Об усилении охраны и защиты лесов, не входящих в состав фонда области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыстың орман қорының құрамына кірмейтін ормандарды қорғауды күшейту туралы Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 08.12.2003 № 263 қаулысымен. Соңғы жылдары облыстың орман қорынан тыс өсіп тұрған ағаш-бұталы өсімдіктердің нашар қорғалуынан оны көптеп шауып алу жағдайлары кездесіп, осы арқылы табиғатқа орны толмас зиян келтіріліп отыр. Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 66-бабына сәйкес орман қорына кірмейтін ағаш-бұталы өсімдіктерді қорғау мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Аудандар мен Орал қаласының әкімдері аумақтық органдар - облыстық айналадағы ортаны қорғау басқармасымен және облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасымен бірлесе отырып, орман қорының құрамына кірмейтін ағаш-бұталы өсімдіктерді қорғауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар жасап бекітсін: - жерді пайдаланушылардың өз аумақтарында өсіп тұрған орман екпе ағаштарын қорғауға деген жауапкершілігі арттырылсын; - орман қорынан тыс өсіп тұрған ағаш-бұталы өсімдіктерді қорғау жөніндегі шараларға жұртшылық пен табиғатты қорғау жөніндегі штаттан тыс инспекторлар және ішкі істер органдарының тиісті қызметтері қатыстырылсын; - тұрғындар арасында орман екпе ағаштарын қорғау мәселесі жөнінде түсінік жұмыстары ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Облыстық орман, балық және аң шаруашылығы басқармасы шаруашылық жүргізуші субъектілерге аумақтарында өсіп тұрған орман екпе ағаштарын қорғауды ұйымдастыруға ұдайы әдістемелік көмектер көрсетуді және шаралардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын болсын.
Тармақ 3
3. Шешім бұқаралық ақпарат құралдарында мазмұндалып жариялансын.
Тармақ 4
4. Шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары В.К. Алексеевке жүктелсін.