Об организации открытых тендеров на оказание услуг пассажирским транспортом на маршрутах области Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.07.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс бағыттарында жолаушылар көлігімен қызмет көрсетуге арналған ашық тендерлерді ұйымдастыру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 19.10.2001 № 218 шешімімен. Жолаушыларға сапалы қызмет көрсету, әділ бәсекелестік жағдай қалыптастыру және жолаушылар көлігіндегі нарықтық қатынасты әрі қарай дамыту мақсатында:
Тармақ 1
1. "Оңтүстік Қазақстан облысы бағыттарында жолаушылар көлігімен қызмет көрсетуге арналған ашық тендерлерді ұйымдастыру туралы Ереже" бекітілсін (қоса тіркеледі).
Тармақ 2
2. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан Облысы Әкімнің 2001 ж. тамыз айының 1 жұлдызындағы N 191 шешімімен.
Тармақ 3
3. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан Облысы Әкімнің 2001 ж. тамыз айының 1 жұлдызындағы N 191 шешімімен.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Н. Громовқа жүктелсін. 📌 Ескерту. 4 тармақ өзгертілді - Оңтүстік Қазақстан Облысы Әкімнің 2001 ж. тамыз айының 1 жұлдызындағы N 191 шешімімен.
Басқа 5
Облыс әкімінің 2000 жылғы 29 шілдедегі N 281 шешімімен БЕКІТІЛГЕН Оңтүстік Қазақстан облысының бағыттарында жолаушылар көлiгiмен қызмет көрсетуге арналған ашық тендерлерді ұйымдастыру жөнiндегі ЕРЕЖЕ
Тарау i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Ашық тендерлердi ұйымдастырудың мақсаты жолаушыларға көпшiлiк көлiгiмен сапалы қызмет көрсетудi қамтамасыз ету, әдiл бәсекелестiк пен көлiк қызметi рыногын дамытуды реттеуге жағдайлар жасау болып табылады.
Тармақ 1.2
1.2. Ашық тендерлердi өткiзудiң шарттары мен тәртiбiн облыс әкiмiнiң аппараты белгiлейдi.
Тармақ 1.3
1.3. Ашық тендерлердiң ұйымдастырушылары: - облыс орталығының қалааралық, ауданаралық, қалалық және қала маңы бағыттарына - "Жолаушылар тасымалдауды басқару орталығы" ашық акционерлiк қоғамы; - аудан iшi және қалған қалалардың қалалық бағыттарына - қала және аудан әкiмдерiнiң аппараты болып табылады.
Тармақ 1.4
1.4. Тендерлiк процесс, оны хабарлаудан бастап жеңiмпаз (дар) анықталғанға дейiн 60 күннен аспауы тиiс.
Тармақ 1.5
1.5. Ашық тендерлердiң жеңiмпаздары ұтып алған бағыт (бағыттарында) жолаушыларды автокөлiкпен тасымалдау жөнiнен қызмет көрсету құқығын алады.
Тармақ 1.6
1.6. Тендерге жекелеген бағыттармен қатар, бағыттар пакетi де қойылуы мүмкiн. Бағыттар пакетiн жасауда тиiмдi бағыттармен қоса, шығынды бағыттарды да енгiзу ұсынылады.
Тарау ii. II. Ашық тендерлердi ұйымдастыру
II. Ашық тендерлердi ұйымдастыру
Тармақ 2.1
2.1. Тендердi ұйымдастырушы бұқаралық ақпарат құралдары (газет, радио, теледидар және т.б.) арқылы тендер өткiзуге кемiнде 30 күн уақыт қалғанда оның негiзгi шарттарын, тәртiбi мен мерзiмiн жариялайды. Типтiк хабарландырудың үлгiсi N 1 қосымшада көрсетiлген.
Тармақ 2.2
2.2. Тендерге меншiк нысанына қарамастан кез-келген заңды немесе жеке тұлға қатыса алады. Бiр ұйымдық-басқармалық немесе қаржылық құрылымның құрамына кiретiн шаруашылық субъектiлерге тендерге қатысуға тыйым салынады. 2.3.Тендерге қатысуға ниет бiлдiргендер тендер ұйымдастырушысына тендерлiк құжаттардың пакетi үшiн өтiнiш берулерi, олардың құнын шығындар сметасына сәйкес 20 ең кiшi есептiк көрсеткiштен аспайтындай етiп түлеулерi және белгiленген мерзiм iшiнде тендерлiк ұсыныстар формасын оқып зерттеп, толтырып, куәландырып, тендер ұйымдастырушысына тапсырулары тиiс. Тендерлiк құжаттар жиынтығы мына төмендегiлердi:
Тармақша а
а) тендерге қойылатын бағыттардың негiзгi сипаттамасын;
Тармақша б
б) бағыттарда жолаушылар көлiгiмен қызмет көрсетуге арналған ашық тендерлердi ұйымдастыру жөнiндегi типтiк ереженi;
Тармақша в
в) ашық тендер үшiн типтiк хабарландырудың үлгiсiн;
Тармақша г
г) тендерлiк ұсыныстардың типтiк формасының үлгiсiн;
Тармақша д
д) қатысушы туралы ақпараттың типтiк формасының үлгiсiн;
Тармақша ж
ж) тендерлiк ұсыныстарды бағалау формасының үлгiсiн;
Тармақша з
з) бағытта (-тарда) жолаушылар көлiгiмен қызмет көрсетуге арналған типтiк келiсiм шартты;
Тармақша и
и) тендер ұйымдастырушысына тендерлiк ұсыныстарды беру үшiн бiр үлкен және екi кiшi конверттi қамтиды. Тендерге дайындалу кезiнде қатысушыға келiсiм шарттарға ерекше көңiл аудару ұсынылады.
