О мерах по совершенствованию организации медико-санитарной помощи населению области по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций Күшін жойған
Басқа 0
Төтенше жағдайларды ескерту және
жою кезінде облыс тұрғындарына
дәрігерлік-санитарлық көмекті ұйымдастыруды
жетілдіру жөніндегі шаралар туралы
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 28.04.2004 № 124 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Төтенше жағдайларды ескерту және жою кезiнде Қазақстан Республикасының тұрғындарына дәрiгерлiк-санитарлық көмектi ұйымдастыруды жетiлдiру жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар туралы" 1998 жылғы 31 желтоқсандағы N 1382 қаулысын орындау және облыста төтенше жағдайлар бола қалғанда, оның зардаптарын жою кезiнде тұрғындарға дер кезiнде шұғыл көмектi қамтамасыз ету мақсатында ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Төтенше жағдайларда Батыс Қазақстан облысының шұғыл дәрiгерлiк көмек қызметiн жетiлдiру және дамыту жөнiндегi 1999-2005 жылдарға арналған шаралар жоспары бекiтiлсiн (жалғанды).
Тармақ 2
2. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Қадырбеков) шаралар жоспарын iске асыруы қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М.И. Құлшарға жүктелсiн.
Басқа 4. Төтенше жағдайларда Батыс Қазақстан облысының
шұғыл дәрiгерлiк көмек қызметiн жетiлдiру және
дамыту жөнiндегi 1999-2005 жылдарға арналған
шаралар жоспары
Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы
23 сәуiрдегi N 76 шешiмiне
қосымша
Төтенше жағдайларда Батыс Қазақстан облысының
шұғыл дәрiгерлiк көмек қызметiн жетiлдiру және
дамыту жөнiндегi 1999-2005 жылдарға арналған
шаралар жоспары
Шаралардың атауы
Орындауға жауапты
Орындалу мерзiмi
Күтiлетiн нәтижесi
1. Облыста төтенше жағдайларда шұғыл дәрiгерлiк көмек қызметiн жетiлдiру және одан әрi дамытуды қамтамасыз ету
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
1999-2005 жылдар
Төтенше жағдайлардың дәрігелік-санитарлық зардаптарын жоюға бөлінген қаржы, материалдық қорларды тиімді пайдалану
1.1.Апат зардаптармен күресетiн аумақтық дәрiгерлiк орталық ұйымдастыру және ұдайы әзiр тұратын мамандандырылған дәрiгерлiк көмек бригадасын құру
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
2000 жыл
Төтенше жағдайлар аудандарына дәрігерлік қызмет құралдары мен күштерінің келу мерзімін қысқарту, басқаруды жүйеге келтіру
2. Төтенше жағдайларда тұрғындарға шұғыл дәрiгерлiк көмек көрсету және емдеу
Облыстық денсаулық басқармасы, клиникалық-базалық емдеу профилактикалық мекемелер
1999-2005 жылдар
Жалпы сақтау анестизияның әртүрлі жағдайында оперативтік араласуды кеміту, ауыр зақымданудан, асқынған жара іріңінен кісі өлімінің болуына және мүгедек болуды азайту зақымға ұшырағандардың психикалық- патологиялық жағынан бұзылуын кеміту
3. Апат зардаптарымен күресетiн аумақтық дәрiгерлiк орталықтарының мамандандырылған дәрiгерлiк көмек бригадаларын дәрi-дәрмектермен, мүлiктермен жабдықтау және қорлар жасау
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
1999-2005 жылдар
Пайдаланушыларға жақындай түсу, тасымалдау мерзімін қысқарту, тасымалдауға арналған қаражатты үнемдеу, тұрғындарға дәрігерлік көмектер көрсетудің тиімділігін арттыру
4. Төтенше жағдайлардың зардаптарын жою кезiндегi дәрiгерлiк- санитарлық көмектер ұйымдастыру жөнiндегi халықаралық тәжiрибені үйрену
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Шаралар жоспарына сәйкес
Тәжірибе алысу жағдайында тұрғындарға көрсетілетін дәрігерлік көмектің мерзімін қысқарту және тиімділігін арттыру нәтижесінде шығындар азаяды