Об утверждении Инструкции по оснащению помещения для голосования на избирательном участке, пункта для голосования Қолданыста
Басқа 0
Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының заң бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды,
дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі
нұсқаулық
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2012 жылғы 23 қазандағы № 21/183
қаулысымен бекітілген
Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды,
дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі
нұсқаулық
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды, дауыс беру пунктін жарақтандыру жөніндегі нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының (бұдан әрі - Конституциялық заң) 12-бабының 16-8) тармақшасына және 39-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайларды, дауыс беру пунктін жарақтандыруды нақтылайды.
Тарау 2. 2-тарау. Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды,
дауыс беру пунктін жарақтандыру
2-тарау. Сайлау учаскесінде дауыс беруге арналған үй-жайды,
дауыс беру пунктін жарақтандыру
Тармақ 2
2. Сайлау учаскесі, дауыс беру пункті орналасатын ғимаратта сайлау учаскесінің нөмірі көрсетілген дауыс беруге арналған үй-жайдың орналасқан жерінің көрсеткіштері ілінеді.
Егер бір ғимаратта бірнеше сайлау учаскесі орналасқан болса, барлық сайлау учаскелерінің нөмірлері көрсетілген көрсеткіштер ілінеді.
Тармақ 3
3. Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) арнайы бөлінген көрнекті орында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылады, оның сол жағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы тігіледі.
Тармақ 4
4. Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) орнатылады:
Тармақша 1
1) үстелмен немесе тұғырлықпен, қаламдармен жабдықталған жасырын дауыс беруге арналған кабиналар;
Тармақша 2
2) тұрақты сайлау жәшігі (үй-жайда (пунктте) дауыс беруге арналған);
Тармақша 3
3) тасымалдау үшін тұтқалары бар тасымалданатын(екі дана) сайлау жәшіктері (үй-жайдан тыс дауыс беруге арналған);
Тармақша 4
4) телефон аппараты;
Тармақша 5
5) үстел шамы, сағат;
Тармақша 6
6) сейф немесе металл шкаф;
Тармақша 7
7) калькулятор;
Тармақша 8
8) көшіру аппараты;
Тармақша 9
9) сайлау комиссиясының мүшелері үшін үстел мен орындықтар;
Тармақша 10
10) байқаушылар, сенім білдірілген адамдар және бұқаралық ақпарат
құралдарының өкілдері үшін орындықтар;
Тармақша 11
11) кемінде екі компьютер (оперативтік жады кемінде 2 Гб процессор, офистік, антивирустық бағдарламалар мен pdf форматында құжаттарды оқу және басып шығару үшін бағдарламалар орнатылған дербес компьютерлер мен жұмыс станцияларына арналған операциялық жүйе, олардың біреуі мүгедектігі бар адамдарға арналған.
Тармақ 5
5. Тұрақты сайлау жәшігі қалыңдығы 0,5 сантиметрден кем емес, биіктігі 90 сантиметр, ені 50х50 сантиметр мөлдір материалдан (оргшыныдан) жасалғанжәшікті білдіреді, жоғарғы қақпағында (ортасында) ұзындығы 15 сантиметр, ені 0,5 сантиметр дауыс беруге арналған бюллетеньдерді салуғаарналған ойығы бар, мөр басуға немесе пломба салуға арналған құрылғылары баржәшік пен қақпақ.
Тасымалдау үшін тұтқалары бар тасымалданатын сайлау жәшігі қалыңдығы 0,5 сантиметрден кем емес, биіктігі 40 сантиметр, ені 30х30 сантиметр мөлдір материалдан (оргшыныдан)жасалған жәшікті білдіреді, жоғарғы қақпағында (ортасында) ұзындығы 15 сантиметр, ені 0,5 сантиметр дауыс беруге арналған бюллетеньдерді салуғаарналған ойығы бар, мөр басуға немесе пломба салуға арналған құрылғылары баржәшік пен қақпақ.
Сайлау жәшіктерінің бет жағында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының диаметрі 23 сантиметр бейнесі орналастырылады.
