О дальнейшем совершенствовании системы государственного управления Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында және республикалық баспасөзде жариялануға тиіс Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің өңірлік даму, кәсіпкерлікті қолдау, оның ішінде әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметін үйлестіру аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы функциялары мен өкілеттіктерін оған бере отырып, Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі құрылсын.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, оған: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінен – бюджеттік жоспарлау; Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен – инвестицияларды қолдаудың және қолайлы инвестициялық ахуал жасаудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру; Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен – халықтың көші-қоны аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру саласындағы функциялар мен өкілеттіктерді бере отырып, оны Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі етіп қайта құру жолымен;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі мен Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі оларды Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігіне қосу жолымен;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі оны Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Мыналарға:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне «жасыл экономиканы» дамытудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне, оған мына салалардағы: табиғи ресурстарды қорғау мен тиімді пайдалануды бақылау, су ресурстарын басқарудың мемлекеттік саясатын қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінен берілетін мелиорация мәселелерін қоспағанда, су ресурстарын басқару және балық шаруашылығын дамыту жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер; Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінен – қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату мәселелері; Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінен – жаңартылатын энергия көздерін дамыту аясындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, «жасыл экономиканы» дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру мен бақылау жөніндегі функциялар мен өкілеттіктер берілсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу мен тіркеу, олардың уақытша және тұрақты тұру, елден тұрақты тұрғылықты жерге кету құжаттарын ресімдеу, азаматтарды құжаттандыру, есепке алу және тіркеу, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша функциялары мен өкілеттіктерін қоспағанда, халықтың көші-қоны, оны ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асыру, көші-қон үдерістерін реттеу және мониторингілеу, көші-қонды реттеу аясындағы шаралар жүйесін әзірлеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) мыналарды: Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетін; Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитетін; Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетін; Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитетін; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетін; Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті мен Орман және аңшылық шаруашылығы комитетін құруды қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 3
3) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 6
6. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1-тармақта: «Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі;»; мына: «Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі;»; мына: «Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі;», «Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі;», «Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігі.» деген жолдар алып тасталсын.
Тармақ 7
7. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Тармақ 8
8. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті                                         Н. Назарбаев