О проверке законности решений избирательных комиссий Центральной избирательной комиссией Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссиялары шешімдерiнiң заңдылығын тексеруi туралы
Тармақ 1
Тармақ 2
Тармақ 3
Тармақ 4
Тармақ 5
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 12 бабы 1) тармақшасына және 43 бабы 9 тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. Орталық сайлау комиссиясы сайлау комиссияларының хаттамаларында қателердi, сәйкессiздiктердi анықтаған болса, сондай-ақ дауысты есептеудің дұрыстығына күмәнданатын болса, жiберiлген сайлау заңдарын бұзушылықтарды тексеру үшiн тиiстi сайлау комиссиясынан қандай болмасын сайлау құжаттарын, сайлау бюллетеньдерiн талап етсiн.
Тармақ 2
2. Сайлау заңдарын бұзушылықтар анықталған жағдайда сайлау комиссиясының тиiстi, сайлау заңдарын бұзушылықпен қабылданған, шешiмiнiң күшi жойғызылсын және бұл жайлы сол сайлау комиссиясы хабардар етiлсiн.
Тармақ 3
3. Сайлау комиссиясы шешiмiнің күшi жойылған жағдайда, мәселенің мәнi бойынша жаңа шешiмдi, шешiмiнің күшi жойылған, комиссия немесе жоғарғы сайлау комиссиясы қабылдайды.
Тармақ 4
4. Сайлау бюллетеньдерiн, учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамаларын, сайлаушылар тiзiмдерiн тексеру кезiнде сайлаушылардың ерiк бiлдiруiн нақты анықтауға мүмкiндiк бермейтiн бұзушылықтар анықталған болса, сол сайлау учаскесiндегi сайлауды жарамсыз деп тану туралы шешiм қабылдансын.
Тармақ 5
5. Сайлау учаскесiндегi сайлау жарамсыз деп танылған болса, осы сайлау учаскесiне қатысты, барлық мағлұматтар тиiстi округтiк сайлау комиссиясының хаттамасынан шығарылсын.
Тармақ 6
6. Сайлау учаскелерінің жартысындағы сайлаулардың жарамсыз деп танылуы сайлау округіндегі сайлауды жарамсыз деп тануға негіз болады.
Тармақ 7
7. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі оны тіркеген сәттен бастап күшіне енеді.