О Положении о пассажирском автотранспорте Алматинской области Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облыстық жолаушулар тасымалдау автокұлiгiнiң Ережесi туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы мәслихатының 14.09.2004 № 10-66 шешімімен. Алматы облыстық Мәслихат ШЕШIМ ЕТТI : Алматы облыстық  жолаушылар тасымалдау автокөлiгiнiң Ережесi бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
Басқа 1
Алматы облыстық Мәслихатының 1998 жылғы 17 сәуiрдегі N 20-154 N I сессиясының шешімiне қосымша Алматы облыстық жолаушылар тасымалдау автокөлiгiнiң ЕРЕЖЕСI Осы Ереже Алматы облыстық аумағындағы көлiкпен қызмет көрсету тәртiбi мен негiзiн салушы құжат.
Тарау i
Тармақ i. I . Жалпы ереже
I . Жалпы ереже
Тармақ 1.1
1.1. Алматы облысындағы автомобиль көлiгiнiң жұмыс атқару тәртiбi мен дамытуы жөнiндегi шешiм облыстың әкiмiмен және оның қызметiн атқарушы мекеме - көлiк Департаментi, ары қарай текст бойынша - "Департамент".
Тармақ 1.2
1.2. Осы Ереженiң мақсаты Алматы облысына халық шаруашылығының, жолаушылардың қажеттiгiн қамтамасыз етуге автокөлiктiң жалпы халықтық пайдалануын дамытуда және соны iске асыруда, еңбекшiлердiң экономикалық және әлеуметтiк қамсыздандыру жағдайын қорғау бағытында, нарықты дамытуда iс әрекет атқарады.
Тармақ 1.3
1.3. "Департамент" - басқарушы мекеме - Алматы облысында бiрыңғай мемлекеттiк тапсырма берiп, көлiкпен қызмет көрсетедi.
Тармақ 1.4
1.4. "Департамент" Алматы облысы аумағындағы автомобиль жұмысын жоспарлайтын, үйлестiрiп iске асыратын және реттейтiн мекеме.
Тармақ 1.5
1.5. Алматы облысы аумағында көлiктiң жұмысын негiзiнен ұйымдастыру құқықтық - ереженiң актiсiн реттейтiн келiсiм шарт арқылы, "Департаментпен" тасымалдаушылардың арасындағы келiсiм шарт, ол меншiктiгiне байланыссыз.
Тарау ii
Тармақ ii. II. Көлiктiң жұмысын басқару
II. Көлiктiң жұмысын басқару
Тармақ 2.1
2.1. "Департамент" Алматы облысында автокөлiктiң дамуына бес жылға жоспар құрып соны облыстың әкiмiне бекiттiрiп отырады және оған қосымша жыл сайын өзгерiстер, жаңалықтар қосылып отырылады. Жоспардың бағдарламасы:
Тармақша а
а) халық шаруашылығының, жолаушылардың қажеттiгiн қамтамасыз етуге және экономикалық, әлеуметтiк жағдайын қорғау бағытында;
Тармақша б
б) жол жүру құрамының жолаушыларды және жүк тасымалдауда сапалы қызмет көрсетуiн анықтау;
Тармақша в
в) облыстық және қалааралық автобекет, автостанция, диспетчерлiк тексеру орындарының жоспарлы-техникалық қажеттiгiн анықтау.
Тармақ 2.2
2.2. "Департамент" облыстағы автокөлiк жұмысын тексерiп, соған сәйкес шара қолданады, тасымалдаушылармен келiсiм шарттағы көрсетiлген талаптарды орындауда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Указдарын, Заңдарын, үкiметтiң қаулыларын және облыста орналасқан қалалық әкiмдердiң шешiмдерiн, заңды құқығы бар актiлердi орындауын.
Тармақ 2.3
2.3. Тексерудiң нәтижесiмен "Департамент" Заңға сүйене отырып келiсiм-шартты бұзғандарға айып салуына, жартылай немесе толық келiсiм шартты бұзғандарға айып салуына, жартылай немесе толық келiсiм шартты тоқтатуына құқығы бар.
Тармақ 2.4
2.4. Куәлiгi жоқ көлiк жүйелерiн автобекет, автостанция, тоқтайтын аялдама орындарында тексерiп, оған әкiмшiлiк iс қағаз толтырып тиiстi шара қолданылады.
