Об утверждении Правил начисления и выплаты премий государства по вкладам в жилищные строительные сбережения и признании утратившими силу некоторых приказов Министра финансов Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақысын есептеу және төлеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақысын есептеу және төлеу қағидалары бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Бюджеттік кредит беру, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің концессиялық жобалары мен бюджеттік инвестициялары департаменті (А.С. Есенов) белгiленген тәртiпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақысын есептеу және төлеу қағидалары
Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2012 жылғы 18 қазандағы № 464 бұйрығымен бекiтiлген Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақысын есептеу және төлеу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу және төлеу қағидалар (бұдан әрi – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрi - Заң) сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ банктерiндегi тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлықақысын (бұдан әрi - мемлекеттің сыйлықақысы) есептеу және төлеу тәртiбiн анықтайды.
Тарау 2. 2. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдары бойынша сыйлықақыны есептеу және төлеу тәртібі
2. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдары бойынша сыйлықақыны есептеу және төлеу тәртібі
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы азаматтарының, оның iшiнде кәмелеттiк жасқа жетпеген, он сегiз жасқа толмаған азаматтарының тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдары бойынша мемлекет сыйлықақысын есептеу және төлеу тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінде жүзеге асырылады. Салымшының өтiнiшi бойынша мемлекет сыйлықақысы бiр тұрғын үй құрылысы жинақ банкiндегi бiр шотқа ғана есептеледi.
Тармақ 3
3. Жинақтау мерзімі өткен кезде және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын салымшы жинақ ақшаның ең төменгі қажетті мөлшерін жинақтамаған жағдайда, ол тұрғын үй құрылысы жинақ банкі оған сыйақы есептеген салымды, сондай-ақ үш жылдан артық жинаған кезде мемлекет сыйлықақысын алуы не мемлекет сыйлықақысы есептелген тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде жинақтауды жалғастырады. Мемлекеттің сыйлықақысы тұрғын үй қарызын алған кезге дейін есепке жазылады.
Тармақ 4
4. Жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысының мөлшерi көтермеленетiн салым сомасының жиырма пайызын құрайды. Мемлекет сыйлықақысымен көтермеленетiн салым тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салынған салым сомасын және ол бойынша есептелген сыйақыны қамтиды.
Тармақ 5
5. Мемлекет сыйлықақысымен көтермеленетiн жинақталған ақша сомасы бір күнтізбелік жыл үшін екi жүз есе айлық есептiк көрсеткiштен асуы мүмкін емес. Егер мемлекет сыйлықақысын көтермеленетiн жинақталған ақша сомасы мөлшерi тиiстi жылға арналған Республикалық бюджет туралы заңмен белгiленетiн екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен асып кетсе, онда көтермеленбей қалған жинақталған ақша сомасын келесi жылы сыйлықақы есептеу кезiнде тұрғын үй құрылысы жинақ банкi ескередi. Ағымдағы жылы мемлекет сыйлықақысы өткен жылдарға көтермеленген жинақталған ақшаның сомасына есептелмейдi.
Тармақ 6
6. Мемлекет сыйлықақысын төлеу:
Тармақша 1
1) шарттық соманы төлеген кезде;
Тармақша 2
2) салымшы салымды тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты жасасқан күннен бастап, бұзған күн арасында үш жылдан астам жинақтаған болса, тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты мерзiмiнен бұрын бұзған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Салымшы тұрғын үй қарызының бір бөлігін мақсатсыз пайдаланған кезде мемлекеттің сыйлықақысы тұрғын үй қарызының мақсатсыз пайдаланылған бөлігіне тепе-тең бөлікте бюджетке қайтарылуға жатады.
Тармақ 8
8. Бұдан бұрын оған жинақтау мерзімі үш жылға жетпейтін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт(тар) қосылған жинақтау мерзімі тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты бұзу күніне үш жылдан асқан тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт мерзiмiнен бұрын бұзылған кезде оған қосылған жинақтау мерзімі үш жылға жетпейтін тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт(тар) бойынша біріктірілгенге дейін есептелген мемлекет сыйлықақысы төленбейді және бюджетке қайтарылуға жатады. Егер қосылған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт(тар) бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты бұзу күніне үш жылдан аса уақыт өтсе, онда біріктірілгенге дейін есептелген мемлекет сыйлықақысы бюджетке қайтарылуға жатпайды.