Тармақ 2.4
2.4. Қатысушы тендер ұйымдастырушысына комиссия мүшелерiнiң санына тең мөлшерде тендерлiк ұсыныстардың формасы мен қатысушы туралы ақпарат бередi. Тендерлiк ұсыныстардың формасы мен қатысушы туралы ақпарат бөлек екi конвертке салынып жабылады да, бiр үлкен конвертке тағы салынып, жабылады. Тендерлiк ұсыныстарда қатысушы туралы ақпарат көрсетiлмейдi. Їш конверттiң барлығы ешқандай тану белгiлерiнсiз және қатысушы туралы деректерсiз болуы керек.
Тармақ 2.5
2.5. Белгiленген мерзiмнен кейiн түскен ұсыныстар тендерге қатысуға жiберiлмейдi. Тендердi ұйымдастырушы белгiленген мерзiмнiң iшiнде берiлген тендерлiк ұсыныстардың барлығын шектеусiз қабылдауға мiндеттi.
Тармақ 2.6
2.6. Тендер ұйымдастырушысы қатысушының тендерлiк ұсыныстарын тiркегеннен кейiн, оларға қандай да бiр толықтырулар мен өзгертулер енгiзуге тыйым салынады.
Тармақ 2.7
2.7. Қатысушының тендерге берген және тендер ұйымдастырушысы тiркеген ұсыныстардың 60 күн iшiнде заң күшi болады.
Тармақ 2.8
2.8. Конверттердi ашуды, тендерлiк ұсыныстарды қарау, оларды бағалау және ашық тендердiң жеңiмпазын анықтауды: - облыс орталығының қалааралық, ауданаралық, қалалық және қала маңы бағыттары бойынша - облыс әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын тендерлiк комиссия; - аудан iшi және облыстың қалған қалаларының қалалық бағыттары бойынша аудан және қала әкiмдерiнiң шешiмiмен құрылатын тендерлiк комиссия жүзеге асырады. Комиссияның құрамына: - облыс (қала, аудан) әкiмi аппаратының; - Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау агенттiгiнiң Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша департаментiнiң; - (Көлiк бақылау басқармасының) Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша мемлекеттiк мекемесiнiң; - Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша салық комитетiнiң; - Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Iшкi iстер бас басқармасы жол полициясы басқармасының өкiлдерi мiндеттi түрде кiредi. Комиссия құрамына сондай-ақ жолаушылар тасымалдау саласындағы сарапшыларды енгiзу ұсынылады. Тендерлiк комиссия мүшелерiнiң саны тақ болып, кемiнде 5 адамнан тұруы тиiс.
Тарау iii. III. Тендерлiк ұсыныстардың мазмұны
III. Тендерлiк ұсыныстардың мазмұны
Тармақ 3.1
3.1. Тендерлiк ұсыныстар мен қатысушы туралы ақпарат формаларының ұсынылып отырған үлгiлерi N 2 қосымшада көрсетiлген.
