Об утверждении Положения о деятельности организаций здравоохранения, оказывающих оториноларингологическую помощь населению Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының бастықтары (келісім бойынша) осы бұйрықты басшылыққа алсын және:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының халқына (ересектер мен балаларға) оториноларингологиялық көмекті ұйымдастыруды және көрсетуді;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас оториноларингологы (С.Ж. Жандаев) есепті жылдың 25 желтоқсанына дейін осы бұйрықтың орындалу барысы туралы жыл сайынғы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 16 қарашадағы
№ 801 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) меншік нысанына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан оториноларингологиялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметін реттейді.
Тармақ 2
2. Халыққа мамандандырылған оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары кұлақ, мұрын және тамақ (бұдан әрі - ЛОР мүшелердің аурулары) аурулары бар науқастарды профилактикалауға, диагностикалауға, емдеу мен медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында құрылады.
Тармақ 3
3. Ересектер мен балаларға оториноларингологиялық көмек көрсететін ұйымның жұмысын штаттан тыс бас оториноларинголог (республиканың, облыстық, қаланың) дәрігер маман үйлестіреді.
Тармақ 4
4. Оториноларингологиялық көмек Қазақстан Республикасында аудандық, қалалық, республикалық ауруханалардың бөлімшелерінде және емханалардың оториноларингологиялық кабинеттерінде жүзеге асырылады.
Тармақ 5
5. Халыққа оториноларингологиялық көмек амбулаториялық-емханалық, консультациялық-диагностикалық және стационарлық және стационарды алмастыратын көмек түрінде көрсетіледі.
Тармақ 6
6. Амбулаториялық-емханалық көмек қалалық, аудандық ауруханалар мен емханалардың, ведомстволық медициналық ұйымдардың және жеке меншік нысаны бар денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымында ұйымдастырылады.
Тармақ 7
7. Консультациялық-диагностикалық, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек аудандық, облыстық, қалалық көп бейінді ауруханаларда, республикалық деңгейдегі ұйымдарда көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Оториноларингологиялық көмек көрсететін ұйымдардың штаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 нөмірімен тіркелген) үлгі штаттар мен штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
Тармақ 9
9. Оториноларингологиялық көмек көрсететін ұйымдар өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, ұйымдардың Жарғысын және осы Ережені басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі міндеттері мен функциялары
2. Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі міндеттері мен функциялары
Тармақ 10
10. Оториноларингологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) медициналық көмектің қолжетімділігін және сапасын арттыру есебінен ЛОР мүшелердің ауруларын төмендету;
Тармақша 2
2) оториноларингологиялық көмек көрсететін ұйымдардың арасындағы сабақтастық пен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) медициналық көмектің басқа да түрлерін көрсететін ұйымдардың арасындағы сабақтастық пен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 11
11. Оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары қойылған міндеттеріне сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ЛОР мүшелердің патологиясын тиімді ерте анықтау және іс-шараларды уақтылы өткізу;
Тармақша 2
2) оториноларингологиялық көмекті қазіргі заманғы деңгейде көрсету;
Тармақша 3
3) диспансерлік бақылау;
Тармақша 4
4) амбулаториялық және стационарлық жағдайларда ЛОР мүшелерге операциялық емнен кейін пациенттерді медициналық-әлеуметтік оңалту;
Тармақша 5
5) дені сау халықтың арасында ЛОР мүшелердің аурулары дамуының профилактикасы;
Тармақша 6
6) қызмет ету аумағында оториноларингологиялық көмектің жағдайын және есептік және басқа да құжаттарды статистикалық өңдеу негізінде оның медициналық көмекті бағалау индикаторына сәйкес екендігін талдау;
Тармақша 7
7) консультациялық және ұйымдастырушылық - әдістемелік көмекті ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) медициналық ұйымдардың құрамына кіретін бөлімшелердегі науқастарға консультациялық көмек көрсету, соның ішінде шұғыл түрдегі көмек;
Тармақша 9
9) оториноларингологиялық қызметті жаңғырту және дамыту жөнінде нормативті құқықтық актілерді, тұжырымдамаларды, республикалық және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламаларды жасауға қатысу;
Тармақша 10
10) ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді әзірлеу және басып шығару;
Тармақша 11
11) сараптама жасауға жататын ғылыми–медициналық қызмет объектілеріне ғылыми–медициналық сараптама жүргізуді ұйымдастыруға қатысу;
Тармақша 12
12) кеңестер, семинарлар, конференциялар, конгрестер, сьездер ұйымдастыру және/немесе өткізу;
Тармақша 13
13) оториноларингологиялық және қатар жүретін пәндер бойынша мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастыру және/немесе өткізуге қатысу;
Тармақша 14
14) магистранттарды және PhD докторанттарын, резидентура тыңдаушыларын даярлауға қатысу;
Тармақша 15
15) республикалық және халықаралық медициналық ұйымдармен сектораралық қарым-қатынастарды дамыту;
Тармақша 16
16) медициналық препараттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдарды клиникаға дейінгі, зертханалық және клиникалық зерттеулер жүргізу;
Тармақша 17
17) емдеу-диагностикалық жұмыстың сапасын арттыруға және ауруханалық өлімді төмендетуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу және енгізу.