Тармақ 9
9. Бірнеше тұрғын үй құрылысы жинақ банктерінде тұрғын үй құрылысы жинақтарының салымдары бойынша екі және одан артық шоттар бойынша тұрғын үй құрылысы жинақтарының бір салымшысына мемлекет сыйлықақысы төленгенін бюджеттік бағдарлама әкімшісі тапқан жағдайда, тұрғын үй құрылысы жинақ банкі мемлекет сыйлықақысын қайтаруды бюджеттік бағдарлама әкімшісінің жазбаша өкімі негізінде жүзеге асырады. Бұл ретте, өткен жылдарға есептелген мемлекет сыйлықақысы салымшының таңдауы бойынша тұрғын үй құрылысы жинақтарына салымдардың біреуі бойынша есептелген сыйлықақыны қоспағанда, бюджетке қайтаруға жатады. Егер әртүрлi қаржы жылдарында мемлекет сыйлықақысы Заңның 3-бабының 3-тармағына сәйкес оның таңдауы бойынша тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасын салымшының әртүрлi шоттарына есептелсе, мемлекет сыйлықақысын қайтару жүзеге асырылмайды.
Тармақ 10
10. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы бiр шарт бойынша шарттық соманы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы бiрнеше шарттарға бөлген кезде мемлекет сыйлықақысы бөлiнген салымдарға бара-бар бөлiнедi.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкi Заңның 11-бабында көзделген жағдайларда, салымшыдан мемлекет сыйлықақысы сомасын қайтарған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей республикалық бюджетке мемлекет сыйлықақысын аударады.
Тарау 3. 3. Мемлекет сыйлықақысын есептеу, аудару және оларды тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы салымдарының есебіне жатқызу мерзiмi
3. Мемлекет сыйлықақысын есептеу, аудару және оларды тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы салымдарының есебіне жатқызу мерзiмi
Тармақ 12
12. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкi жыл сайын есептi жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң қаражатын жұмсаудың бюджеттiк өтiнiмiн енгiзу үшiн тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша сыйлықақы төлеу жөнінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне мемлекет сыйлықақысын есептеудiң болжамды есептерiн ұсынады.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкi қаржы жылының қорытындысы бойынша келесi жылдың 15 қаңтарына дейiн әрбір салымшыға есептейді де бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне салымдар бойынша тиесiлi мемлекет сыйлықақысы есептелген сомасының түпкiлiктi есебiн ұсынады.
Тармақ 14
14. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнен мемлекет сыйлықақысы сомасының түпкiлiктi есебiн алғаннан кейiн есептiден кейiнгi жылдың 10 ақпанына дейiн тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнiң корреспонденттiк шотына мемлекет сыйлықақысының жалпы сомасын аударады.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкi бюджеттік бағдарламаның әкімшісінен жалпы соманы алған күннен бастап, тұрғын үй құрылысы жинақ банкi мен оның салымшылары - Қазақстан Республикасының азаматтары арасында жасалған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттар бойынша мемлекет сыйлықақысын есепке жатқызуды осы Қағидаларда көзделген тәртiппен жүргізеді. Мемлекет сыйлықақысы салымшының шотына есептіден кейінгі жылдың 1 наурызына дейінгі мерзімде есепке жатқызылады.
Тармақ 16
16. Егер тұрғын үй құрылысы жинақ банкi осы Қағидалардың 13-тармағына сәйкес бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жіберілген мемлекет сыйлықақысының жалпы сомасының түпкілікті есебін нақтылауына байланысты тиісті жылға бюджетте көзделген мемлекет сыйлықақысының жалпы сомасы жеткіліксіз болған жағдайда, тұрғын үй құрылысы жинақ банкi мемлекет сыйлықақысының жетіспейтін сомасын бюджетке қайтарылуға жататын қаражаттың және (немесе) өз қаражаты есебінен салымшылары - Қазақстан Республикасының азаматтарының шоттарына есепке жатқызуды жүзеге асырады. Тұрғын үй құрылысы жинақ банкi мемлекет сыйлықақысының өз қаражаты есебінен төленген сомасын бухгалтерлік есебінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне дебиторлық берешек шоттарының есебіне жазып көрсетеді. Республикалық бюджетті нақтылау туралы шешім қабылдау кезінде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға тұрғын үй құрылысы жинақ банкi өз қаражаты есебінен төлеген мемлекет сыйлықақысының жетіспейтін сомасына тұрғын үй құрылысы жинақ банкi берген деректердің негізіндегі бюджеттік өтінімді ұсынады. Тиісті жылға арналған Республикалық бюджетті нақтылау туралы заңды бекіткеннен кейін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі тұрғын үй құрылысы жинақ банкi өз есебінен салымшыларының - Қазақстан Республикасының азаматтарының шоттарының есебіне жатқызған, мемлекет сыйлықақысының жетіспейтін сомасын тұрғын үй құрылысы жинақ банкiнің шотына аударады.
