Об открытии осенней охоты на пернатую дичь Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құс аулаудың күзгі маусымын ашу туралы Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімінің 15.12.2000 № 219 шешімімен. "Қазақстан Республикасының өкілетті және атқарушы органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 10 желтоқсандағы N 2578 Заңының 44-бабын, Қазақстан Республикасының "Жануарлар дүниесін қорғау, көбейту және пайдалану туралы" 1993 жылғы 12 қазандағы Заңын басшылыққа алып, құстар санын реттеу, халықтың спорттық-әуесқойлық қажетін қанағаттандыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстық орман және биоқорлар аумақтық басқармасының 2000 жылдың 2 қыркүйегінің таң сәрісінен 19 қарашасына дейін сауда жүзетін дала және саз құстарын спорт-әуесқойлық аулауға рұқсат беру туралы ұсыныс қабылдансын.
Тармақ 2
2. Облыстық орман және биоқорлар аумақтық басқармасы аңшылықты пайдаланушыларға заңда белгіленген тәртіпке сәйкес рұқсаттар беруді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Облыстық орман және биоқорлар аумақтық басқармасы, Жануарлар мен өсімдіктер дүниесін мемлекеттік бақылау жөніндегі облыстық аумақтық басқармасы, облыстық ішкі істер басқармасы аң аулау маусымы кезінде, жануарлар дүниесін қорғау, браконерліктің жолын кесу және спорттық-әуесқойлық аң аулауды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңдарын сақтау жөнінде біріккен шаралар әзірлесін.
Тармақ 4
4. Облыстық салық комитеті құс атуға арналған рұқсаттар мен жолдамаларды сатудан түсетін қаржының пайдаланылуына бақылау орнатсын.
Тармақ 5
5. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ж.М. Әкімовке жүктелсін.