Тармақ 3.2
3.2. Тендерлiк ұсыныстар, олар бойынша тендерлiк комиссия соңынан бағалау жасайтын, мынадай көрсеткiштер жиынтығын қамтиды:
Тармақша а
а) тендерге қойылған бағыттарға қызмет көрсету үшiн қатысушы пайдалануға ұсынып отырған көлiк бiрлiктерiнiң маркасы, шығарған зауыты, шыққан жылы, сыйымдылығы, (орындықтары бойынша және толық), жүрген шақырымдары;
Тармақша б
б) жылжымалы құрамды сақтау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу үшiн өндiрiстiк-техникалық базасының болуы;
Тармақша в
в) әкiмшiлiк-басқару персоналы үшiн үй-жайдың болуы;
Тармақша г
г) жол желiсiнен шыққан жылжымалы құрамды ауыстыру және оларды ауыстыруға кететiн уақыт бойынша (қолданылып жүрген немесе ұсынылатын) шаралар жүйесi;
Тармақша д
д) салонның iшi-сыртын жууды, тазалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жүйесi;
Тармақша ж
ж) әкiмшiлiк-басқару, жүргiзушiлер персоналының болуы, олардың жолаушылар көлiгi жүйесiндегi бiлiктiлiгi мен жұмыс тәжiрибесiнiң деңгейi;
Тармақша з
з) жолаушыларды тасымалдауға сақтандыру келiсiм шартының болуы;
Тармақша и
и) тендерге қойылған бағыттардағы жол ақы тарифiнiң қатысушы ұсынып отырған құрылымы мен деңгейi;
Тармақша к
к) жылжымалы құрамды жаңартуды қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар жоспарының болуы;
Тармақша л
л) жолаушылар көлiгiмен көрсетiлетiн қызметтердiң түрлерi және олардың негiзгi сипаттамалары, компанияның соңғы қаржылық жылдағы айналымы, бюджет алдындағы қарызы;
Тармақ 3.3
3.3. Қатысушы тендерлiк ұсыныстардың барлық тармақтары бойынша толық және жан-жақты ақпарат беруге тиiстi.
Тарау iv. IV. Тендерлiк ұсыныстарды бағалау және жеңiмпаздарды анықтау
IV. Тендерлiк ұсыныстарды бағалау және жеңiмпаздарды анықтау
Тармақ 4.1
4.1. Қатысушылардың тендерлiк ұсыныстарын бағалауды және жеңiмпазды анықтауды тендерлiк комиссия жүзеге асырады.
Тармақ 4.2
4.2. Тендерлiк ұсыныстар мен қатысушы туралы ақпарат салынған конверттерi бар үлкен конверттер сыртынан көрiнбейтiн қорапта болуға тиiстi. 4.3.Комиссияның төрағасы қораптағы кез-келген үлкен конверттi алады да, оның жоғарғы оң бұрышына iрi шрифтпен бiрiншi реттiк нөмiрiн қояды.
Тармақ 4.4
4.4. Содан кейiн, комиссия төрағасы үлкен конверттi ашып, ондағы тендерлiк ұсыныстар салынған конверт пен қатысушы туралы ақпарат салынған конвертке бiрiншi реттiк нөмiрiн қояды.
Тармақ 4.5
4.5. Әрi қарай, комиссия төрағасы тендерлiк ұсыныстар салынған конверттi ашып, ұсыныстардың әрбiр көшiрмесiне бiрiншi реттiк нөмiрiн қояды да, комиссияның әр мүшесiне таратып бередi. Қатысушы туралы ақпарат салынған конверт үлкен конверттiң iшiнде ашылмаған күйiнде қалады.
Тармақ 4.6
4.6. Комиссия мүшелерi тендерлiк ұсыныстардың даналарын қарайды. Олар тендерлiк ұсыныстар тармақтарының әрқайсысы бойынша жеке баға қойып шығады. (Бағалаудың үлгiсi N 3 қосымшада көрсетiлген).
Тармақ 4.7
4.7. Тендерлiк ұсыныстар қаралып, бағаланып болғаннан кейiн комиссия төрағасына (хатшысына) берiледi, ол тендерлiк ұсыныстарды N 1 үлкен конвертке салуға мiндеттi.
Тармақ 4.8
4.8. Тендерлiк ұсыныстарды қараудың осы тектес тәртiбi қалған барлық қатысушылар үшiн өткiзiлуi тиiс.
Тармақ 4.9
4.9. Тендерлiк ұсыныстар салынған барлық конверттер қаралып, баға қойылғаннан кейiн комиссия мүшелерiнiң әрқайсысы бағалау нәтижелерiнiң формасын (N 3 қосымша) қол қойып растайды да, оны төрағаға (хатшыға) бередi.
Тармақ 4.10
4.10. Содан кейiн, тендерлiк комиссияның мүшелерi қол қойылған формалар негiзiнде бiрдей реттiк нөмiрi бар қатысушының қорытынды ұпайларын қосып есептейдi және әрбiр қатысушының жалпы жиынтық ұпайын анықтайды, оны комиссия төрағасы (хатшысы) хаттамаға тiркейдi.
Тармақ 4.11
4.11. Жалпы жиынтық ұпайлардың нәтижесi бойынша комиссия төрағасы (хатшысы) ең жоғары жалпы жиынтық ұпай жинаған қатысушының реттiк нөмiрiн жариялайды.
Тармақ 4.12
4.12. Егер екi не одан көп қатысушы бiрдей жоғары жиынтық ұпай жинаған жағдайда, олардың тендерлiк ұсыныстары тендерлiк комиссияға қайта таратылып берiледi де, тендердiң жеңiмпазы жабық дауыс беру арқылы анықталады.
