О комиссии по коллективному садоводству Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ұжымдық бағбаншылық бойынша комиссия құру туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 16.01.2004 N 1/33 қаулысымен. Бағбаншылық ұжымдарының қызметiн үйлестiру, олардың есебiн жүргiзудi реттеу және жердi пайдаланушылардың жерге қатынастарын хаттауға жәрдемдесу мақсатында Алматы қаласының Әкiмi ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ұжымдық бағбаншылық бойынша тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия құрылсын (N 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн (N 2 қосымша).
Тармақ 3
3. Комиссияның жұмыс органы болып "Садовод" ЖШС белгiленсiн.
Тармақ 4
4. Аудандардың әкiмдерi, қалалық комитеттер мен басқармалардың, кәсiпорындар мен ұйымдардың басшылары комиссияның қызметiне көмек көрсетсiн.
Тармақ 5
5. Қала Әкiмiнiң 1995 жылғы 3 тамыздағы "Алматы қаласындағы кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың бағбаншылар серiктестiктерiнiң қызметiн үйлестiру жөнiндегi Кеңес құру туралы" N 167 Қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 6
6. Осы шешiмнiң орындалуын Алматы қаласының Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Я.И. Заяцқа жүктелсiн.
Басқа 7
Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылғы 30 сәуiрдегі N 386 шешiмiне N 1 қосымша Ұжымдық бағбаншылық бойынша Комиссияның ҚҰРАМЫ
Тармақ 1
1. Заяц Я.И. - комиссия төрағасы, Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары
Тармақ 2. Комиссия мүшелерi
2. Шарышов А.М. - комиссия төрағасының орынбасары, "Садовод" ЖШС-нiң директоры Комиссия мүшелерi
Тармақ 3
3. Серғазин М.Ш. - Алматы қаласы Әкiмiнің аппараты құрылыс бөлiмiнiң меңгерушiсi
Тармақ 4
4. Мәметов А.А. - "Алматықалакадастр" КМК Бас жоспар және қала құрылысы кадастры орталығының бастығы
Тармақ 5
5. Шишкина И.И. - Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің бөлім бастығы
Тармақ 6
6. Ыбыраев Б.К. - "Алматыжеркадастр" КМК директорының орынбасары
Тармақ 7
7. Антоненко Д.В. - Бағбаншылар ұжымының төрағасы
Тармақ 8
8. Валенцев Н.В. - Бағбаншылар ұжымының төрағасы
Тармақ 9
9. Веркинский П.А. - Бағбаншылар ұжымының төрағасы
Тармақ 10
10. Дударев В.Н. - Бағбаншылар ұжымының төрағасы
Тармақ 11
11. Макаренко Б.В. - Бағбаншылар ұжымының төрағасы
Тармақ 12
12. Шаров Э.А. - Бағбаншылар ұжымының төрағасы
Тармақ 13
13. Шукшин Б.Н. - Бағбаншылар ұжымының төрағасы
Басқа 21
Алматы қаласы Әкiмiнiң 1999 жылғы 30 сәуiрдегі N 386 шешiмiне N 2 қосымша Ұжымдық бағбаншылық бойынша комиссия туралы ЕРЕЖЕ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1.1
1.1. Ұжымдық бағбаншылық бойынша комиссия (әрi қарай -"комиссия") бағбаншылар ұжымдарының қызметiн үйлестiру, олардың есебiн жүргiзудi реттеу және жердi пайдаланушылардың жерге қатынастарын хаттауға жәрдем көрсету мақсатында құрылды.
Тармақ 1.2
1.2. Комиссияның құрамына бағбаншылар ұжымдарының төрағаларын, мекемелер мен ұйымдардың өкiлдерi енедi және комиссияға Алматы қаласы Әкiмiнiң бiрiншi орынбасары жетекшiлiк етедi.
Тармақ 1.3
1.3. Комиссия өз жұмысында Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулыларын, Алматы қаласы Әкiмiнiң шешiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi және өкiлеттiктерi
2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi және өкiлеттiктерi
Тармақ 2.1
2.1. Ұжымдық бағбаншылықтың қызметiне талдау жасау, оны өркендету бойынша шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру.
