-зерттеу жұмыстарын жургiзуге арналған лаборатория.
Тармақ 3
3. Телекоммуникациялық жүйелердi (компьютерлiк жүйе синтезi және телефондық, телевизиондық, спутниктiк байланыстар құралдары) регионалды және кең көлемдi масштабта пайдалануға, мүмкiндiк беретiн құрылысы мен құралы.
Оқушылардың жұмыс орны, бiр орындық столдан және бiр екi орындықтан болуы керек.
ЖЭЕМ (жеке электронды есептеу машинасы) оқушының столына барлық арнайы перифериялық жабдықтармен орнатылады. Столдарға электркөзi және локальдi кабель жүйелерi жүргiзiледi. Жалпы электр схемасын қоректендiру ИЕТК (информатика есептеу техникасы кабинетi) үшiн қосарланған документацияға енгiзiлген, ОЕТС (оқыту есептеу техникасы сыныбы) берiлген электржабдықтау комплектiсiмен бiрге қамтылған.
Мұғалiмнiң жұмыс орны стол және екi тумбамен жабдықталған - принтер және графпроектор үшiн.
Жұмыс барысында мұғалiм:
Сабақ жүргiзу барысында оқушының жұмыс орнына электркөзiн қосу және айыруды мұғалiм жүргiзедi.
ИЕТК жұмыс орнын алмастыру, мұғалiм және оқушы сабақ барысы кезiнде жұмыс орнына еркiн кiруi қамтамасыз етiлеуi керек.
Оптималды варианты, оқытушы мен оқушының қауіпсіздiк жұмыс iстеу көзiмен қарасақ, жұмыс бабында электр қауіпсiздiгi және бiр деңгейлi жарықтық тұғызу, жұмыс столдардың периметральдi орналастыру ЖЭЕМ (жеке электронды есептеу машинасымен) бiрге.
ИЕТК столдарын периметральды орналыстыру бар болған жағдайды қосымша екi столдармен (парталармен) екi орындық жабдықталуы тиiс.
Бұл столдар теоретикалық жұмыстар, бiлiмiн тексеру оқушылардың, жазба бақылау жұмыстары, модификациялық программалар құруға, дәптерлерiне есептер шығаруға қажет. Оқытушы және оқушылар отырылатын орнын ИЕТК табл. № 1 үлгi ретiнде көрсетiлген.
2, 3, 4 таблицаларда қосу жөндеу жұмыстары тiзбегi көрсетiлген.
Оқу құралдары және жабдықтары программаның әр бөлiмiнде орнатылып кабинетте сақталады.
ИЕТК алдыңғы қабырғасы сынып тақтасымен, экран, шкаф, көрнектi оқу құралдарын сақтауға және ақпарат жеткiзетiн демонстрациялық монитормен (телевизор) жабдықталады. Демонстрациялық телевизор 2 м биiктiкте жерден кронштейнмен сынып тақтасының сол жағына бекiтiледi. Тақтаның астына таблицаларға арналған жәшiктер қойылады. Тақтаның жоғарғы жағына таблицаларға арналған ұстатқыштар бекiтiледi.
Оқу қуралдары және жабдықтары программаның әр бөлiмiнде орналасып кабинетте сақталады.
Демонстрациялық құралдар және жабдықтар жеке бақылау жұмыстары үшiн жеке сақталады.
ИЕТК оқу - көрнекi құралдары және жабдықтарын сақтау үшiн шкафпен жабдықталады, онда лаборант бөлмесi болуы керек.
ИЕТК демонстрациялық құралдар сақталуы төмендегiдей:
- дискiлер программалық құралдарымен арнайы кiшкене жәшiктерде, шаң, күн көзiнен сақтап, кластарға және программа бөлiмдерiмен; жәшiктерде шкафта сақталып, дискiлер сақталған жерлер жазумен белгiленедi;
- таблицалар - тақтаның астында жәшiктерде немесе арнайы бөлiмдерде программаға байланысты кластарына бөлiп, көлемiне қарай орналастырылады;
- аудиовизуалдық құралдар шкафтың бөлiгiнде сақталады;
- анықтама, оқу-методикалық және ғылыми-белгiлi әдебиет шкафтың бөлiктерiнде (мектеп кiтапханасына қояды).