Тармақ 4.13
4.13. Комиссия төрағасы тендер жеңiмпазының жарияланған реттiк нөмiрiне сәйкес нөмiрлi үлкен конверттi алып, қатысушы туралы ақпарат салынған конверттi ашады да, оның көшiрмелерiн комиссия мүшелерiне танысу үшiн таратып бередi.
Тармақ 4.14
4.14. Төраға комиссия мүшелерiн қатысушы туралы ақпаратпен таныстырып болғаннан кейiн ашық тендерде жеңiске жеткен және келiсiм шарт жасасу құқығын алған жеңiмпаздың мәлiметтерiн жариялайды.
Тармақ 4.15
4.15. Комиссия мәжiлiсiнiң тендер жеңiмпазын анықтау жөнiндегi нәтижелерi хаттамамен ресiмделiп, оған комиссия мүшелерi қол қояды, оны төраға бекiтедi.
Тармақ 4.16
4.16. Тендерлiк комиссияның хаттамасы және тендерлiк комиссияның төрағасы құратын тендерлiк ұсыныстардың шындыққа сәйкес келуiн тексеру жөнiндегi жұмысшы топтың анықтамасы негiзiнде тендер жеңiмпазымен жолаушыларды тасымалдау жөнiнен қызмет көрсетуге арналған келiсiм шартты (келiсiм шарттың типтiк формасы N 4 қосымшада көрсетiлген): - облыс орталығының қалааралық, ауданаралық, қалалық және қала маңы бағыттары бойынша - облыс әкiмшiлiгi индустрия, көлiк және сауда департаментi; - аудан iшi және облыстың қалған қалаларының қалалық бағыттары бойынша аудан, қала әкiмдерiнiң аппараты жасасады. Келiсiм шарт жасасқан тендер жеңiмпаздарына бағытта (-тарда) жұмыс жасау құқығын дәлелдейтiн куәлiк берiледi.
Тармақ 4.17
4.17. Келiсiм шартқа қол қою кезiнде тендер жеңiмпазының жалған ақпарат бергендiгi (қатысушы туралы ақпаратта немесе тендерлiк ұсыныстарда) анықталса, тендерлiк комиссия тендер нәтижелерiнiң күшiн жояды және осы қатысушыға бiр жыл iшiнде тендерге қатысуға жол бермейдi. Құжаттар пакетiнiң құны қайтарылмайды. Бағыт (бағыттар) тендерге қайта қойылады.
Тармақ 4.18
4.18. Тендерге қатысушы өзiнiң тендерге ұсынған ұсыныстарын қараудың және бағалаудың нәтижелерiн жазбаша түрде алуға құқылы.
Басқа 61
1-қосымша АШЫҚ ТЕНДЕР ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ТИПТІК ХАБАРЛАНДЫРУДЫҢ ҮЛГIСІ
Тармақ 1
1. Облыс (қала) әкiмiнiң аппараты 2000 жылғы "__"_______ бастап бағытта (-тарда) жолаушылар көлiгiмен қызмет көрсетуге арналған келісім шарт (-тар) жасасу үшiн ашық тендердің өткiзiлетіндігін хабарлайды, бағыттардың негізгі сипаттамаларын әкім аппаратынан алуға болады.
Тармақ 2
2. Тендерге жолаушылардың тасымалдауды ұйымдастыруға лицензиясы бар және тендерлік ұсыныстардың толтырған формасын облыс (қала) әкiмiнiң аппаратына 2000 жылғы "__"_________ "__" сағатына дейiн тапсырған кез- келген заңды немесе жеке тұлға қатыса алады.
Тармақ 3
3. Бағыттарда жолаушылар көлiгiмен қызмет көрсетуге арналған келісім шарт кемiнде 5 жылдық мерзімге жасалынады.
Тармақ 4
4. Тендерлік құжаттар пакетін, бағыттың (-тардың), негiзгi сипаттамаларын, тендер өткiзудiң шарттары мен тәртiбi жөніндегі қажеттi анықтаманы облыс (қала) әкiмiнiң аппаратынан мына мекен-жай бойынша алуға болады:_________________________________________________________________ Анықтамалар алу телефоны __________________________
Басқа 66
2-қосымша ТЕНДЕРЛIК ҰСЫНЫСТАРДЫҢ ТИПТІК ФОРМАСЫНЫҢ ҮЛГIСI 1. Бағытта (-тарда) жұмыс жасау үшiн ұсынылатын сатып алынған және жалға алынған жылжымалы құралы ____________________________________________________________________ Рет Көлiк Шығарған Сыйымдылығы Шыққан Жүріп өткен саны құралының зауыт, орындық- то- жылы қашықтығы маркасы шасси, N тар бойынша лық (мың шақ.) ____________________________________________________________________
Тармақ 1
1.
Тармақ 2
2.
Тармақ 3
3.
Тармақ 4
4.
