О жилищных отношениях Қолданыста

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тұрғын үй қатынастары туралы 📌 Ескерту. Мәтіндегі "бөлiм" деген сөздiң алдындағы "I - VІ" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 6" деген цифрлармен ауыстырылды - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), "мемлекеттік қажеттер", "мемлекеттік қажеттіліктер" деген сөздер "мемлекет мұқтажы" деген сөздермен, "бөлек (жеке-дара)", "бөлек (жеке)", "өзіндік (дара)", "бөлек", "бөлек (өзіндік)" деген сөздер "дара (бөлек)" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2009.06.08 № 163-IV Заңдарымен; Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "тұрғын жай" деген сөздер "тұрғынжай" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР 29.12.2014 № 270-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); "оралмандарға", "оралмандар" және "оралмандарды" деген сөздерді тиісінше "қандастарға", "қандастар" және "қандастарды" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 13.05.2020 № 327-VI ("Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексіне (Салық кодексі) тиісті өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізілген күннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңымен; «заңнамалық актілеріне», «заңнамалық актiлерiнде» және «заң актiлерiнде» деген сөздер тиісінше «заңдарына», «заңдарында» және «заңдарында» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бөлім 1. 1 Бөлiм
1 Бөлiм
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Бап 1. 1-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасы
1-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасы 📌 Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасы азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттiк органдардың қатысуымен:
Тармақша 1
1) тұрғын үйлерге меншiк құқығының және оларды пайдалану құқығының пайда болуы мен тоқтатылу негiздерiне;
Тармақша 2
2) пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды пайдалану құқығының жүзеге асырылуына және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді алуға;
Тармақша 3
3) жеке және көппәтерлі тұрғын үйлерге қойылатын талаптарға;
Тармақша 4
4) тұрғын үй қорларының сақталуы мен жөнделуiнiң қамтамасыз етiлуiне;
Тармақша 5
5) азаматтардың тұрғын үй саласындағы құқықтарының сақталуын және тұрғын үй қорының пайдаланылуын мемлекеттiк органдардың бақылауына;
Тармақша 6
6) мемлекеттік қызметшілерді, құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін (курсантты және (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) және әскери қызметшіні (мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшіні, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшіні, курсант пен кадетті, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғын үймен қамтамасыз ету ерекшеліктеріне;
Тармақша 7
7) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыруға байланысты қатынастарды реттейді.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасында тұрғын үй қатынастары осы Заңмен, Азаматтық кодекс нормаларымен және соларға сәйкес шығарылатын өзге де Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға, тұрғын үй қорының дамытылуы мен ұлғайтылуына байланысты қатынастар осы Заңда белгiленген талаптарды ескере отырып, тиiстi Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледi.
Тармақ 4
4. Қонақүйлерде, пансионаттарда, интернаттарда, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) және ұқсас мақсаттағы басқа да объектілерде тұру (болу) Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. 5. Егер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иесі мемлекет қатысатын ұйым болып табылса, мыналарды: 1) ағымдағы жарналарды; 2) жинақтаушы жарналарды; 3) нысаналы жарналарды; 2) орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналарды төлеу бөлігінде осы Заңмен реттелген құқықтық қатынастарға «Мемлекеттік сатып алу туралы» және «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының күші қолданылмайды. 📌 Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 N 553-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2025 № 196-VIII (30.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)); 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.05.2026 № 291-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 2. 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) авариялық көппәтерлі тұрғын үй – негізгі тіреуіш конструкциялары (іргетастары, бағаналары, тіреуіш қабырғалары, арқалықтары, жабындылары) тіреуіш қабілетін жоғалтқан және одан әрі пайдалану тұратын (болатын) адамдардың өміріне қауіп төндіретін, ғимараттар мен құрылысжайлардың беріктігін және орнықтылығын техникалық қадағалауды және техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыруға аккредиттелген заңды тұлғаның қорытындысымен қалпына келтіруге жатпайды деп танылған көппәтерлі тұрғын үй;
Тармақша 1-1
1-1) ағымдағы жарналар – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқару бойынша шығыстарды жабуға арналған ай сайынғы міндетті жарналары;
Тармақша 1-2
1-2) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
Тармақша 1-3
1-3) әскери қызметшілер – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында әскери қызметте тұрған Қазақстан Республикасының азаматтары;
Тармақша 1-4
1-4) басқарушы компания – кондоминиум объектісін басқарудың жасалған шартының немесе көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсететін кәсіпкерлік субъектісі;
Тармақша 1-5
1-5) бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезіндегі төлемдер – тұрғынжайды жалдау мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленетін және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарына берілетін төлемдер;
Тармақша 1-6
1-6) бірыңғай есеп айырысу орталығы – уәкілетті орган айқындайтын жұмыс істеу талаптары мен тәртібіне сәйкес келетін, бірыңғай төлем құжатын қалыптастыруды жүзеге асыратын және ақпараттық жүйелер негізінде коммуналдық көрсетілетін қызметтерді берушілер мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылар арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін заңды тұлғалар;
Тармақша 1-7
1-7) бірыңғай республикалық электрондық база – осы Заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдар тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;
Тармақша 1-8
1-8) бірыңғай төлем құжаты – қағаз жеткізгіште жасалған не электрондық нысанда қалыптастырылған, соның негізінде немесе көмегімен төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын, коммуналдық және қосымша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуді жүзеге асыру үшін жасалған құжат;
Тармақша 1-9
1-9) бюджеттік ұйымдар – мемлекеттік мекемелер және қазыналық кәсіпорындар;
Тармақша 1-10
1-10) ведомстволық тұрғын үй қоры – мемлекеттік мекемелердің балансында тұрған, лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалатын не мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарына лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде тұру үшін одан әрі жекешелендіру құқығынсыз, тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша беруге арналған қызметтік тұрғынжайлар;
Тармақша 2
2) дара (бөлек) меншік – азаматтардың, заңды тұлғалардың, мемлекеттің пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, орынтұрақ орнына, қоймаға меншігі; 3) дауыс беру – пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқаруға байланысты мәселелер бойынша шешім қабылдау үшін дауыстарды санау арқылы өз пікірлерін білдіретін рәсім;
Тармақша 4
4) жалдамалы үй – жеке немесе заңды тұлғаға меншік құқығымен тиесілі, пәтерлері жалдауға беруге арналған көппәтерлі тұрғын үй;
Тармақша 5
5) жалдауға беруші – тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайдың меншік иесі немесе тұрғын үйді жалдауға беруге меншік иесі уәкілеттік берген адам болып табылатын тарап;
Тармақша 6
6) жалдаушы – тұрғынжайды жалдау шартындағы тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін пайдалануға алушы тарап;
Тармақша 7
7) жатақхана - еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың, оқу кезеңінде студенттер (курсанттар, аспиранттар) мен оқушылардың, сондай-ақ жатақхананың меншік иесімен немесе иесімен еңбек шарты бар басқа да адамдардың тұруы үшін арнайы салынған немесе қайта жабдықталған тұрғын ғимарат;
Тармақша 7-1
7-1) жеке арнайы шот – тұрғын үй төлемдерін алушылар тұрғын үй төлемдерін есепке жатқызу және белгіленген мақсаттарға төлемдерді жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банкте ашатын ағымдағы банктік шот;
Тармақша 8
8) жеке тұрғын үй қоры - жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі тұрғынжай;
Тармақша 9
9) жер учаскесі - тұрғын үйге (тұрғын ғимаратқа) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітіліп берілген жер аумағы;
Тармақша 9-1
9-1) жинақтаушы жарналар – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген бөліктерін күрделі жөндеуге арналған ай сайынғы міндетті жарналары;
Тармақша 10
10) коммуналдық көрсетілетін қызметтер – тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқыс әкетуді, лифтілерге қызмет көрсетуді қамтитын қызметтер;
Тармақша 10-1
10-1) коммуналдық тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемеге бекітілген, жергілікті атқарушы органдардың қарауындағы тұрғын үйлер;
Тармақша 11
11) кондоминиум объектісі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан және дара (бөлек) меншікте болмайтын және пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне көппәтерлі тұрғын үй тұрған біртұтас бөлінбейтін жер учаскесін және (немесе) үй жанындағы жер учаскесін қоса алғанда, ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі ортақ мүліктен тұратын біртұтас мүліктік кешен;
Тармақша 12
12) кондоминиум объектісін басқару – пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз етуге, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін тиісінше күтіп-ұстауға, оны пайдалану тәртібін реттеуге, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынуды ұйымдастыруға бағытталған іс-шаралар кешені;
Тармақша 13
13) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар – кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстар сметасын есептеу әдістемесіне, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең аз мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жиналыс шешімімен белгіленген, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің міндетті жарналары;
Тармақша 14
14) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі – дара (бөлек) меншіктегі пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан, орынтұрақ орындарынан, қоймалардан басқа, кондоминиум объектісінің бөліктері (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, кіреберіс жерлердегі қорғауыштар (қалқалар), шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік);
Тармақша 15
15) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы жөндеу –мерзімінен бұрын тозуын болғызбау және ақауларын жою мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің нормативтік және техникалық құжаттамада белгіленген құрама бөліктері мен инженерлік жабдықтарын ауыстыру немесе қалпына келтіру жөніндегі уақтылы техникалық іс-шаралар мен жұмыстар кешені;
Тармақша 15-1
15-1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу – көппәтерлі тұрғын үйдің ресурсын қалпына келтіру мақсатында жүргізілетін, көппәтерлі тұрғын үйдің тозған конструкцияларын, бөлшектерін және инженерлік жабдықтарын жаңа немесе анағұрлым мықты және үнемді, жөнделетін объектілердің пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын түрлеріне ауыстыру жөніндегі іс-шаралар мен жұмыстар кешені;
Тармақша 15-2
15-2) алып тасталды – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 15-3
15-3) алып тасталды – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 15-4
15-4) кондоминиум объектісінің шектеулі пайдаланылатын ортақ мүлкі – кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің осы Заңда айқындалатын тәртіппен пәтер, тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма меншік иесінің немесе үшінші тұлғаның пайдалануына берілген бір бөлігі;
Тармақша 16
16) көпбалалы отбасы – құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жалпы орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы немесе кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы;
Тармақша 16-1
16-1) көппәтерлі тұрғын үй – ортақ үлестік меншік болып табылатын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінен және көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан жер учаскесіне не кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің өзге де бөліктеріне дербес шығатын жерлері бар екі және одан көп пәтерлерден, тұрғын емес үй-жайлардан тұратын, біртұтас бөлінбейтін жер учаскесінде біртұтас іргетасы бар жеке тұрған ғимарат; 16-2) алып тасталды – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 16-3
16-3) көппәтерлі тұрғын үйдің үй жанындағы жер учаскесі (бұдан әрі – үй жанындағы жер учаскесі) – көппәтерлі тұрғын үйге іргелес жатқан және абаттандыруға, көгалдандыруға, спорт, ойын алаңдарын, кірме жолдарды, орынтұрақтарды, тротуарларды, шағын сәулет нысандарын орналастыруға арналған жер учаскесі;
Тармақша 16-4
16-4) көппәтерлі тұрғын үй кеңесі (бұдан әрі – үй кеңесі) – пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қатарынан сайланатын кондоминиум объектісін алқалы басқару органы; 16-5) алып тасталды – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 16-6
16-6) көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігі (бұдан әрі – мүліктің меншік иелері бірлестігі) – коммерциялық емес ұйым болып табылатын, бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған, кондоминиум объектісін басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және оның сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға;
Тармақша 16-7
16-7) көппәтерлі тұрғын үй паркингі (бұдан әрі – паркинг) – автокөлік құралдарын қоюға арналған, орынтұрақ орындарынан тұратын тұрғын емес үй-жай;
Тармақша 16-8
16-8) көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) – кондоминиум объектісін басқаруға байланысты шешімдерді ұжымдық талқылауды және (немесе) қабылдауды қамтамасыз ететін кондоминиум объектісін басқарудың жоғары органы;
Тармақша 17
17) қайта жабдықтау - үй-жайдың (үй-жайлардың) тіршілікті қамтамасыз ету және пайдалану үшін қажетті өзінің функционалдық мақсатының өзгеруіне, технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықтардың ішкі жүйесін толық немесе ішінара ауыстыруға байланысты өзгертілуі;
Тармақша 18
18) қайта жоспарлау – пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың шекараларын өзгертумен ұштасқан осы пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың жоспарлануын өзгерту;
Тармақша 18-1
18-1) қойма – көппәтерлі тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасында көзделген, тұрғын емес үй-жай болып табылмайтын, өрт қауіпсіздігінің нормалары мен өзге де талаптарды сақтай отырып мүлікті сақтауға арналған, пәтерден тыс орналасқан, жиынтығында үйге ортақ инженерлік жүйелер, сондай-ақ жеке кіретін жері жоқ және дара (бөлек) меншіктегі орын;
Тармақша 19
19) қосымша жалдаушы – тұрғынжайды қосымша жалдау шартындағы тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін жалдаушыдан пайдалануға алатын тарап;
Тармақша 20
20) қызметтік тұрғынжай – мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан берілетін және еңбек қатынастарының сипатына қарай өз міндеттерін орындауы кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді ротациялау не оларды мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстыру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарын не Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатындарды қоныстандыруға арналған, айрықша құқықтық режимі бар тұрғынжай;
Тармақша 20-1
20-1) алып тасталды - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 21
21) қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үй – коммуналдық тұрғын үй қорынан мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, қызметкерлеріне, сондай-ақ мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан осы мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлеріне берілетін тұрғын үй;
Тармақша 21-1
21-1) мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қоры – мемлекеттік кәсіпорынның қарауындағы тұрғын үйлер;
Тармақша 21-2
21-2) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қоры – тұрғын үйлерді пайдалануға беру жөніндегі арнайы мемлекеттік мекемені қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің қарауындағы тұрғын үйлер;
Тармақша 21-3
21-3) мемлекеттік органды көшіру кезіндегі төлемдер – тұрғынжайды жалдау мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленетін және мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілерге берілетін төлемдер;
Тармақша 22
22) мемлекеттік тұрғын үй қоры – коммуналдық тұрғын үй қорына, мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорына не мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорына тиесілі және республикалық немесе коммуналдық мүлік құрамына кіретін тұрғынжайлар;
Тармақша 22-1
22-1) нысаналы жарналар – кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасында көзделмеген іс-шараларға ақы төлеу үшін пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің жарналары;
Тармақша 23
23) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, тарихи отанына келген және «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
Тармақша 23-1
23-1) орынтұрақ орны – паркингте (болған кезде гаражда) автокөлік құралын қоюға арналған, тұрғын емес үй-жай болып табылмайтын және дара (бөлек) меншіктегі орын;
Тармақша 23-2
23-2) орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналар – орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстау бойынша шығыстарды жабуға арналған ай сайынғы міндетті жарналары;
Тармақша 24
24) пәтер – көппәтерлі тұрғын үйдің бір бөлігі болып табылатын, тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын жеке тұрғынжай; 24-1) пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативі – кондоминиум объектісін басқарудың жасалған шартының немесе көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамасының негізінде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсету үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері құрған коммерциялық емес ұйым;
Тармақша 24-2
24-2) алып тасталды - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 24-3
24-3) ротациялық төлемдер – басқа елді мекенге ротацияланған мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленетін тұрғынжайды жалдау мақсатындағы төлемдер;
Тармақша 25
25) алынып тасталды - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 26
26) толық емес отбасы - балаларды (баланы) ата-ананың біреуі, оның ішінде ажырасқан ата-ана тәрбиелейтін отбасы;
Тармақша 27
27) тұрғын емес үй-жай – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қоспағанда, көппәтерлі тұрғын үйдегі құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сәйкес келетін, жоба сатысында көзделген, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, шекаралары қабырғалардың, еденнің және төбенің (қабатаралық жабындылардың) ішкі беттері болып табылатын, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарда (кеңсе, дүкен, кафе, қонақүй, хостел және халыққа қызмет көрсету саласының басқа да объектілері) пайдаланылатын және дара (бөлек) меншіктегі жеке ішкі кеңістік. Егер паркинг дара (бөлек) меншікте болса, ол тұрғын емес үй-жайға жатқызылады;
Тармақша 28
28) тұрғынжай – тұрақты тұруға арналған және соған пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін жеке тұрғын үй бірлігі (дара тұрғын үй, пәтер, жатақханадағы бөлме, модульдік (мобильді) тұрғын үй). Модульдік (мобильді) тұрғын үй деп арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұруына арналған және соған пайдаланылатын, жабық және оқшауланған әскери қалашықтарда, шекара бөлімшелерінде және өзге де жабық объектілерде орналасқан объект түсініледі;
Тармақша 29
29) тұрғынжайды жалдау (жалға алу) - жалдаушыға (жалға алушыға) тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін ақысын төлетіп тұрақты немесе уақытша иеленуге және пайдалануға беру;
Тармақша 30
30) тұрғынжайды жалдау шарты – оған сәйкес жалдауға беруші жалдаушыға тұрғынжайды немесе оның бір бөлігін ақы төлеп пайдалану құқығын беретін шарт;
Тармақша 31
31) тұрғынжайды жекешелендіру – осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын, азаматтардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғынжайларды меншігіне сатып алуы;
Тармақша 32
32) тұрғынжайды қосымша жалдау шарты – тараптар шарты, оған сәйкес қосымша жалдаушы тұрғынжайды не оның бір бөлігін ақы төлеп пайдалану құқығын алады;
Тармақша 33
33) тұрғынжайдың жалпы алаңы - тұрғынжайдың пайдалы алаңының және нормативтік-техникалық актілерге сәйкес төмендететін коэффициенттер қолданылып есептелетін балкондар (лоджиялар, дәліздер, террассалар) алаңдарының жиынтығы;
Тармақша 34
34) тұрғынжайдың құны - тұрғынжайдың мәміле жасалған күні айқындалатын нарықтық құны;
Тармақша 35
35) тұрғынжайдың пайдалы алаңы - тұрғынжайдың тұрғын алаңы мен тұрғын емес алаңының жиынтығы;
Тармақша 36
36) тұрғынжайдың тұрғын алаңы - тұрғынжайдағы (пәтердегі) тұрғын бөлмелердің (жатын бөлменің, мейманжайдың, балалар бөлмесінің, үйдегі кабинеттің және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңының жиынтығы;
Тармақша 37
37) тұрғынжайдың тұрғын емес алаңы - тұрғынжайдағы (пәтердегі) ішкі қосалқы бөлмелердің (ас үйдің, ванна бөлмесінің, дәретхананың, кіреберістің, дәліздің, пәтер қоймасының және сол сияқтылардың) шаршы метрмен есептелетін алаңының жиынтығы;
Тармақша 38
38) тұрғынжайды реквизициялау - төтенше оқиғалар жағдайында мемлекеттік органдардың шешімі бойынша алып қойған тұрғынжайдың құнын не Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де өтем түрлерін төлей отырып, меншік иесінен тұрғынжайды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп алып қою;
Тармақша 39
39) алып тасталды - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 40
40) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 270-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 40-1
40-1) тұрғын үйдің қалдық құны (бұдан әрі – қалдық құны) – тұрғын үйдің табиғи тозуын шегергендегі тұрғын үйдің бастапқы құны;
Тармақша 40-2
40-2) тұрғын үйдің табиғи тозуы – табиғи, климаттық және өзге де факторлар әсерінің нәтижесінде бастапқы техникалық-пайдаланушылық қасиеттерін (төзімділігін, орнықтылығын, беріктігін және басқаларды) жоғалту;
Тармақша 41
41) тұрғын үйдің (тұрғын ғимараттың) жалпы алаңы - бүкіл тұрғын үйдің жалпы алаңы мен бүкіл тұрғын емес үй-жайлар алаңының, сондай-ақ тұрғын үйдің ортақ мүлік болып табылатын бөліктері алаңының жиынтығы;
Тармақша 41-1
41-1) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары – бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды мемлекеттік қолдау үшін осы Заңда айқындалатын шаралар кешені;
Тармақша 42
42) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – тұрғын үй қоры, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлерді және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды бүкіл өмірлік циклінде күтіп-ұстауды қамтамасыз ететін, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын жасайтын ұйымдар жиынтығы;
Тармақша 43
43) тұрғын үй көмегі – аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) меншіктегі немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан алынған немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған жалғыз тұрғынжайды не оның бір бөлігін күтіп-ұстауға арналған шығыстар мен осы Заңда айқындалған тәртіппен жергілікті өкілді органдар осы мақсаттарға белгілеген аз қамтылған отбасылар (азаматтар) шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі арасындағы айырманы өтеу үшін жергілікті бюджеттен берілетін төлем;
Тармақша 43-1
43-1) тұрғын үй қоры – Қазақстан Республикасы аумағындағы барлық меншік нысанындағы тұрғынжайлар;
Тармақша 44
