О некоторых вопросах особо охраняемых природных территорий Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.06.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың кейбір мәселелері туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 30.07.2004 № 7-82 шешімімен. Азаматтар мен ұйымдардың көптеген өтініштеріне байланысты, Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, облыс әкімі шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Облыс әкімінің 1998 ж. 5 маусымдағы "Экологиялық посттар ұйымдастыру мен транзиттік автокөлік жүрісі үшін төлем төлеттіруі туралы" N 1-345 әкімі күшін жойсын.
Тармақ 2
2. Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры (Р.Батырбеков) табиғат қорғау мекемесінің статусы жоқ, жергілікті жерлердегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды тек қана ғылыми, мәдени-ағарту, оқу, туристік және дем алу (рекреационный) мақсатында пайдаланғаны үшін төлем төлетсін.
Тармақ 3
3. Аудандар мен қалалар әкімдері мемлекеттік автомобиль жолдары мен кәпірлердегі жүріс үшін төлем төлеттіру іс-тәжірибесін тоқтатсын.
Тармақ 4
4. Жол және коммуналдық шаруашылық басқармасы (Б.Ұлдарбеков) жетекшілік ететін орынбасарға жолдарда жұмыс істеп тұрған посттар жөнінде мәлімет ұсынсын.
Тармақ 5
5. Осы әкімнің орындалуына бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Ә.Тойбаевқа жүктелсін.