Об определении порядка оказания социальной поддержки медицинским и фармацевтическим работникам направленных для работы в сельскую местность Жамбылской области Күшін жойған
Басқа 0
Жамбыл облысының ауылдық жерлеріне жұмыс істеуге жолданған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібін айқындау туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл облысының ауылдық жерлеріне жұмыс істеуге жолданған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облысы мәслихатының білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар үйымдарымен байланыс және әйелдер істерімен отбасы-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 4
Жамбыл облыстық
мәслихатының 2012 жылғы
7 желтоқсандағы № 10-9
шешіміне қосымша
Жамбыл облысының ауылдық жерлеріне жұмыс істеуге жолданған медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің ТӘРТІБІ
Тармақ 1
1. Негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті орган – «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
Тармақша 3
3) жұмыс беруші – медицина (фармацевтика) қызметкерлерімен еңбек шартын жасасқан, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыратын денсаулық сақтау ұйымы;
Тармақша 4
4) ауылдық жерге жұмыс істеуге жолданған медицина қызметкері (әрі қарай – қызметкер) – жоғары медициналық білімі, маманның тиісті сертификаты бар, ауылдық жерге жұмыс істеуге уәкілетті орган жолдаған жеке тұлға;
Тармақша 5
5) ауылдық жерге жұмысқа жолданған фармацевтика қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкер) – фармацевтикалық жоғары медициналық білімі, маманның тиісті сертификаты бар, ауылдық жерге жұмыс істеуге уәкілетті орган жолдаған жеке тұлға.
Тармақ 2
2. Медициналық (фармацевтикалық) қызметкер әлеуметтік қолдауды алу үшін әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті органға жеке куәліктің, дипломның, еңбек кітапшасының көшірмелерін, жұмысқа қабылданғандығы туралы бұйрықты, тұрғылықты жерден анықтаманы, 3х4 фото суретті (2 дана) ұсынады.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік қолдау алуға ауылдық жерлерге жұмыс істеуге жолданған және тұруға келген, сондай-ақ жұмыс берушімен еңбек шартын жасасқан күнінен бастап алғашқы 5 жыл бойы еңбек міндеттерін атқаратын қызметкердің құқығы бар.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті орган денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында:
Тармақша 1
1) жыл сайын ауылдық жерге қажетті медициналық (фармацевтикалық) мамандықтар бойынша сұранысқа талдау жүргізеді;
Тармақша 2
2) медициналық (фармацевтикалық) қызметкерлерден өтініштер және олардың біліктілігін растайтын құжаттарды қабылдайды, әлеуметтік қолдауға мұқтаж қызметкерлердің тізімін жасайды;
Тармақша 3
3) ауылдық жерге жұмыс істеуге жолданған медицина (фармацевтика) қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті органның жолдауы бойынша жұмыс беруші Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес қызметкермен еңбек шартын жасасады.
Тармақ 6
6. Әлеуметтік қолдауға 800 000 (сегіз жүз мың) теңге мөлшерінде біржолғы материалдық көмек кіреді.
Тармақ 7
7. Біржолғы материалдық көмек қызметкермен еңбек шарты жасасқаннан кейін, оның өтініші негізінде екінші деңгейдегі банкте оған ашылған жеке шотына аудару жолымен төленеді.
Тармақ 8
8. Өндірістік қажеттілікке байланысты қызметкер облыс аумағындағы бір медициналық ұйымнан екінші ұйымға ауысқан және сол ұйым ауылдық жерде орналасқан жағдайда, қызметкердің әлеуметтік қолдау алуға құқығы сақталады.
Тармақ 9
9. Еңбек шарты мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларында белгіленген тәртіппен облыстық бюджет кірісіне бұрынырақ аударылған бюджеттік қаражатты қайтаруға шаралар қабылдайды.
Тармақ 10
10. Жұмыс беруші қызметкер әлеуметтік қолдауды алу құқығынан айырылған сәттен (жұмыстан шығару, жұмыстан шеттету және тағы да басқа) 10 күннен кешіктірмей уәкілетті органды хабардар етеді.
Тармақ 11
11. Қызметкерді әлеуметтік қолдау бойынша қаржыландыру әлеуметтік қолдауды төлеу жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүргізіледі.
Тармақ 12
Тармақ 13
Тармақ 14
14. Қызметкерге әлеуметтік қолдау көрсету облыстық бюджет есебінен жүзеге асырылады.