ИЕТК арнайы картотекада бар оқу құралдарымен олардың сақталған жерi көрсетiлiп, және методикалық карточка мұғалiм мен лаборанттың сабаққа құралдарды дайындауға жеңiлдiк үшiн жасалынады.
Терезелерге қарсы қабырғада, арнайы тақталар орналасқан, онда аңықтама таблицалар оқушыларды қауіпсіздiк сақтау ережелерiмен, (жеке электронды есептеу машинасы) ЖЭЕМ алгоритм түрлерiмен, функциялармен жабдықталады. Оқу кабинетiнде, класс тақтасына қарсы жеке тақырыптарды оқытудағы көрнекi құралдарды iлiп қою қажет.
Тарау 3. 3. Информатика және есептеу техникасы кабинетiнде
жұмыстарды ұйымдастыру
3. Информатика және есептеу техникасы кабинетiнде
жұмыстарды ұйымдастыру
Информатика және есептеу техникасы кабинетiнде (ИЕТК) жұмыстарды ұйымдастыру "Информатика және есептеу техникасы негiздерi" пәнiнiң жүргiзушi мұғалiмдер арасынан сайланған кабинет меңгерушiсiне жүктеледi. Ол, мұғалiмдердiң жұмысын "Информатика және есептеу негiздерi (ИЕТК)" пәнiн оқуда оқушылардың есептеу техникасында жұмыс атқара бiлуiн, басқа пәндердi оқытуда мұғалiмдер мен оқушылардың жұмыс жасай бiлуiн ұйымдастырады.
Кабинет меңгерушiсi, жабдық-құралдардың сақталынуына, жабдықтардың қолдануға әрдайым әзiрлiгiне, инвентарлық тiркеу журналын қадағалауға есептеу техникасына профилактикалық және техникалық қадағалау жұмыстарын уақытында өткiзуiне, дұрыс пайдаланылуына жауапты. Уақытында жөнделуiн ұйымдастыру, есептеу машиналарының жұмыс iстемей қалуын тiркеу, өртке қарсы құралдардың дұрыстығын және бақытсыздық жағдайларда бiрiншi көмек құралдарының толықтығына жауапты. Мұғалiмдер мен оқушылардың қауiпсiздiк техникасы ережелерiн сақтауына, белгiлi уақыт аралығында оқушыларға қауiпсiздiк техника ережелерiнен уақытында инструктаж берiлуiне, әр сабақтың басталу және аяқталу уақытын журналға тiркелуiне, электркөзiн уақытында қосып ажыратылуына жауапты.
Оқушыларды ИЕТК-iмен таныстырғанда ИЕТК-i пәнiнiң мұғалiмi төмендегi мәселелер бойынша мiндеттi:
оқушылардың бойына, көз өткiрлiгiне және есту кабiлетiне сәйкес жұмыс орнын бөлiп беруге;
ИЕТК-де жұмыс жасауда қауiпсiздiк техникасы ережелерiмен оқушыларды таныстыруға мiндеттi.
Оқушылар, қауiпсiздiк техникасы ережелерi бойынша, кабинетте жұмыс iстеу ережелерi бойынша зачет тапсыруға мiндеттi. Қауiпсiздiк техникасы ережелерi жөнiнде тiркелетiн журналда оқушылардың аты-жөнi, зачет тапсырған мерзiмi және зачет қабылдаған мұғалiмнiң аты-жөнi, инструктаж мазмұны, қойылған қолы жазылады. Оқушылар жұмыс орнының және ондағы жабдықтардың сабақ кезiнде дұрыс болуына жауапты.