Тарау iii
Тармақ iii. III . Жолаушыларды тасымалдайтын автокөлiк
III . Жолаушыларды тасымалдайтын автокөлiк
Тармақ 3.1
3.1. Автокөлiк жалпылай жолаушыларды тасымалдайтын көлiктiң бiрi болып қала iшiнде, аудан (ауыл), қалааралық және халықаралық бағытта жүретiн автокөлiктер жолаушыларды тасымалдауда үздiксiз және қауiпсiз қызмет көрсетедi. Жолаушыларды тасымалдауда ең төменгi төлем ақымен, жоғарғы сапалы қызмет көрсетедi.
Тармақ 3.2
3.2. Тағайындалған бағытта жүретiн автобуспен үздiксiз жолаушыларды тасымалдау. Автобуспен тасымалдау әкiмшiлiк - аумақтық сипатына қарай қалалық, қала маңындағы, аудандық (ауылдық), қалааралық (облыс iшiндегi, облысаралық) және халықаралық болып бөлiнедi. Қалалық тасымалдауға қала iшiнде (ауыл iшiнде) жүретiн тасымалдау түрi жатады. Қалалық тасымалдауға жолаушыларды қала маңынан, қала шетiнен 50 шақырым аралығында тасымалдау түрi жатады. ҒҚалааралық бағыттағы тасымалдауға, қала маңынан бастап, қала (ауыл) сыртынан үздiксiз жүретiн, екi қаланың, селоның арасында 50 шақырым аралықтан астам қашықтықта тасымалдау түрi жатады.
Тармақ 3.3
3.3. Халықаралық, қалааралық және қала маңындағы тасымалдау түрiндегi автобустар мiндеттi түрде автобекет, автостанция, жол жүру құжатын сататын және арнаулы аялдамалар арқылы жоғары түрде сапалы қызмет көрсете алатын орындардан жүредi.
Тармақ 3.4
3.4. Автобекет, автостанция, жол жүру құжатын сататын және диспетчерлiк орындарда автобустардың жүру кестесiнiң өзгеруi алдын ала жолаушыларға хабарланады және радио, баспа орындары арқылы жеткiзiледi.
Тарау iv
Тармақ iv. IV. Жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру
IV. Жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру
Тармақ 4.1
4.1. Қалалық жолаушыларды тасымалдау түрiнен басқа бағыттағы түрде жүретiн тасымалдау түрiне "Департаменттiң" тағайындалған және бекiтiлген жүру кестесi мен жұмыс мерзiмiне сәйкес жүредi. Облыстың құрамына жататын қала iшiнде жүретiн автобустардың жол жүру үлгiсi, кестесi және жұмыс мерзiмi Қалалық әкiмшiлiктегi көлiк басқармасымен бекiтiледi, ондай ұйым жоқ жерде облыстық "Департаментпен" бекiтiледi.
Тармақ 4.2
4.2. Жол жүру бағытындағы автобустар әртүрлi меншiктегi тасымалдаушылардың арасында тендер арқылы бөлiнедi, және кейбiр жағдайда тiкелей келiсiм шартқа тұру арқылы берiледi.
Тармақ 4.3
4.3. Жол жүру бағытындағы автобусқа тұрақталған, мемлекеттiк құқықты орында құзырлы тәртiппен тiркелген, тасымалдауда бастапқы және ақырғы орны бар және жол жөнекей тоқтайтын орындарда мiндеттi түрде тоқтап, жүру кестесi бойынша жұмыс атқара алатын автобус түрi айтылады.
Тармақ 4.4
4.4. Жол жүру бағытындағы автобустарды ашу (жабу) осы Ережедегi бекiтiлген тәртiппен сәйкес iске асады.
Тармақ 4.5
4.5. Жаңа жол жүру бағытындағы автобустарды ашу (жабу)ды арнаулы, Облыстық әкiмнiң шешiмiмен тағайындалған алқа қазылар шешiмi арқылы ғана iске асады. Алқа қазылар құрамына мiндеттi түрде мына өкiлдер кiредi: - облыстық әкiмшiлiктiң аппаратынан; - жол жүру бағытындағы, жол жөндейтiн мекеменiң өкiлi; - жол полициясынан; - облыстық көлiк инспекциясынан; - салық инспекциясынан; - баға және монополияға қарсы саясаттың комитетiнен; - тасымалдаушылардан; - автобекет, автостанциялардан.