Тарау 3. 3. Оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымы
3. Оториноларингологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымы
Тармақ 12
12. Қазақстан Республикасының халқына оториноларингологиялық көмек көрсететін ұйымдар өздеріне жүктелген қызметке қарай мынадай түрде ұйымдастырылады:
Тармақша 1
1) аудандық, қалалық емханалардың, жекеменшік нысаны бар медициналық ұйымдардың және денсаулық сақтау ұйымдарының оториноларингологиялық кабинеті түрінде;
Тармақша 2
2) консультациялық-диагностикалық орталықтың, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың және стационарлардың оториноларингологиялық амбулаториялық-емханалық бөлімшесі түрінде құрылады;
Тармақша 3
3) оториноларингологияның стационарлық бөлімшесі, оның ішінде шұғыл оториноларингологиялық көмек орталықтары бар балалар бөлімшесі;
Тармақша 4
4) амбулаториялық-емханалық ұйымдардың, консультациялық-диагностикалық орталықтардың (бөлімшелердің) мамандандырылған кабинеті (фониатриялық, сурдологиялық кабинеттер) түрінде құрылады.
Тарау 4. 4. Аудандық, қалалық емханалардың, жеке меншік нысаны бар денсаулық сақтау ұйымдары және медициналық ұйымдардың құрылымындағы оториноларингологиялық кабинет
4. Аудандық, қалалық емханалардың, жеке меншік нысаны бар денсаулық сақтау ұйымдары және медициналық ұйымдардың құрылымындағы оториноларингологиялық кабинет
Тармақ 13
13. Оториноларингологиялық кабинет (бұдан әрі - ЛОР-кабинет) - тәуліктік бақылауды талап етпейтін ЛОР мүшелерінің аурулары кезінде консультациялық, диагностикалық, емдік және оңалту көмегін жүзеге асыратын медициналық ұйымның құрылымдық бөлігі болып табылады.
Тармақ 14
14. ЛОР кабинеттің құрылымы және медициналық және өзге қызметкерлерінің штаттық саны атқарылатын емдік–диагностикалық жұмыстың көлеміне сай және қызмет көрсететін халық санына сәйкестендірілген штаттық нормативтерді есепке ала отырып ол құрылатын медициналық ұйымның басшысымен бекітіледі.
Тармақ 15
15. ЛОР кабинеттің дәрігері лауазымына «оториноларингология» мамандығы бойынша жоғары медициналық білімі бар мамандарға тиісті біліктілік талаптарына сәйкес маман тағайындалады.
Тармақ 16
16. ЛОР кабинеттің құрылымында мыналар көзделеді:
пациенттерді қабылдауға арналған бөлме (қарау бөлмесі);
ЛОР кабинеттің функциясына кіретін емдеу шараларын атқаратын бөлме (манипуляция бөлмесі).
Тармақ 17
17. ЛОР кабинет мынадай қызметтерді жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ЛОР мүшелерінің аурулары бар науқастарға және ЛОР мүшелерінің аурулары пайда болу қаупі жоғары және олардың асқынулары бар тұлғаларға консультациялық, диагностикалық және емдік көмек көрсету;
Тармақша 2
2) науқастарға диагностикалық және емдік шаралардың жасалуын бақылау;
Тармақша 3
3) ЛОР мүшелердің аурулары бар науқастарды медициналық ұйымдарға оңалтуға және операциялық ем алуға іріктеу және бағыттау;
Тармақша 4
4) ЛОР мүшелердің аурулары кезінде операциялық ем алған науқастарды бақылау және оңалту;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 нөмірімен тіркелген) Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарау қағидаттарына сәйкес халықтың нысаналы топтарын профилактикалық тексеріп-қарау жүргізу;
Тармақша 6
6) Дауыс аппаратының аурулары, есту қызметінің бұзылулары, ЛОР мүшелердің онкологиялық және кәсіби аурулары бар науқастарды анықтау және оларды консультация алуға бағыттау, қажет жағдайда сәйкес мамандық мамандарына емдеуге жіберу;
Тармақша 7
7) уақытша жұмысқа жарамсыздықты сараптауды жүзеге асыру, қажет жағдайда мүгедектік тағайындау үшін медициналық-әлеуметтік сараптамаға бағыттау;
Тармақша 8
8) ЛОР мүшелердің аурулары бар науқастарға диспансерлік бақылау жүргізу;
Тармақша 9
9) пациенттерге және олардың туыстарына ЛОР мүшелердің ауруларын анықтау, емдеу және саламатты өмір салтын жүргізуге санитариялық-ағартушылық жұмыстарды өткізу;
Тармақша 10
10) ЛОР мүшелердің аурулары бар науқастарды профилактикалаудың, диагностикалаудың, емдеудің және оңалтудың жаңа әдістерін тәжірибеге енгізу;
Тармақша 11
11) қызмет көрсететін аймақ тұрғындарының ЛОР мүшелердің аурулары кезіндегі ауруының, мүгедектігінің және өлімінің негізгі медициналық-статистикалық көрсеткіштерін талдау жасауға қатысу;
Тармақша 12
12) қызмет туралы есептік және есеп берушілік құжаттарын жүргізу және есеп беру.
