Об утверждении предельной цены оптовой реализации сжиженного нефтяного газа на внутреннем рынке Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ішкі нарықта сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекіту туралы «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкімет ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
Қазақстан Республикасының ішкі нарығында сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызды қоса алғандағы кезеңге арналған шекті бағасы қосылған құн салығын есепке алмай, тоннасына 33 009,47 теңге (отыз үш мың тоғыз теңге, қырық жеті тиын) мөлшерінде белгіленсін.
Тармақ 2
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.