Тармақ 4.6
4.6. Жол жүру бағыттарындағы автобуста жұмыс атқару үшiн тасымалдаушылар тендерге қатысу керек немесе "Департаментке" өздерiнiң жаңа жол жүру бағытын ашуға ұсынысын беруi тиiс. "Департаменттiң" тағайындалған ұсынысын орындай отырып, келiсiм шартқа тұрғаннан кейiн жол жүру куәлiгiн алады. Жол жүру бағыты бойынша тендерге қатысу Алматы облысының әкiмiмен бекiтiлген, тендердiң Ережесiнде көрсетiлген.
Тарау v
Тармақ v. V. Алматы облысының аумағында жолаушыларды жер бетiнде жүретiн көлiкпен тасымалдаудың бiрыңғай талабы
V. Алматы облысының аумағында жолаушыларды жер бетiнде жүретiн көлiкпен тасымалдаудың бiрыңғай талабы
Тармақ 5.1
5.1. Бiрыңғай талап, тасымалдау шарты, жеке және заңды облыс аумағында және облыстық қалалары мен ауылдарында жолаушыларды тасымалдаушыларға тарайды.
Тармақ 5.2
5.2. Тасымалдаушылар меншiктiк түрiне қарамай, көлiк жүйелерiн, тiркеп, техникалық түзетуден өткiзiлген және жолаушыларды тасымалдауда қауiпсiздiк шартын орындайтын сертификаты, экологиялық таза болуы тиiс.
Тармақ 5.3
5.3. Жолаушыларды жеке және жеңiл машинамен таситындарға, машиналары техникалық тексеруден өткiзiлген, ауырлық салмағы 3500 кг. аспайтын, есiгi бар, жүргiзушiден басқа отыру орны 8 ден аспауы керек, ол дайындау заводының шығарылған кездегi құжатына сәйкес.
Тармақ 5.4
5.4. Жол жүру құрамы жоғарыдағы көрсетiлген, талапқа сай жолаушыларды және жүк тасымалдауда стандарттық талапқа сай емес, сертификаттан өтпесе облыстағы жолаушыларды және жүк тасымалдауға лұқсат берiлмейдi.
Тармақ 5.5
5.5. Жол жүру бағытындағы автобустар жолаушыларды және жүктi тек өз бағытында, стандарттық талапқа сәйкес жабдықталған жол арқылы ғана тасуы керек. Жол жүру кестесi, жұмыс уақыты, мерзiмi жол жүру жүйесiн "Департамент" бекiтедi. Жеңiл машинасы бар тасымалдаушылар жол жүру уақыты мен бағытын тасымалдау талабына сәйкес өзi таңдап алады.
Тармақ 5.6
5.6. Меншiктiк түрiне қарамай барлық тасымалдаушылар мiндеттi түрде"Департамент" бекiткен жол жүру жүйесiн, жұмыс уақытын, жол жүру кестесiн заңды түрдегi мекемелерге тiркетiп алып жүруi керек.
Тармақ 5.7
5.7. Жолаушылардың қауiпсiздiгiн сақтай алмайтын, "Департаменттiң" бекiтiлiп берiлген құжаттары жоқ тасымалдаушыларға тасымалдау жұмысына лұқсат берiлмейдi.
Тармақ 5.8
5.8. Облыстық аумақтағы бағытта қызмет көрсететiн тасымалдаушылар, өздерiнiң меншiктiк түрiне қарамай көлiк инспекциясының куәлiгi, "Департаментпен" келiсiм шартты болуы тиiс. Облыстық қалаларда қалалық әкiмшiлiкпен немесе жоқ болса, "Департаментпен" келiсiм шартқа отыруы тиiс. Бiр жолы немесе жалданып жұмыс атқаратын тасымалдаушылардың жолаушылармен шартқа отырған және лұқсат берiлген куәлiгi болуы қажет.
Тармақ 5.9
5.9. Барлық меншiктi түрдегi тасымалдаушылар заңды және жеке түрдегi жолаушыларға, жүк тасушыларға қайыруға қақысы жоқ, егер жолаушы мас күйiнде немесе киiмi лас болмаса.