44) тұрғын үй-құрылыс кооперативі – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындағанға дейін әрекет ететін, көппәтерлі тұрғын үйді салу және кейіннен тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшелері арасында пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды енгізген пай жарналарының сомасына сәйкес бөлу мақсатындағы жеке тұлғалардың коммерциялық емес бірлестігі;
Тармақша 44-1
44-1) «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасы – осы Заңда айқындалған тәртіппен ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар туралы мәліметтерді қамтитын электрондық дерекқор;
Тармақша 44-2
44-2) тұрғын үй сертификаты – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде және осы Заңға сәйкес тұрғынжай сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны;
Тармақша 44-3
44-3) тұрғын үй төлемдері – тұрғын үй төлемдерін алушыларға қызметтік тұрғынжай берудің орнына, сондай-ақ осы Заңның 13-1-тарауында көзделген жағдайларда бюджет қаражаты есебінен арнаулы ақшалай қамтамасыз ету түрінде төленетін, өңірлер мен отбасы құрамы бойынша сараланған ақша; Тұрғын үй төлемдері ағымдағы және біржолғы тұрғын үй төлемдері, тұрғынжайды өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына берілетін ақшалай өтемақы (бұдан әрі – ақшалай өтемақы) болып бөлінеді. Ағымдағы тұрғын үй төлемдері деп ай сайынғы негізде жүзеге асырылатын төлемдер түсініледі. Біржолғы тұрғын үй төлемдері деп осы Заңның 101-1-бабының 4 немесе 5-тармағында және 101-9-бабының 2 және 4-тармақтарында көзделген біржолғы сипаттағы төлемдер, сондай-ақ 2025 жылғы 1 шілдеге дейін тұрғын үй төлемдерін алушыларға төленген біржолғы сипаттағы тұрғын үй төлемдері түсініледі. Ақшалай өтемақы деп осы Заңның 101-1-бабының 3-тармағында көзделген біржолғы сипаттағы төлем түсініледі;
Тармақша 44-4
44-4) тұрғын үй төлемдерін алушы – тұрғын үй төлемдері тағайындалған, тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдағы арнаулы мемлекеттік органның қызметкері және әскери қызметші (мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшіні, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшіні, курсантты, тыңдаушыны, кадетті, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті адамды қоспағанда), сондай-ақ құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының қызметкері (курсантты қоспағанда), сондай-ақ қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) аталған қызметкерлердің және әскери қызметшінің отбасы мүшелері;
Тармақша 45
45) уақытша тұрғындар - жалдаушы (тұрғынжайдың меншік иесі, қосымша жалдаушы) олардан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін ақы алмай, тұрғынжайда уақытша тұру құқығын берген азаматтар;
Тармақша 46
46) уәкілетті орган - тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 47
47) үйге ортақ инженерлік жүйелер – көппәтерлі тұрғын үйде пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың шегінен тыс жердегі немесе ішіндегі және екі және одан көп пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, орынтұрақ орнына, қоймаға қызмет көрсететін суық және ыстық сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, түтін жою, өрт дабылы, ішкі өртке қарсы су құбыры, жүк және жолаушы лифтілері (көтергіштер), қоқыс әкету, ауабаптау, желдету, жылуды реттеу және вакуумдау жүйелері, тогы әлсіз инженерлік жүйелер;
Тармақша 48
48) хостел – жеке тұлғалардың уақытша тұруына (болуына) арналған және пайдаланылатын, белгіленген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сай келетін, көппәтерлі тұрғын үйдегі жеке кірер тобы бар тұрғын емес үй-жай не жеке тұрған ғимарат (ғимараттың бір бөлігі);
Тармақша 48-1
48-1) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның электрондық сатып алу платформасы (бұдан әрі – электрондық платформа) – энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде электрондық сатып алуды жүргізуді қамтамасыз ететін, энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарт жасасу, сондай-ақ жобаларды іріктеу және мониторингтеу үшін қолжетімділік нүктесін қамтамасыз ету жөніндегі электрондық қызметтерді ұсынатын ақпараттық жүйе;
Тармақша 48-2
48-2) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы техникалық операторы (бұдан әрі – техникалық оператор) – мемлекет жарғылық капиталына жүз пайыз қатысатын заңды тұлға;
Тармақша 49
49) энергиялық тиімді көппәтерлі тұрғын үй – энергия, ресурс үнемдейтін және энергиялық тиімді технологиялар мен материалдар пайдаланып салынған, энергиялық тиімділік сыныптарының біріне сәйкес келетін көппәтерлі тұрғын үй;
Тармақша 50
50) алып тасталды - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 📌 Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.06.08 № 163-IV; өзгерістер енгізілді - 2011.06.27 № 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.07.22 № 478-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.01.06 № 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 N 553-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 10.01.2015 № 275-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2017 № 114-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2019 № 251-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 № 272-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 12-тармағы 2) тармақшасының алпыс сегізінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.05.2020 № 327-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.03.2023 № 214-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз ); 24.06.2025 № 196-VIII (30.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.02.2026 № 263-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.05.2026 № 291-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 3. 3-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры
3-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры жеке және мемлекеттік тұрғын үй қорларын қамтиды.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй қорына тұрғын үйлердегi тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар кiрмейдi.
Тармақ 2-1
2-1. Алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 3
3. Тұрғынжайдан айыруға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда соттың шешімімен ғана жол беріледі.
Тармақ 4
4. Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері болып табылатын спортшыларға көтермелеу түрінде тұрғын үйлерді меншігіне беру ерекшеліктері "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады. 📌 Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.06.08 № 163-IV; 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 2011.06.27 № 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.02.13 № 553-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2014 № 229-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 4. 4-бап. Пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды пайдалану
4-бап. Пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды пайдалану Пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды пайдалану олардың қирауына немесе бүлінуіне алып келмеуге, басқа пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар) меншік иелерінің тұру (болу) жағдайларын бұзбауға және құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сәйкес келуге тиіс. Ортақ пайдалануға арналған тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз етуге тиіс. 📌 Ескерту. 4-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20 № 13 (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді); 2007.07.06 № 276; 2009.06.08 № 163-IV; 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 5. 5-бап. Тұрғын үйдi бiрлесiп пайдалану
5-бап. Тұрғын үйдi бiрлесiп пайдалану 📌 Ескерту. 5-бап алып тасталды - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 6. 6-бап. Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау
6-бап. Кондоминиум объектісін басқару және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау 📌 Ескерту. 6-бап алып тасталды – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 7. 7-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттiк есепке алу
7-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттiк есепке алу Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттiк есепке алу, оның кiмге тиесiлi екенiне қарамастан, уәкілетті орган айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасы үшiн бiрыңғай жүйе бойынша жүзеге асырылады. 📌 Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 8. 8-бап. Тұрғын үй дауларын шешу
8-бап. Тұрғын үй дауларын шешу
Тармақ 1
1. Тұрғын үйге құқықтық қатынастардан туындайтын дауларды сот шешедi.
Тармақ 2
2. Азаматтарды және заңды тұлғаларды олардың тұратын тұрғын үй-жайларынан тек осы Заңда белгiленген негiздемелер бойынша, сот тәртiбiмен ғана шығаруға болады.
Бап 8-1. 8-1-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
8-1-бап. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Тармақ 2
2. Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің дербес деректерге, сондай-ақ қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратқа, мәліметтер мен құжаттарға қол жеткізе алатын жұмыскерлері оларды жоғалтқаны, бергені немесе өзге де заңсыз жария еткені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. 📌 Ескерту. 1-тарау 8-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерістер енгізілді - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 9. 9-бап. Шетелдiк заңды тұлғалардың, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың тұрғын үй қатынастарындағы құқықтары мен мiндеттерi
9-бап. Шетелдiк заңды тұлғалардың, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың тұрғын үй қатынастарындағы құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында шетелдiк заңды тұлғалар мен шетел азаматтары, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбеген болса, тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларымен және азаматтарымен бiрдей құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттердi мойнына алады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдар тұрғын үй қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтарымен тең құқықтарды пайдаланады және сондай мiндеттердi мойнына алады. 📌 Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 10. 10-бап. Халықаралық шарттар
10-бап. Халықаралық шарттар Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарындағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Тарау 1-1. 1-1-тарау. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы реттеу
1-1-тарау. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы реттеу 📌 Ескерту. 1-1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Ескерту. 1-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2009.06.08 N 163-IV Заңымен.
Бап 10-1. 10-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
10-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі:
Тармақша 1
1) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 3
3) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 4
4) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 5
5) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 6
6) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 6-1
6-1) мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібін айқындайды;
Тармақша 6-2
6-2) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 7
7) алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 8
8) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы техникалық операторын айқындайды. 📌 Ескерту. 10-1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.06.27 № 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 10-2. 10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті
10-2-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 1-1
1-1) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 1-2
1-2) осы Заңда көзделген функцияларды іске асыру кезінде ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкін үйлестіруді және оған әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 1-3
1-3) бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тізімдеріне мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 3
3) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 5
5) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасын қолдану мәселелері бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек көрсетеді;
Тармақша 7
7) тұрғын үй қорының жай-күйіне мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 8
8) алынып тасталды - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 9
9) кондоминиум объектісін басқару жөніндегі шешімдерді қабылдау қағидаларын, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналысы хаттамаларының үлгілік нысандарын және кондоминиум объектісін басқару жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептердің нысандарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 9-1
9-1) тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекітеді;
Тармақша 9-2
9-2) алып тасталды - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 10
10) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 10-1
10-1) алып тасталды - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 10-2
10-2) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-3
10-3) алып тасталды - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi);
Тармақша 10-4
10-4) кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесін, сондай-ақ кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-5
10-5) тұрғын үй инспекциясы туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-6
10-6) алып тасталды - ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақша 10-7
10-7) алып тасталды - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 10-8
10-8) тұрғын үй көмегін көрсету мониторингін жүзеге асырады;
Тармақша 10-9
10-9) тұрғын үй қорын басқарудың қазіргі заманғы әдістерін енгізуді әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
Тармақша 10-10
10-10) кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-11
10-11) мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі мен коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдар арасындағы ынтымақтастықтың үлгілік шарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-12
10-12) Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-13
10-13) тұрғын үйлерге қойылатын техникалық талаптарды бекітеді;
Тармақша 10-14
10-14) алып тасталды - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 10-15
10-15) коммуналдық көрсетілетін қызметтер тізбесін, бірыңғай төлем құжатына қойылатын талаптарды және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-16
10-16) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қызметін ұйымдастыру және тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің пай жарналарын төлеу қағидаларын және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартының үлгілік нысанын, сондай-ақ тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үлгілік жарғысын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-17
10-17) көппәтерлі тұрғын үй мүлкінің меншік иелері бірлестігінің үлгілік жарғысын және пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативінің үлгілік жарғысын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-18
10-18) жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-19
10-19) елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде тексеру парақтарын және тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-20
10-20) алып тасталды – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 10-21
10-21) тұрғынжайды жалдаудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-22
10-22) кәсіптік стандарттарды, салалық біліктілік шеңберлерін, кадрлар даярлаудың білім беру бағдарламаларын әзірлеуге, кондоминиум объектісін басқару жөніндегі мамандарды сертификаттау, олардың біліктілігін растау және арттыру жүйесін құруға қатысады;
Тармақша 10-23
10-23) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-24
10-24) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-25
10-25) кондоминиум объектісін басқарудың үлгілік шартын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-26
10-26) алып тасталды – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 10-27
10-27) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес біржолғы зейнетақы төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-28
10-28) тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару үшін уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-29
10-29) ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғынжай салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-30
10-30) ауылда, кентте, ауылдық округте жалға берілетін тұрғынжай салған жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 10-31
10-31) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-32
10-32) Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-33
10-33) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-34
10-34) тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-35
10-35) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалға алу ақысының бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 10-36
10-36) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау тәртібін әзірлейді және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді;
Тармақша 10-37
10-37) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-38
10-38) тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында ипотекалық тұрғын үй қарыздарын одан әрі беру үшін эмитент шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 10-39
10-39) көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыға қойылатын біліктілік талаптарын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-40
10-40) кондоминиум объектісін басқару нысандары мен кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлер тізілімін және кондоминиум объектісін басқару субъектілері мен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылар тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-41
10-41) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобаларының үлгілік конкурстық құжаттамасын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-42
10-42) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды жоспарлау, іріктеу, келісу, жобалау, салу және (немесе) пайдалану процестерін мониторингтеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 10-43
10-43) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін белгілейді;
Тармақша 10-44
10-44) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығын айқындайды;
Тармақша 11
11) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 10-2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 № 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2011.06.27 № 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.04.2019 № 243-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.06.2025 № 196-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 10-3. 10-3-бап. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті
10-3-бап. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті
Тармақ 1
1. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi өкiлдi органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктердi жүзеге асырады, сондай-ақ республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшерлеріндегі, кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін бекiтедi.
Тармақ 2
2. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары:
Тармақша 1
1) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын іске асырады;
Тармақша 2
2) тұрғын үй қорын сақтау және тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 4
4) елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 5
5) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі құрамына енгізілмеген ортақ пайдаланылатын жерді жергілікті бюджет қаражаты есебінен күтіп-ұстау жөніндегі шараларды қолданады; 6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін түгендеу тізбесін жасай отырып, жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жүргізуді, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйге және үй жанындағы жер учаскесіне жылжымайтын мүлік объектісінің кадастрлық паспортын дайындауды (қалпына келтіруді), оның ішінде: жиналыстың шешімі бойынша пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінен; мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасынан; кондоминиум объектісін басқару субъектісінен тиісті өтініштің түсуі негізінде қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар ұсынады;
Тармақша 8
8) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
Тармақша 9
9) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлердегі лифтілерді жөндеу мен ауыстыруды ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
Тармақша 10
10) жергілікті бюджет қаражаты болған кезде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеуді ұйымдастыруды және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы;
Тармақша 11
11) елді мекенге бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің көппәтерлі тұрғын үйде лифтілерді жөндеуге және ауыстыруға, күрделі жөндеуге байланысты ақшаны қайтаруын қамтамасыз ету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 12
12) жергілікті бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй көмегін көрсетеді;
Тармақша 13
13) осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды беруді жүзеге асырады;
Тармақша 14
14) осы Заңда айқындалған шарттарда және тәртіппен мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды жекешелендіруді жүзеге асырады;
Тармақша 15
15) тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шарттарын тіркейді;
Тармақша 16
16) коммуналдық көрсетілетін қызметтер тізбесіне және коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларына сәйкес коммуналдық көрсетілетін қызметтер ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 16-1
16-1) ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес қорытынды мәліметтерді толтыра отырып, тұрғын үй қорына түгендеу жүргізуді қамтамасыз етеді және пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерді есепке алуды жүзеге асырады;
Тармақша 16-2
16-2) бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тізімдеріне тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 16-3
16-3) тұрғынжайға мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну үшін ақпараттық, консультациялық, әдістемелік көмек көрсетеді;
Тармақша 17
17) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 10-3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.04.2019 № 243-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.04.2023 № 221-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2024 № 71-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 10-4. 10-4-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті
10-4-бап. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құзыреті 📌 Ескерту. 10-4-бап алып тасталды - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 10-5. 10-5-бап. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту орталығы
10-5-бап. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту орталығы 📌 Ескерту. 10-5-бап алып тасталды - ҚР 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 10-6. 10-6-бап. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері мен субъектілері
10-6-бап. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері мен субъектілері
Тармақ 1
1. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар, ақпараттық жүйелер тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері болып табылады.
Тармақ 2
2. Уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар, табиғи монополиялар субъектілері, мүліктің меншік иелерінің бірлестіктері, кондоминиум объектісін басқару субъектілері, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері және өзге де субъектілер тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру субъектілері (қатысушылар) болып табылады.
Тармақ 2-1
2-1. Тұтынушыларды қоспағанда, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру субъектілері (қатысушылары) бірыңғай есеп айырысу орталығы қалыптастырған деректерді қоса алғанда, деректерді техникалық операторға береді.
