Об установлении специалистам здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии работающим в сельских населенных пунктах Жамбылского района надбавки к окладам и тарифным ставкам в размере двадцати пяти процентов Қолданыста
Басқа 0
Жамбыл ауданының ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент мөлшерінде жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына, Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Жамбыл аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауданының ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент мөлшерінде жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
Тармақ 2
2. Жамбыл ауданы мәслихатының 2012 жылғы 11 маусымдағы "Жамбыл ауданы бойынша ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" (2012 жылғы 18 маусымдағы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2-7-141 нөмірімен енгізілген, 2012 жылғы 5 шілдедегі N 25 (5604) "Атамекен" газетінде жарияланған) N 8-65 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Жұмыспен қамту, қоғамдық ұйымдармен байланыс, әлеуметтік сала, мәдениет, білім, денсаулық сақтау, құқықтық реформа және заңдылық жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Жамбыл ауданының экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
бастығының міндетін атқарушы
Байғабатова Гүләйім Райымқұлқызы
23 қараша 2012 жыл