Тармақ 18
18. ЛОР мүшелердің патологиясы бар науқастарға ЛОР кабинетте оториноларингологиялық көмек көрсету осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес оториноларингологиялық кабинетте амбулаториялық орындалған манипуляциялардың тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 19
19. Оториноларинголог дәрігердің консультациясы алдын ала (немесе қорытынды) диагнозды, қосалқы ауруларын, сондай-ақ бар зертханалық және функциялық зерттеулерді көрсете отырып, учаскелік қызмет (терапевт, педиатр, ЖПД) дәрігерінің жолдамасы бойынша жоспарлы түрде жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Науқаста дауыс аппаратының ауруы анықталған кезде науқас фониатриалық көмек көрсететін диагностика, қажетті емдік және оңалту шараларын өткізетін оториноларингологиялық кабинетке жіберіледі.
Тармақ 21
21. Есту қабілетінің бұзылуына байланысты науқастың аурулары анықталған жағдайда пациент диагностикалау, емдеу тәсілін анықтауға, қажетті емдік және реанимациалық шаралар өткізу және диспансерлік бақылау үшін сурдолог дәрігерге жіберіледі.
Тармақ 22
22. Сурдолог дәрігер медициналық көмекті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 263 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6231 нөмірімен тіркелген) Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережеге сәйкес көрсетеді.
Тармақ 23
23. Науқаста ЛОР мүшелердің онкологиялық аурулары анықталған жағдайда науқас диагнозын нақтылау және пациент одан әрі қарап-тексеру тәсілін анықтау үшін онкологиялық диспансерге жіберіледі. Науқасты одан әрі емдеу мен бақылау онколог дәрігер мен оториноларинголог дәрігердің бірлесіп жұмыс істеуімен жүзеге асырылады.
Тарау 5. 5. Консультациялық-диагностикалық орталықтың, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың және стационарлардың амбулаториялық–емханалық оториноларингология бөлімшесі
5. Консультациялық-диагностикалық орталықтың, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың және стационарлардың амбулаториялық–емханалық оториноларингология бөлімшесі
Тармақ 24
24. Амбулаториялық–емханалық оториноларингология бөлімшесі консультациялық-диагностикалық орталықтың, амбулаториялық-емханалық ұйымдардың және стационарлардың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Тармақ 25
25. Амбулаториялық–емханалық оториноларингология бөлімшесі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) консультацияға жіберілген науқастарды тереңірек тексеру және диагнозын дәлелдеу;
Тармақша 2
2) амбулаториялық жағдайда ЛОР мүшелерге қазіргі заманғы және тиімді хирургиялық араласуларды орындау және енгізу;
Тармақша 3
3) ЛОР мүшелердің патологиясын диагностикалаудың және емдеудің қазіргі заманғы тәсілдерін клиникалық практикаға енгізу және олардың тиімділігін талдау;
Тармақша 4
4) еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру;
Тармақша 5
5) ЛОР мүшелердің патологиясының профилактикасы бойынша санитариялық-ағартушылық жұмыстар, соның ішінде балалардың;
Тармақша 6
6) есептік-есеп берушілік құжаттама жүргізу, қызмет туралы есеп беру.
Тармақ 26
26. Оториноларингологиялық амбулаториялық–емханалық бөлімшенің төсектік қуаттылығы, бейіні және жұмыс тәртібі денсаулық сақтауды мемлекеттік басқару органының келісімі бойынша ол құрылған ұйымның басшысы анықтайды.
Тармақ 27
27. Оториноларингологиялық амбулаториялық-емханалық бөлімшеге жіберу, емдеуге жатқызу, оториноларингологиялық көмек көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 6 желтоқсандағы № 1472 қаулысымен бекітілген Стационарды алмастырушы көмек көрсету қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Консультациялық-диагностикалық орталықтың, облыстық (қалалық, аудандық) көп бейінді ауруханасының оториноларингологиялық амбулаториялық-емханалық бөлімшесі мынадай кабинеттер және бөлімшелерді қамтиды:
Тармақша 1
1) оториноларингологиялық консультациялық;
Тармақша 2
2) күндізгі стационар;
Тармақша 3
3) амбулаториялық ЛОР - хирургия.
