О проведении государственного технического осмотра транспортных средств Қолданыста
Басқа 0
Көлік құралдарын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі № 29 «Жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 тамыздағы № 1206 «Қазақстан Республикасындағы көлік құралдарына мемлекеттік техникалық байқауды жүргізуді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы»
Тармақ 1
1. Облыстық ішкі істер басқармасы (Қ. Мырзабаев):
Тармақша 1
1) 2000 жылғы 1 шілдеге дейін жол полициясы басқармасында есептегі тұрақты және уақытша тұрған барлық автобустарға, жүк және арнаулы автомобильдерге, олардың негізіндегі фургондар мен жартылай тіркемелерге ( кімге жататынына қарамастан) техникалық байқау жүргізсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасындағы техникалық байқауды жүргізудің жаңа Ережесіне сәйкес иелері жеке кісі тасумен айналысатын автобустар, автомобиль-таксилер, жеңіл автомобилдер, меншік нысанына қарамастан адамдарды тасымалдау үшін жабдықталған жүк автомобильдері тоқсанына бір рет; қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған арнаулы көлік құралдары жылына 2 рет; бірінші және екенші жартыжылдыққа байқау арасындағы мерзімділігі 3 айдан кем емес;
Тармақша 3
3) Меншік нысанасына қарамастан автокөлік құралдары мен тіркемелер байқауы техникалық байқау алдында конкурстік негізінде көлік құралдарын техникалық жағдайын диагностикалауға жіберілген мекемелер мен ұйымдарда ұйымдастырылсын;
Тармақша 4
4) конкурстық ұсыныстарды қарау, бағалау көлік құралдарын техникалық диагностикалауға ұйымдар мен мекемелерде айқындау үшін комиссия кұрылсын (тіркеледі).
Тармақ 2
2. Денсаулық сақтау басқармасы (Сағын Х.А).
Тармақша 1
1) техникалық байқау кезінде жолдамаға сәйкес мемлекеттік кәсіпорындарының, кооперативтердің, шағын және біріккен кәсіпорындардың, шетел фирмалардың жүргізушілердің жекеменшік көлік құралдарының иелерін уақытылы медициналық куәландыруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) ірі көлік кәсіпорындарының тапсырысына сәйкес жергілікті жерлерде медициналық тексеруді ұйымдастырсын.
Тармақ 3
3. Облыстық әскерм комиссары (И.Текеғалиев) ЖПБ- мен келісім бойында бірігіп жұмыс жасау үшін техникалық байқау кезінде олардың тапсырысына қарай мамандар бөліп.
Тармақ 4
4. Облыстық стандарттау және метрология орталығы (С.Құлмағамбетов) жол полициясы басқармасы қызметкерлерімен бірлесе автомашиналардың көлеңкелі әйнектерінің астауларының мемлекеттік стандартқа сәйкес келуін тексеруді ұйымдастырсын және оларды тәртіпке кілтіруге шаралар алсын.
Тармақ 5
5. Атырау облысының салық комитеті (И. Интенгенова) техникалық байқау кезінде көліктердің меншік нысанына қарамастан салық төлемдерінің төленілуін қадағалау мақсатында салық инспекциясы мамандарын бөлсін.
Тармақ 6
6. Қала және аудан әкімдері жылдық көлік құралдарына техникалық байқауды сапалы өткізу мақсатында ұйымдастырушылық практикалық көмек көрсетілсін.
Тармақ 7
7. Осы өкімнің орындалуын бақылау әкімнің орынбасары И.Мақашевқа жүктелсін.
Басқа 14
Облыс әкімінің 2000 жылғы
22 қаңтардағы № 377 р
өкіміне қосымша
Техникалық байқау алдында көлік құралдарының техникалық жағдайын диагностикалауды жүргізу үшін ұйымдарды анықтау жөніндегі комиссия құрамы
Маразбаев Қадырғали Бисенғалиұлы - ІІБ жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары, комиссия төрағасы
Айбаров Амангельді Айдынұлы – «Стандарттау және метрология орталығының» РМК Атырау филиалының бөлім бастығы
Аман-Турлина Әлия Алақайқызы – Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды терреу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменттігінің бас маманы
Аталықов Нұрлан Амангельдіұлы – ІІБ жол полициясы басқармасының бас инспекторы
Қамзин Амангельді Тұқпатұлы – ІІБ ЖПБ автожол инспекциясы бөлімінің бастығы
Құрманғалиев Темірболат Нығметұлы – ҚІІБ жол полиция бөлімшесінің бастығы
Оразов Тасболат Қуанышұлы – көлік бақылау комитеті облыстық басқармасының бөлім бастығы