Об утверждении ставок платы за пользование водными ресурсами поверхностных источников в Южно-Казахстанской области Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Оңтүстік Қазақстан облысында жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексіне, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Оңтүстік Қазақстан облысында жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Оңтүстік Қазақстан облысындағы жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2005 жылғы 29 наурыздағы № 14/140-ІІІ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 1909-нөмірімен тіркелген, 2005 жылғы 28 сәуірдегі «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 119 нөмірінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 9/82-V шешіміне қосымша Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары Р/с Су пайдаланудың арнайы түрлері Төлемақы ставкалары 1. Тұрғын үй пайдалану және коммуналдық қызметтер (тиын/текше метр) 12,16 2. Өнеркәсіп, жылу энергетиканы қоса есептегенде (тиын/текше метр) 45,92 3. Ауыл шаруашылығы (тиын/текше метр) 1,91 4. Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылығы (тиын/текше метр) 10,18 5. Су энергетика, (тиын/киловатт сағат) 2,84 6. Су көлігі, (тиын/тонна шақырым) 0,87