О присвоении наименовании новым улицам КазЦИКовского сельского округа Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
КазЦИК ауылдық округіндегі жаңа көшелерге ат қою туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 08 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына және Іле ауданы әкімі жанындағы аудандық тіл және қоғамдық ономастика кеңесінің келісіміне сәйкес, сондай-ақ тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып КазЦИК ауылының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. КазЦИК ауылдық округіндегі КазЦИК, Комсомол ауылдарындағы жаңа көшелерге төмендегі аттары қойылсын:
Тармақша 1
1) КазЦИК ауылының шығысында орналасқан көшеге "Бекет ата", солтүстігінде орналасқан көшеге "Белағаш Ақұлы".
Тармақша 2
2) Комсомол ауылының солтүстігінде орналасқан көшеге "Сүйінбай Аронұлы".
Тармақ 2
2. Осы шешімінің орындалуына бақылау жасау КазЦИК ауылдық округі әкімінің орынбасары Жумабаев Бауыржан Ақжолұлына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.