Тармақ 3
3. Алып тасталды – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 📌 Ескерту. Заң 10-6-баппен толықтырылды - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 03.01.2022 № 101-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 10-7. 10-7-бап. Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі
10-7-бап. Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі
Тармақ 1
1. Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға болып табылады.
Тармақ 2
2. Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі:
Тармақша 1
1) бірыңғай республикалық электрондық базаны жүргізуді және жаңартып отыруды;
Тармақша 2
2) «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасын қалыптастыруды, жүргізуді және жаңартып отыруды;
Тармақша 3
3) осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруды;
Тармақша 4
4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 1-1-тарау 10-7-баппен толықтырылды - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 10-8. 10-8-бап. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары
10-8-бап. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары
Тармақ 1
1. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларына:
Тармақша 1
1) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды беру;
Тармақша 2
2) жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжай үшін жалдау ақысының бір бөлігін субсидиялау;
Тармақша 3
3) тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы жүйесі арқылы жеңілдікті ипотекалық тұрғын үй қарыздарын беру;
Тармақша 4
4) тұрғын үй сертификаттарын беру жатады.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын жергілікті атқарушы органдар іске асырады. 📌 Ескерту. 1-1-тарау 10-8-баппен толықтырылды - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 10-9. 10-9-бап. Елді мекендер шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылау және елді мекендер шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау
10-9-бап. Елді мекендер шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылау және елді мекендер шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау
Тармақ 1
1. Тұрғын үй инспекциясының лауазымды адамдары елді мекендер шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі бақылау субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексерулер мен бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу жолымен жүзеге асырылады. Елді мекендер шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде бақылау және қадағалау субъектілеріне қатысты қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау және қадағалау тұрғын үй инспекциясы лауазымды адамдарының «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тексерулер жүргізуі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Мыналар:
Тармақша 1
1) мүліктің меншік иелері бірлестігі;
Тармақша 2
2) кондоминиум объектісін басқару субъектілері мемлекеттік бақылау және қадағалау субъектілері болып табылады.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй инспекциясы:
Тармақша 1
1) көппәтерлі тұрғын үйді мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің тізбесін, оған күрделі жөндеу жүргізудің кезеңдері мен кезектілігін айқындау;
Тармақша 3
3) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу;
Тармақша 4
4) уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау;
Тармақша 5
5) кондоминиум объектісін басқару нысандары мен кондоминиум объектісін басқару субъектілері бойынша көппәтерлі тұрғын үйлердің тізілімін жүргізу;
Тармақша 6
6) кондоминиум объектісін басқару субъектілері мен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылардың тізілімін жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында орналастыра отырып, осындай тізілімді жүргізу;
Тармақша 7
7) осы Заңды және кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қағидаларды бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы міндетті нұсқамалар (ұсынулар) шығару және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асырады. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын тұрғын үй инспекциясының лауазымды адамдары:
Тармақша 1
1) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері өтініш жасаған кезде белгіленген мерзімдерде кондоминиум объектісін басқару жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептерді ұсыну;
Тармақша 2
2) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері өтініш жасаған кезде белгіленген мерзімдерде осы Заңның талаптарына сәйкес екінші деңгейдегі банктерде ақшаны кондоминиум объектісін басқаруға аудару үшін ағымдағы шот (ағымдағы шот) және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға арналған жинақ шотын (жинақ шотын) ашу;
Тармақша 3
3) инженерлік желілер мен жабдықтарды жылыту маусымына дайындау, лифтілер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған көтергіштерді, түтін жою, өрт дабылы, ішкі өртке қарсы су құбыры жүйелерін тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) кондоминиум объектісін басқару жөніндегі шарттардың болуы;
Тармақша 5
5) кондоминиум объектілерін тіркеудің болуы;
Тармақша 6
6) кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жиналыс хаттамасымен бекітілген жылдық сметасының болуы;
Тармақша 7
7) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін түгендеу тізбесінің негізінде кондоминиум объектісін қарап-тексерудің жыл сайынғы актісін жүргізуді растайтын құжаттардың болуы;
Тармақша 8
8) жертөле үй-жайларды, паркингтерді және ортақ пайдаланылатын басқа да орындарды дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жұмыстарының орындалғанын растайтын құжаттардың болуы;
Тармақша 9
9) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің бөліктерін (қасбеттер, кіреберістер, вестибюльдер, холлдар, дәліздер, баспалдақ марштары мен баспалдақ алаңдары, лифтілер, шатырлар, кіреберіс жердегі қорғауыштар (қалқалар), шатырастылар, техникалық қабаттар, жертөлелер, үйге ортақ инженерлік жүйелер мен жабдықтар, абоненттік пошта жәшіктері, көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі және (немесе) үй жанындағы жер учаскесі, абаттандыру элементтері және ортақ пайдаланылатын басқа да мүлік) пайдалану (жарамды) күйінде ұстау;
Тармақша 10
10) мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағасының, үй кеңесінің және ревизиялық комиссияның (ревизордың) өкілеттіктерінің мерзімдерін сақтау;
Тармақша 11
11) жиналыстар хаттамаларының көппәтерлі тұрғын үй пәтерлері, тұрғын емес үй-жайлары меншік иелерінің жиналыстары хаттамаларының үлгілік нысандарына сәйкес келуі;
Тармақша 12
12) мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін кедергісіз ортаның болуы;
Тармақша 13
13) кондоминиум объектісін басқару субъектісінде, көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыда кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға біліктілігін растайтын құжаттың болуы жөніндегі талаптардың сақталуына бақылау жүргізеді.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй инспекциясының өкілеттіктеріне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге мәселелер де кіреді.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй инспекциясының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған тәртіппен шағым жасалуы мүмкін. 📌 Ескерту. 1-1-тарау 10-9-баппен толықтырылды – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 10-10. 10-10-бап. Техникалық оператордың құзыреті
10-10-бап. Техникалық оператордың құзыреті
Тармақ 1
1. Техникалық оператор:
Тармақша 1
1) тиісті салаларда мемлекеттік реттеуді және басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және жергілікті атқарушы органдардың ұсыныстары негізінде энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға және салуға қатысатын табиғи монополиялар субъектілерінің тізбесін бірлесіп қалыптастырады;
Тармақша 2
2) энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға және салуға қатысатын жобалар бойынша табиғи монополиялар субъектілері мен жергілікті атқарушы органдардың жобалауға арналған алдын ала өтінімдері мен тапсырмаларын қарайды;
Тармақша 3
3) сумен жабдықтау және су бұру, жылу және электр энергиясын өндіру, беру жүйесінің энергетикалық және коммуналдық секторларын жаңғыртуға бағытталған техникалық-технологиялық шешімдердің сараптамасын жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) жобаларды энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жобалау, салу және (немесе) пайдалану, оның ішінде энергия үнемдеу кезеңдерінде іске асыруды мониторингтеуді жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдерін қолдану және жаңа өндірістерді орналастыру және жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мәселелерін мониторингтеу мен үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес деректерді «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық платформасына береді;
Тармақша 7
7) бірыңғай төлем құжатын қолдануды ұйымдастырады;
Тармақша 8
8) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы алынған электрондық ақпараттық ресурстар мен деректерді орталықтандырылған жинауды, талдауды, сақтауды, олардың сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында, оның ішінде сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында ақпараттық жүйелерді құруды және қолдап отыруды ұйымдастырады. 📌 Ескерту. 1-1-тарау 10-10-баппен толықтырылды - ҚР 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 10-11. 10-11-бап. Электрондық платформа әкімшісі
10-11-бап. Электрондық платформа әкімшісі
Тармақ 1
1. Электрондық платформа әкімшісі:
Тармақша 1
1) электрондық платформаны дамытуды, қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) электрондық платформаның жұмыс істеуі мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
Тармақша 3
3) электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
Тармақша 4
4) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін, мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды интеграциялау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды;
Тармақша 5
5) уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді енгізу және қайтару процесін операциялық қолдап отыруды қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) жоспарланатын және іске асырылатын жобаларды ақпараттық қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Тармақ 2
2. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу, қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен электрондық платформаның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық платформада жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Электрондық платформа әкімшісін уәкілетті орган айқындайды. 📌 Ескерту. 1-1-тарау 10-11-баппен толықтырылды - ҚР 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 10-12. 10-12-бап. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жобаларды жоспарлау мен іске асырудың негізгі ережелері, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу, қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу қағидаттары
10-12-бап. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жобаларды жоспарлау мен іске асырудың негізгі ережелері, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу, қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу қағидаттары
Тармақ 1
1. Табиғи монополиялар субъектісі энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жобаларды іске асыруды уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру:
Тармақша 1
1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны, оның ішінде сатып алынатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бағасы мен сапасының арақатынасын қамтамасыз ету арқылы оңтайлы және тиімді жұмсау;
Тармақша 2
2) жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесінің ашықтығы мен бүкпесіздігі;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік саясат туралы заңнамасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылатын қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу жағдайларынан басқа, әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңдік конкурс негізінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
Тармақша 4
4) қазақстандық тауарлар өндірушілерге, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық берушілерге қолдау көрсету;
Тармақша 5
5) «толық бітіріп берілетін» құрылыс туралы шарт жасаса отырып, екі кезеңдік конкурстың міндеттілігі қағидаттарына негізделеді.
Тармақ 3
3. Әлеуетті өнім беруші, өнім беруші, тапсырыс беруші, электрондық платформа әкімшісі, техникалық оператор, даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі шаралар шеңберінде құрылған ұлттық басқарушы холдинг, уәкілетті орган, қазақстандық тауар өндірушілер сатып алу субъектілері болып табылады
Тармақ 4
4. Энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және салу жобалары үшін мердігерлерді іріктеу, конкурстық құжаттаманы бекітудің тәртібі мен өлшемшарттары бәсекелестікті қорғау және дамыту жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру, жобалар мен өнім берушілерді іріктеу, шарттар жасасу қағидаларында айқындалады.
Тармақ 5
5. Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қазақстандық тауар өндірушілерден тауарларды сатып алу және офтейк-келісімшарттар жасасу қағидаларын өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. 📌 Ескерту. 1-1-тарау 10-12-баппен толықтырылды - ҚР 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 10-13. 10-13-бап. Сумен жабдықтауды және су бұруды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі
10-13-бап. Сумен жабдықтауды және су бұруды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі
Тармақ 1
1. Орталықтандырылған және жергілікті сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде сумен жабдықтауды, сондай-ақ сарқынды суларды бұруды қамтамасыз ету процесінде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар сумен жабдықтаудың және су бұрудың сапасы мен көлемі, жабдықтың, сумен жабдықтау, су бұру желілерінің және қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын өзге де мүліктің жай-күйі, көрсетілген мүлікті жаңғырту, жөндеу, реконструкциялау, ауыстыру жөніндегі шаралар, су ысырабын азайту жөніндегі шаралар туралы ақпаратты сумен жабдықтауды және су бұруды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы береді.
Тармақ 2
2. Суды өндіру, беру және сумен жабдықтау процесіне қатысатын сумен жабдықтау және су бұру объектілерін есепке алу аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінде суды есепке алу аспаптарын таңдау, монтаждау және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Сумен жабдықтауды және су бұруды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің міндеттері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласының жай-күйі мен оны дамытудың болжамы туралы ақпаратты жинау, өңдеу;
Тармақша 2
2) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласын дамытудың болжамын қалыптастыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) сумен жабдықтауды және су бұруды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен сумен жабдықтауды және су бұруды басқарудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін ұйымдастыру, қалыптастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларында мыналар:
Тармақша 1
1) деректерді жинау, өңдеу, мониторингтеу және талдау тәртібі;
Тармақша 2
2) ақпараттандыру объектілеріне қойылатын талаптар;
Тармақша 3
3) су ресурстарын есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің аппараттық-бағдарламалық кешендеріне қойылатын талаптар;
Тармақша 4
4) технологиялық процесті басқарудың автоматтандырылған жүйелеріне қойылатын талаптар;
Тармақша 5
5) автоматтандырылған есепке алу жүйесінің жұмыс істеуі үшін серверлік жабдыққа және операциялық жүйеге қойылатын техникалық талаптар;
Тармақша 6
6) су ресурстарын есепке алудың ақпараттық жүйесінде ақпаратты беру технологиясына қойылатын талаптар;
Тармақша 7
7) суды есепке алуды жүзеге асыратын және есепке алу аспаптарын қосу мүмкіндігін қамтамасыз ететін өлшеу құралдарына, өзге де жабдықтарға және материалдық емес активтерге қойылатын талаптар да айқындалады.
Тармақ 5
5. Сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласындағы субъектілер өздерінің суды есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің аппараттық-бағдарламалық кешендеріне қолжетімділік беруге және оларды сумен жабдықтауды және су бұруды басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесімен интеграциялауға міндетті. 📌 Ескерту. 1-1-тарау 10-13-баппен толықтырылды - ҚР 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бөлім 2. 2 БӨЛIМ
2 БӨЛIМ
Тарау 2. 2-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ЖЕКЕ МЕНШIК ҚҰҚЫҒЫН АЛУ
2-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ЖЕКЕ МЕНШIК ҚҰҚЫҒЫН АЛУ
Бап 11. 11-бап. Тұрғын үйдi сатып алу құқығы
11-бап. Тұрғын үйдi сатып алу құқығы
Тармақ 1
1. Азамат немесе заңды тұлға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы аумағының қай жерiнде тұратынына қарамастан, жеке меншiгiне заңды түрде тұрғын үй сатып ала алады.
Тармақ 2
2. Бiр азаматтың немесе заңды тұлғаның меншiгiндегi тұрғын үйлердiң саны мен көлемiне шек қойылмайды.
Тармақ 3
3. Тұрғын үйге меншiк құқығын алуға немесе жүзеге асыруға байланысты қатынастар да Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасымен реттеледi. 📌 Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2009.06.08 N 163-IV, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 12. 12-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығы пайда болуының негiздерi
12-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығы пайда болуының негiздерi Тұрғын үйге немесе оның бiр бөлiгiне меншiк құқығы мынадай негiздер бойынша:
Тармақша 1
1) үй (үйдiң бiр бөлiгiн) салу;
Тармақша 2
2) сатып алу-сату, айырбастау, сыйға тарту, өмiр бойы күтiп ұстау шартымен, алып қою мәмiлелерi мен Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасасу;
Тармақша 3
3) тұрғын үйдi мұраға немесе құқықтың әмбебап түрде ауысуы ретiмен алу;
Тармақша 4
4) жалға алушының мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген өзi тұратын тұрғынжайды немесе тұрғын үй-жайды (пәтерді) жекешелендiру (сатып алу немесе өтеусіз беру) жолымен меншiгiне алуы;
Тармақша 5
5) тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшесiнiң пайдалануға берілген көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерді тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартына сәйкес тапсыру актісі бойынша қабылдауы;
Тармақша 6
6) шарттық мiндеттеме, соның iшiнде азаматтың үй салуға өз қаражатымен немесе еңбегiмен қатысуы туралы шарт негiзiнде тұрғын үй-жайды меншiкке беру;
Тармақша 7
7) заңды тұлғалардың мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйдi сату не тегiн беру жолымен өз қызметкерiнiң немесе өзге азаматтың меншiгiне беруi;
Тармақша 8
8) мемлекеттiң немесе заңды тұлғаның мемлекеттiк меншiк нысанына негiзделген тұрғын үйдi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттармен өзқызметкерiнiң не өзге адамның меншiгiне беруi;
Тармақша 9
9) жеке меншiкте болған тұрғынжайдың бұзылуы не күштеп алынуы салдарынан немесе тұрғынжай Қазақстан Республикасының аумағындағы экологиялық зілзалалардың, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарынан тұруға жарамсыз болған жағдайда тұрғынжайдан айырылудың өтемi ретiнде тұрғынжай беру;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған басқа да негiздер бойынша пайда болады. 📌 Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 13. 13-бап. Жалдаушының мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұратын тұрғын үйiне жекешелендiру тәртiбiмен меншiк құқығын алуы
13-бап. Жалдаушының мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұратын тұрғын үйiне жекешелендiру тәртiбiмен меншiк құқығын алуы
Тармақ 1
1. Осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалдаушы кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен және кәмелетке толмағандардың құқықтарын ескере отырып, тұрғын үйдi осы Заңда көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртiппен қалдық құны бойынша жекешелендiруге құқылы. Жалдаушының отбасы мүшелерiнің ауқымы осы Заңның 21-бабына сәйкес айқындалады. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің (курсантты және (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) және әскери қызметшінің (мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшіні, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшіні, курсант пен кадетті, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті адамды қоспағанда), оның ішінде қызметтен шығарылған адамның отбасы мүшелерінің тобы осы Заңның 101-10-бабына сәйкес айқындалады.
Тармақ 2
2. Жекешелендiрiлген тұрғын үй жалдаушының және онымен тұрақты бiрге тұратын барлық отбасы мүшелерiнiң, оның iшiнде уақытша тұрмайтындарының, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ортақ бiрлескен меншiгiне өтедi.
Тармақ 3
3. Ортақ бiрлескен меншiктегi тұрғын үйдiң иеліктен шығарылуына барлық меншiк иелерiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi. Егер мәмiле тұрғын үйдiң меншiк иелерi болып табылатын кәмелетке толмағандардың мүдделерiн қозғайтын болса, қорғаншы және қамқоршы органның келiсiмi талап етiледi.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген қызметтік тұрғын үйлер осы Заңның 109-бабының 2, 2-1 немесе 2-2-тармақтарында көзделген негіз бойынша жекешелендірілуі мүмкін.
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілген, қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлер осы Заңның 101-бабының 3, 4 немесе 4-1-тармақтарында көзделген негіз бойынша жекешелендiрiлуi мүмкiн.
Тармақ 6
6. Бiрнеше жалдаушы тұратын тұрғын үйдi барлық жалдаушылардың және олардың кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен ғана жекешелендiруге болады. Бұл жағдайда тұрғын үй барлық жалдаушылардың ортақ үлестiк меншiгiне өтедi.
