О Порядке получения централизованных (директивных) кредитов Национального банка Республики Казахстан Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң орталықтандырылған (директивтiк) кредиттерiн алу тәртiбi туралы Шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге орталықтандырылған (директивтiк) кредиттер берудiң бiрыңғай тәртiбiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң орталықтандырылған (директивтiк) кредиттерiн беру тәртiбi N 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы тәртiп 1994 жылдың 20 шiлдесiнен қолданылатын болсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi 1994 жылдың 1 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде директивтiк кредиттер берудiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге бөлiнген қаржының нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ететiн кредиттiк желi принциптерiне көшетiн болсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Кредит комиссиясының жеке құрамы N 2 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
Басқа 5. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң орталықтандырылған (директивтiк) кредиттерiн алудың Тәртiбi
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 шiлдедегi N 826 қаулысына N 1 қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң орталықтандырылған (директивтiк) кредиттерiн алудың Тәртiбi Ұлттық банктiң орталықтандырылған (директивтiк) кредиттерiн алудың осы тәртiбi меншiк нысанына қарамастан кредиттiк қабiлеттi кәсiпорындардың (ұйымдардың) - басымдық берiлген заемшылардың айналым қаржыларына қысқа мерзiмдi сұраныстарын шұғыл және тиiмдi қанағаттандыруды қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мен Ұлттық банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттықбанк) арасындағы Өзара түсiнiстiк туралы меморандум ережелерiн жүзеге асыру мақсатында белгiленiп отыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қаржы министрлiгi кәсiпорындар мен ұйымдардың, орталықтандырылған кредиттердi игере алмағаны жөнiнде, үстiмiздегi айдың 10-на мәлiмдеген фактiлерi бойынша Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi үш күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Кредит комиссиясын қайта бөлу туралы ұсыныс енгiзедi. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қайта бөлiнген орталықтандырылған кредиттерi жоғарыда бекiтiлген тәртiп бойынша рәсiмделедi.
Тармақ i. I. Жалпы ережелер
I. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Директивтiк кредиттер мен осы кредиттердiң басты бөлушiсi болып табылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кепiлдiгiмен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Кредит комиссиясы бекiткен басымдық берiлген заемшылардың тiзiмi бойынша Ұлттық банктiң коммерциялық банктер арқылы берiлетiн қысқа мерзiмдi (6 айға дейiн, ауыл шаруашылығы саласы үшiн - 9 айға дейiн кредиттердi айтады. Сауда-делдалдық операцияларына кредиттер берiлмейдi.
Тармақ 2
2. Директивтiк кредиттер бойынша проценттер Ұлттық банктiң қайта қаржыландыру ставкасы бойынша ай сайын аударылады және кредиттi жабумен бiрге төленедi.
Тармақ 3
3. Директивтiк кредиттердiң мерзiмi коммерциялық банктер үшiн Ұлттық банк белгiлеген экономикалық нормативтер есебiне кiрмейдi. Директивтiк кредиттер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жазбаша келiсiмi бойынша ғана еркiн айналысқа түсуi мүмкiн. <*> 📌 Ескерту. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.10.22. N 1143  қаулысымен.
Тармақ 4
4. Директивтiк кредиттер еңбекке ақы төлеу үшiн пайдаланылмайды.
Тармақ ii. II. Кәсiпорын-заемшының құжаттарды рәсiмдеу тәртiбi
II. Кәсiпорын-заемшының құжаттарды рәсiмдеу тәртiбi
Тармақ 5
5. Кезектi айда директивтiк кредит алғысы келетiн кәсiпорын (ұйым) оның алдыңғы айдың 5-iне дейiн салалық министрлiкке (ол болмаған жағдайда - тiкелей Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне): сұралған кредиттердiң қайтарылатындығын дәлелдеп және қызмет көрсететiн банктi мiндеттi түрде көрсетiп өтiнiш; қолданылып жүрген заңдарға сәйкес рәсiмделген кепiлдiк мiндеттемесiн; егер сұралған кредиттiң сомасы 0,4 млн. АҚШ долларының баламынан аз болса, кәсiпорынның балансы мен облыстық әкiмшiлiктiң кепiлдеме хатын жiбередi. Өтiнiштiң көшiрмесiн кәсiпорын қызмет көрсетушi банкке жiбередi.
Тармақ 6
6. Өтiнiштi мақұлдаған жағдайда салалық министрлiк (немесе Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi) алдыңғы айдың 15-не дейiнгi мерзiмде бұл жөнiнде кәсiпорынға хабарлайды. Кәсiпорын алдыңғы айдың 25-iне дейiнгi мерзiмде 0,4 млн. АҚШ долларының баламынан асатын директивтiк кредит бойынша Меммүлiкком өкiлдерiнiң қатысуымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне кепiлдеменi қамтамасыз ету тетiгiн өз бетiнше әзiрлейдi. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен кәсiпорын-заемының арасында жасалған кепiлдеме келiсiмде кәсiпорынның директивтiк кредиттi нысаналы пайдаланатынына жауапкершiлiк белгiленедi. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi директивтiк кредиттерге қызмет көрсететiн банктерге шарттық (контрактiлiк) негiзде бiрқатар арнаулы қызметтер жүктеп және жылдық маржа мөлшерiн 3 процентке дейiн белгiлеп, олармен агенттiк келiсiмдер жасайды.
Тармақ 7
7. Алған директивтiк кредиттi өз уақытында әрi толық көлемiнде қайтармаған, не директивтiк кредиттi нысанасыз пайдалануға жол берген кәсiпорын - заемшыға Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi банкроттық процедурасын қоса алғанда, қолданылып жүрген заңдармен белгiленген шараларды қолданады.
