Об установлении повышенных надбавок к окладам и тарифным ставкам в размере двадцати пяти процентов специалистам здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, работающих в сельских населенных пунктах Карасайского района Қолданыста
Басқа 0
Қарасай ауданының ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық
сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент мөлшерінде жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 08 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Қарасай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қарасай ауданының ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент мөлшерінде жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Бюджет, қаржы, әлеуметтік экономикалық даму, нарықтық құрылымдарды, экономика мен кәсіпкерлікті қалыптастыру жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
"Қарасай ауданының Экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы Хамитов Азат Нұрхасенұлы
05 желтоқсан 2012 жыл