Тармақ 7
7. Мыналар:
Тармақша 1
1) олардың бірі сатып алуды жүзеге асыруға келіспеген жағдайда, жекелеген жалдау шарттарына сәйкес бірнеше жалдаушыға жалға берілетін;
Тармақша 1-1
1-1) алып тасталды - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 2
2) уақытша құрылыстардағы;
Тармақша 3
3) белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмейтін;
Тармақша 4
4) одан әрі тұруға жарамсыз болуына байланысты тұрғын емес үй-жайлар етіп қайта жабдықталуға тиіс;
Тармақша 5
5) жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара бөлімшелерінің және өзге де жабық объектiлердің аумағында орналасқан;
Тармақша 5-1
5-1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің аумағында орналасқан;
Тармақша 6
6) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда орналасқан;
Тармақша 7
7) бұзылуға тиіс;
Тармақша 8
8) алып тасталды - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
Тармақша 8-1
8-1) лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалған не мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарына лауазымдық міндеттерін атқару кезеңіне ведомстволық тұрғынжай қорынан берілген тұрғынжайларды жекешелендіруге болмайды.
Тармақша 9
9) алып тасталды - ҚР 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдарға, оқу кезеңінде студенттерге (курсанттарға, кадеттерге, тыңдаушыларға, аспиранттарға) және оқушыларға берілген төсектік үлгідегі, сондай-ақ бөлмелік үлгідегі тұрғын үй-жайлар да жекешелендіруге жатпайды.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан өздері тұратын тұрғын үйлерді меншігіне тегін алуға:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері құқылы. Тұрғын үй берілген Ұлы Отан соғысының ардагері қайтыс болған жағдайда, оны тегін алу құқығы оның отбасы мүшелеріне өтеді;
Тармақша 2
2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 3
3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, басқа да радиациялық апаттар мен азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегі авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен оқу-жаттығуларға тікелей қатысқан адамдар;
Тармақша 4
4) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
Тармақша 5
5) бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа кезеңдерде орындау кезінде немесе майданда болуға байланысты ауруға шалдығуы салдарынан, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттерде әскери қызметін өткеру кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан болған мүгедектігі бар адамдар деп танылған әскери қызметшілер;
Тармақша 6
6) Арал маңындағы экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтары;
Тармақша 7
7) мыналар: еңбек сiңiрген жылдары күнтiзбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған; еңбек сіңірген жылдары күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл болған және жасына қарамастан мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды), оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адамды (мүгедектігі бар адамдарды) асырап-бағып отырған әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ әскери қызметтен немесе құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар. Әскери қызметтен немесе құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен шығарылған, осы тармақшаның бірінші бөлігінде аталған, тұрғынжай берілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оны өтеусіз жекешелендіру құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді;
Тармақша 7-1
7-1) өз-өзіне қол жұмсау (өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу жағдайларын қоспағанда), қылмыстық құқық бұзушылық жасау, алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уытқұмарлық масаң күйді туғызатын заттарды (сол тектестерді) медициналық емес мақсатта тұтыну салдарынан қаза тапқанды (қайтыс болғанды) қоспағанда, еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшінің, құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің отбасы мүшелері;
Тармақша 8
8) ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер құқылы. Тұрғын үй берілген ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оны өтеусіз алу құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның мұрагерлеріне ауысады;
Тармақша 9
9) саяси қуғын-сүргiндер құрбандары, сондай-ақ "Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақталған, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккен адамдар құқылы.
Тармақша 10
10) алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 9
9. Азаматтың тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырудан бас тартуы үшін негіз болып табылмайтын тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан бір тұрғынжайды ғана жекешелендіруге құқылы. Негізгі жалдаушының отбасы мүшесінің бұрын жекешелендірілген тұрғынжайда елу пайыз немесе елу пайыздан кем үлесінің болуы кейіннен оның мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асыруына кедергі болмайды.
Тармақ 10
10. Егер Қазақстан Республикасының азаматтары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында өзге тұрғынжайы болса, бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлесінің болуы есепке алынбайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша міндеттемесі болса;
Тармақша 3
3) жекешелендіруге өтініш берген кезге дейін соңғы бес жыл ішінде өздеріне меншік құқығында тиесілі болған тұрғынжайды иеліктен шығарса;
Тармақша 4
4) біржолғы тұрғын үй төлемдерін, ақшалай өтемақы алса немесе тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу міндеттемелерін орындаса, олар мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жекешелендіре алмайды. 📌 Ескерту. 13-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.06 № 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 N 553-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2019 № 251-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2020 № 323-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2025 № 196-VIII (30.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2026 № 291-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 14. 14-бап. Тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативi мүшесiнiң пай жарнасының бүкiл сомасын төлеуi
14-бап. Тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативi мүшесiнiң пай жарнасының бүкiл сомасын төлеуi 📌 Ескерту. 14-бап алып тасталды - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 14-1. 14-1-бап. Тұрғын үй сертификаттарын алу құқығын іске асыру
14-1-бап. Тұрғын үй сертификаттарын алу құқығын іске асыру
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып тұрғынжайды меншігіне сатып алу немесе осы Заңға сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдар тұрғын үй сертификаттарын береді.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін жергілікті өкілді органдар (мәслихаттар) айқындайды. 📌 Ескерту. Заң 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.04.2019 № 243-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 15. 15-бап. Жер учаскелерiнiң мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына байланысты тұрғын үй бұзылған жағдайда меншiкке тұрғын үй беру
15-бап. Жер учаскелерiнiң мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына байланысты тұрғын үй бұзылған жағдайда меншiкке тұрғын үй беру 📌 Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Жер учаскелерiнiң мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына байланысты тұрғын үй бұзылған жағдайда меншiк иесiне оның тұрғын үйi бұзылғанға дейiн өз таңдауы бойынша меншiгiне жайлы тұрғын үй берiледi немесе тұрғын үйдiң нарықтық құны мөлшерiнде өтемақы төленедi.
Тармақ 2
2. Егер берiлетiн тұрғын үйдiң құны бұзылатын тұрғын үйдiң құнынан артық болса, олардың құнындағы айырма меншiк иесiнен алынбайды.
Тармақ 3
3. Егер бұзылатын тұрғын үйдiң құны берiлетiн тұрғын үйдiң құнынан артық болса, олардың құнындағы айырма меншiк иесiне өтеледi. 📌 Ескерту. 15-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 16. 16-бап. Тұрғын үйге ортақ меншiк құқығы
16-бап. Тұрғын үйге ортақ меншiк құқығы
Тармақ 1
1. Тұрғын үйдi бiрлесiп салған, азаматтық-құқықтық мәмiлелер жолымен немесе мұраға алған жағдайда және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн басқа жағдайларда екi немесе одан көп азаматтар тұрғын үйге ортақ меншiк құқығына ие бола алады.
Тармақ 2
2. Бiрнеше адамның меншiгiндегi тұрғын үй оларға ортақ бiрлескен меншiк құқығымен:
Тармақша 1
1) ерлi-зайыптылардың ортақ меншiгi;
Тармақша 2
2) жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ меншiк түрiнде тиесiлi болады.
Тармақ 3
3. Ортақ меншiктегi тұрғын үйдiң меншiк иелерi арасында Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне белгiленген тәртiппен бөлiнуi мүмкiн.
Тармақ 4
4. Ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiк құқығының ерекшелiктерi неке және отбасы туралы заңдармен белгiленедi.
Тармақ 5
5. Жекешелендiрiлген тұрғын үйге ортақ бiрлескен меншiк құқығының ерекшелiктерi осы Заңмен белгiленедi. 📌 Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 17. 17-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығын тiркеу
17-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығын тiркеу Тұрғын үйге меншiк құқығы ол тiркеу органында тiркелген кезден бастап пайда болады. Тiркеу тиiстi тәртiппен ресiмделген, осы Заңның 12-бабында көзделген негiздер бойынша тұрғын үй алынғандығын растайтын құжаттар көрсетiлген жағдайда жүргiзiледi.
Тарау 3. 3-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ЖЕКЕ МЕНШIК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫ
3-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ЖЕКЕ МЕНШIК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ШАРТТАРЫ
Бап 18. 18-бап. Тұрғын үй иесiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi
18-бап. Тұрғын үй иесiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Тұрғын үйдiң, сондай-ақ салынып бiтпеген тұрғын үйдiң иесi оны, сату шартын белгiлей отырып, өз қалауы бойынша еркiн сатуға, сыйға тартуға, айырбастауға, басқа адамдарға мұраға қалдыруға, кепiлге беруге, осы бапта көзделген ерекшелiктердi ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де жолмен оған билiк етуге құқылы.
Тармақ 1-1
1-1. Ипотекалық тұрғын үй қарызы қаражатының есебiнен толық нeмece iшiнара сатып алынған тұрғын үйдi сатып алу-сату шарты мемлекеттiк тiркелген кезден бастап меншiк иесiнiң ипотекалық тұрғын үй қарызы толық өтелгенге дейiн кредитордың келiсiмiнсiз осы тұрғын үйге билiк етуге құқығы жоқ.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 3. Алып тасталды – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 📌 Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.06.03 № 427; 2007.07.06 № 276; 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 19. 19-бап. Тұрғын үй иесiнiң жер учаскесiне құқығы
19-бап. Тұрғын үй иесiнiң жер учаскесiне құқығы
Тармақ 1
1. Тұрғын үй, сондай-ақ салынып бiтпеген тұрғын үй сатылған, сыйға тартылған, мұраға қалдырылған, кепiлге берiлген жағдайда жер учаскесiн меншiктену (жердi пайдалану) құқығы тұрғын үйдiң жаңа иесiне тұрғын үйдiң бұрынғы иесi ие болған көлемде көшедi.
Тармақ 2
2. Тұрғын үйге (тұрғынжайға) бекiтiлiп берiлген жер учаскесiне тұрғын үй иелерiнiң құқықтары Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарымен белгiленедi.
Бап 20. 20-бап. Тұрғын үйдiң меншiк иесiнде сақталуы
20-бап. Тұрғын үйдiң меншiк иесiнде сақталуы 📌 Ескерту. 20-бап алынып тасталды - ҚР 2007.07.06 N 278 Заңымен.
Бап 21. 21-бап. Тұрғын үй иесi отбасының мүшелерi
21-бап. Тұрғын үй иесi отбасының мүшелерi
Тармақ 1
1. Тұрғынжай иесінің отбасы мүшелері деп үнемі бірге тұратын жұбайы (зайыбы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе біреуінің балалары (оның ішінде асырап алған, асырауындағы немесе қорғаншылығындағы немесе қамқоршылығындағы) танылады. Жұбайының (зайыбының) тұрғынжай иесімен бірге тұратын ата-аналары, сондай-ақ осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген балалардың отбасылары өзара келісу бойынша ғана тұрғынжай иесінің отбасы мүшелері деп танылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Ерекше жағдайларда, егер меншiк иесiмен үнемi бiрге тұрса және онымен кемiнде бес жыл ортақ шаруашылық жүргiзсе, өзара келісім бойынша ғана басқа адамдардың да тұрғын үй иесi отбасының мүшелерi деп танылуы мүмкiн. Еңбекке жарамсыз асырауындағылар, егер олар меншiк иесiмен үнемi бiрге тұрса, меншiк иесi отбасының мүшелерi болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы баптың ережелері жалдаушының (қосымша жалдаушының) отбасы мүшелеріне қолданылады. 📌 Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.07.10 N 227; 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 22. 22-бап. Тұрғын үй иесi отбасы мүшелерiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi
22-бап. Тұрғын үй иесi отбасы мүшелерiнiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Меншiк иесiнiң өзiне тиесiлi тұрғын үйiне өзi қоныстандырған отбасының мүшелерi, егер оларды қоныстандыру кезiнде өзгеше ескертiлмеген болса, тұрғын үйдi онымен бiрдей пайдалануға құқылы. Олар өздерiне меншiк иесi берген тұрғын үйге өздерiнiң кәмелетке толмаған балаларын тұрғызуға құқылы. Отбасының басқа мүшелерiн тұрғызуға меншiк иесiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi. Меншiк иесiмен отбасылық қатынастар тоқтатылған жағдайда отбасының бұрынғы мүшелерi тұрғын үйдi, егер тұрғын үй иесiмен жазбаша келiсiмде өзгеше көзделмеген болса, жалға алу мерзiмiн көрсетпестен жалға алушы құқығын пайдалана алады. Бұл орайда отбасының бұрынғы мүшелерi тұрғын үйдi күтiп ұстау және коммуналдық қызметтердiң ақысын төлеу жөнiндегi шығындарға қатысуға мiндеттi.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй иесi отбасы мүшелерi өздерiнiң тұрғын үйдi пайдалану құқығын бұзған кез келген адамнан, соның iшiнде меншiк иесiнен де аталған бұзушылықты жоюын талап ете алады.
Тармақ 3
3. Меншiк иесi отбасының кәмелетке толған мүшелерi (бұрынғы мүшелерi) өздерiнiң тұрғын үй-жайды пайдалануынан туындайтын мiндеттемелерi бойынша ортақ мүлiктiк жауапкершiлікте болады.
Тарау 4. 4-тарау. ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДI ЖАЛДАУ
4-тарау. ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДI ЖАЛДАУ
Бап 23. 23-бап. Меншiк иесiнiң тұрғын үйдi басқа адамдарға жалға беруi
23-бап. Меншiк иесiнiң тұрғын үйдi басқа адамдарға жалға беруi
Тармақ 1
1. Меншiк иесi өзi тұратын тұрғын үйдi, не негiзгi мақсаты жалға алушыларға тұрақты не уақытша тұру үшiн берiлу болып табылатын тұрғын үйдi жалға беруге құқылы.
Тармақ 2
2. Тұру шарттары (жалдау мерзiмi, ақы төлеу мөлшерi, жөндеу жөнiндегi мiндеттердi бөлiсу, тұрғын үйді босату негiздерi және сол сияқтылар) осы Заңмен, сондай-ақ жалға берушi мен жалға алушы арасындағы шартпен белгiленедi.
Тармақ 3
3. Тұрғын үйiн жалға беретiн адамдарды меншiк иесi таңдайды.
Тармақ 3-1
3-1. Меншік иесі немесе тұрғынжайды жалдауға беруге меншік иесі уәкілеттік берген адам жалға беріліп отырған тұрғынжайда тұратын адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеуге міндетті.
Тармақ 4
4. Жергілікті атқарушы орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кейіннен жалға берілетін жеке тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жалдауға құқылы. 📌 Ескерту. 23-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 182; 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 24. 24-бап. Меншiк иесi тұрмайтын тұрғын үйдi жалдау шарттары
24-бап. Меншiк иесi тұрмайтын тұрғын үйдi жалдау шарттары
Тармақ 1
1. Жеке тұрғын үй қорындағы меншiк иесi тұрмайтын тұрғын үйдi ол жазбаша түрде жасалған шарт бойынша басқа адамға жалға бере алады.
Тармақ 2
2. Құрылыс, санитариялық-эпидемиологиялық, өртке қарсы және өзге де мiндеттi талаптарға сай келетiн тұрғынжай не тұруға жарамды жеке бөлме (бөлмелер) жалдауға берiлуi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Егер жалдау шартында өзгеше көзделмеген болса, жалдаушы жалдаған тұрғынжайға өзiнiң отбасы мүшелерiн, қосымша жалдаушыларды және уақытша тұрғындарды қоныстандыруға құқылы. Тұрғынжайды жергiлiктi атқарушы орган жалға алып берген адам оған қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындарды қоныстандыруға құқылы емес.
Тармақ 3-1
3-1. Жалдаушы қосымша жалдау шарты бойынша жалға беріліп отырған тұрғынжайда тұратын адамдарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркеуге міндетті.
Тармақ 4
4. Егер шартта өзгеше көзделмеген болса, жалдаушы жалдаған тұрғынжайды алты айға дейiнгi мерзiмге тастап кетуге құқылы. Бұдан неғұрлым ұзақ уақыт бойы болмаған жағдайда шарттың күшi жалдауға берушінің келiсiмiмен ғана сақталады.
Тармақ 5
5. Жалға беру шартының күшi тараптар белгiлеген мерзiм бiткеннен кейiн не шартта көрсетiлген ахуал туғанда тоқтатылады. Жалға берушiнiң талап етуi бойынша шартты мерзiмiнен бұрын бұзуға жалдаушы жалдау шартының ережелерiн сақтамаған жағдайда, сондай-ақ осы Заңның 91-бабының 2 және 3-тармақтарында, 101-бабының 7-тармағында, 105-бабының 1-тармағындағы 1), 2) және 3) тармақшаларда, 106-бабының 5-тармағында, 107-бабының 1), 2), 3), 4) және 11) тармақшаларында көзделген негiздер мен ережелер бойынша жол берiледi. Қолданылу мерзiмi және тоқтатудың өзге де негiздерi көзделмейтiн шартты жалдауға беруші жалдаушыны кемiнде үш ай бұрын ескерте отырып, кез келген уақытта бұза алады. Шарт тоқтатылған не бұзылған кезде жалдаушы өзімен бірге тұратын барлық адаммен қоса тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда жалдаушы өзімен бірге тұратын барлық адаммен қоса сот шешімі негізінде басқа тұрғын үй берілместен шығарылуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Жалға алушы шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда ол бұл туралы жалға берушiге кемiнде бiр ай бұрын ескертуге не сол ай үшiн шартта белгiленген ақыны төлеуге мiндеттi. Егер шартта көзделген мерзiмге не шарттың қолданылуын тоқтататын өзге де ахуалға бiр айға жетпейтiн уақыт қалса, аталған мерзiм тиiсiнше қысқартылады.
Тармақ 7
7. Егер отбасы мүшесiн қоныстандырған кезде сол мүше мен жалдаушы арасында өзгеше келiсiм болмаса, жалдау шартының талаптарына сәйкес жалдаушының өзімен бiрге тұратын отбасы мүшесi, тұрғынжайды жалдаушының өзi сияқты, дәл сондай пайдалану құқығына ие болады. Отбасы мүшелерiнiң ауқымы осы Заңның 21-бабына сәйкес айқындалады.
Тармақ 8
8. Тұрғынжайға меншiк құқығы басқа тұлғаға ауысқан жағдайда жалдау шарты, егер жалдаушы мен тұрғынжайды жалдауға берген меншік иесі арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жаңа меншiк иесi үшiн күшiн сақтап қалады. 📌 Ескерту. 24-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 182; 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 25. 25-бап. Меншiк иесi тұрақты тұратын тұрғын үйдi жалдау ережелерi
25-бап. Меншiк иесi тұрақты тұратын тұрғын үйдi жалдау ережелерi
Тармақ 1
1. Меншiк иесi тұрақты тұратын тұрғынжайында жалдаушыға тұрғынжайды немесе оның бiр бөлiгiн, оның iшiнде жапсарлас бөлменi немесе бөлменiң бiр бөлiгiн жалдауға бере алады. Тұрғынжайда бiрнеше меншiк иесi тұрған жағдайда тұрғынжайды жалдауға беру үшiн барлық меншiк иелерiнiң келiсiмi талап етiледi.