Тармақ 5.10
5.10. Барлық түрдегi тасымалдаушылар көлiкпен қызмет көрсеткенде шартты баға тағайындай алады, тек белгiленген баға немесе төтенше жағдай болмағанда. Егер төтенше жағдай болған кезде тасымалдаушылар қызмет көрсетсе, оларға кеткен шығынды Үкiмет тарапындағы қаржыдан төленедi.
Тармақ 5.11
5.11. Тасымалдаушылар, құқықтық-ұйымдастыру түрiне қарамай, мiндеттi түрде Қазақстан Республикасының Президентiнiң Указын, Үкiмет қаулысын және облыс әкiмiнiң шешiмдерiн, кейбiр жолаушыларға арналып тегiн жүруге және жеңiлдiкпен жүруге шығарылған шарттарды мiндеттi түрде орындауы тиiс. Тек ол үшiн тасымалдаушыларға тегiн тасылған жолаушыларға кеткен шығынның төлеу көзi анықталуы керек, көлемi және төлену тәртiбi. Тасымалдаушы жаңа жол бағытын ашу үшiн "Департаментке" төмендегiдей құжаттар тапсыруы керек:
Тармақша а
а) жол жүру бағытын ашуға тұратын техникалық-экспорт негiзi;
Тармақша б
б) жол жүру үлгiсi, басқы, ақырғы және жолжөнекей тоқтайтын орындары көрсетiлген;
Тармақша в
в) жол жүру қауiпсiздiгiн сақтайтын мекемеден тексерiлiп берiлген құжат;
Тармақша г
г) тасымалдаудың көлемi және жол жүру бағытындағы жолаушылардың тығыздығы;
Тармақша д
д) жол жүру бағытының жол жүру кестесi;
Тармақша ж
ж) тасымалдау құнының көлемi;
Тармақша з
з) тiркелген номерi, завод дайындаған маркесi, шыққан жылы, сыйымдылығы (орындықта және толық), көлiктiң жол жүрген мөлшерi;
Тармақ 5.12
5.12. Келiсiм шартқа тендердi жеңiп шыққан тасымалдаушылар және жаңа жол жүру бағытына арнаулы Алқалылар қазысының шешiмiмен лұқсат алғандар ғана тұрады. Келiсiм шартқа тұрған тасымалдаушыларға жол жүру бағытына лұқсат берiлетiн куәлiк берiледi.
Тармақ 5.13
5.13. Тасымалдаушылар келiсiм шартқа тұрған күннен бастап, жол жүру бағытының жол жүру үлгiсiн өзгертуге, жол кестесiн, көлiк құрамының түрiн, жұмыс уақытын т.б. келiсiм шартта көрсетiлген талаптарды бұзуға болмайды.
Тармақ 5.14
5.14. Автобекет, автостанция, аялдама орны, демалу алаңының жабдықталып, салынуы сол мекемелердiң өз қаражатынан немесе оларға көмек ретiнде өз еркiмен заңды және жеке меншiк иелерi және тасымалдаушылар демеушiлiк көрсетуiне мүмкiндiк берiледi.
Тармақ 5.15
5.15. "Департамент" облыстық меншiкке қарайтын жолаушылар тасымалдайтын көлiк мекемелерiнiң, кәсiпорындарының жұмыс атқаруын басқарып, жол жүру үлгiсiн, жол жүру кестесiн және жұмыс уақытын бекiтедi; келiсiм шартпен басқа жолаушылар тасымалдауға тасымалдаушыларды шақырады.
Тармақ 5.16
5.16. Жүргiзу құрамдарында, жол жүру бағытына қызмет көрсететiн мiндеттi түрде стандартқа сәйкес жабдықталған, тасымалдау технологиясының талабына сай көрсеткiштер болуы керек; - жол жүру бағыты номерiмен көрсетiлген алдыңғы, артқы, бүйiрдегi көрсеткiштер болуы керек. Онда ақырғы-бастапқы-жол жөнекей тоқтайтын орындар-аялдамалар көрсетiледi. Халықаралық тасымалдауды жүргiзу құрамында төмендегiдей көрсеткiштер болуы тиiс. - маңдайшада тасымалдаушы елi, бастапқы, ақырғы жол жүру бағыты; - бүйiрiнде елi мен бастапқы, ақырғы және өте қажеттi жол жөнекей өтетiн жерлерi, жүру кестесiнде көрсетiлгендей. Жол жүру бағытындағы таксилерде маңдайшасында техникалық тексеруден өткен талоны, жүргiзуге лұқсат берiлген куәлiгi болуы керек.