Тармақ 29
29. Оториноларингологиялық консультациялық кабинет мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) аудандық және қалалық емханалардың дәрігерлері жіберген науқастардың консультациясын;
Тармақша 2
2) қазіргі заманғы әдістерді қолдану арқылы қажетті зертханалық, аспаптық және диагностикалық зерттеулердің көмегімен диагнозын дәлелдеу;
Тармақша 3
3) пациенттерді стационарлық емдеуге іріктеу және жіберу;
Тармақша 4
4) науқастарды одан әрі МСАК және күндізгі стационар деңгейінде емдеуге ұсыну.
Тармақ 30
30. Күндізгі стационар кереуеттері амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін консультациялық-дианостикалық орталықтардың, көп бағдарлы облыстық (қалалық, аудандық) ауруханалардың және республикалық деңгейдегі ауруханалардың құрамында, мынадай функцияларды жүзеге асыру үшін құрылады:
Тармақша 1
1) Жағдайы тәулік бойы бақылауды және стационарда емделуді талап етпейтін ЛОР мүшелердің аурулары бар ересектер мен балаларға стационарды алмастыратын көмек көрсету;
Тармақша 2
2) диспансерлік науқастарға емдік және профилактикалық іс-шаралардың жүйелі түрін жасау;
Тармақша 3
3) диагнозы алғашқы рет қойылған немесе созылмалы науқастардың ауруының ауырлық деңгейі өзгерген кезде емдік шараларды таңдау;
Тармақша 4
4) ЛОР мүшелердің аурулары бар науқастарға медициналық көмек көрсетудің қазіргі заманғы жетістіктерін амбулаториялық клиникалық тәжірибеге енгізу;
Тармақша 5
5) Оториноларингологияның өзекті мәселелері бойынша денсаулық сақтау саласының алғашқы буын дәрігерлері мен орта медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыруға қатысу;
Тармақша 6
6) Қызмет көрсететін аймақтағы халыққа көрсетілетін оториноларингологиялық көмектің жағдайын, ЛОР мүшелердің ауруларынан халықтың сырқаттануы және өлімін, емдеудің тиімділігін, науқастарды тексеру және оларды емдеуге жатқызу мерзімін, ЛОР мүшелердің аурулары бар науқастардың еңбекке уақытша жарамсыздығын және олардың мүгедектікке шығуы жағдайларына талдау жасау және талдау жүргізу;
Тармақша 7
7) есепті және есеп беру құжаттамасын жүргізу және қызмет жөнінде есеп беру.
Тармақ 31
31. Күндізгі стационар функцияларын жүзеге асыру үшін медициналық ұйымның барлық клиникалық және параклиникалық бөлімдерін пайдаланады.
Тармақ 32
32. Амбулаториялық ЛОР-хирургия бөлімшесі ЛОР мүшелердің патологиясы бар науқастарға амбулаториялық жағдайда оториноларингологиялық хирургиялық көмек көрсетуге арналған және мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) амбулаториялық операциялар жасауға науқастарды скринингтеу;
Тармақша 2
2) Осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес ЛОР мүшелерге амбулаторияда жасалатын Хиругиялық араласулар тізбесіне сәйкес ЛОР мүшелердің аурулары бар науқастарға хирургиялық көмек көрсету;
Тармақша 3
3) операциядан кейінгі кезеңде науқастарды бақылау және қажетті манипуляцияларды атқару;
Тармақша 4
4) Науқастарды және оларға күтім жасайтын адамдарды операциядан кейінгі кезең тәртібіне үйрету.
Тарау 6. 6. Оториноларингологияның стационарлық бөлімшесі, оның ішінде оториноларингологиялық шұғыл көмек көрсететін орталығы бар балалар бөлімшесі
6. Оториноларингологияның стационарлық бөлімшесі, оның ішінде оториноларингологиялық шұғыл көмек көрсететін орталығы бар балалар бөлімшесі
Тармақ 33
33. Оториноларингологияның стационарлық бөлімшесі, оның ішінде балалар бөлімшесі (бұдан әрі - стационарлық бөлімше) тәулік бойы медициналық бақылауды талап ететін науқастарды емдеуге арналған көп бағдарлы ауруханалардың (республикалық, облыстық, қалалық, аудандық) құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Ауруханада мамандандырылған оториноларингологиялық бөлімше болмаған жағдайда, оториноларингологиялық төсектер хирургиялық бейінді бөлімшеде қалыптастырылады.
Тармақ 34
34. Стационарлық бөлімшені медициналық ұйымның басшысы тағайындайтын және орнынан босататын меңгерушісі басқарады. Стационарлық бөлімше меңгерушісінің қызметіне мамандардың біліктілік талаптарына сәйкес келетін, медициналық және фармацевтикалық жоғары және жоғары оқудан кейінгі денсаулық сақтау саласының «оториноларингология» маманы бойынша білімі бар және бірінші біліктілік санатынан төмен емес маман тағайындалады.