Тармақ 2
2. Жалға алушының басқа адамдарды, оның iшiнде өз отбасының мүшелерiн де меншiк иелерiнiң келiсiмiнсiз тұрғызуға құқығы жоқ.
Тармақ 3
3. Жалдау мерзімі өткеннен кейін жалдаушының шартты жаңарту құқығы болмайды және ол жалдауға берушінің талап етуі бойынша тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда жалдаушы сот шешімі негізінде басқа тұрғын үй берілместен шығарылуы мүмкін. Жалдау шарты жалдауға берушінің талап етуi бойынша жалдаушы жалдау шартының талаптарын сақтамаған жағдайда, сондай-ақ дәлелді тосын жағдайлар болған кезде не осы Заңның 107-бабының 1), 2), 3), 4) және 11) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша мерзiмiнен бұрын бұзылуы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Мерзiмi көрсетiлмей жасалған жалдау шартын жалға берушi себебiн түсiндiрместен кез келген уақытта тоқтатуы мүмкiн. Жалға берушi жалға алушыға, жалдау шартының тоқтатылуы туралы кемiнде бiр ай бұрын ескертуге мiндеттi.
Тармақ 5
5. Жалға алушы жалдау шартын, егер шартта өзгеше көзделмеген болса, мерзiмiнен бұрын және ескертусiз бұзуға құқылы. 📌 Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 26. 26-бап. Қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындардың құқықтық жағдайы
26-бап. Қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындардың құқықтық жағдайы
Тармақ 1
1. Қосымша жалдаушылардың тұру шарты, атап айтқанда, тұру мерзiмi, төленетiн ақының мөлшерi мен оны төлеу тәртiбi тұрғынжайды жалдаушы мен қосымша жалдаушы арасындағы шартта айқындалады.
Тармақ 2
2. Қосымша жалдау шарты тараптар белгiлеген мерзiм бiткенде не шартта көрсетiлген ахуал пайда болғанда тоқтатылады. Шарт қосымша жалдаушы шартты бұзған жағдайда жалға алушының талап етуi бойынша, ал мерзiм не өзге де тоқтату негiздерi белгiленбеген шарттар қосымша жалдаушыны кемiнде бiр ай бұрын ескерте отырып, кез келген уақытта мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. Қосымша жалдау шарты осы Заңның 29-бабында көзделген тұрғын үйге меншiк құқығы мәжбүр етiлiп тоқтатылған жағдайда да тоқтатылады.
Тармақ 3
3. Қосымша жалдаушы шартты, егер қосымша жалдау шартында өзгеше көзделмеген болса, кез келген уақытта бұзуға құқылы.
Тармақ 4
4. Қосымша жалдау шарты тоқтатылған не оны жалдаушы бұзған кезде қосымша жалдаушы тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда қосымша жалдаушы сот шешімі негізінде басқа тұрғын үй берілместен шығарылуы мүмкін.
Тармақ 5
5. Жалдаушы тұрғын үйіне уақытша тұрғындарды олармен қосымша жалдау шартын жасаспай кіргізуге құқылы. Уақытша тұрғындардың тұру шарттарын жалдаушы айқындайды. Уақытша тұрғындар жалдаушының талап етуі бойынша кез келген уақытта, кемінде жеті жұмыс күні бұрын ескертіле отырып тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін. 📌 Ескерту. 26-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 27. 27-бап. Жалдау шарты тоқтатылған жағдайда қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындардың тұрғын үйді босатуы
27-бап. Жалдау шарты тоқтатылған жағдайда қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындардың тұрғын үйді босатуы Жалдау шарты тоқтатылған кезде бір мезгілде қосымша жалдау шарты тоқтатылады. Қосымша жалдаушылар мен уақытша тұрғындар жалдау шарты тоқтатылған кезде тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін. 📌 Ескерту. 27-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 5. 5-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ЖЕКЕ МЕНШIК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТОҚТАТЫЛУЫ
5-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙГЕ ЖЕКЕ МЕНШIК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТОҚТАТЫЛУЫ
Бап 28. 28-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығының тоқтатылуы
28-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығының тоқтатылуы
Тармақ 1
1. Тұрғын үйге меншiк құқығы тұрғын үй иесi тұрғын үйдi басқа адамның иелiгiне берген кезде, меншiк иесi қайтыс болған жағдайда не тұрғын үй жойылған (қираған) жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үйге ортақ үлестi меншiкке қатысушылардың бiреуi өз үлесiн сатқан кезде ортақ үлесi бар меншiкке басқа қатысушының сатып алуға басым құқығы болады. Егер сатылатын үлестi сатып алуға ортақ үлестi меншiкке қатысушылардың бiрнешеуi ниет бiлдiрсе, сатып алушыны таңдау құқығы сатушыға тиесiлi болады. Тұрғын үйге ортақ меншiктегi үлестi басымдықпен сатып алу құқығын iске асыру тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен белгiленедi.
Бап 29. 29-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп тоқтату
29-бап. Тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп тоқтату
Тармақ 1
1. Тұрғын үйге меншiк құқығын күштеп (меншiк иесiнiң еркiнен тыс) тоқтатуға:
Тармақша 1
1) меншiк иесiнiң қарыздары бойынша жер учаскесiмен бiрге төлеттiрiп алуды тұрғын үйге аудару;
Тармақша 2
2) реквизициялау;
Тармақша 3
3) тәркiлеу;
Тармақша 4
4) үй орналасқан жер учаскесiн мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығару;
Тармақша 5
5) авариялық көппәтерлі тұрғын үйді бұзу жағдайларында жол беріледі.
Тармақ 2
2. Тұрғын үйге меншiк құқығын осы баптың 1-тармағындағы 2) және 4) тармақшаларда көзделген негiздер бойынша күштеп тоқтатқан кезде меншiк иесiне оның қалауы бойынша:
Тармақша 1
1) тұрғын үйдiң және жер учаскесiнiң нарықтық құнын қоса, меншік иесiне құқығы тоқтатылғанға дейiн төленетiн ақшалай өтем төленуге, сондай-ақ меншiк иесiне келтiрiлген залалдардың орны толық толтырылуға;
Тармақша 2
2) осы Заңның 15-бабында көзделген тәртiп бойынша меншiгiне тұрмысқа жайлы тұрғын үй (пәтер немесе тұрғынжай) берiлуге;
Тармақша 3
3) реквизициялауды туғызған төтенше жағдайлар тоқтатылғаннан кейiн меншiк иесiне реквизициялаудан келтiрiлген залалдардың өтемақысын толық төлеу арқылы реквизицияланған тұрғын үй қайтарылуға тиiс.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағындағы 1) және 3) тармақшаларда көзделген негiздер бойынша тұрғын үйдi меншiктену құқығы тоқтатылған кезде меншiк иесi мен алынатын тұрғын үйде тұратын барлық адамдар басқа тұрғын үй-жай берiлместен шығарылуға тиiс.
Тармақ 3-1
3-1. Халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтардың, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары бар және оларды тәрбиелеп отырған және (немесе) тұрғылықты жері бойынша тұрақты немесе уақытша тіркелген бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар тұратын отбасылардың Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайына меншік құқығы осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша мәжбүрлеп тоқтатылған кезде жылыту маусымында тұрғынжайдан шығаруға тыйым салынады.
Тармақ 4
4. Осы баптың 1-тармағының 5) тармақшасында көзделген негіз бойынша тұрғын үйге меншiк құқығын мәжбүрлеп тоқтатқан кезде меншік иесіне осы Заңның 69-бабына сәйкес тұрғын үй беріледі. 📌 Ескерту. 29-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.07.10 № 227; 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.06.2024 № 97-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 30. 30-бап. Меншік иесінің отбасы мүшелерінің және басқа да тұрғындардың тұрғын үйді босатуы
30-бап. Меншік иесінің отбасы мүшелерінің және басқа да тұрғындардың тұрғын үйді босатуы
Тармақ 1
1. Осы Заңның 29-бабының 1-тармағындағы 2), 4) және 5) тармақшаларда көзделген негiздер бойынша тұрғын үйдi меншiктену құқығы тоқтатылған жағдайда меншiк иесiнiң отбасы мүшелерi (бұрынғы мүшелерi) тұрғын үйден шығарылады және бұрынғы тұрғын үйдiң өтемi ретiнде алынған тұрғын үйде тұру құқығын алады. Бұрынғы тұрғын үйде тұратын басқа адамдар басқа тұрғын үй-жай берiлмей шығарылады.
Тармақ 2
2. Меншiк иесiнiң еркi бойынша (сату, сыйға тарту) тұрғын үйдi (тұрғын үй-жайды) меншiктену құқығы тоқтатылған кезде, егер тұрғын үйдi сатып алушымен жасалған шарт бойынша өзгеше көзделмесе, меншiк иесiнiң отбасы мүшелерi, меншiк иесi отбасының бұрынғы мүшелерi және уақытша тұрғындар басқа тұрғын үй-жай берiлместен тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін. Тұрғынжайдың меншік иелері болатын кәмелетке толмағандардың мүдделерін қозғайтын меншік құқығының тоқтатылуы осы Заңның 13-бабының 3-тармағында көзделген нормаларда реттеледі. 📌 Ескерту. 30-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 2003.06.03 N 427, 2011.03.01 N 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бөлім 3. 3 БӨЛIМ
3 БӨЛIМ
Тарау 6. 6-тарау. Көппәтерлі тұрғын үй кондоминиумы
6-тарау. Көппәтерлі тұрғын үй кондоминиумы 📌 Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 31. 31-бап. Кондоминиумды құру, мемлекеттік тіркеу және тоқтату
31-бап. Кондоминиумды құру, мемлекеттік тіркеу және тоқтату 1. Көппәтерлі тұрғын үйде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың екі және одан көп меншік иесі болған кезде жылжымайтын мүлікке меншік құқығы кондоминиум нысанында туындайды. Кондоминиум объектісі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен мемлекеттік тіркелуге жатады. Кондоминиум объектісінде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар дара (бөлек) меншікте болады, ал дара (бөлек) меншікте болмайтын бөліктері, оның ішінде бөлінбейтін біртұтас жер учаскесі ортақ үлестік меншік құқығында пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне тиесілі болады.
Тармақ 2
2. Көппәтерлі тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасында кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі құрамына берілетін тұрғын емес үй-жайлардың алаңы көрсетіледі. Көппәтерлі тұрғын үйдің тапсырыс берушісі (құрылыс салушысы) пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды дара (бөлек) меншікке сатуды бастағанға дейін «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйді мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етуге міндетті. Тіркелмеген пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды дара (бөлек) меншікке сатуға жол берілмейді. Көппәтерлі тұрғын үйдің тапсырыс берушісі (құрылыс салушысы) көппәтерлі тұрғын үйді тіркеген кезден бастап алты ай ішінде көппәтерлі тұрғын үйдің сыртқы инженерлік желілері мен құрылысжайларын жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес коммуналдық меншікке өтеусіз беруді қамтамасыз етуге міндетті. Жер учаскесін кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің құрамына енгізу Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйдің тапсырыс берушісінің (құрылыс салушысының) қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) осы көппәтерлі тұрғын үйді салу үшін берілген немесе тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) жеке меншігінде болған жер учаскесін пайдалану құқығы жер учаскесінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына енгізілуіне байланысты тоқтатылуға жатады. Жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес паркинг көппәтерлі тұрғын үйдің арнайы айқындалған бөлігінде орналасады немесе көппәтерлі тұрғын үйге жапсарлас салынуы мүмкін. Паркинг кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына кіруі немесе дара (бөлек) меншікте болуы мүмкін. Көппәтерлі тұрғын үйді салуды немесе реконструкциялауды жүзеге асыратын тапсырыс беруші (құрылыс салушы) пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару нысанын немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субьектісін таңдағаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде қабылдау-тапсыру актісі бойынша қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде: кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысын алған көппәтерлі тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасының жобалау ұйымы куәландырған көшірмелерін; жобалау-сметалық құжаттамаға және оның барлық түзетулеріне кешенді ведомстводан тыс сараптаманың оң қорытындысының көшірмелерін; атқарушылық техникалық құжаттаманың көшірмелерін; міндетті қосымшаларымен бірге объектіні пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін; жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін; көппәтерлі тұрғын үйдің технологиялық жабдығының паспорттарын (пайдалану жөніндегі нұсқаулықты) беруге міндетті. Көппәтерлі тұрғын үйді салуды немесе реконструкциялауды жүзеге асыратын тапсырыс берушіден (құрылыс салушыдан), мүліктің меншік иелері бірлестігіне немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісіне берілетін қабылдау-беру актісіне кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін түгендеу тізбесі қоса берілуге тиіс. Көппәтерлі тұрғын үйде кондоминиум объектісін басқару нысаны немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісі болмаған жағдайда, кондоминиум объектісі тіркелген кезден бастап алты ай ішінде көппәтерлі тұрғын үйді салуды немесе реконструкциялауды жүзеге асырған тапсырыс беруші (құрылыс салушы) осы тармақтың сегізінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды тұрғын үй инспекциясына қабылдау-тапсыру актісі бойынша қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштерде береді.
Тармақ 3
3. Пайдалануға қабылданған көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеуді осы баптың 2-тармағына сәйкес көппәтерлі тұрғын үйді салуды немесе реконструкциялауды жүзеге асыратын тапсырыс беруші (құрылыс салушы) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес тіркеуші органға өтініш беру арқылы пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың бірінші меншік иесі меншік құқығын мемлекеттік тіркеген кезден бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырады. Көппәтерлі тұрғын үйді салуды немесе реконструкциялауды жүзеге асыратын тапсырыс беруші (құрылыс салушы) кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеген кезде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі құрамына көппәтерлі тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасында көзделген барлық мүлікті (болған кезде паркингті қоса алғанда) енгізуге міндетті.
Тармақ 4
4. Астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жергілікті бюджет қаражаты есебінен пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлерге кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін түгендеу тізбесін жасай отырып» мемлекеттік техникалық зерттеп-қарауды, сондай-ақ «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу үшін құжаттарды қалыптастыруды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Пайдаланудағы көппәтерлі тұрғын үйлердегі кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың кемінде екі меншік иесінен тұратын бастамашы топтың тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың кемінде екі меншік иесінен тұратын бастамашы топтың, мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағасының өтініші бойынша немесе жергілікті атқарушы органның өтініші бойынша жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеген кезде мыналар көрсетіледі: көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесін қоса алғанда, көппәтерлі тұрғын үйдің жалпы алаңы; кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің құрамы және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі дара (бөлек) меншіктегі әрбір пәтер, тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма үлесінің мөлшері; дара (бөлек) меншіктегі пәтерлердің жалпы алаңы мен тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың алаңы.
Тармақ 6-1
6-1. Үй жанындағы жер учаскесін тіркеу: жиналыстың шешімі негізінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың кемінде екі меншік иесінен тұратын бастамашы топтан; мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасынан; кондоминиум объектісін басқару субъектісінен өтініш берілген кезде астананың, республикалық, облыстық маңызы бар қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүзеге асырылады;
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздер бойынша пәтерлердің жалпы алаңы мен тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар алаңдарының өзгеруі нәтижесінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі құрамының және (немесе) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі үлестері мөлшерінің өзгеруі мемлекеттік тіркеуге жатады. Кондоминиум объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген кезде құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарына өзгерістер енгізу өзгеріске бастамашы болған тұлғаның есебінен жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Дара (бөлек) меншіктегі мүлікпен мәміле жүзеге асырылған кезде ортақ мүліктегі үлеспен мәміле жасалды деп есептелетін жағдайларды қоспағанда, кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркегенге дейін кондоминиум объектісінің ортақ мүлкімен мәмілелердің заңды күші болмайды. Көппәтерлі тұрғын үйдің көзделген жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін дара (бөлек) меншікке иеліктен шығаруға жол берілмейді. Объектіні пайдалануға қабылдау актісінде және көппәтерлі тұрғын үйдің жобалау-сметалық құжаттамасында көрсетілмеген, сондай-ақ кондоминиум объектісінде тіркелмеген пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, орынтұрақ орындарын, қоймаларды дара (бөлек) меншікке сатуға (бірінші пәтерді, тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы сатуды қоспағанда) жол берілмейді. Көрсетілген талаптар сақталмаған кезде жасалған мәміле маңызсыз деп есептеледі.
Тармақ 9
9. Кондоминиум нысанындағы меншік құқығы: барлық пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, орынтұрақ орнына, қоймаға меншік құқықтары жиынтығында бір меншік иесіне ауысқан; мемлекет мұқтажы үшін көппәтерлі тұрғын үй тұрған жер учаскесі мәжбүрлеп иеліктен шығарылған; көппәтерлі тұрғын үй зақымдалған (қираған) және авариялық деп танылған жағдайларда тоқтатылады. 📌 Ескерту. 31-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.26 № 311; 2009.06.08 № 163-IV; 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 32. 32-бап. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-үстау
32-бап. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-үстау 📌 Ескерту. 32-бап алып тасталды – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 33. 33-бап. Пәтер, тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма меншік иесінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі үлесі
33-бап. Пәтер, тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма меншік иесінің кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі үлесі 📌 Ескерту. 33-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі меншік иесіне тиесілі үлес өзіне тиесілі пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, орынтұрақ орнына, қоймаға меншік құқығынан бөлінбейді және пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, орынтұрақ орнына, қоймаға бекітіліп беріледі. Үлес мөлшері дара (бөлек) меншіктегі пәтердің пайдалы алаңының немесе тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма алаңының осы кондоминиум объектісіндегі барлық пәтердің пайдалы алаңдарының және барлық тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма алаңдарының жиынтығына арақатынасымен айқындалады. Мұндай үлесті заттай бөліп беруге болмайды.
Тармақ 2
2. Көппәтерлі тұрғын үйге тұрғын емес үй-жай жапсарластырыла салынған немесе дара (бөлек) меншіктегі пәтерлердің жалпы алаңының, тұрғын емес үй-жайлар алаңының көлемі өзгерген жағдайда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі үлестердің мөлшері қайта есептеледі. Мұндай өзгерістер мемлекеттік тіркеуге жатады.
