Об установлении водоохранных зон и полос реки Илек и ее притоков в границах крупных населенных пунктов (Актобе, Алга, Кандыагаш, Мартук) Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116 - баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы № 19-1/446 «Су қорғау аймақтары мен белдеулерiн белгiлеу қағидаларын бекiту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11838 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Бекітілген жобаның негізінде, ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулері; ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шаруашылық пайдалану режимі, осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі бекітілген жобалық құжаттаманы Ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзенінің ластануына, қоқысталуына және сарқылуына жол бермеу және су қорғау аймақтары мен белдеулерінің аумағын пайдалану режимін сақтауды қамтамасыз ету жөнінде іс-шаралар әзірлеу үшін Ақтөбе қаласы, Алға, Қандыағаш, Мәртөк аудандарының әкімдеріне тапсырсын.
Тармақ 3
3. Ақтөбе қаласының, Мұғалжар, Алға мен Мәртөк аудандарының әкімдеріне және пайдалануында құжаттаманы ірі елді мекендер шекарасындағы (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Мәртөк) Елек өзені мен оның салаларының су қорғау аймақтары және белдеулері шегінде орналасқан жер алқаптары бар кәсіпорындардың, ұйымдардың және басқа да шаруашылық жүргізуші нысандардың басшыларына олардың ведомстволық бағыныстылығына және меншік нысанына қарамастан: бекітілген жобаға сәйкес су қорғау аймақтары және белдеулерінің шегінде орналасқан және олардың жай-күйіне зиянды әсер ететін нысандарды шығару немесе жою жөнінде жұмыстар жүргізу; олардың тиісті санитарлық күйде күтіп ұсталуын, шаруашылықта пайдалану режимінің сақталуын, сондай-ақ су қорғау белгілерінің сақтығын қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалуды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (Үсенғалиев Ә.Е.) осы қаулыны басқарманың ғаламтор-қорында жариялауын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р.К. Кемаловаға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 423 қаулысына қосымша Су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдалану режимі
Тармақ 1
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде:
Тармақша 1
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
Тармақша 2
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру объектілерін, балық өсіру шаруашылықтары мен олардың коммуникацияларын орналастыруға және қызмет көрсетуге байланысты балық өсіру объектілерін, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
Тармақша 3
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
Тармақша 4
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
Тармақша 5
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
Тармақша 6
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Су қорғау аймақтарының шегінде:
Тармақша 1
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 5
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
Тармақша 6
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
Тармақша 7
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға тыйым салынады. Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.