Тармақ 35
35. Стационарлық бөлімше мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) осы Ереженің 3-5-қосымшаларына сәйкес ЛОР мүшелердің аурулары бар науқастарға бекітілген стандарттарға сәйкес медициналық көмек көрсету және ЛОР мүшелерге жасалатын міндетті операциялардың тізіміне сәйкес, аудандық, облыстық (қалалық) оториноларингология бөлімшелерінде және республикалық деңгейде ересектерге және/немесе балаларға мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, оториноларингологиялық көмек көрсету.
Тармақша 2
2) ЛОР мүшелер ауруларының диагностикасы мен емдеуін және асқынуларының алдын алудың қазіргі заманғы әдістерін клиникалық тәжірибеге енгізу және үйрену;
Тармақша 3
3) Стационарлық бөлімшенің емдеу-диагностикалық жұмысының сапасын арттыру және ЛОР мүшелер ауруларынан болатын ауруханалық өлімді төмендетуге бағытталған іс-шараларды әзірлеу және енгізу;
Тармақша 4
4) ЛОР мүшелердің шұғыл жағдайлары, жарақаттары мен аурулары кезіндегі шұғыл диагностикалау және шұғыл медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша медициналық ұйым қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға қатысу;
Тармақша 5
5) науқастар мен олардың туыстарының арасында санитариялық-ағартушылық жұмыстарды жүргізу;
Тармақша 6
6) есептік және есеп беру құжаттамаларын жүргізу және қызмет жөнінде есеп беру.
Тармақ 36
36. Стационарлық бөлімшенің құрылымына:
Тармақша 1
1) қабылдау бөлімі;
Тармақша 2
2) науқастарға арналған палаталар;
Тармақша 3
3) аппарат бөлмесі;
Тармақша 4
4) манипуляциялық, ем-шаралық және таңу кабинеттері;
Тармақша 5
5) операциялық блок;
Тармақша 6
6) бөлімше меңгерушісінің, дәрігерлердің және аға мейіргердің кабинеттері;
Тармақша 7
7) лыпаларды, төсек жабдықтарын, шаруашылық қолданыс заттарын сақтауға арналған бөлме;
Тармақша 8
8) науқастардың ауқаттануға арналған бөлмелері;
Тармақша 9
9) есту және вестибулярлық анализаторды тексеруге арналған шуылдан оқшауланған бөлме кіреді.
Тармақ 37
37. Бөлімшеде хирургиялық белсенділік ересектерге 80 %-дан кем емес, балалар бөлімшесінде 60 %-дан кем емес көрсеткішті құрау керек. Хирургиялық белсенділікті есептеу жасалаған операцияның санынан жүргізіледі.
Тармақ 38
38. Науқасты стационарлық бөлімшеге жатқызу:
Тармақша 1
1) медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) мамандарының жолдамасы бойынша немесе денсаулық сақтау саласының емдеуге жатқызу жағдайының жоспарланған көлемінің шеңберінде медициналық ұйымның жолдамасы бойынша;
Тармақша 2
2) шұғыл көрсеткіштер бойынша, жолдаманың бар жоғына қарамастан жүзеге асырылады.
Тармақ 39
39. Стационарлық бөлімшеде медициналық көмек көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1464 қаулысымен бекітілген Стационарлық көмек көрсету қағидаларына сәйкес анықталады.
Тармақ 40
40. Науқас медициналық айғақтар бойынша негізгі емдеу курсын өткеннен кейін амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның жағдайында жасалатын қалпына келтіру емін алуға жіберіледі.
Тармақ 41
41. Науқас Стационарлық бөлімшеден шығарылған кезде медициналық картасының толық клиникалық диагнозы, жүргізілген зерттеудің толық көлемі, емі және бұдан әрі - бақылауға берілген кеңестері көрсетілген көшірмесі беріледі.
Тармақ 42
42. Облыстық (қалалық, аудандық) шұғыл оториноларингологиялық көмектің орталығы (бұдан әрі – Орталық) облыстық (қалалық, аудандық) көпсалалы аурухана стационарының құрамында құрылады және келесі функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ЛОР мүшелердің жарақаты, күйіктері бар науқастарға тәулік бойына мамандандырылған оториноларингологиялық көмек көрсету;
Тармақша 2
2) тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру;
Тармақша 3
3) ЛОР-мүшелерінен қан кетулерді тоқтату;
Тармақша 4
4) ЛОР мүшелердің жараларын бастапқы хирургиялық өңдеу;
Тармақша 5
5) ЛОР-мүшелерінен бөгде заттарды алып тастау;
Тармақша 6
6) Бас жарақаттары кезінде нейрохирургпен, жақ-бет хирургімен, офтальмологпен, стоматологпен бірлесіп шұғыл оториноларингологиялық көмек көрсету;
Тармақша 7
7) ЛОР мүшелердің шұғыл жағдайларында жедел хирургия мен жедел терапия көрсетудің жаңаша әдістерін енгізу.