Тармақ 3
3. Пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, орынтұрақ орнына, қоймаға меншік құқығының ауысуы меншік иесіне кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі тиісті үлестің, сондай-ақ осы үлесті күтіп-ұстау жөніндегі құқықтар мен міндеттердің ауысуына алып келеді. 📌 Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 34. 34-бап. Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері
34-бап. Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың барлық меншік иелері кондоминиумға қатысушылар болып табылады. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың әрбір меншік иесі өзіне дара (бөлек) меншік құқығымен тиесілі өзінің мүлкін өз қалауы бойынша иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге құқылы. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі, оны орналастыру, пайдалану және күтіп-ұстау үшін қажет жер учаскесін қоса алғанда, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және дара (бөлек) меншіктегі пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, орынтұрақ орнына, қоймаға құқықтардан бөлінбейді.
Тармақ 2
2. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқаруды жиналысқа қатысу, кондоминиум объектісін басқару нысаны мен субъектісін таңдау арқылы жүзеге асыруға міндетті.
Тармақ 3
3. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесі өзіне тиесілі пәтерді, тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ауыртпалығын көтереді.
Тармақ 4
4. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына кірмейтін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иесі болып табылатын көппәтерлі тұрғын үйге тапсырыс беруші (құрылыс салушы) объектіні пайдалануға қабылдау актісі тіркелгеннен кейін ағымдағы, жинақтаушы, нысаналы жарналарды және орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналарды, оларды уақтылы төлемегені үшін өсімпұлдарды осы Заңда айқындалған тәртіппен төлеуге міндетті.
Тармақ 4-1
4-1. Алып тасталды – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 5
5. Тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста белгіленген ағымдағы жарналарды пәтерлердің меншік иелері үшін белгіленген ағымдағы жарналардың мөлшерінен екі еседен асып кетпейтін мөлшерде төлеуге міндетті.
Тармақ 6
6. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесі өзіне тиесілі пәтерді, тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасын немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісін жалдаушы (жалға алушы) туралы ақпарат бере отырып хабардар етуге міндетті. Пәтер, тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма меншік иесінің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттерінен басқа өзге де міндеттері мен жауапкершіліктері болады, оның ішінде: тыныштықты сақтау, оның ішінде пәтерде, тұрғын емес үй-жайда және олардың сыртында шұғыл қажеттiкпен байланысы жоқ шу шығаратын, азаматтардың белгілі бір уақыттағы қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн жұмыстарды жүргізбеу; темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді осы үшін айқындалған арнаулы орындарда ғана тұтыну; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларды сақтау.
Тармақ 7
7. Алып тасталды - ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 8
8. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдармен пәтерлерде, тұрғын емес үй-жайларда коммуналдық қызметтер көрсету туралы шарттарды өз бетінше жасасуға міндетті.
Тармақ 9
9. Пәтер меншік иесінің өзге мекенжайда тұруы, сондай-ақ пәтерді, тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы мүліктік жалдауға (жалға) беруі пәтер, тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма меншік иесінің Қазақстан Республикасының заңдарында, мүліктің меншік иелері бірлестігінің жарғысында, жиналыстың және үй кеңесінің шешімінде айқындалған құқықтарын шектемейді және оны міндеттерінен босатпайды.
Тармақ 10
10. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың ағымдағы, жинақтаушы, нысаналы жарналарды және орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналарды төлейтін әрбір меншік иесінің ағымдағы және жинақ шоттарының жай-күйі туралы ақпарат алуға құқығы бар.
Тармақ 11
11. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері кондоминиум объектісінің шектеулі пайдаланылатын ортақ мүлкінің өздеріне бекітіліп берілген бөліктерін мүлікті шектеулі пайдалануға беру туралы мүліктік жалдау (жалға беру) шартында белгіленген талаптармен пайдалануға құқылы. Бұл ретте жалға алу ақысы мүліктің меншік иелері бірлестігінің ағымдағы шотына немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісінің осы кондоминиум объектісіне ашылған шотына есепке жатқызылады. 📌 Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.06.08 № 163-IV; жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 34-1. 34-1-бап. Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналары
34-1-бап. Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналары
Тармақ 1
1. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері ағымдағы, жинақтаушы және нысаналы жарналарды төлеуге міндетті. Орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналарды, сондай-ақ жинақтаушы және нысаналы жарналарды төлеуге міндетті.
Тармақ 2
2. Ағымдағы жарналардың мөлшері астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары бекіткен кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерінен аз болмауға тиіс. Ағымдағы жарналардың ең төмен мөлшері кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесінің негізінде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің мөлшерлерімен есептеледі. Ағымдағы жарналардың мөлшері пәтердің пайдалы алаңына, тұрғын емес үй-жайдың алаңына мөлшерлес белгіленеді. Орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналардың мөлшері кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес айқындалады. Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің ағымдағы жарналары кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін ағымдағы жөндеуге, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеуге жұмсалады.
Тармақ 3
3. Жинақтаушы жарна пәтердің пайдалы алаңының, тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма алаңының бір шаршы метріне есептегенде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің кемінде 0,005 еселенген мөлшерінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге ақша жинақтау үшін пәтер, тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма меншік иелерінің ай сайынғы міндетті жарналарын қамтиды. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған ақша кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеу мақсаттарына ғана талап етілуі мүмкін және пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің міндеттемелері бойынша кепіл нысанасы бола алмайды. Жинақ шотында жинақталған ақшаны жұмсау жиналыстың шешімі бойынша ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Нысаналы жарналарды жинау, олардың мөлшері, мерзімдері туралы шешім және өзге де шарттар жиналыста қабылданады. Нысаналы жарналар мүліктің меншік иелері бірлестігінің немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісінің ағымдағы шотына есепке жатқызылады.
Тармақ 5
5. Кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстарға жатпайтын қосымша шығыстар жиналыстың шешімінсіз пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне жүктелмейді.
Тармақ 6
6. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеуді ағымдағы шоттан жүргізуге міндетті. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерді, энергиямен жабдықтауды және сумен жабдықтауды ұсынатын ұйымдарға ақы төлеу жасалған шарттардың негізінде, пайдалану жауапкершілігі шекарасында белгіленген есепке алу аспаптары бойынша және белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтер бойынша жүргізіледі. Желілердің теңгерімдік тиесілілігінің шекаралары болмаған жағдайда, шекаралар коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынудың үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленеді.
Тармақ 7
7. Тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасында белгіленген шығыстардан артық, өздері жүзеге асыратын өндірістік, сауда және өзге де қызметке байланысты кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалану бойынша шығыстарды өтеуге міндетті. Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің өздеріне мүліктің меншік иелері бірлестігі немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі берген шектеулі пайдаланылатын ортақ мүлікті немесе жер учаскесін жеке пайдалануға байланысты жарналары да осындай тәртіппен төленеді. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жеке мақсаттар үшін пайдалануға байланысты шығыстарды пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың осы мүлікті шектеулі пайдалану құқығы тиесілі меншік иесі, сондай-ақ үшінші тұлға өтеуге тиіс.
Тармақ 8
8. Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің ағымдағы, жинақтаушы жарналарды және орынтұрақ орнын, қойманы күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналарды төлеуі есепті айдан кейінгі айдың жиырма бесіне дейін қоса алғанда жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері ағымдағы және жинақтаушы жарналарды уақтылы төлемеген, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері орынтұрақ орнын, қойманы күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналарды, сондай-ақ нысаналы жарналарды уақтылы төлемеген кезде осы баптың 8-тармағында белгіленген күннен кейінгі күннен бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсімпұлдар есепке жазылады. Талап қоюдың ескіру мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген төлемдер бойынша берешекті өтеу жөніндегі талапқа қолданылмайды.
Тармақ 10
10. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесі осы Заңның 42-бабы 5-тармағының 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында айқындалған жарналар бойынша берешекті өтемеген кезде мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі төлемнің белгіленген күнінен кейін екі ай өткен соң нотариусқа немесе сотқа берешекті өндіріп алу туралы өтініш жасауға құқылы. 📌 Ескерту. 34-1-баппен толықтырылды – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 34-2. 34-2-бап. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуді қаржыландырудың ерекшеліктері
34-2-бап. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуді қаржыландырудың ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтау үшін мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы не кондоминиум объектісін басқару субъектісі күнтізбелік он бес күн ішінде екінші деңгейдегі банктердің бірінде жинақ шотын ашады.
Тармақ 2
2. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға қатысу екінші деңгейдегі банктер үшін құқық болып табылады. Олар кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға қатысқан жағдайда екінші деңгейдегі банктер Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарын сақтауға тиіс.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй инспекциясы кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне бюджет қаражаты есебінен күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесіне көппәтерлі тұрғын үйді қосқан кезде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жергілікті бюджет қаражаты есебінен күрделі жөндеуге жобалау ұйымын айқындауға және жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауға конкурс өткізеді.
Тармақ 4
4. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін мердігерді таңдауды, егер жиналыста бұл құқық үй кеңесіне немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісіне берілген болса, олар жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты болған кезде, тұрғын үй инспекциясы күрделі жөндеу жүргізуді талап ететін көппәтерлі тұрғын үйлердің тізбесіне көппәтерлі тұрғын үйді қосқан кезде жобалау-сметалық құжаттамасы бар кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеуді пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен жүргізуге құқылы. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалған нақты шығындарды пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың барлық меншік иелері дара (бөлек) меншіктегі пәтердің пайдалы алаңына, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың алаңына пропорционалды түрде өтейді.
Тармақ 6
6. Көппәтерлі тұрғын үй кіреберістерінің бірінің лифтін бюджет қаражаты есебінен ауыстыруды (жөндеуді) ұйымдастыру және қаржыландыру көппәтерлі тұрғын үйдің осы кіреберісіндегі пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің қаражатты қайтаруын қамтамасыз ету шартымен жүзеге асырылған жағдайда, олар көппәтерлі тұрғын үйдің осы кіреберісіндегі пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамының келісімі болған кезде, жиналыстың тиісті хаттамасын ресімдей отырып, көппәтерлі тұрғын үйдің осы кіреберісіндегі лифтіні ауыстыру (жөндеу) туралы шешім қабылдауы мүмкін. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайда лифтіні ауыстыру (жөндеу) бойынша шығыстарды төлеуді көппәтерлі тұрғын үйдің осы кіреберісіндегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 34-2-баппен толықтырылды – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 35. 35-бап. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерiнiң мiндеттерi
35-бап. Үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерiнiң мiндеттерi 📌 Ескерту. 35-бап алып тасталды - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 36. 36-бап. Пәтерді жалдаушының (қосымша жалдаушының), тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы жалға алушының мiндеттерi
36-бап. Пәтерді жалдаушының (қосымша жалдаушының), тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы жалға алушының мiндеттерi
Тармақ 1
1. Пәтерді жалдаушының (қосымша жалдаушының), тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы жалға алушының пәтерді, тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы (немесе олардың бір бөлігін) жалдау (қосымша жалдау), жалға беру шарты негізінде ғана тұрақты немесе уақытша иеленуге немесе пайдалануға құқығы бар. Жеке тұрғын үй қорынан пәтер жалдаушының (қосымша жалдаушының), тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы жалға алушының жиналыста дауыс беруге құқығы жоқ және олар кондоминиум объектісін басқаруға өзгеше түрде қатыса алмайды. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шартында жалға беруші жалдаушының (қосымша жалдаушының) кондоминиум объектісін басқаруға қатысу мүмкіндігін және дауыс беру құқығын көздеуге құқылы.
Тармақ 2
2. Пәтерді жалдаушының (қосымша жалдаушының), тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы жалға алушының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген міндеттерінен басқа өзге де міндеттері болады, оның ішінде: тыныштықты сақтау, оның ішінде тұрғынжайда және оның сыртында шұғыл қажеттiкпен байланысы жоқ шу шығаратын, азаматтардың белгілі бір уақыттағы қалыпты демалысы мен тыныштығына кедергi келтiретiн жұмыстарды жүргізбеу; темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді осы үшін айқындалған арнаулы орындарда ғана тұтыну; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларды сақтау. 📌 Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.06.08 № 163-IV; 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 37. 37-бап. Тұрғын емес үй-жайлар иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiнiң ерекшелiктерi
37-бап. Тұрғын емес үй-жайлар иелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiнiң ерекшелiктерi 📌 Ескерту. 37-бап алып тасталды - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 38. 38-бап. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне қол жеткізу
38-бап. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне қол жеткізу 📌 Ескерту. 38-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Пәтерде, тұрғын емес үй-жайда, орынтұрақ орнында, қоймада орналасқан кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне қол жеткізу меншік иесі, жалдаушы (қосымша жалдаушы) не меншік иесінің, жалға алушының пәтерінде тұратын не болатын не тұрғын емес үй-жайда, орынтұрақ орнында, қоймада болатын өзге де адам хабардар етілген кезде жүзеге асырылады. Пәтерде, тұрғын емес үй-жайда, орынтұрақ орнында, қоймада орналасқан кондоминиум объектісі ортақ мүлкінің жай-күйін тексеру, оны жөндеу немесе ауыстыру қажет болған жағдайда, меншік иесі, жалдаушы (қосымша жалдаушы) не меншік иесінің (жалға алушының) пәтерінде тұратын не болатын не тұрғын емес үй-жайда, орынтұрақ орнында, қоймада болатын өзге де адам пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерін, үй кеңесінің мүшелерін, мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасын немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісінің өкілдерін кіргізуге міндетті. Бұл ретте пәтерде, тұрғын емес үй-жайда, орынтұрақ орнында, қоймада орналасқан кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне қол жеткізуді шектейтін конструкцияларды бөлшектеуді пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесі дереу, дербес және өз есебінен жүргізеді. Адамның денсаулығына немесе өмiрiне қатер төндiретiн және (немесе) меншік иесінің, жалдаушының (қосымша жалдаушының) не меншік иесінің (жалға алушының) пәтерінде тұратын не тұрғын емес үй-жайда, орынтұрақ орнында, қоймада болатын өзге де адам мүлкінің бүлінуіне алып келетін авариялық жағдайларда немесе өзге де төтенше ахуалдар кезінде пәтерде, тұрғын емес үй-жайда, орынтұрақ орнында, қоймада орналасқан кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне қол жеткізуге пәтердің меншік иесін, оны жалдаушыны (қосымша жалдаушыны), тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесін (жалға алушыны) күні бұрын хабардар етпей де рұқсат етiлуге тиiс. Адамның денсаулығына немесе өміріне қатер төндіретін және (немесе) меншік иесінің, жалдаушының (қосымша жалдаушының) не меншік иесінің пәтерінде тұратын не тұрғын емес үй-жайда, орынтұрақ орнында, қоймада болатын өзге де адамның, тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы жалға алушының мүлкінің бүлінуіне алып келетін және (немесе) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің бүлінуіне алып келетін авариялық жағдайды оқшаулау және (немесе) жою мақсатында немесе өзге де төтенше жағдай кезінде мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағасының немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі өкілінің авариялық жағдай немесе өзге де төтенше жағдай оқшауланған және (немесе) жойылған кезге дейін үйге ортақ инженерлік жүйелерге және (немесе) коммуналдық көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіктен айыруға құқығы бар. Ескерту. 38-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.06.08 № 163-IV; жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 39. 39-бап. Пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, орынтұрақ орнына, қоймаға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне келтірілген залалдың орнын толтыру
39-бап. Пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, орынтұрақ орнына, қоймаға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне келтірілген залалдың орнын толтыру 📌 Ескерту. 39-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Егер пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесі басқа пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, орынтұрақ орнына, қоймаға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне залал келтірсе, ол залалды жоюға не оны жою бойынша шығыстардың орнын толтыруға міндетті.
Тармақ 2
2. Осындай міндетті пәтерді тұрақты немесе уақытша иеленетін немесе пайдаланатын отбасы мүшелері немесе жалдаушы (қосымша жалдаушы), мүліктік жалдау (жалға беру) шарты негізінде тұрғын емес үй-жайды, орынтұрақ орнын, қойманы жалға алушы, егер олар тікелей залал келтірсе, меншік иесімен бірлесіп көтереді.
Тармақ 3
3. Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияны орындау процесінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне келтірілген шығындарды өтеу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісінің өкілі не үй кеңесі мүшелерінің бірі авариялық жағдай немесе төтенше жағдай фактісі туралы актіні фото және бейнетіркеу арқылы туындау күнін, орнын, уақытын және себебін көрсете отырып жасауға міндетті. Бұл актіге пәтердің меншік иесі, оны жалдаушы (қосымша жалдаушы), тұрғын емес үй-жайдың меншік иесі (жалға алушы) не пәтерде тұратын немесе тұрғын емес үй-жайда, орынтұрақ орнында, қоймада болатын, залал келтірілген өзге де адам, залал келтірген меншік иесі, сондай-ақ мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе басқару субъектісінің өкілі не үй кеңесінің мүшесі қол қояды. 📌 Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.06.08 № 163-IV; жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 40. 40-бап. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың конструкциялық бөлігін өзгерту
40-бап. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың конструкциялық бөлігін өзгерту 📌 Ескерту. 40-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иесінің пәтерді, тұрғын емес үй-жайды қайта жабдықтауды және (немесе) қайта жоспарлауды қоса алғанда, конструкциялық бөлігін және (немесе) үйге ортақ инженерлік желілерді өзгертуі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 1-1
1-1. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі құрамына кіретін паркингтің немесе орынтұрақ орнының не қойманың конструкциялық бөлігін және функционалдық мақсатын өзгертуге тыйым салынады.
Тармақ 2
2. Пәтерді, тұрғын емес үй-жайды қайта жабдықтау және (немесе) қайта жоспарлау Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жоба болған кезде пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иесінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. Тұрғын емес үй-жайлар пәтерлерден оқшауланған болуға және олармен ортақ кіру (шығу) жері болмауға тиіс.
Тармақ 3
3. Пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды қайта жабдықтау және (немесе) қайта жоспарлау кезінде, егер өзгерістер: тіреуіш және (немесе) қоршау конструкцияларын; үйге ортақ инженерлік жүйелерді; кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін; пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың функционалдық мақсатын қозғайтын жағдайларда, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының кемінде үштен екісінің міндетті жазбаша келісімі талап етіледі. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген өзгерістер мүгедектігі бар адамдардың тұрғынжайға кіруін қамтамасыз етуге байланысты болған жағдайда пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жазбаша келісімі талап етілмейді.