Тармақ 5.17
5.17. Көлiктiк құрамның iшiнде тасымалдау Ережесiне сәйкес жабдықталған, мiндеттi түрде "Департаменттiң", жол полициясының, көлiк, салық инспекцияларының және диспетчерлердiң телефон шалатын номерi болуы керек. Жол жүру үлгiсi, кестесi, жол ақысын төлеу құны, көлiктi пайдалану ережесiнiң көшiрмесi болуы керек. Халықаралық көлiк құрамында баратын елiнiң тiлiнде жазылған болуы керек.
Тармақ 5.18
5.18. Салонның iшi, сырты санитарлық мөлшерге сай болып, жүргiзу құрамында өрт сөндiретiн құрал-сайман, кiшкене дәрiхана болу керек.
Тармақ 5.19
5.19. Автобекет, автостанция, жол жүру құжатын сататын орындар Үкiмет бекiткен мөлшерге сай жабдықталады. Автобекет, автостанция жол жүру құжатын сататын орындарда жолаушыларға арналған анықтамалар iлiнедi. Халықаралық жол жүру бағытында, тоқтау орны (автобекет, автостанция т.б. қосқанда) халықаралық стандарттың талабына сәйкес болып Қазақстан Республикасының келiсiм шартымен жабдықталады.
Тармақ 5.20
5.20. Жүргiзушi (тасымалдаушы), жолаушыларды тасымалдауда, өзiмен бiрге ала жүруi керек: - көлiктiң тасымалдауға арналған куәлiгi; - бекiтiлген жол жүру үлгiсi; - лицензия (патент); - жол жүру кестесi; - осы бағытта жол жүруге берiлген куәлiк; - жол жүруге механиктен, дәрiгерден тексерiлген және рұқсат алынған құжат.
Тармақ 5.21
5.21. Кей жағдайда, тасымалдауда тексерусiз, кондукторсыз жүргiзушiнiң өзiне жүктеледi, ол үшiн жүргiзушiде абонемент, майда ақша, жол жүру құжаты болуы керек.
Тарау vi
Тармақ vi. VI. Тасымалдау шарты
VI. Тасымалдау шарты
Тармақ 6.1
6.1. Барлық меншiктi түрдегi тасымалдаушылар жоспарлы және шаруашылығын өз бетiнше, нарықтық жағдайға сәйкес, шарттағы көрсетiлген жолаушылар және жүк тасымалдаудағы мiндеттi тапсырмаларды Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Алматы облысы аумағында орындай отырып және осы Ереженi пайдалана отырып iске асырады.
Тармақ 6.2
6.2. Барлық түрдегi тасымалдаушылар жолаушыларды және жүк тасымалдауда жол ақысын алып, жол жүруге арналған құжат бередi. Патентпен жұмыс атқаратындарға жол құнының орнына жол жүру құжатын бермеуiне болады. Бiр жолғы немесе көп уақытта пайдаланылатын жол жүру құжатының тiркеу, қорғаныш түрi және қатаң түрде есепке алынып отырады.
Тармақ 6.3
6.3. Жол жүру құжаты өзiнiң тасымалдау түрiне байланысты сатып алынады: - көлiк құрамының iшiнде жүргiзушi немесе кондуктор арқылы; - автобекет, автостанция, жол жүру құжатын сататын орындарда.
Тармақ 6.4
6.4. Көп уақытта қала iшiндегi тасымалдауға арналған жол жүру құжаты қала маңындағы, қала аралық, халықаралық бағытта жүретiн көлiктерде, егер осы көлiктер сол қаланың үстiн басып өтсе де жарамайды.
Тармақ 6.5
6.5. Жолаушыларды тегiн немесе жеңiлдiкпен тасымалдау, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Указына, Үкiметтiң қаулысына және облыстық әкiмнiң шешiмдерiне сәйкес, соған арналған құжаттарымен болады. Қала iшiндегi, қала маңында жүретiн автобустарда әр үлкен жолаушыларға өзiмен бiрге 7 жасқа дейiнгi бiр баланы тегiн алып жүруiне болады.