Тармақ 43
43. Қабылдау арнайы бөлінген және жабдықталған бөлмеде жасалады. Орталықтың бөлек шыға берісі мен бөлмесі болады:
Тармақша 1
1) дәрігердің қабылдау кабинеті және қарау бөлмесі;
Тармақша 2
2) операция бөлмесі;
Тармақша 3
3) таңу бөлмесі.
Тармақ 44
44. Жедел хирургиялық және шұғыл оториноларингологиялық көмек көрсетілгеннен кейін науқастарды амбулаториялық ем алу үшін тұрғылықты жері бойынша оториноларингологқа жібереді, жатқызу қажет болған жағдайда – стационарлық бөлімшеге жібереді.
Тарау 7. 7. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың, консультациялық-диагностикалық орталықтардың (бөлімшелердің) мамандандырылған кабинеті (фониатриялық, сурдологиялық кабинеттер)
7. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың, консультациялық-диагностикалық орталықтардың (бөлімшелердің) мамандандырылған кабинеті (фониатриялық, сурдологиялық кабинеттер)
Тармақ 45
45. Фониатриялық көмек көрсететін фониатриялық кабинет қалалық және облыстық медициналық орталықтарда ұйымдастырылады.
Тармақ 46
46. Фониатриялық көмек көрсететін оториноларингологиялық кабинеттің дәрігері қызметіне мамандардың біліктілік талаптарын сәйкес медициналық және фармацевтикалық жоғары және жоғары оқудан кейінгі денсаулық сақтау саласының «оториноларингология» маманы бойынша білімі бар, фониатрия мәселесі бойынша тақырыптық жетілдіруден өткен маман тағайындалады.
Тармақ 47
47. Фониатриялық көмек көрсететін оториноларингологиялық кабинет мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) дауыс аппаратының аурулары бар науқастарға консультациялық және емдік-профилактикалық көмек көрсету;
Тармақша 2
2) дауыс аппаратының жағдайы жөнінде және адамдарда ЛОР-мүшелері тарапынан дауыс жүктемесіне қарсы айғақтары бар немесе жоқ екеніне тексеру өткізу және медициналық қорытынды жасау;
Тармақша 3
3) дауыс функциясының бұзылулары кезінде еңбекке уақытша жарамсыздық жөнінде сараптама жасау;
Тармақша 4
4) дауыс аппаратының бұзылулары бар науқастарға, көмейге хирургиялық араласулардан кейінгі, оның ішінде бөліктік және топерациялды көмейдің резекциясынан кейінгі оториноларингологиялық көмек көрсету;
Тармақша 5
5) бейнеларингостробоскопия жасау;
Тармақша 6
6) көмей жүйкелеріне блокада жасау;
Тармақша 7
7) дауыстың спектрлік, форматтық мінездемелерін және вокалді диапазонын зерттеу;
Тармақша 8
8) бейнеларингоскопиялық суреттің компьютерлік талдауы;
Тармақша 9
9) шынайы уақытта дауыстың компьютерлік акустикалық бағаламасы;
Тармақша 10
10) дауыстың компьютерлік талдауының көрсеткіштерін талдау;
Тармақша 11
11) фонетография;
Тармақша 12
12) электроглоттография;
Тармақша 13
13) көмейдің жүйке-бұлшықеттік бұзылуларын электродиагностикалау, біруақытты фонопедиямен электростимуляция жасау;
Тармақша 14
14) фиброларингоскопия;
Тармақша 15
15) портативті ингаляторлармен аэрозольтерапия жасау;
Тармақша 16
16) дауыс бұзылуларын педагогтық реттеу;
Тармақша 17
17) Стационарға жатуды талап етпейтін, көмейдің аурулары бар ересек науқастарды амбулаториялық азинвазивті хирургиялық көмекпен қамтамасыз ету;
Тармақша 18
18) диагностикалаудың және емдеудің қазіргі заманғы әдістерін клиникалық тәжірибеге енгізу және үйрену;
Тармақша 19
19) жүргізілуі Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген, белгіленген тәртіпте есепті және есеп беруші құжаттаманы жүргізу және қызмет жөнінде есеп беру.
Тармақ 48
48. Сурдологиялық кабинет амбулаториялық-емханалық ұйымдардың, консультатиялық-диагностикалық орталықтардың (бөлімшелерде) құрамында құрылады.
Тармақ 49
49. Сурдологиялық кабинетте медициналық көмекті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 263 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6231 нөмірімен тіркелген) Қазақстан Республикасының халқына сурдологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережеге сәйкес сурдолог дәрігер көрсетеді.