Тармақ 2
2. Жылжымалы құрамды сақтау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу үшін өндiрiстiк-техникалық базаның болуы және оның орналасқан жерінің заңды мекен-жайы _________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________
Тармақ 3
3. Әкiмшiлiк офисі үшiн қандай үй-жайлар ұсынылады және олардың орналасқан жерінің заңды мекен-жайы _________________________________ ________________________________________________________________
Тармақ 4
4. Егер өндiрiстiк-техникалық база мен әкiмшiлiк үй-жайлар болмаса, жылжымалы құрамды жайғастыру, оған техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге, сондай-ақ Мердiгердiң басқару аппаратының қызметiн қамтамасыз ету үшiн қандай жолдар ұсынылады ___________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________
Тармақ 5
5. Бағыттан шыққан жағдайда жылжымалы бірлікті ауыстыру жөнiнен ұсынылатын шараларды жазып көрсетiңiз_______________________________ _______________________________________________________________
Тармақ 6
6. Жылжымалы құрамды жуу, тазалау қалай ұйымдастырылып, жүзеге асырылады:
Тармақша а
а) Салонның iшi________________________________________________ _______________________________________________________________
Тармақша б
б) Сырты_______________________________________________________ _______________________________________________________________
Тармақ 7
7. Кадрлар
Тармақ 7.1
7.1. Әкiмшiлiк-басқару персоналы ____________________________________________________________________ Рет Құрылымдық Туылған Жұмыс стажы саны бөлiмше жылы Бiлiмi жалпы қалалық Қызметi басшысының тасымал- тегi,аты-жөнi даудағы ____________________________________________________________________
Тармақ 1
1.
Тармақ 2
2.
Тармақ 3
3.
Тармақ 7.2
7.2. Жүргiзушiлер персоналы ____________________________________________________________________ Рет Аты-жөні, тегi Туылған Жүргiзушiлердiң Соңғы рет саны жылы Жұмыс стажы дәрігерлік жалпы қалалық байқаудан тасымал- өткен даудағы күні ____________________________________________________________________
Тармақ 1
1.
Тармақ 2
2.
Тармақ 3
3.
Тармақ 8
8. Жолаушылар көлiктік қызмет көрсету жүйесiндегi жұмыс тәжiрибесi.
Тармақ 8.1
8.1. Сiздiң компанияңыз соңғы екi жыл iшiнде көрсеткен көлiктік қызметiн жазып көрсетіңіз (қалалық бағыттарға қызмет көрсету, қала маңы қалааралық және басқа тасымалдаулар)________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Қызмет Қызмет Қызмет Жылжымалы Тасымал- көрсету көрсетудiң көрсетудiң құрамның даудың түрлері басталған аяқталған саны көлемі күні күні ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________
Тармақ 9
9. Жолаушыларды тасымалдауға арналған сақтандыру азаматтық жауаптылықтағы келісім шартының болуы (егер сақтандыру келісім шарты бар болса, оның көшiрмесiн тiркеңiз) ___________________________________ _______________________________________________________________
Тармақ 10
10. Сiздiң компанияңыздың соңғы қаржылық жылғы айналымы________ _______________________________________________________________
Тармақ 11
11. Тендерге қойылған бағыттардағы жол ақысының қатысушы ұсынып отырған құрылымы мен деңгейi _______________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________
Тармақ 12
12. Жылжымалы құрам паркін жаңартуды қамтамасыз ету жөніндегі iс-шаралардың ұсынып жоспарын көрсетіңіз ___________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________
Тармақ 13
13. Тендерге қатысушы ұсынып отырған қосымша тендерлiк ұсыныстар _______________________________________________________________ _______________________________________________________________ Толтыру мерзімі____________ 20___ жылғы ______ күні ____ айы Кiм толтырады______________________________________________ _______________________________________________________________ (қызметі) 2-қосымшаның жалғасы Қатысушы туралы мәлімет
Тармақ 1
1. Көлiк компаниясының (тасымалдаушының) атауы және оның заңды мекен-жайы__________________________________________________________ _______________________________________________________________
Тармақ 2
2. Көлiк компаниясының (тасымалдаушының), атынан өкiлдiк ететiн тұлға (аты-жөнi, тегі, қызметi, мекен-жайы)_________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________
Тармақ 3
3. Көлiк компаниясының (тасымалдаушының) құрылған мерзімі _______________________________________________________________ _______________________________________________________________
