Об упорядочении выпуска и реализации хлеба и хлебобулочных изделий Күшін жойған
Басқа 0
Нан және тоқаш бұйымдарын шығару және сатуды ретке келтіру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.07.2004 № 7-82 шешімімен.
Нан және тоқаш бұйымдарын шығару және сатуды ретке келтіру мақсатында және Қазақстан Республикасының 1997 ж. мамырдың 19-ғы "Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын сақтау туралы", 1994 ж. шілденің 8-гі "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы туралы" Заңдарына сәйкес облыс әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Алматы облысы әкімінің 1997 жылғы наурыздың 3-гі N 3-53 шешімі күшін жойған болып саналсын.
Тармақ 2
2. Аудандар және Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалаларының әкімдері:
- бейімделмеген үй-жайларда нан және тоқаш бұйымдарын шығаруға және сатуға тыйым салсын;
- рұқсат етілмеген жерлерде, автомашиналардан нан және тоқаш бұйымдарын сатуға жол бермеу шараларын қолдансын.
Тармақ 3
3. Облыстық сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындарының қызметін үйлестіру мен бақылау жөніндегі бөлім (Қ.Р.Ғалиева), нан және тоқаш бұйымдарын бөлшектеп сату тәртібінің сақталуына бақылауды күшейтсін.
Тармақ 4
4. Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Ә.К.Талқымбаев) нан пісіру объектілеріне және кейбір жерлерде тоқаш бұйымдарын сату орындарына санитарлық-гигиеналық қадағалауды күшейтсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын қадағалау облыс Әкімінің орынбасарлары А.К.Кәрімоллинге және Ж.Ә. Әмірхановаға жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім Әділет басқармасында тіркелген кезден бастап күшіне енеді.