"Об изменении границы (черты) поселка Шиели" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Шиелі кентінің шекарасын (шегін) өзгерту туралы" "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы кодексінің 108-бабының 5-тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Шиелі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Нартай Бекежанов ауылының батыс бөлігіндегі жалпы көлемі 280,0 гектар жер учаскесін Шиелі кентіне қосып, Шиелі кентінің шекарасы (шегі) 3802,0 гектарға өзгертілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім мен қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Ысмағұловқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім мен қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.