О внесении изменений в решения акима Костанайской области о закреплении рыбохозяйственных водоемов и охотничьих угодий Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.08.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балық шаруашылығы су айдындары мен аң аулайтын жерлерді бекіту туралы Қостанай облысы әкімінің шешімдеріне озгертулер енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 26.02.2005 № 13 шешімімен. «Жануарлар әлемін қорғау, көбейту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы Заңының 6-бөлімімен қаралған, «Қазақстан Республикасында Балық аулау және басқа да су жануарларын өндірудің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 4 желтоқсандағы № 1480 қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасында Балық аулау және басқа да су жануарларын өндірудің ережелерімен қаралған, бекітілген балық шаруашылығы су айдындарын игеру жөніндегі шарттарды жекелеген табиғат пайдаланушылардың сақтамауына байланысты және орман және биоресурстар жөніндегі Қостанай облыстық аумақтық басқармасының қорытындысы негізінде ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Мыналардың күші жойылды деп есептелсін: - Федоров жүргізушілер одағына Федоров ауданының Жолжарған көлінің және «Тракт» ЖШС-не Ұзынкөл ауданының Қоскөл көлінің бөліктерін бекіту туралы облыс әкімінің 1998 жылғы 13 сәуірдегі № 57 шешімінің; Қамысты ауданың Жолшара, Тауынсар, Сұлусары көлдерінің, Меңдіқара ауданының Медет көлінің бөліктерін Меңдіқара аудандық аңшылар қоғамына, Меңдіқара ауданының көлемі 600 га Алакөл (Мокрое) көлінің шығыс бөлігін ДЭУ-62 «Қостанай Қамысты ауданының Талдыкөл, Қулыкөл көлдерін «Талдыкөл» ӨК бекіту, Қарасу аудандық аңшылар қоғамына Алабота, Тымтуір көлдерін бекіту, Ұзынкөл аудандық аңшылар қоғамына Ақжан (Большое Неклюдово), Ұртыкөл (малое Неклюдово) көлдерін бекіту, Федоров ауданының Большой Карлаган және Малый Карлаган көлдерін Дистель В.Я. ШК бекіту, Федоров ауданының Тоқтас көлін «МиД» ЖШС-не бекіту туралы облыс әкімінің 1998 жылғы 27 мамырдағы № 86 шешімінің; - Ұзынкөл ауданының Итсары көлінің шығыс жақ жартысының бөлігін «Қаржан» ЖШС-не бекіту, Әулиекөл ауданының көлемі 220 га Океан көлін «Азат» ШК бекіту туралы облыс әкімінің 1998 жылғы 14 қыркүйектегі № 22 шешімінің; - Алтынсарин ауданының көлемі 600 га «Талы» аң аулау шаруашылығына қатысты бөлігін, Қарабалық ауданының жалпы көлемі 400 га қорғалатын жерімен «Комсомольское» аң аулау шаруашылығының Сасықкөл көлін бекіту туралы облыс әкімінің 1998 жылғы 24 сәуірдегі № 69 шешімінің.
Тармақ 2
2. Орман және биоресурстар жөніндегі Қостанай облыстық аумақтық басқармасы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес босаған балық шаруашылығының жерлерін қайта бекіту жөнінде ұсыныстар енгізсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Т.Е. Омаровқа жүктелсін.