Тармақ 4
4. Көлiк компаниясының (тасымалдаушының) тiркеу туралы куәлiк, есеп айырысу шоты және компанияға қызмет көрсететiн банктiң орналасқан мекен-жайы _________________________________________________________ _______________________________________________________________ _______________________________________________________________
Басқа 98
3-қосымша Тендерлік ұсыныстарды бағалау формасының үлгісі ____________________________________________________________________ Реттік і Қатысушылардың тендерлік ұсыныстардың позицияларын ұпай номері і түрінде бағалау і____________________________________________________________ іЖыл-іӨн -іӘБП іЖол іЖыл- іСоңғы іКадрлардың нақтылығы және іжы- іді- іүшін іжелі-іжыма-і2 жыл іолардың біліктілігінің деңгейі іма- іріс-іүй- ісі- ілы іішін- і_________________________ ілы- ітік-іжай- інен ібір- іде жо-і ӘБП і Жүргізушілер іқү- ібазаілар ішық- ілік- ілаушы-і і ірам і і ікө- іті ілар і і і і і ілік- іжуу ікөлігіі і і і і ібір- іжәне ікөр- і і і і і ілік- ітаза-ісет- і і і і і іте- ілау іқызме-і і і і і ірің і іттің і і і і і іауыс-і ітүрле-і і і і і ітыру і ірі і і і і і іжүй- і і і і і і і іесі і і і і ____________________________________________________________________ 1 і 2 і 3 і 4 і 5 і 6 і 7 і 8 і 9 ____________________________________________________________________ 1 і 4 і 3 і 5 і 3 і 5 і 3 і 4 і 5 і і і і і і і і 2 і 5 і 4 і 5 і 5 і 5 і 4 і 3 і 4 і і і і і і і і 3 і 3 і 4 і 5 і 5 і 4 і 4 і 4 і 5 і і і і і і і і 4 і 5 і 3 і 4 і 5 і 4 і 4 і 3 і 4 і і і і і і і і 5 і 4 і 2 і 3 і 4 і 4 і 4 і 3 і 3 і і і і і і і і 6 і 3 і 4 і 5 і 3 і 5 і 4 і 4 і 5 і і і і і і і і 7 і 4 і 5 і 4 і 4 і 4 і 5 і 4 і 3 і і і і і і і і 8 і 5 і 5 і 4 і 5 і 3 і 5 і 5 і 3 ____________________________________________________________________ таблицаның жалғасы ____________________________________________________________________ СақтандыруіСонғы іТарифтер-іЖылжымалы іҚосымша і Жиынтығы келісім іқаржы- ідің құры-іқұрамды іұсыныстар і шартының ілық ілымы мен іжаңарту і і болуы іжылдағыідеңгейі ііс-шарала- і і іайналы-і ірың жоспа- і і імы і іры і і і і і і і ____________________________________________________________________ 10 і 11 і 12 і 13 і 14 і 15 ____________________________________________________________________ 4 і 5 і 5 і 3 і 5 і 54 і і і і і 4 і 5 і 4 і 4 і 4 і 56 і і і і і 4 і 5 і 5 і 4 і 3 і 55 і і і і і 3 і 4 і 4 і 3 і 5 і 41 і і і і і 5 і 5 і 3 і 4 і 5 і 49 і і і і і 3 і 4 і 5 і 4 і 3 і 53 і і і і і 5 і 5 і 3 і 4 і 3 і 52 і і і і і 5 і 4 і 5 і 4 і 5 і 68 ____________________________________________________________________ Ескертпе: Комиссия мүшелерінің берген бағаларына сәйкес_____ нөмерлі көлік компаниясы ең көп ______ ұпай жинады.
Басқа 99
4-қосымша Көпшiлiк көлiгiнiң бағыттарында қызмет көрсетуге арналған ТИПТIК КЕЛIСIМ ШАРТ __________________________________________негiзiнде әрекет ететiн облыс (қала, аудан) әкiмi ____________________________________________ _____________, әрi қарай "Тапсырыс берушi" деп аталады, бiр жағынан, және ______________________________________________________ негiзiнде әрекет ететiн ___________________________________ көлiк компаниясының (жеке
Тармақша тұлғаның
тұлғаның) атынан_______________________________________________________, (аты-жөнi) әрi қарай "Мердiгер" деп аталады, екiншi жағынан, мына төмендегiлер жөнiнде осы келiсiм шартты жасасты:
Бап i. I бап. Келiсiм шарттың мәнi
I бап. Келiсiм шарттың мәнi
Тармақ 1.1
1.1. Тапсырыс берушiнiң ашық тендерге қойған ____________ бағытында (-тарында) көлiк қызметiн ұйымдастыру және жүзеге асыру.
Бап ii. II бап. Тараптардың мiндеттерi
II бап. Тараптардың мiндеттерi
Тармақ 2.1
2.1. Мердiгер мыналарға:
Тармақ 2.1.1
2.1.1. Осы келiсiм шарттың бүкiл әрекет ету мерзiмi iшiнде 200___ жылғы "___" ___________ ашық тендердiң нәтижелерiне сәйкес көлiктiк қызмет көрсету үшiн берiлген бағыттарда жолаушыларды жүйелi тасымалдауды ұйымдастыруға және орындауға; 2.1.2.Бекiтiлген бағыттарда "Автомобиль көлiгiмен жолаушыларды және жүк тасымалдау ережелерiн" сақтай отырып, Мердiгердiң тендерлiк ұсыныстарда көрсеткен және Тапсырыс берушiнiң бекiткен жұмыс тәртiбiне сәйкес жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға; (Бағыттардың бекiтiлген сызбалары мен жұмыс тәртiбi қоса тiркелуi тиiс).