Тармақ 4
4. Үйге ортақ инженерлік жүйелерге көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерден, тұрғын емес үй-жайдан, орынтұрақ орнынан, қоймадан тыс жердегі немесе олардың ішіндегі және екі және одан көп пәтерге, тұрғын емес үй-жайға, орынтұрақ орнына, қоймаға қызмет көрсететін жүйелер, атап айтқанда: тікқұбырлардан, тікқұбырлардың тарамдарында орналасқан бірінші ажыратқыш құрылғыға дейін тікқұбырлардың тарамдарынан, тікқұбырлардан пәтерішілік тармақтау бұрмаларындағы бірінші бекіткіш-реттегіш шүмектерге дейін үйге ортақ суық және ыстық суды есепке алу аспаптарынан, ішкі өртке қарсы су құбырынан, сондай-ақ осы желілерде орналасқан жабдықтардан тұратын суық және ыстық сумен жабдықтау; пәтердегі, тұрғын емес үй-жайдағы бірінші ажыратқыш құрылғыға дейін тікқұбырлардан, жылыту элементтерінен, реттегіш және бекіткіш арматурадан, үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарынан, сондай-ақ осы желілерде орналасқан басқа да жабдықтардан тұратын жылу; пәтердегі, тұрғын емес үй-жайдағы бірінші түйісу қосылыстарына дейін тікқұбырлардан, кәріздік жеңсырықтардан, фасонды бөлшектерден (оның ішінде бұрмалар, ауыстырғыштар, келте құбырлар, ревизиялар, айқастырмалар, үштіктер), бітеуіштерден, сорып алатын құбырлардан, суағар шұқанақтардан, тазартқыштардан, тікқұбырлардың тарамдарынан, сондай-ақ осы желілерде орналасқан басқа да жабдықтардан тұратын су бұру; жеке электр энергиясын есепке алу аспаптарына дейін енгізу шкафтарынан, енгізу-тарату құрылғыларынан, қорғау, бақылау және басқару аппаратурасынан, үйге ортақ электр энергиясын есепке алу аспаптарынан, қабаттық қалқандар мен шкафтардан, ортақ пайдаланылатын үй-жайлардың жарықтандыру қондырғыларынан, түтін жою жүйелерінің электр қондырғыларынан, жүк және жолаушылар лифтілерінен (көтергіштерден), сыртқы шекара желілерінен (кәбілдерінен), сондай-ақ осы желілерде орналасқан басқа да электр жабдықтардан тұратын электрмен жабдықтау; газ көзінен (сұйытылған көмірсутегі газын пайдаланған кезде) немесе көрсетілген газ құбырларының газ тарату желісіне бірігу нүктесінен бастап пәтерішілік газ жабдығына тарамдарда орналасқан бекіткіш арматураға (шүмекке) дейін қоса алғанда, тартылған газ құбырларынан, бір көппәтерлі тұрғын үйге газ беруге арналған сұйытылған көмірсутегі газдарының резервуарлық және (немесе) топтық баллондық қондырғыларынан, газ құбырларындағы техникалық құрылғылардан, оның ішінде реттегіш және қорғауыш арматурадан, үй-жайлардың газдануын бақылау жүйесінен, газды есепке алу аспаптарынан тұратын газбен жабдықтау; пәтердегі, тұрғын емес үй-жайдағы бірінші ажыратқыш құрылғыға дейін қоқыс әкету, ауабаптау, жылуды реттеу және вакуумдау, сондай-ақ осы желілерде орналасқан басқа да жабдықтар; пәтерде, тұрғын емес үй-жайда, қоймада орналасқан жабдықты қоспағанда, газ тарау, түтінге орану және су басу дабылы құрылғыларынан, автоматты өртке қарсы дабыл беру жүйелерінен, көппәтерлі тұрғын үйдің инженерлік жабдығын автоматтандыру және диспетчерлеу жүйелерінен (домофондық жүйелер мен жабдық, бейнебайқау), телефон байланысы, телевизия және интернет қызметтерін көрсету жүйелерінен тұратын тогы әлсіз инженерлік жүйелер жатады. 📌 Ескерту. 40-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 41. 41-бап. Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар мен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі арасындағы шекараларды өзгерту
41-бап. Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар мен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі арасындағы шекараларды өзгерту
Тармақ 1
1. Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар мен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкі арасындағы шекараларды өзгертуге Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының және осы Заңның 40-бабы 3-тармағының талаптары сақтала отырып жол беріледі.
Тармақ 2
2. Көршілес (шектес) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар арасындағы шекараларды өзгерту, егер өзгерістер: тіреуіш және (немесе) қоршау конструкцияларын; үйге ортақ инженерлік жүйелерді; кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін; пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың функционалдық мақсатын қозғамайтын жағдайларда, осы пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің өзара келісімі бойынша жүргізілуі мүмкін. 📌 Ескерту. 41-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.06.08 N 163-IV; жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 6-1. 6-1-тарау. Елді мекендер шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылау және елді мекендер шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау
6-1-тарау. Елді мекендер шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқару, газ және газбен жабдықтау салаларындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылау және елді мекендер шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік қадағалау 📌 Ескерту. 6-1-тарау алып тасталды – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 41-1
Тармақ 2
Тарау 7. 7-тарау. Кондоминиум объектісін басқару
7-тарау. Кондоминиум объектісін басқару 📌 Ескерту. 7-тарау жаңа редакцияда – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1. 1-параграф. Кондоминиум объектісін басқару рәсімдері мен тәсілдері
1-параграф. Кондоминиум объектісін басқару рәсімдері мен тәсілдері
Бап 42. 42-бап. Жиналыс
42-бап. Жиналыс
Тармақ 1
1. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыста кондоминиум объектісін басқаруға байланысты мәселелерді қарайды және (немесе) шешімдерді қабылдайды. Орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері жиналыста орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға байланысты мәселелерді қарайды және (немесе) шешімдерді қабылдайды.
Тармақ 2
2. Жиналыс:
Тармақша 1
1) кондоминиум объектісін басқаруға байланысты мәселелерді талқылау және олар бойынша шешімдер қабылдау үшін – келіп қатысу форматында;
Тармақша 2
2) осы Заңның 43 және 44-баптарында көзделген тәртіппен жазбаша сауалнама жүргізу жолымен және (немесе) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісі арқылы сырттай форматта өткізілуі мүмкін. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісі арқылы алынған дауыс беру нәтижелері келіп қатысу және сырттай форматтарда өткізілетін жиналыстарда дауыс беру қорытындыларын шығару кезінде ескеріледі. Жиналыста осы баптың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген шешімдерді қабылдау үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері пәтерге, тұрғын емес үй-жайға меншік құқығын Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған кез келген тәсілмен растайды.
Тармақ 3
3. Жиналысқа: мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы; кондоминиум объектісін басқару субъектісі; үй кеңесі; ревизиялық комиссия (ревизор); пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің кемінде он пайызы; орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің кемінде он пайызы; тұрғын үй инспекциясы бастама жасауы мүмкін.
Тармақ 4
4. Жиналыс қабылдаған шешімдер пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың барлық меншік иелері үшін міндетті болып табылады. Жиналыстың шешімдері хаттамамен ресімделеді.
Тармақ 5
5. Жиналыстың құзыретіне мынадай мәселелер жатады:
Тармақша 1
1) кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау туралы шешім қабылдау;
Тармақша 2
2) кондоминиум объектісін басқару субъектісін таңдау туралы шешім қабылдау;
Тармақша 3
3) мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасын, үй кеңесінің, ревизиялық комиссияның мүшелерін (ревизорды) сайлау, оларды қайта сайлау немесе олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
Тармақша 4
4) пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативін тіркеу (қайта тіркеу) үшін пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелері қатарынан өкілдерді бастамашы топтың құрамына жіберу;
Тармақша 5
5) көппәтерлі тұрғын үйді басқарушыны жалдау туралы шешім қабылдау;
Тармақша 6
6) кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын есептеу әдістемесіне сәйкес кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасын бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
Тармақша 7
7) кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес ағымдағы жарналар мөлшерін бекіту;
Тармақша 8
8) жинақтаушы жарналардың мөлшері осы Заңда көзделген мөлшерден асып кеткен жағдайда, олардың мөлшерін бекіту;
Тармақша 9
9) орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналардың мөлшерін кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес бекітуі;
Тармақша 10
10) нысаналы жарналарды жинау, олардың мөлшері, төлеудің мерзімдері мен өзге де шарттары туралы шешім қабылдау;
Тармақша 11
11) орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің нысаналы жарналарды жинау, олардың мөлшері, төлеудің мерзімдері мен өзге де шарттары туралы шешім қабылдауы;
Тармақша 12
12) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу (жаңғырту, реконструкциялау, реставрациялау) туралы, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстар сметасын бекіту туралы шешім қабылдау;
Тармақша 13
13) жинақ шотында жинақталған ақшаны жұмсау туралы шешім қабылдау;
Тармақша 14
14) көппәтерлі тұрғын үйдің лифтілерін ауыстыру (жөндеу) туралы шешім қабылдау;
Тармақша 15
15) кондоминиум объектісін басқару жөніндегі жылдық есепті бекіту;
Тармақша 16
16) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін айқындау, сондай-ақ оның құрамын өзгерту;
Тармақша 17
17) пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесіне немесе үшінші тұлғаларға кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің бір бөлігін мүліктік жалдауға (жалға) беру туралы шешім қабылдау;
Тармақша 18
18) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісін таңдау туралы шешім қабылдау;
Тармақша 19
19) үй кеңесінің, ревизиялық комиссияның мүшелеріне (ревизорға) есепті кезеңдегі қызмет қорытындылары бойынша сыйақы төлеу және оның мөлшері туралы шешім қабылдау;
Тармақша 20
20) мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасына еңбекақы төлеу мөлшерін белгілеу;
Тармақша 21
21) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін мердігерді таңдау туралы шешім қабылдау;
Тармақша 22
22) кондоминиум объектісін басқаруға байланысты өзге де мәселелер.
Тармақ 6
6. Жиналыстың бастамашысы жиналыс өткізілетін күннен күнтізбелік бес күн бұрын пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерін оның өткізілу форматы, жиналыс өткізілетін күн, орын және күн тәртібі туралы хабарландыруды жалпыға қолжетімді орындарда, тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісінде (бар болса) орналастыру арқылы немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері электрондық поштасын не ұялы байланыс абоненттік құрылғысының абоненттік нөмірін ұсынған жағдайда, осылар арқылы жеке-дара хабардар етеді.
Тармақ 7
7. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесі дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады. Егер меншік иесіне бірнеше пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар тиесілі болса, оның тиісті дауыс саны болады. Екі және одан көп адамның бірлескен меншігіндегі пәтер, тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма дауыс беру кезінде бір дауысқа ие болады.
Тармақ 8
8. Егер жиналысқа пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының жартысынан көбі қатысса, жиналыс шешім қабылдауға құқылы. Шешім пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігі келіскен кезде қабылданатын осы баптың 5-тармағы 6) – 16) және 21) тармақшаларында көрсетілген мәселелерді қоспағанда, шешім дауыс беруге тікелей қатысқан пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігінің келісімімен қабылданады.
Тармақ 9
9. Орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері жиналыста осы баптың 6-тармағының 9) және 11) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша шешім қабылдайды. Егер шешімге орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің жалпы санынан орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің көпшілігі дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі.
Тармақ 10
10.  Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың әрбір меншік иесінің Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың басқа меншік иелерінің қалай дауыс бергенін білуге құқығы бар.
Тармақ 11
11. Көппәтерлі тұрғын үйдің бір кіреберісіндегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері, егер кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасында көзделмеген іс-шараларға ақы төлеу үшін нысаналы жарналар жинау туралы шешім көппәтерлі тұрғын үйдің басқа кіреберістеріндегі пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің мүдделерін қозғамаса, осындай шешім қабылдауға құқылы. Шешім көппәтерлі тұрғын үйдің осы кіреберісіндегі пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының үштен екісінен астамының келісімі болған кезде, тиісті хаттама ресімделе отырып, қабылданған болып есептеледі.
Тармақ 12
12. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың дауыс берген меншік иелерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың нөмірлері көрсетілген олардың тізімі жиналыс хаттамасының ажырамас бөлігі болып табылады, ол нөмірленеді және тігіледі.
Тармақ 13
13. Жиналыс қабылдаған, хаттамамен ресімделген шешімдер сотта, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда даулы және өзге де мәселелерді қарау кезінде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің ерік білдіруі ретіндегі құжат болып табылады, сондай-ақ тұрғын үй көмегін есептеу үшін негіз болады.
Тармақ 14
14. Жиналыс хаттамасында мыналар көрсетіледі:
Тармақша 1
1) көппәтерлі тұрғын үйдің орналасқан жері;
Тармақша 2
2) дауыс беруге шығарылған мәселелер;
Тармақша 3
3) жиналысты өткізу күні, форматы, уақыты (дауыс беру мерзімдері);
Тармақша 4
4) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы саны;
Тармақша 5
5) орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің жалпы саны;
Тармақша 6
6)  пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың нөмірлері көрсетіле отырып, жиналысқа қатысатын меншік иелерінің саны;
Тармақша 7
7) орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), орынтұрақ орындарының, қоймалардың нөмірлері көрсетіле отырып, жиналысқа қатысатын меншік иелерінің саны;
Тармақша 8
8) жиналыс төрағасының, жиналыс хатшысының, жиналыс бастамашыларының тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе);
Тармақша 9
9) дауыс беру қорытындылары;
Тармақша 10
10) жиналыс қабылдаған шешім;
Тармақша 11
11) жиналыс хаттамасына қосымша.
Тармақ 15
15. Жиналыс хаттамасы ресми құжат болып табылады және оған жиналыс төрағасы, хатшысы және жиналыс бастамашысы қол қояды. Егер пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің не орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің кемінде он пайызы жиналыс бастамашысы болып табылса, жиналыс хаттамасына пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың не орынтұрақ орындарының, қоймалардың бастамашылар қатарындағы кемінде үш меншік иесі қол қояды.
Тармақ 16
16. Жиналыстардың хаттамалары мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасында немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісінде сақталады. Электрондық құжатты қалыптастыру кезінде жиналыстардың хаттамаларын сақтау «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 17
17. Жиналыстар хаттамаларының көшірмелері пәтер, тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма меншік иесінің не тұрғын үй инспекциясының жазбаша талап етуі бойынша бес жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Бап 43. 43-бап. Жазбаша сауалнама жүргізу
43-бап. Жазбаша сауалнама жүргізу
Тармақ 1
1. Жиналысты жазбаша сауалнама жүргізу арқылы ұйымдастыру үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері қатарынан бастамашы топ айқындалады.
Тармақ 2
2. Жазбаша сауалнама жиналыс жарияланған күннен бастап екі айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың немесе орынтұрақ орындарының, қоймалардың саны бес жүзден асатын көппәтерлі тұрғын үйлерде жазбаша сауалнама үш айдан аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Жазбаша сауалнама парағында көппәтерлі тұрғын үйдің реттік нөмірі, мекенжайы, дауыс беруге шығарылған мәселелер, пәтер, тұрғын емес үй-жай, орынтұрақ орны, қойма меншік иесінің қол қоятын орны, жиналыс бастамашыларының қолтаңбалары болуға тиіс.
Тармақ 4
4. Жазбаша сауалнама парағы жазбаша сауалнама жарияланған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың әрбір меншік иесіне қолма-қол, электрондық пошта арқылы не ұялы байланыс абоненттік құрылғысының абоненттік нөмірі бойынша (мұндай ақпарат болған кезде) жіберіледі.
Тармақ 5
5. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесі жазбаша сауалнама парағында тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың нөмірін, дауыс беруге шығарылған мәселелер бойынша пікірін көрсетеді және жазбаша сауалнама парағына қол қояды.
Тармақ 6
6. Жиналыстың бастамашылары есепке алу, хаттама жасау үшін жазбаша сауалнама парақтарын жинауды және қолма-қол, электрондық пошта арқылы не ұялы байланыс абоненттік құрылғысының абоненттік нөмірі бойынша (мұндай ақпарат болған кезде) қабылдауды жүзеге асырады және сауалнама парақтарында қамтылған мәліметтердің анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
Тармақ 7
7. Жазбаша сауалнама арқылы дауыс беру қорытындыларын шығаруды жиналыс бастамашылары мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағасының, үй кеңесі мүшелерінің, басқару субъектісі өкілінің (ол болған кезде) не пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың кемінде екі меншік иесінің қатысуымен жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Жазбаша сауалнама арқылы дауыс беру қорытындылары жиналыс хаттамасымен ресімделеді және оған жиналыс бастамашылары қол қояды. Шешім осы Заңның 42-бабы 7-тармағының талаптары ескеріле отырып қабылданды деп есептеледі. Жазбаша сауалнама парақтары жиналыс хаттамасының ажырамас бөлігі болып табылады, олар нөмірленеді және тігіледі.
Бап 44. 44-бап. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісі арқылы дауыс беру
44-бап. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісі арқылы дауыс беру
Тармақ 1
1. Пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің дауыс беруі тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісі арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісі арқылы дауыс беру жиналыс жарияланған күннен бастап кемінде жеті күн, бірақ екі айдан аспайтын мерзімде өткізіледі.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісі арқылы дауыс беру аяқталғаннан кейін хаттама тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісінде орналастырылады және «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақталады, сондай-ақ ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық құжат нысанында мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасына немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісіне не ол болмаған жағдайда жиналыс бастамашысына беріледі.
Тармақ 4
4. Осы Заңның 42-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мәселелер бойынша тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектісі арқылы дауыс беруді өткізу үшін «электрондық үкімет» ақпараттандыру объектісі пайдаланылуы мүмкін.
Бап 45. 45-бап. Ревизиялық комиссия (ревизор)
45-бап. Ревизиялық комиссия (ревизор)
Тармақ 1
1. Жиналыста пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері үш жыл мерзімге кемінде үш адамнан тұратын ревизиялық комиссияны не пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қатарынан ревизорды сайлауға құқылы. Ревизиялық комиссияның мүшелері (ревизор) кондоминиум объектісін басқару бойынша өзге функцияларды орындай алмайды. Мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағасының немесе үй кеңесі мүшелерінің отбасы мүшелері ревизиялық комиссияның мүшелері (ревизор) болып сайлана алмайды.