Тармақ iii. III. Мемлекеттiк басқару органдарының құжаттарды рәсiмдеу тәртiбi
III. Мемлекеттiк басқару органдарының құжаттарды рәсiмдеу тәртiбi
Тармақ 8
8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi белгiлеген басымдықтар негiзiнде халық шаруашылығының әрбiр саласының (салалық бөлiмшесiнiң) үлес салмағын айқындайды, сосын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi мен Ұлттықбанк арасындағы келiсiм Хаттамасында қарастырылған директивтiк кредиттердiң кезектi айдағы өсiм лимитiнiң негiзiнде алдыңғы айдың 5 дейiнгi мерзiмде салалық министрлiктерге абсолюттi көлемдердi мәлiмдейдi. Бұдан басқа Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiнде лимит ауқымында облыстардың халық шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн директивтiк кредиттердiң көлемi және күтпеген жағдайлар үшiн 5 проценттiк резерв көзделедi.
Тармақ 9
9. Салалық министрлiктер (не Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң тиiстi басқармалары) мәлiмделген абсолюттi көлемдер ауқымында кәсiпорындардан алынған өтiнiштер негiзiнде басым заемшыларды iрiктеудi жүзеге асырып, алдыңғы айдың 15-не дейiнгi мерзiмде кредиттердi пайдаланудың нысаналы бағыты мен қызмет көрсететiн банктердi көрсетiп, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне олардың тiзбесiн бередi.
Тармақ 10
10. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қызмет ететiн банкiлердi көрсетiп кезектi айға кәсiпорындардың - басым заемшылардың жиынтық тiзбесiн жасап, қарсы кепiлдеме мәселесiмен жұмыс iстеу үшiн алдыңғы айдың 17-iне дейiн оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне тапсырады.
Тармақ 11
11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi көрсетiлген жиынтық тiзбе және заемшы-кәсiпорындармен жасалған кепiлдеме келiсiмдер негiзiнде алдыңғы айдың 25-не дейiн Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Кредит комиссиясына кезектi айға директивтiк кредиттер беру туралы Министрлер Кабинетi шешiмiнiң жобасын ұсынады. Шешiм жобасында басым заемшылардың тiзбесi, берiлген директивтiк кредиттердiң сомасы, қызмет көрсететiн банктер, кредиттердiң нысаналы бағыты, кредиттердi беру кестесi, оларды өтеу мерзiмдерi мен басқа қажеттi ақпарат көрсетiледi.
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Кредит комиссиясы Ұлттық банк өкiлiнiң қатысуымен алдағы айдың 30-на дейiнгi мерзiмде ұсынылған шешiм жобасын қарап, бекiтедi. Сол шешiм негiзiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ұлттық банктiң пайдасына кепiлдiк мiндеттеме бередi және iс жүзiнде берiлген кепiлдiк хаттардың есебiн жүргiзедi. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен Қаржы министрлiгi кәсiпорындар мен ұйымдардың, орталықтандырылған кредиттердi игере алмағаны жөнiнде, үстiмiздегi айдың 10-на мәлiмдеген фактiлерi бойынша Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi үш күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Кредит комиссиясына қайта бөлу туралы ұсыныс енгiзедi. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қайта бөлiнген орталықтырылған кредиттерi жоғарыда бекiтiлген тәртiп бойынша рәсiмделедi. 📌 Ескерту. 1-қосымша толықтырылған - ҚРМК-нiң 11.08.1994 ж. N 893 қаулысымен.
Басқа 21. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Кредит комиссиясының Жеке құрамы
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 22 шiлдедегi N 826 қаулысына 2 қосымша Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Кредит комиссиясының Жеке құрамы Қа­жы­гел­дин Ә.М.   - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ми­ни­стр­лер Ка­би­нетi Пре­мьер-ми­ни­стрiнiң бiрiн­шi орын­ба­са­ры (ко­мис­сия тө­ра­ға­сы) Аха­нов С.А.       - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­но­ми­ка ми­ни­стрiнiң бiрiн­шi орын­ба­са­ры Би­се­нов М.С.      - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стрiнiң орын­ба­са­ры Во­ло­жи­на Е.П.     - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ми­ни­стр­лер Ка­би­нетiнiң Iс Бас­қар­ма­сы­ның қар­жы, ең­бек және әле­умет­тiк қор­ғау бөлi­мiнiң кон­суль­тан­ты Дер­бi­сов Е.Ж.     - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қар­жы ми­ни­стрi Ер­тiле­со­ва Ж.Д.   - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­но­ми­ка ми­ни­стрiнiң орын­ба­са­ры Есен­бер­лин Қ.I.   - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тiк мүлiк жөнiн­де­гi мем­ле­кет­тiк ко­ми­тетiнiң тө­ра­ға­сы Кә­ке­нов Н.К.      - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Мем­ле­кет­тiк мүлiк жөнiн­де­гi мем­ле­кет­тiк ко­ми­тетi тө­ра­ға­сы­ның орын­ба­са­ры Са­пар­ба­ев Б.М.    - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ми­ни­стр­лер Ка­би­нетi Iс бас­қар­ма­сы­ның Қар­жы, ең­бек және әле­умет­тiк қор­ғау бөлi­мi мең­ге­ру­шiсiнiң орын­ба­са­ры Сма­ғұ­лов К.М.     - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ми­ни­стр­лер Ка­би­нетi Iс бас­қар­ма­сы­ның Жиын­тық эко­но­ми­ка бөлi­мi мең­ге­ру­шiсiнiң бiрiн­шi орын­ба­са­ры Өтемб­а­ев Е.М.     - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ми­ни­стр­лер Ка­би­нетi Iс бас­қар­ма­сы­ның Жиын­тық эко­но­ми­ка бөлi­мiнiң мең­ге­ру­шiсi.