Тармақ 2.1.3
2.1.3. Жолаушыларды тасымалдауға жол полициясының оң тұжырымы бар, бағыттарда пайдаланудың белгiленген талаптарына сәйкес құралдар, құрылғылар жиынтығымен және бағыттардың сызба, жол сiлтегiштерiмен жабдықталған жылжымалы құрамды пайдалануға;
Тармақ 2.1.4
2.1.4. Тендерде белгiленген тәртiпте және шарттар негiзiнде тариф көлемiн белгiлеуге.
Тармақ 2.1.5
2.1.5. Тасымалдау тарифi мен шарттары өзгерген жағдайда, мұндай өзгерiстердi енгiзуден 7 күн алдын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және автобустар мен аялдама пункттерiнде жариялау жолымен халыққа хабарлауға;
Тармақ 2.1.6
2.1.6. Әрекеттегi талаптарға сәйкес жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсетудi, оларды рейске шығарарда техникалық бақылаудан өткiзудi, жүргiзушiлердi медициналық куәландыруды, күнделiктi салонның iшi мен сыртын жуу және тазалауды қамтамасыз етуге;
Тармақ 2.1.7
2.1.7. Тасымалдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кезiнде келiсiм шартта көзделмеген бағыт сызбасын, жұмыс тәртiбiн, қозғалыс кестесiн, тасымалдау тарифiн, жоспарланған жылжымалы бiрлiктiң санын Тапсырыс берушiнiң келiсiмiнсiз өзгертпеуге және басқа да iс-әрекеттер жасамауға;
Тармақ 2.1.8
2.1.8. Қаланың (ауданның) бiрыңғай бағыт желiсi бойынша диспетчерлiк iлесудi қамтамасыз етуге;
Тармақ 2.1.9
2.1.9. Әрбiр жылжымалы бiрлiк салонының көзге түсетiн жерiнде Мердiгер, жол полициясы мен диспетчерлiк қызмет телефондарының нөмiрi бар ақпаратты орналастыруға;
Тармақ 2.1.10
2.1.10. Бағыттан техникалық немесе басқа да себептермен шыққан көлiк құралдарын уақытылы ауыстыруға мiндеттенедi.
Тармақ 2.2
2.2. Тапсырыс берушi мыналарға:
Тармақ 2.2.1
2.2.1. Тасымалдау шарттары мен қозғалыс бағытының өзгергендiгi туралы Мердiгердi уақытылы хабарландыруға;
Тармақ 2.2.2
2.2.2. Көшелер мен жол желiсiн, жол бойындағы құрылыстар мен айналмалы алаңшаларды тиiстi түрде ұстауға және қолайлы қозғалыс тәртiбiн жасауды қамтамасыз етуге;
Тармақ 2.2.3
2.2.3. Мердiгерге Тапсырыс берушiнiң әрекетi немесе әрекетсiздiгi нәтижесiнде келтiрiлген шығынды өтеуге;
Тармақ 2.2.4
2.2.4. Мердiгердiң жазбаша сұранымы бойынша Мердiгердiң қатысуымен жолаушылар ағынын және бағытта жұмыс жасаудың тиiмдiлiгiн зерттеу және ол жөнiнде мiндеттi түрде жазбаша тұжырым ресiмдеу үшiн, оның билiгiне өзiнiң өкiлеттi өкiлiн немесе құзыреттi маманын жiберуге;
Тармақ 2.2.5
2.2.5. Бағыт сызбасы мен тасымалдау шарттарын өзгертудi талап ететiн жағдайлар туындаған жағдайда екi жақты келiсiмге жету жолымен Мердiгер мен жолаушылардың мүдделерiн ескеруге;
Тармақ 2.2.6
2.2.6. Мердiгердiң кәсiпкерлiк қызметiне араласпауға; Тапсырыс берушi өз әрекеттерi арқылы ресми нұсқау және бақылау мемлекеттiк органдарын алмастыруға құқықсыз.
Тармақ 2.2.7
2.2.7. Халық тарапынан түскен шағымдар мен айыптаулар туралы Мердiгерге шара қабылдау үшiн уақытылы хабарлауға мiндеттенедi.
Бап iii. III бап. Тараптардың құқығы.
III бап. Тараптардың құқығы.
