Вопросы Республиканского государственного казенного предприятия "Казахская государственная юридическая академия" Қолданыста
Басқа 0
"Қазақ мемлекеттік заң академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мәселелері
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.01.17 N 57 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Алматы қаласының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) 2000 жылғы қазанға дейін Академияға оның ғимараты жанындағы қажетті жер учаскелерін беруді қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Академияға Алматы қаласында бір әкімшілік ғимарат бөлу мүмкіндігін қарастырсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Алматы қаласының, Алматы облысының әкімдері 2001 жылғы наурызға дейін Академияны әскери оқу техникасын орналастыруға арналған аумақпен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастырсын.
📌 Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.01.17 N 57 қаулысымен.
Тармақ 4
4. Астана қаласы әкімінің Академияның Астана қаласындағы филиалының материалдық-техникалық базасын дамытуға, соның ішінде:
Академияның профессорлық-оқытушылар құрамы үшін тұрғын үй салуға ипотекалық несие беру бағдарламасы бойынша 40 пәтер бөлінуін және жеке тұрғын үйлер салуға жер учаскелерінің бөлінуін көздейтін көмек көрсету туралы ұсынысы қабыл алынсын.
Тармақ 5
5. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.01.17 N 57 қаулысымен.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі осы қаулыны іске асыру үшін қажетті шаралар қабылдасын.
Тармақ 7
7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 10. "Қазақ мемлекеттік заң академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ерекше мәртебесі туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 31 тамыздағы
N 1326 қаулысымен
бекітілген
"Қазақ мемлекеттік заң академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ерекше мәртебесі туралы ереже
📌 Ескерту. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.01.17 N 57 қаулысымен.