Басқа 1. Оториноларингологиялық кабинетте жасалатын амбулаториялық манипуляциялардың тізбесі
Қазақстан Республикасының халқына
оториноларингологиялық көмек
көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдары туралы ережеге
1-қосымша
Оториноларингологиялық кабинетте жасалатын амбулаториялық манипуляциялардың тізбесі
Тармақ 1
1. ЛОР мүшелердің эндоскопиялық зерттеу әдістері;
Тармақ 2
2. Есту және вестибулярлы құжат құрастыру;
Тармақ 3
3. Тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру (трахеотомия);
Тармақ 4
4. Операция жасалғаннан кейін мұрынды анемизациялау, тазалау;
Тармақ 5
5. Мұрын қуысын Проиц бойынша жуу, вакуум-дренаж;
Тармақ 6
6. Жақүсті қуысының пункциясы;
Тармақ 7
7. Бадамша бездерінің лакуналарын жуу, оның ішінде мамандандырылған медициналық жабдықты қолдану арқылы (бар болса);
Тармақ 8
8. Дәрілік заты бар турунданы енгізе отырып құлақ туалеті;
Тармақ 9
9. ЛОР-мүшелерінен бөгде заттарды алу;
Тармақ 10
10. Құлықты жуу;
Тармақ 11
11. ЛОР мүшелердің фурункулдарын, абсцесстерін (асқынбаған) тілу;
Тармақ 12
12. ЛОР мүшелердің новокаинды блокадалары;
Тармақ 13
13. ЛОР-мүшелерінен қан кетуді уақытша тоқтату;
Тармақ 14
14. ЛОР мүшелердің химиялық және термиялық күйіктері кезінде шұғыл көмек;
Тармақ 15
15. Дәрілік заттарды инстилляциялау (оның ішінде транстимпаналды енгізу, көмейішілік құюлар және т.б.);
Тармақ 16
16. Асептикалық таңу жасау;
Тармақ 17
17. Есту түтігінің катетеризациясы;
Тармақ 18
18. Бактериологиялық екпе және гистологиялық талдау жасау үшін ЛОР мүшелерден жағынды және материал алу.
Басқа 2. ЛОР-мүшелеріне, амбулаториялық жасалатын хирургиялық араласулардың тізбесі
Қазақстан Республикасының халқына
оториноларингологиялық көмек
көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдары туралы ережеге
2-қосымша
ЛОР-мүшелеріне, амбулаториялық жасалатын хирургиялық араласулардың тізбесі
Тармақ 1
1. Жараны БХӨ;
Тармақ 2
2. ЛОР мүшелердің гематомасын тілу;
Тармақ 3
3. ЛОР мүшелердің асқынбаған абсцестерін тілу;
Тармақ 4
4. Гаймор және маңдай қуыстарын пункциялау;
Тармақ 5
5. Мұрын сүйектерінің шұғыл репозициясы;
Тармақ 6
6. Мұрын қуысы синехияларын бөлу;
Тармақ 7
7. Мұрынның төменгі қабыршағының ультрадыбыстық дезинтеграциясы;
Тармақ 8
8. Мұрын қабыршағының лазерлік түзетуі;
Тармақ 9
9. Дабыл жарғағын парацентездеу және дабыл қуысын шунттау;
Тармақ 10
10. Тимпанопункция;
Тармақ 11
11. ЛОР мүшелерінен биопсия алу;
Тармақ 12
12. Қатерсіз ісіктерді кесіп алу;
Тармақ 13
13. Киссельбах аймағының шырышты қабатын күйдіру.
Басқа 3. Ересектерге және/немесе балаларға арналған аудандық оториноларингология бөлімшесінде ЛОР мүшелеріне жасалатын міндетті операциялар тізбесі
Қазақстан Республикасының халқына
оториноларингологиялық көмек
көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдары туралы ережеге
3-қосымша
Ересектерге және/немесе балаларға арналған аудандық оториноларингология бөлімшесінде ЛОР мүшелеріне жасалатын міндетті операциялар тізбесі
Тармақ 1
1. Жараны БХӨ;
Тармақ 2
2. Мұрын фурункулын тілу;
Тармақ 3
3. Мұрын сүйектерінің шұғыл репозициясы;
Тармақ 4
4. Вазотомия;
Тармақ 5
5. Конхотомия;
Тармақ 6
6. Мұрын полипотомиясы;
Тармақ 7
7. Мұрын қалқасының шырыштықабатасты резекциясы, септопластика;
Тармақ 8
8. Мұрыннан қан кету кезінде мұрын пердесінен шырышты қабатын сылу;
Тармақ 9
9. Мұрын маңы қуыстарына операция жасау;
Тармақ 10
10. Аденотомия (жергілікті және жалпы жансыздандырумен);
Тармақ 11
11. Тонзиллотомия;
Тармақ 12
12. Тонзиллэктомия (жергілікті және жалпы жансыздандырумен);
Тармақ 13
13. Паратонзиллярлық абсцесті тілу;
Тармақ 14
14. Дабыл жарғағын парацентездеу және дабыл қуысын шунттау;
Тармақ 15
15. Антромастоидотомия;
Тармақ 16
16. Мирингопластика;
Тармақ 17
17. Қауіпсіз ісіктерді кесіп алу;
Тармақ 18
18. Трахеостомия;
Тармақ 19
19. Эзофагоскопия (бөгде заттарды алумен);
Тармақ 20
20. Полипотомия.