Кабинет меңгерушiсiнiң қызметi кең көлемдi түрлi жауапкершiлiктi қажет етедi. Оның жұмысына көмек көрсетуге мiндеттi адам – ол информатика және есептеу техникасы кабинетiнiң лаборанты. Лаборант ИЕТК-i меңгерушiсiнiң қарамағында жұмыс атқарады, меңгерушiнiң алдында кабинет жабдықтарының дұрыс пайдаланылуы, дұрыс сақталуы және бұзылмауы туралы жауап бередi. Лаборант ИЕТК-жүйесiн толық бiлуге мiндеттi, көрнекi құралдар, бағдарламалық құралдар, есептеу техникасы құралдарының бұзылмай сақтау ережелерiн бiлуге мiндеттi. Мұғалiмнiң жоспары бойынша және мұғалiмнiң басқаруымен лаборант жабдықтарды сабақ жүргiзуге дайындайды, инвентарлық есеп беру жөнiнде тiркеу жазбалар жүргiзедi. Оқушылардың қауiпсiздiк техникасы ережелерiн сақтауына көмек көрсетедi, өртке қарсы құралдардың және бiрiншi көмек құралдарының толық дайын тұруын қамтамасыз етедi. Кабинет меңгерушiсi жетекшiлiгiмен лаборант iстен шыққан техниканың ұсақ ақауларын жөндеуден өткiзедi, сабақтың басталу және аяқталу уақытын журналға тiркеп, бұзылған техниканы тiркеп жазып отырады.
Тарау 4. 4. Информатика және есептеу техникасы пәнiн
оқытатын құралдар жүйесi
4. Информатика және есептеу техникасы пәнiн
оқытатын құралдар жүйесi
Информатика пәнiн оқыту процесiне көмектесетiн сапалы жаңа оқыту құралдарын жасауда ЖЭЕМ-iнiң мүмкiндiгi зор, өйткенi әр-түрлi құрылымдар мен механизмдердi ЖЭЕМ-ы арқылы басқаруға болады. Мысалы, компьютердiң арнайы бағдарламасымен байланыстырылған әр-түрлi өндiрiс механизмдерiн және көмекшi тетiктерiн ЭЕМ-ы арқылы басқарады.
ЖЭЕМ-ы арқылы басқарылатын, оқытуға пайдаланатын роботтар, манипулятор-роботтар (көтергiш-робот), робот-арбаша, жүк тиеп-түсiретiн роботтар т.б. оқыту процесiне жаңа бағыт әкелдi. Жасөспiрiмдердiң кәсiби бағытына әсер етушi үлкен фактор компьютердiң өмiрдегi объектiлердi басқару мүмкiндiгi, сол үшiн оқушылардың бағдарлама жасай алу тәжiрибесiн жоғарылатып оқытып үйрету қажет. ЭЕМ-экранында түрлi физикалық құбылыстардың заңдылықтарын график түрiнде көрсете алады.
Қосымша оқу құралдарын қолдану мақсаты:
- ЖИТҚ-ын, ақпаратты өңдеуге қолдануда, оның мүмкiндiгiн үйренiп, түрлi қолдану әдiстерiн игеру;
- Оқытуға қажет пәндердегi лабораториялық тәжiрибе нәтижелерiн және информацияны өңдеуде автоматтандыру процестерiн үйрету.
Осындай оқыту құралдар жүйесi ЖИТҚ, қағазды оқыту әдiстемелiк әдебиеттермен қосылып (оқулық, оқушылардың көмекшi оқу кiтаптары, т.б.), информатика және есептеу техникасы пәнiн оқытуда оқыту-әдiстемелiк комплексiн (ОӘК) құрайды.
ОЕК-құрамын өзгерте отырып, оны тек информатика пәнi емес басқа пәндердi оқытуға болады.
Тарау 5. 5. Қауiпсiздiк талаптары
5. Қауiпсiздiк талаптары
ОЕТК (оқу есептiк-техникалық кабинетi) дайындығы жоқ адамдармен жұмыс iстегенде қауіпсiздiкпен қамтамасыз ету, оның iшiнде кәмелетке толмағандар, нұсқау жүргiзуiн талап етпей және арнайы қауiпсiздiк сақтау техникасын, қандай жағдайда болмасын, оның iшiнде қателескен жағдайда, пайдаланғыш iс-әрекетiнде, корпус ашылған iшкi құрылыстармен байланысты.
Ерекше үлкен контингент пайдаланғыштарды ескере отырып балаларды қоса, ОЕТК бүкiл жабдықтарының қауіпсiздiк деңгейi кем болмауы керек, шаруашылықтағы радиоэлектрондық аппаратурадан – МемСТ12.2006-83 ОЕТК МемСТ 28139-89 лайықты болу керек (мектеп жабдығы. қауіпсiздiк талаптары).