Тармақ 2.2
2.2. Ұжымдық бағбаншылық бойынша ақпараттық орталық құру.
Тармақ 2.3
2.3. Ұжымдық бағбаншылық үшiн бөлiнген жерлердiң пайдалануына талдау жасау, пайдаланылмай отырған қолайлы жерлердi қайта бөлу туралы ұсыныстар енгiзу.
Тармақ 2.4
2.4. Ұжымдық бақтарды ұйымдастыруға арналған жер учаскелерiн таңдау бойынша ұсыныстар дайындау және таңдауға қатысу.
Тармақ 2.5
2.5. Бағбаншылыққа арналған жер учаскелерiне деген сұраныс нарығын зерттеп бiлу және жүзеге асыру.
Тармақ 2.6
2.6. Бағбаншылар ұжымдары аумақтарының шекараларын анықтау және келiсу, бағбаншылыққа арналған жер учаскелерiне құқықтарды хаттау және қайта хаттау, бақ учаскелерiндегi құрылыстарды бағалау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру.
Тармақ 2.7
2.7. Бағбаншылар ұжымдарды, бiрлестiктер мен қауымдастықтарды ұйымдастыру, жарғыларын әзiрлеу және оларды белгiленген тәртiпке сәйкес тiркеу.
Тармақ 2.8
2.8. Ұжымдық бағбаншылық қызметiн реттейтiн әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлеу.
Тармақ 2.9
2.9. Бағбаншылық ұжымның қызметiн үйлестiру.
Тармақ 2.10
2.10. Бағбаншылық ұжымдардан, мекемелерден және ұйымдардан ұжымдық бағбаншылық ұжымдар жайында мәлiметтi сұрастыру және алғызу.
Тармақ 2.11
2.11. Бағбаншылық саяжай учаскелерiнiң үйлерiн тұрғын үйлер қатарына аудару жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу.
Тармақ 2.12
2.12. Бағбандардан артылған азық-түлiктердi сатып алу жөнiндегi шараларды ұйымдастыру және оларды балалар үйлерiне, балалар бақшасына, мектептерге және ауруханаларға жөнелту.
Тармақ 2.13
2.13. Бағбаншылардың заңдар мен нормалық-құқықтық актiлердi бағбаншы ұжымдардың жарғысын орындау жөнiндегi шараларды өткiзу, жер қыртысын және табиғи шикiзаттарды ұтымды пайдалану.
Тармақ 2.14
2.14. Бағбан ұжымы басқармасының жиналыстарына, мәжiлiстерiне қатысуы.
Тармақ 2.15
2.15. Ұжымдық бағбаншылар аумағын көгалдандыру, құқық қорғау шараларын ұйымдастыру.
Тармақ 2.16
2.16. Ұжымдық бағбаншылық мәселелерi жөнiндегi азаматтардың, мекемелердiң және ұйымдардың өтiнiштерiн бағбан ұжымы басқармасының шешiмдерiн қарастыру.
Тармақ 2.17
2.17. Бағбан ұжымдарына қызмет көрсетудi ұйымдастыру.
Тарау 3. 3. Комиссия жұмысының тәртiбi
3. Комиссия жұмысының тәртiбi
Тармақ 3.1
3.1. Комиссияға төраға басшылық етедi. Ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары басшылық етедi.
Тармақ 3.2
3.2. Комиссия мәжiлiсi қажетiне қарай айына бiр рет өткiзiліп тұрады.
Тармақ 3.3
3.3. Комиссия мәжiлiстерi арасында ұжымдық бағбаншылық мәселелерімен "Бағбан" ЖШС комиссиясының жұмыс органы шұғылданады. Қажет болған жағдайда оның жұмыс органы жұмысқа әртүрлi мамандарды тарта алады, уақытша еңбек ұжымдарын құрады.
Тармақ 3.4
3.4. Комиссия, оның жұмыс органы бағбандардың бағбан ұжымдары атқарушы органдарының орындауларына мiндеттi шешiмдер қабылдайды. Ұжымдық бағбандық маңызды мәселелер бойынша Алматы қаласы Әкiмінiң шешiмi немесе өкiмi әзiрленедi.