Тармақ 6.6
6.6. Ғала iшiнде, қала маңында жүретiн көлiк құрамында орындықтарда номер қойылмайды және жолаушыларды завод дайындаған куәлiгiне сәйкес толық сыйғанынша тасымалдайды.
Тармақ 6.7
6.7. Жол жүру бағытындағы таксилермен, қалааралық, халықаралық тасымалдауда тек қана орындықтағы орынмен ғана тасиды.
Тармақ 6.8
6.8. Жол жүру бағытына арналған тасымалдау көлiгiнде жолаушыларды мiндеттi түрде автобустың арнаулы тоқтайтын орындарында толық тоқтаған кезде автобусқа отырғызу, түсiру басталады. Ал бағытта жүретiн таксилерде жолаушылардың сұрауымен, жол жүру қауiпсiздiгiн сақтай отырып, жол жүру Ережесiн бұзбай iске асырылады.
Тарау vii
Тармақ vii. VII. Тасымалдаушының негiзгi мiндетi мен құқығы
VII. Тасымалдаушының негiзгi мiндетi мен құқығы
Тармақ 7.1
7.1. Тасымалдаушылар меншiктің түрiне қарамастан жолаушылар және жүк тасымалдауда мiндеттi түрде орындауы тиiс:
Тармақша а
а) Жол жүру бағытындағы тасымалдауда әр көлiкте көлiк инспекциясы берген куәлiгi, "Департаментпен" отырған келiсiм шарт және жол жүру бағытына арналған куәлiк болуы тиiс;
Тармақша б
б) тасымалдаушылардың түрiне қарай, құзырлы мекемелерде тiркелген бiр немесе бiрнеше көлiк болуы тиiс;
Тармақша в
в) жолаушыларды жол жүру қауiпсiздiгiн, жүктi сақтау, жүргiзушiнiң жұмыс уақыты мен демалыс уақытының мерзiмi сақталуы тиiс;
Тармақша г
г) көлiктi жүргiзуге, тек соған арналған куәлiгi бар, дәрежесi мен жұмыс iстеу тәжiрибесi жолаушылар тасымалдауға арналған талаптарға сәйкес болуы керек;
Тармақша д
д) көлiк құрамы жолға шығар алдында техникалық тексерiстен және бiраз уақыт өткен кезде мемлекеттiк тексеретiн орында тексерiлуi тиiс;
Тармақша ж
ж) тиiстi орында тiркелiп, бекiтiлген жол жүру үлгiсi, кестесi болуы керек;
Тармақша з
з) әр көлiк құрамында, тасымалдауға арналған бекiтiлген жол жүру үлгiсi, кестесi, лицензия, жол жүру бағытына арналған куәлiк, техникалық тексеруден өткен талон және жолға шығар алдында берiлетiн құжаттар;
Тармақша и
и) жол жүру ақысына арналған бiр ретке не көп ретке пайдаланылатын құжатты сату, одан түскен қаражат бухгалтерлiк есепке алынуы салық заңына және әкiмнiң шешiмiне, "Департаменттiң" келiсiм шартында көрсетiлген қаражатты тексеретiн талаптарға сәйкес болуы керек;
Тармақша к
к) жол жүру құжаттарын толық қамтамасыз ету, диспетчер мен кондуктор, тексерушiлердiң жұмыс нәтижесiн есепке алу;
Тармақша л
л) жолаушыларға арналған тегiн немесе жеңiлдiкпен жүру құқықтарын сақтау;
Тармақша м
м) салық төлеу, басқа да төлеулер, Қазақстан Республикасының Заңына және облыс әкiмiнiң шешiмiне, немесе әкiмнiң шешiмдерiн iске асыратын "Департаменттiң" шешiмдерiн және төтенше жағдайда жолаушыларды мүлтiксiз тасымалдау.