Басқа 4. Ересектерге және/немесе балаларға арналған облыстық (қалалық) оториноларингология бөлімшесінде ЛОР-мүшелеріне жасалатын міндетті операциялар тізімі
Қазақстан Республикасының халқына
оториноларингологиялық көмек
көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдары туралы ережеге
4-қосымша
Ересектерге және/немесе балаларға арналған облыстық (қалалық) оториноларингология бөлімшесінде ЛОР-мүшелеріне жасалатын міндетті операциялар тізімі
Тармақ 1
1. Жараны БХӨ;
Тармақ 2
2. Мұрын фурункулын тілу;
Тармақ 3
3. Мұрын сүйектерінің репозициясы;
Тармақ 4
4. Ринопластика;
Тармақ 5
5. Вазотомия;
Тармақ 6
6. Конхотомия;
Тармақ 7
7. Мұрыннан қан кету кезінде мұрын пердесінен шырышты қабатын сылу;
Тармақ 8
8. Мұрын қуысының полипотомиясы;
Тармақ 9
9. Мұрын маңы қуыстарына операция жасау;
Тармақ 10
10. Мирингопластика;
Тармақ 11
11. Антромастоидотомия;
Тармақ 12
12. Құлаққа радикалді операция жасау;
Тармақ 13
13. Тимпанопластика;
Тармақ 14
14. Ішкі құлақтың деструкциясы, кесу және тілу;
Тармақ 15
15. Стапедопластика;
Тармақ 16
16. Құлақ қалқанын түзету;
Тармақ 17
17. Құлақмаңы жыланкөздерін тілу;
Тармақ 18
18. Эндоскопиялық эндоназалді дакриоцисториностомия;
Тармақ 19
19. Аденотомия (жергілікті және жалпы жансыздандырумен);
Тармақ 20
20. Тонзиллотомия;
Тармақ 21
21. Тонзиллэктомия (жергілікті және жалпы жансыздандырумен);
Тармақ 22
22. Увулопластика;
Тармақ 23
23. Паратонзиллярлық абсцесті тілу;
Тармақ 24
24. Трахеостомия;
Тармақ 25
25. ЛОР мүшелердің қатерсіз ісіктерін кесу;
Тармақ 26
26. Эзофагоскопия (бөгде заттарды алумен).
Басқа 5. Ересектерге және/немесе балаларға арналған республикалық деңгейдегі оториноларингология бөлімшесінде ЛОР-мүшелеріне жасалатын міндетті операциялардың тізбесі
Қазақстан Республикасының халқына
оториноларингологиялық көмек
көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдары туралы ережеге
5 қосымша
Ересектерге және/немесе балаларға арналған республикалық деңгейдегі оториноларингология бөлімшесінде ЛОР-мүшелеріне жасалатын міндетті операциялардың тізбесі
Тармақ 1
1. Антромастоидотомия;
Тармақ 2
2. Құлақтың радикальді операциясы;
Тармақ 3
3. Тимпанопластика;
Тармақ 4
4. Мұрын маңы қуыстарының операциясы;
Тармақ 5
5. ММҚ сынығы кезіндегі операция;
Тармақ 6
6. Мұрын қуысының полипотомиясы;
Тармақ 7
7. Эндоскопиялық эндоназалді дакриоцисториностомия;
Тармақ 8
8. Мирингопластика;
Тармақ 9
9. Ішкі құлақтың деструкциясы, кесу және тілу;
Тармақ 10
10. Стапедопластика;
Тармақ 11
11. Кохлеарлық имплантация;
Тармақ 12
12. Құлақмаңы жыланкөздерін тілу;
Тармақ 13
13. ЛОР мүшелерінің қатерсіз ісіктерін кесіп алу;
Тармақ 14
14. Конхотомия;
Тармақ 15
15. Көмей тарылуы кезіндегі операция;
Тармақ 16
16. Сыртқы және ішкі құлақтың атрезиясы кезіндегі пластика;
Тармақ 17
17. Сыртқы есту жолының экзостозы кезіндегі операция;
Тармақ 18
18. Хоанопластика;
Тармақ 19
19. Увулопластика.