Тарау 4. 4. Мемлекет сыйлықақысының есеп айырысу және оны капиталдандыру
4. Мемлекет сыйлықақысының есеп айырысу және оны капиталдандыру
Тармақ 17
17. Мемлекет сыйлықақысы осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетiлген мөлшерде есептiден кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша есептеледi.
Тармақ 18
18. Мемлекет сыйлықақысының жоспарлы сомасын есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi: Ажс=Т+С-Ш мұнда Ажс - мемлекет сыйлықақысымен көтермеленетiн есептi жыл салымының сомасы; Т – есептi жылдағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдарға түсетін түсімдердің жоспарлы сомасы; С – есепті жылы салымшылардың шоттарына тұрғын үй құрылысы жинақ банкі есептейтін сыйақының жоспарлы сомасы; Ш - есепті жылы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттардың бұзылу нәтижесінде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдарынан шығатын қаражаттың жоспарлы сомасы.
Тармақ 19
19. Есепті жыл салымының мемлекет сыйлықақысымен көтермеленетiн, ол бойынша есептіден кейiнгi жылы мемлекет сыйлықақысы есептелетін және төленетiн сомасын есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi: Ажс = Ж - Өжс-Ес, мұнда Ажс – екі жүз еселік айлық есептік көрсеткіш шегінде есептi жыл салымының мемлекет сыйлықақысымен көтермеленетiн сомасы; Ж - есептiден кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жинақталған қаражат сомасы; Өжс - өткен жылдардағы салымның мемлекет сыйлықақысымен көтермеленген сомасы; Ес - өткен жылдарда есептелген мемлекет сыйлықақысының сомасы.
Тармақ 20
20. Мемлекет сыйлықақысының сомасын Бюджеттік бағдарлама әкімшісінен түскеннен кейiн осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен тұрғын үй құрылысы жинақ банкi салымның негiзгi сомасын ұлғайту есебіне жатқызады, яғни жылына бір рет, жинақ шоттарына iс жүзiнде есептеу сәтiнде капиталданады. Салымшы тұрғын үй қарызын ресімдеуге және оны 1 қаңтардан бастап салымшылардың шоттарына мемлекет сыйлықақысы іс жүзінде есепке жатқызылуына дейін алуға өтініш берген жағдайда мемлекет 1 салымшының шотына есепке жатқызылады.
Басқа 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 18 қазандағы № 464 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
Тармақша 1
1) «Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2005 жылғы 19 шiлдедегi № 274 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3772 нөмiрімен тiркелген, «Заң газеті» газетiнде 2004 жылғы 7 қазанда № 185-186 (919-920) жарияланған);
Тармақша 2
2) «Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2005 жылғы 19 шiлдедегi № 274 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2007 жылғы 3 cәуiрдегi № 105 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4613 нөмiрімен тiркелген. «Заң газеті» газетiнде 2007 жылғы 22 маусымда № 94 (1297) жарияланған);
Тармақша 3
3) «Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2005 жылғы 19 шiлдедегi № 274 бұйрығына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2007 жылғы 22 қарашадағы № 410 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5028 нөмiрімен тiркелген. «Заң газеті» газетiнде 2007 жылғы 20 желтоқсандағы № 193 (1396) жарияланған);
Тармақша 4
4) «Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2005 жылғы 19 шiлдедегi № 274 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2010 жылғы 26 қарашадағы № 584 бұйрығы (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6655 нөмірімен тiркелген. «Казахстанская правда» газетінде 2011 жылғы 15 қаңтарда № 13-14 (26434-26435) жарияланған).