Тармақ 6
6. Сайлаушылар үшін қолжетімділікпен қолайлылықты ескере отырып, мынадай ақпаратты қамтитын ақпараттық стендтер орналастырылады:
сайлау комиссиясының құрамы;
жоғары тұрған сайлау комиссияларының, соттардың, прокуратура органдарының, құқық қорғау органдарының мекенжайлары мен телефондарының нөмірлері;
дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерінің үлгілері;
кандидаттар, партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар туралы Конституциялық заңның 28-бабы 6-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы белгілеген мәліметтердің стандартты жиынтығынан тұратын бірыңғай форматтағы ақпарат;
тиісті сайлау комиссиясы Конституциялық заңның 39-бабы 2-тармағына сәйкес белгілеген дауыс беруге арналған үй-жайдағы (пункттегі) тәртіп ережелері;
сайлау комиссиясының дауыс беру нәтижелері туралы хаттамасының көшірмесі (қорытындылары шығарылғаннан кейін).
Тармақ 7
7. Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) сайлау бюллетеньдерін беретін орындар белгіленіп, жасырын дауыс беруге арналған кабиналар дауыс беруге арналған тұрақты жәшік, дауыс беретін адамдар жәшікке жасырын дауыс беруге арналған кабиналар арқылы өтіп келетіндей, сондай-ақ сайлау комиссиясының мүшелері, байқаушылар, сенім білдірген адамдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сайлау жәшігін, жасырын дауыс беруге арналған кабиналарға кіруді және шығуды байқау мүмкіндігін қамтамасыз ете алатындай етіп қойылады.
Дауыс беруге арналған үй-жайларда (пункттерде) сайлау құжаттамасының, жабдықтардың және өзге де материалдардың сақталуы қамтамасыз етіледі.
Тармақ 8
8. Сайлау комиссияларының мүшелері орналасатын жерлерде «Төраға», «Төрағаның орынбасары», «Хатшы» жазулары, сондай-ақ әліпби әріптері немесе көшелердің атаулары және үйлердің нөмірлері бар көрсеткіштер орналастырылады.
Тармақ 9
9. Дауыс беруге арналған үй-жайда (пунктте) сондай-ақ:
Тармақша 1
1) сайлау комиссиясының мөрі;
Тармақша 2
2) кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеу журналы, байқаушыларды және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тіркеу журналы;
Тармақша 3
3) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы, сондай-ақ өзге де ақпараттық-әдістемелік материалдар;
Тармақша 4
4) дауыс беруге арналған жәшіктерге, сайлау құжаттамасына мөр басуға немесе пломба салуға арналған құралдар, пломбалар;
Тармақша 5
5) кеңселік керек-жарақтар (пакеттер, конверттер, қаптар, кеңселік желім, қайшы, буып-түюге арналған қағаз, жазуға арналған қағаз, сызғыштар, көк сиялы қаламдар, карындаштар, шпагат, қағаз тескіш құрал, степлер, антистеплер, степлердің тоғындары және өзге де керек-жарақтар) орналасады.
Тарау 3. 3-тарау. Мүгедектігі бар адамдар үшін дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру ерекшеліктері
3-тарау. Мүгедектігі бар адамдар үшін дауыс беруге арналған үй-жайды жарақтандыру ерекшеліктері
Тармақ 10
10. Дауыс беруге арналған үй-жайлар (пункттер) орналасатын ғимаратқа кіреберісте тұтқалар, төсеніштер, пандустар, сондай-ақ басқа да қажетті құрылғылар (уақытша рұқсат етіледі) көзделуі қажет.
Тармақ 11
11. Дауыс беруге арналған үй-жайлар (пункттер) мүгедектігі бар адамдар үшін барынша қолжетімділікпен қамтамасыз етіледі, бірінші қабаттарда орналасуы немесе басқа қабаттарға бару үшін көтеру тетіктері болуы тиіс.
Тармақ 12
12. Дауыс беруге арналған үй-жайларда (пункттерде):
әр түрлі тактильді көрсеткіштер (мүмкіндігінше);
тірек-қозғалыс аппараты функциялары бұзылған, соның ішінде кресло-арбаларды пайдаланатын сайлаушылардың қолжетімділігі ескерілген, жасырын дауыс беруге арналған кабина(лар);
мүгедектігі бар адамдар үшін төмендегілерді қамтитын арнайы жабдықталған орын (бұрыш) көзделуі қажет:
Тармақша 1
1) мониторлы компьютер (диагоналі кемінде 54 сантиметр), онда мүгедектігі бар адамдар үшін бейімделген форматта осы Нұсқаулықтың 6-тармағында көрсетілген ақпарат орналасуы тиіс;
Тармақша 2
2) құлақаспаптар;
Тармақша 3
3) қосымша жарықтандыру, ұлғайтқыштар.
Тармақ 13
13. Жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектігі бар адамдар үшін осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес дауыс беруге арналған арнайы сайлау учаскелерiн құра алады.».