Об установлении зон санитарной охраны для хозяйственно-питьевых водозаборов филиала акционерного общества "Алюминий Казахстана" Краснооктябрьское бокситовое рудоуправление Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Краснооктябрь боксит кеніш басқармасы "Алюминий Казахстана" акционерлік қоғамы филиалының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес Краснооктябрь боксит кеніш басқармасы "Алюминий Казахстана" акционерлік қоғамы филиалының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ: "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" мемлекеттік мекемесі директорының міндетін атқарушы _____________________ Ю. Севостьянов "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл- Торғай бассейндік инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы __________________________ А. Қарабаев "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ бастығы ____________________ К. Төлеубаев Таран ауданының әкімі __________ Б. Өтеулин Қамысты ауданының әкімі ____________ Е. Ахметов
Басқа 3. Краснооктябрь боксит кеніш басқармасы "Алюминий Казахстана" акционерлік қоғамы филиалының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін санитарлық қорғау аймақтары
Әкімдіктің 2012 жылғы 5 желтоқсандағы № 543 қаулысына қосымша Краснооктябрь боксит кеніш басқармасы "Алюминий Казахстана" акционерлік қоғамы филиалының шаруашылық-ауыз су тартуы үшін санитарлық қорғау аймақтары Су тарту көзінің атауы, ауданы Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері 1-белдеу ІІ-белдеу ІІІ-белдеу Шекарасы Ауданы Шекарасы Ауданы Шекарасы Ауданы Бейімбет Майлин ауданы, Белинский шаруашылық-ауыз су тартудың № 7 (8) ұңғымасы Радиусі-әр ұңғыманың айналасында 50 метр 0,8 гектар Ұзындығы-190 метр Барынша ені-186 метр 3,5 гектар Ұзындығы-1546 метр Барынша ені-314 метр 48,5 гектар Қамысты ауданы, Красногор шаруашылық-ауыз су тартудың № 1ц (01006э) ұңғымасы Радиусі-ұңғыманың айналасында 50 метр 0,8 гектар Ұзындығы-253 метр Барынша ені-392 метр 9,9 гектар Ұзындығы-1706 метр Барынша ені-1450 метр 247,4 гектар Бейімбет Майлин ауданы, Елтай шаруашылық-ауыз су тартудың № 45э, № 46э ұңғымалары Ұзындығы-130 метр Ені-50 метр 0,7 гектар Ұзындығы-5650 метр Барынша ені-1000 метр (Тобыл өзенінің акваториясын қамтумен) 565 гектар Ұзындығы-5650 метр Барынша ені-1800 метр (Тобыл өзенінің акваториясын қамтумен) 1017 гектар