Тармақ 7.3
7.3. Тасымалдаушылардың құқығы:
Тармақша а
а) төтенше жағдайда облыс әкiмшiлiгiнiң аппараты мен "Департаменттiң" тағайындаған бағасынан басқа арнаулы ережелердi сақтай отырып тасымалдауда бос бағаны тағайындауларына құқығы бар;
Тармақша б
б) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Указына, Үкiмет Қаулысына, облыс әкiмiнiң шешiмдерiне сәйкес тегiн немесе жеңiлдiкпен жүруге құқығы бар жолаушыларды тасымалдауға кеткен шығынды жол жүруге арналған тариф жаппай, онда шығынды толыҚтыратын төлем алуларына құқығы бар;
Тармақша в
в) төтенше жағдайда жолаушыларды тасымалдауға кеткен шығынды мемлекет тарапынан т№ленетiн қаржыдан алуға;
Тармақша г
г) тасымалдау кезiнде жүретiн жолдың жолаушыларды тасымалдауға қауiпсiздiгiн және ж№нделiп жабдықталуын талап етуiне;
Тармақша д
д) бағытта жүретiн автобуспен, егер жол бойында қауiпсiздiкке талапты атқара алмайтын керi мүлде бармауына құқығы бар.
Тармақ 7.4
7.4. Жүргiзушiнiң мiндетi:
Тармақша а
а) жолаушы·алдында өзiнiң денсаулығын анықтап ол құжат беретiн дәрiгердiң тексерiлуiнен өтуi керек;
Тармақша б
б) жол жүретiн көлiктiң техникалы және жабдықталған анықтамалары мен құралдары толық болуын қабылдауы және көлiк құрамынан бұзылған жерiн бай·аса тасымалдаушыға мiндеттi түрде ол жазбамен бiлдiрiп отыруы керек;
Тармақша в
в) жол жүру бағытында көрсетiлген тиiстi орындарға тоқтап, жол жүру құжаттарына жазбаша белгi соқтыру және жол жүру кестесi мен жол жүру үлгiсiн бұлжытпай орындау;
Тармақша г
г) жол жүргенде және жолаушылар мен жүк тасымалдаған кезде жол жүру ережесi мен қауiпсiздендiру ережесiн са·тау;
Тармақша д
д) көлiк құрамындағы приборлар мен жабдықтардың дұрыс жұмыс атқаруын қадағалау, егер дұрыс жұмыс атқаруын анықтаса, онда тасымалдаушылардың iшiндегi құзырлы мамандарға көрсетiлiп уақытында түзету;
Тармақша ж
ж) көлiк құрамының iшiндегi тазалықты сақтау, iшiмдiк iшкен жолаушыларды, рұқсат етiлмейтiн қол жүгiн тасымалдау, жолаушылардың салонының iшiнде өтуiне кедергi болатын жүктердi алмау және қария жолаушыларға алдыңғы орынды·тан орын алуларына жәрдем беру;
Тармақша з
з) жол жөнекей көлiк құрамын жезламен немесе тексеретiндей құжаты бар мамандарға тоқтап тексерту және соған көмек көрсету.
Тарау viii
Тармақ viii. VIII. Тасымалдаушылардың мiндетi
VIII. Тасымалдаушылардың мiндетi
Тармақ 8.1
8.1. Облыс аумағындағы жолаушыларды тасымалдауда қызмет көрсететiн, барлық меншiктi түрдегi тасымалдаушылар, жауап тартады:
Тармақша а
а) "Жолаушылар, жүк және қол жүгiн тасымалдау Ережесiн" орындамаса, жол жүру қауiпсiздiгiн сақтаудағы стандарттық мөлшер және жоспарлық шамаларды бұзса;
Тармақша б
б) жолаушыларды тасымалдауда лицензиясыз, патентсiз және тасымалдауды ұйымдастырушы мекемелермен келiсiм шартқа тұрмаса, әкiмшiлiк шара қолданып, лицензиясыз, патентсiз және келiсiм шартсыз табылған табыс бiржола облыстың қаражатына аударылады;
Тармақша в
в) жолаушыларды тасымалдауда, төтенше жағдайда жолаушы өлсе, жарақаттанса және басқадай кесiрi тиген болса, онда соттың шығарған шешiмiн орындау;
Тармақша г
г) келiсiм шартта көрсетiлген мiндеттемелердi орындамаса (көлiк құрамы сынса, жолаушылардың қол жүгi жоғалса, автобустың жүру кестесi орындалмаса) - азаматтық заңның негiзiне сәйкес шығынды өтейдi.