Механикалық және электрлiк қауіпсiздiктi – МемСТ Р 50377-92, МемСТ 122.007.0-75 және МемСТ 25861-83 басқадай жалпы талаптар қамтамасыз етiлуi керек.
Электр тогымен жарақаттанудан қорғану II класс МемСТ 25861-83 еш кем болмауды қамтамасыз ету қажет.
Барлық ОЕТК элементтерi конструкциясы 36В жоғары электр кернеуi элементi және бөлiктерiне адамның жақындауына мүмкiндiк туғызбауы керек, қандай жағдайда болмасын, тiптi қателескенде де, пайдаланғыш әрекетiнде корпусты ашуға байланысты болмауы керек.
ОЕТК электркөзi системасы кедергiсi 1 МОМ кем емес өткiзгiш арқылы жермен байланысты болу керек.
ОЕТК электркөзi электр тогын үзiп тастайтын қондырғылар болуы керек, электржелiсiн тұйықталудан сақтау керек.
ОЕТК электркөзi, қорғайтын айырғышпен қамтамасыз ету керек көп пайдаланған кезде және тұйықталудан электр желiсiндегi, сонымен қатар авариялық қол айырғыш болуы керек.
Қосатын және айыратын конструкциясы жаңылып қосылған кернеуi дұрыс емес кабельді линиялар болмауын қамтамасыз ету қажет, механикалық мықтылық керек. Өрт қауіпсiздiгiнiң жалпы талаптары шаруашылық және оқу электрқондырғыларының нормаларына сәйкес болуы қажет. Электрқондырғылар жанған кезде улы газдар мен түтiндер бөлiнбеуi тиiс. Электркөзiн ажыратқан соң өрт сөндiрудiң кез келген әдiсiн қолдануға болады. ОЕТК элементтерiнiң денсаулыққа зиянды әсер ететiн факторлары балаларға қатысты нормалардан аспауы тиiс (мысалы: МемСТ 12.2003.-74, 12.3002-75, 12.1006-84, 12.1.001-83, 12.1.045-85) және келесi МемСТ-та көрсетiлген нормалардан аспауы тиiс: Мем СТ-21552-84, 27016-86, 27201-87 "Санитарлық нормалар мен ережелер".
Қорытынды
Оқу процесiне жаңа ақпараттық технологияларды енгiзу жаңа педагогикалық технологиялардың пайда болуына әкелiп соғады. Кез келген үйреншiктi "қатып қалған" технологияға жаңа өзгерiстер енгенi сияқты, бұл процесс жаңа оқыту құралдарының мүмкiндiгiн үйренгенше белгiлi бiр "адаптациялық" уақытты, психологиялық қабылдауды қажет етедi. Маңыздысы, бұл процестi жылдарға созбай-ақ, оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын жоспарлы түрде енгiзу керек, жаңа ақпараттандыру құралдарының әр-түрлi мүмкiндiгiн пайдалана отырып информатика пәнiн оқытуға ең алдымен енгiзу қажет.
Болашақ оқыту технологияларды оқытуға, қысқа мерзiмде ЖАТҚ-ы жалпы
бiлiм беретiн орта мектептердiң оқу процесiне енгiзудi қамтамасыз ету
үшiн, Қалалық бiлiмдегi жаңа технологиялар орталығы бар мүмкiншiлiктерiн
шоғырландырып осы бағытта жұмыс iстеуi керек.
Басқа 12. Экспликация
Таблица 1
Есептеу техникасы кабинетінің жобасы
(Н=4 м, ЕН=400 лк, N=16 жарық лампалары)
Экспликация
1. Екі орынды оқушы столы; 7. Шкафтар; 13. Жұмыс столы;
2. Жеке компьютер тұратын стол; 8. Сынып тақтасы; 14. Радиомонтаж столы;
3. Мұғалім столы; 9. Өрт сөндіргіш; 15. Саймандар тумбасы;
4. Графопроектор столы; 10. Сигнализация; 16. Сейф-шкаф;
5. Принтер столы; 11. Электр қалқаны; 17. Қабырға стенді;
6. Телевизор; 12. Перделер; 18. Оқушылар портфель салатын шкаф.