Тармақ 3.1
3.1. Мердiгердiң мыналарға:
Тармақ 3.1.1
3.1.1. Тапсырыс берушiге бағыт ашу, бағыттың сызбасын өзгерту, қозғалыс кестесi мен тәртiбiн, тасымалдау тарифiн қайта қарау және жолаушыларға көлiктiк қызмет көрсетудi жетiлдiруге бағытталған басқа да шаралар бойынша негiздi ұсыныстар енгiзуге;
Тармақ 3.1.2
3.1.2. Егер Тапсырыс берушi Мердiгердiң негiздi ескертулерi бойынша нақты шаралар қабылдамаса, сол бағыттарда немесе көшелi-жол желiсi жол жүру қауiпсiздiгi мен жолаушыларды тасымалдаудың талаптары мен шарттарына сай келмейтiн бағыт бөлiктерiнде жолаушыларды тасымалдаудан бас тартуына немесе тасымалдауды тоқтатуына құқығы бар.
Тармақ 3.2
3.2. Тапсырыс берушiнiң мыналарға:
Тармақ 3.2.1
3.2.1. Мердiгер келiсiм шарттың шарттарын орындамаған немесе тиiстi түрде орындамаған жағдайда, келiсiм шарттың күшiн белгiленген тәртiпте толығымен не iшiнара тоқтатуға немесе жоюға;
Тармақ 3.2.2
3.2.2. Мердiгерден келiсiм шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелердiң орындалуы жөнiнде уақытылы есеп тапсыруды талап етуге;
Тармақ 3.2.3
3.2.3. Мердiгер өздiгiнен таратылған, немесе оны таратқан, сондай-ақ Мердiгер осы келiсiм шарт бойынша жұмыс жасау құқығын Тапсырыс берушiнiң келiсiмiнсiз үшiншi тарапқа берген жағдайда, белгiленген тәртiпте осы келiсiм шарттың күшiн, Мердiгерге шығындарын өтеместен, жоюға құқығы бар.
Бап iv. IV бап. Тараптардың жауапкершiлiгi
IV бап. Тараптардың жауапкершiлiгi
Тармақ 4.1
4.1. Мердiгер келiсiм шарттың шарттарын жүйелi түрде бұзғандығы үшiн (қозғалыс сызбасы мен кестесiн, жұмыс тәртiбiн өзгерту, жолаушылардан дәлелдi шағымның түсуi, белгiленген қозғалыс жиiлiгiн қамтамасыз етпеу және т.б.) келiсiм шарттың бұзылуына дейiн баратын жауаптылықта болады. Егер Мердiгер бағытта кестеде (графиктерде) көзделгеннен артық көлiк құралының жұмыс жасауына әдейi жол берсе, Тапсырыс берушi мына құрамдағы комиссия: арыз иесi, жауапкер, Тапсырыс берушi және "Южавтотранс" өкiлдерiнiң тұжырымы бойынша, Мердiгердiң шығындарын өтеместен, бiр жақты тәртiпте келiсiм шартты бұзуға құқылы.
Тармақ 4.2
4.2. Тапсырыс берушi көшелi-жол желiсi жағдайының, көшелердiң жабылуының, Мердiгермен келiспей жаңа бағыттарды ашудың және қазiргi кезде бар бағыттар жұмысының шарттарын өзгертудiң салдарынан бағыттарда тасымалдаудың тоқтатылу немесе шектелу себептерiн жою жөнiнен уақытылы шаралар қабылдамағаны үшiн, келтiрiлген шығын көлемiне жауапты болады.
Бап v. V бап. Басқа да шарттар
V бап. Басқа да шарттар
Тармақ 5.1
5.1. Келiсiм шарттың шарттары, жағдайлар мен қызмет шарттарының объективтi түрде өзгеруiне байланысты, тараптардың кез-келгенiнiң ұсынысы бойынша қайта қаралуы мүмкiн. Ұсынылып отырған өзгертулер туралы шешiмдi кез-келген тарап жазбаша арыз алған күннен бастап 14 күннiң iшiнде қабылдайды.
Тармақ 5.2
5.2. Келiсiм шарт заңдарда көзделген тәртiпте тараптардың бiреуiнiң ұсынысымен немесе екi жақты келiсiм бойынша әрi қарайғы мерзiмге ұзартылуы немесе бұзылуы мүмкiн. Келiсiм шарттың күшi форс-мажорлық жағдайларда (шекараның жабылуы, табиғи апаттар және т.б.) тоқтатылуы мүмкiн және ол кейiннен форс-мажорлық жағдайлардың әрекет еткен мерзiмiне ұзартылады.
Бап vi. VI бап. Әрекет ету мерзiмi
VI бап. Әрекет ету мерзiмi Келiсiм шарт 200___жылғы "___" _______бастап 200 ____ жылғы "___" ______ қоса алғандағы 5 жыл iшiнде әрекет етедi. Тараптардың заңды мекен-жайлары Тапсырыс берушi Мердiгер