Тармақ 2
2. Ревизиялық комиссия (ревизор) кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қағидаларға сәйкес жылына бір реттен сиретпей кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қаржылық құжаттаманы тексеруді жүзеге асырады. Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қаржылық құжаттаманы тексеру нәтижелері бойынша ревизиялық комиссияның (ревизордың) есебі жиналыста қаралады. Кондоминиум объектісін басқару нысаны немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі ауысқан жағдайда ревизиялық комиссия (ревизор) кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қаржылық құжаттамаға бір ай ішінде тексеру жүргізеді.
Тармақ 3
3. Ревизиялық комиссияның өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімі қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады және оған ревизиялық комиссия мүшелері қол қояды. Ревизордың шешімін ревизор ресімдейді және оған қол қояды.
Тармақ 4
4. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері жиналыстың шешімі бойынша кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қаржылық құжаттаманың нәтижелеріне аудит жүргізуге құқылы. Аудиторлық көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстар пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің жеке қаражаты есебінен төленген жағдайда, жиналыстың шешімі талап етілмейді.
Бап 46. 46-бап. Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептер
46-бап. Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі есептер
Тармақ 1
1. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне, үй кеңесіне тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілері арқылы және (немесе) жалпыға қолжетімді орындарда орналастыру жолымен: есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасыншы күніне дейін – кондоминиум объектісін басқару жөніндегі ай сайынғы есепті; есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін кондоминиум объектісін басқару жөніндегі жылдық есепті ұсынады. Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептерде кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстарға (олар болған жағдайда) жатпайтын қосымша шығыстар көрсетілуге тиіс. Кондоминиум объектісін басқару жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептер Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптар ескеріле отырып ұсынылады.
Тармақ 2. 2-параграф. Кондоминиум объектісін басқару нысандары
2-параграф. Кондоминиум объектісін басқару нысандары
Бап 47. 47-бап. Кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау
47-бап. Кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдау
Тармақ 1
1. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару үшін кондоминиум объектісін басқарудың мынадай нысандарының бірін:
Тармақша 1
1) тікелей бірлесіп басқаруды;
Тармақша 2
2) мүліктің меншік иелері бірлестігін таңдауға міндетті.
Тармақ 2
2. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері осы баптың 1-тармағында айқындалған кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдауда және ауыстыруда еркін болады.
Тармақ 3
3. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері мен мүліктің меншік иелері бірлестігі не кондоминиум объектісін басқару субъектісі арасында жеке шарт жасасу арқылы кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсетуге жол берілмейді.
Бап 48. 48-бап. Тікелей бірлесіп басқару
48-бап. Тікелей бірлесіп басқару
Тармақ 1
1. Көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері кондоминиум объектісін басқаруды дербес жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 2
2. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың саны отыз алтыдан аз көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың барлық меншік иелерінің тікелей бірлесіп басқаруы екінші деңгейдегі банктерде ағымдағы және жинақ шоттарын ашпай және кондоминиум объектісін басқару субъектісін тартпай жүзеге асырылуы мүмкін. Егер көппәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың саны отыз алтыдан асатын болса, кондоминиум объектісін басқару үшін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері жиналыс хаттамасының негізінде кондоминиум объектісін басқару субъектісін тартуға міндетті.
Бап 49. 49-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестігі
49-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестігі
Тармақ 1
1. Кондоминиум объектісін басқару, оны күтіп-ұстауды қаржыландыру және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету үшін бір көппәтерлі тұрғын үй пәтерлерінің, тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері мүліктің меншік иелері бірлестігін құрады.
Тармақ 2
2. Біртұтас іргетаста орналасқан не үйге ортақ біртұтас инженерлік жүйелері немесе көппәтерлі тұрғын үй тұрған бөлінбейтін біртұтас жер учаскесі және үй жанындағы жер учаскесі бар көппәтерлі тұрғын үйлерде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері мүліктің меншік иелерінің бір бірлестігін құрады.
Бап 50. 50-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеу
50-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеу
Тармақ 1
1. Мүліктің меншік иелері бірлестігі мемлекеттік тіркелген кезінен бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлға құқықтарына ие болады және уәкілетті орган бекіткен үлгілік жарғының негізінде қызметін жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Мүліктің меншік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Мүліктің меншік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеу үшін әділет органдарына:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) жиналыс хаттамасы;
Тармақша 3
3) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек немесе өзге де құжат ұсынылады.
Бап 51. 51-бап. Үй кеңесі
51-бап. Үй кеңесі
Тармақ 1
1. Үй кеңесінің мүшелері жиналыста пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың кемінде үш меншік иесінен сайланады. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесімен тұрақты тұратын пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иесінің отбасы мүшелері (жұбайы (зайыбы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе біреуінің балалары (оның ішінде асырап алған балалары), ата-анасы және жұбайының (зайыбының) ата-анасы, балаларының отбасылары үй кеңесінің мүшесі ретінде сайлануы мүмкін. Мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағасының отбасы мүшелері және ревизиялық комиссияның мүшелері (ревизор) үй кеңесінің мүшелері болып сайлана алмайды.
Тармақ 2
2. Үй кеңесі пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің кондоминиум объектісін басқару мәселелері бойынша мүдделерін білдіреді және жиналысқа есеп береді.
Тармақ 3
3. Үй кеңесі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) осы Заңның 42-бабы 5-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 17), 18), 19), 20) және 22) тармақшаларында көзделген функцияларды, жиналыс осындай өкілеттіктерді берген кезде жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасының, кондоминиум объектісін басқару жөніндегі жылдық есептің жобаларын қарау және оларды жиналыстың қарауына және бекітуіне беру;
Тармақша 3
3) жиналыс өткізуді ұйымдастыру, жазбаша сауалнама парақтарын және жиналыс хаттамасын ресімдеу;
Тармақша 4
4) кондоминиум объектісін басқару субъектісімен жасалған шарт талаптарының орындалуын мониторингтеу;
Тармақша 5
5) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің ағымдағы және жинақ шоттарындағы ақшасының жұмсалуын мониторингтеу;
Тармақша 6
6) көппәтерлі тұрғын үйді басқарушының кандидатурасын келісу;
Тармақша 7
7) үй кеңесі мүшелерінің қатарынан мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағасының міндетін уақытша атқарушыны тағайындау;
Тармақша 8
8) өзіне жиналыста берілген, кондоминиум объектісін басқаруға байланысты өзге де функцияларды орындау. Үй кеңесі кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды кондоминиум объектісін басқару субъектісіне берген жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында айқындалған функцияларды орындау кондоминиум объектісін басқару субъектісіне жүктеледі.
Тармақ 4
4. Үй кеңесі үш жыл мерзімге сайланады.
Тармақ 5
5. Үй кеңесінің өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімі қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады, хаттамамен ресімделеді, оған үй кеңесінің мүшелері қол қояды. Үй кеңесінің шешімі мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағасының, кондоминиум объектісін басқару субъектісінің, пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің орындауы үшін міндетті болып табылады.
Бап 51-1. 51-1-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы
51-1-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы
Тармақ 1
1. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы жиналыста пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қатарынан үш жыл мерзімге сайланады және үй кеңесінің мүшесі болып табылады. Пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың меншік иесімен тұрақты тұратын пәтер, тұрғын емес үй-жай меншік иесінің отбасы мүшелері (жұбайы (зайыбы), ерлі-зайыптылардың ортақ немесе біреуінің балалары (оның ішінде асырап алған балалары), ата-анасы және жұбайының (зайыбының) ата-анасы, балаларының отбасылары мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы болып сайлана алады.
Тармақ 2
2. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы барлық соттарда, мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мүліктің меншік иелері бірлестігінің атынан сенімхатсыз және жиналыстың шешімінсіз өкілдік етуге құқылы.
Тармақ 3
3. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы: осы Заңның 31-бабының 2-тармағында көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй құжаттамасының (ол болған кезде); көппәтерлі тұрғын үйдің қаржылық құжаттамасының (бастапқы есептік құжаттардың, қаржылық есептіліктің, ағымдағы және жинақ шоттары бойынша операцияларға байланысты құжаттардың); жиналыстар хаттамаларының; коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдармен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға коммуналдық қызметтер көрсету туралы жасалған шарттардың; кондоминиум объектісін басқару бойынша көрсетілген қызметтерді қабылдау актілерінің; кондоминиум объектісін басқару бойынша ай сайынғы және жылдық есептердің; мөрлердің (олар бар болса); кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына кіретін тұрғын емес үй-жайлар кілттерінің; кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына кіретін жабдықтарға қол жеткізудің электрондық кодтарының; ағымдағы, жинақтаушы және нысаналы жарналар есебінен сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтардың; көппәтерлі тұрғын үйді пайдалану үшін қажетті өзге де құжаттаманың, техникалық құралдар мен жабдықтардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 4
4. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы кондоминиум объектісін басқару жөніндегі өз қызметін тоқтатқан кезде он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қабылдау-беру актісінің негізінде мүліктің меншік иелері бірлестігінің жаңа төрағасына немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқару субъектісіне не ол болмаған жағдайда тұрғын үй инспекциясына осы баптың 3-тармағында көрсетілген құжаттаманы, техникалық құралдар мен жабдықтарды беруге міндетті.
Тармақ 5
5. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы:
Тармақша 1
1) мүліктің меншік иелері бірлестігін мемлекеттік тіркеуді және қайта тіркеуді;
Тармақша 2
2) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің тізімін қалыптастыруды;
Тармақша 3
3) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің тұруы (болуы) үшін қауіпсіз және жайлы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыруды;
Тармақша 4
4) жиналыстың өткізілуін ұйымдастыруды;
Тармақша 5
5) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдармен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға коммуналдық қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуды;
Тармақша 6
6) еңбек шарттарын жасасуды;
Тармақша 7
7) жиналыстың және үй кеңесінің шешімдерін орындауды;
Тармақша 8
8) кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасының және кондоминиум объектісін басқару жөніндегі жылдық есептің жобаларын жасауды және оларды үй кеңесінің қарауына ұсынуды;
Тармақша 9
9) үй кеңесіне кондоминиум объектісін басқару жөніндегі ай сайынғы есепті ұсынуды;
Тармақша 10
10) күнтізбелік он бес күн ішінде екінші деңгейдегі банктерде ағымдағы және жинақ шоттарын ашуды;
Тармақша 11
11) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің ағымдағы, жинақтаушы, нысаналы жарналарды және орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналарды енгізуіне мониторингті жүзеге асыруды;
Тармақша 12
12) жазбаша талап ету бойынша бір ай ішінде Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесіне ағымдағы және жинақ шоттары бойынша операцияларға байланысты қаржылық құжаттаманың (үзінді көшірмелер), кондоминиум объектісін басқару жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептердің, жиналыс шешімдерінің көшірмелерін қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда ұсынуды;
Тармақша 13
13) коммуналдық көрсетілетін қызметтердің сапасына және олардың пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне үздіксіз берілуіне мониторингті жүзеге асыруды;
Тармақша 14
14) кондоминиум объектісін басқару жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептерді, жиналыс және үй кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпаратты және өзге де ақпаратты (бар болса) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, жалпыға қолжетімді орындарда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастыруды;
Тармақша 15
15) инженерлік желілер мен жабдықтарды жылыту маусымына дайындау, лифтілер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған көтергіштерді, түтін жою, өрт дабылы, ішкі өртке қарсы су құбыры жүйелерін тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды;
Тармақша 16
16) ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларында көрсетілген талаптарға сәйкес ақпарат беруді;
Тармақша 17
17) кондоминиум объектісін басқаруға байланысты өзге де функцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Егер мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы уақытша еңбекке жарамсыздығы себебінен немесе өзге де себеппен өз функцияларын күнтізбелік он бес күннен артық орындай алмаса, үй кеңесі мүліктің меншік иелері бірлестігінің жаңа төрағасы сайланғанға дейін алты айдан аспайтын мерзімге үй кеңесі мүшелерінің арасынан мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағасының міндетін уақытша атқарушыны сайлайды. Мүліктің меншік иелері бірлестігі төрағасының міндетін уақытша атқарушы осы баптың 5-тармағының 1), 5) және 10) тармақшаларында көзделген функцияларды жүзеге асыруға құқылы емес.
Тармақ 7
7. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасы кондоминиум объектісін басқару үшін көппәтерлі тұрғын үйді басқарушымен еңбек шартын жасасуға құқылы. Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы Қазақстан Республикасының азаматы болуға және оның «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кәсіптік біліктілігін тану туралы құжаты болуға тиіс. Көппәтерлі тұрғын үйді басқарушы кәсіптік біліктілікті тану туралы құжатты алғаннан кейін, сондай-ақ мүліктің меншік иелері бірлестігімен еңбек шартын жасасқан кезде осы мәліметтерді кондоминиум объектісін басқару субъектілері мен көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарушылар тізіліміне енгізу үшін төрағаның атынан тұрғын үй инспекциясына ақпарат жібереді.
Бап 51-2. 51-2-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің мүлкі
51-2-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің мүлкі
Тармақ 1
1. Мүліктің меншік иелері бірлестігі сатып алған мүлік меншік құқығымен оған тиесілі болады, ол өз міндеттемелері бойынша осы мүлікпен жауап береді.
Тармақ 2
2. Мүліктің меншік иелері бірлестігі пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелері мүліктің меншік иелері бірлестігінің борыштары бойынша жауап бермейді.
Бап 51-3. 51-3-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестігін тарату
51-3-бап. Мүліктің меншік иелері бірлестігін тарату
Тармақ 1
1. Мүліктің меншік иелері бірлестігі:
Тармақша 1
1) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің жалпы санының көпшілігінің шешімі бойынша;
Тармақша 2
2) кондоминиум тоқтатылған кезде;
Тармақша 3
3) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша таратылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда мүліктің меншік иелері бірлестігін тарату кезінде оның берешекті өтегеннен кейін қалған мүлкі, егер пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, қабылдау-беру актісі негізінде пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері таңдаған кондоминиум объектісін басқару субъектісіне немесе тұрғын үй инспекциясы тағайындаған уақытша басқарушы компанияға беріледі. Осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда мүліктің меншік иелері бірлестігінің тарату кезінде берешекті өтегеннен кейін қалған мүлкі, егер меншік иелерінің арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, мүліктің меншік иелері бірлестігі мүшелерінің арасында олардың кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіндегі үлестеріне мөлшерлес бөлінеді.
Тармақ 3
3. Мүліктің меншік иелері бірлестігінің таратылуы «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 3. 3-параграф. Кондоминиум объектісін басқару субъектілері
3-параграф. Кондоминиум объектісін басқару субъектілері
Бап 51-4. 51-4-бап. Кондоминиум объектісін басқару субъектілері
51-4-бап. Кондоминиум объектісін басқару субъектілері
Тармақ 1
1. Кондоминиум объектілерін басқару субъектілері мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) басқарушы компания;
Тармақша 2
2) пәтер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативі.
Тармақ 2
2. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері осы баптың 1-тармағында айқындалған кондоминиум объектісін басқару субъектілерін таңдауда және ауыстыруда еркін болады.
Тармақ 3
3. Кондоминиум объектісін басқару субъектілері өз құрамында «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және кондоминиум объектісін басқару саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкес кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыруға кәсіптік біліктілікті тану туралы құжаты бар жұмыскерлер болған кезде кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтер көрсетеді.
Тармақ 4
4. Кондоминиум объектісін басқару субъектілері кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қызметті мүліктің меншік иелері бірлестігімен төрағаның атынан жасалған шарттың немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде жиналыс хаттамасының негізінде жүзеге асырады. Кондоминиум объектісін басқару субъектілері үш жұмыс күні ішінде кондоминиум объектісін көрсете отырып, кондоминиум объектісін басқару жөніндегі қызметтің басталғаны немесе мұндай қызметтің тоқтатылғаны туралы ақпаратты тұрғын үй инспекциясына жіберуге міндетті.
Тармақ 5
5. Кондоминиум объектісін басқару субъектілері пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелерін кондоминиум объектісін басқару бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын өзгерту немесе өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтату ниеті туралы өзгертудің немесе тоқтатудың болжамды күнінен кемінде үш ай бұрын хабардар етуге міндетті.
Тармақ 6
6. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кондоминиум объектісін басқару субъектілері өз қызметі тоқтатылғанға дейін үш айдан кешіктірмей кондоминиум объектісін басқарудың жаңа субъектісін таңдау үшін жиналыс өткізуге міндетті.
Тармақ 7
7. Басқару субъектісі: осы Заңның 31-бабының 2-тармағында көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй құжаттамасының (ол болған кезде); көппәтерлі тұрғын үйдің қаржылық құжаттамасының (бастапқы есептік құжаттардың, қаржылық есептіліктің, ағымдағы және жинақ шоттары бойынша операцияларға байланысты құжаттардың); жиналыстар хаттамаларының; коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдармен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға коммуналдық қызметтер көрсету туралы жасалған шарттардың не олардың көшірмелерінің; кондоминиум объектісін басқару бойынша көрсетілген қызметтерді қабылдау актілерінің; кондоминиум объектісін басқару бойынша ай сайынғы және жылдық есептердің; кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына кіретін тұрғын емес үй-жайлар кілттерінің; кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына кіретін жабдықтарға қол жеткізудің электрондық кодтарының; ағымдағы, жинақтаушы және нысаналы жарналар есебінен сатып алынған тауарлық-материалдық құндылықтардың; көппәтерлі тұрғын үйді пайдалану үшін қажетті өзге де құжаттаманың, техникалық құралдар мен жабдықтардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 8
8. Кондоминиум объектісін басқару субъектілері кондоминиум объектісін басқару жөніндегі өз қызметін тоқтатқан кезде он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мүліктің меншік иелері бірлестігінің төрағасына немесе пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кезде кондоминиум объектісін басқарудың жаңа субъектісіне не ол болмаған жағдайда тұрғын үй инспекциясына қабылдау-беру актісі негізінде осы баптың 7-тармағында көрсетілген құжаттаманы, өзге де техникалық құралдар мен жабдықтарды, өзге де мүлікті беруге міндетті.
Тармақ 9
9. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқарудың тікелей бірлесіп басқару түріндегі нысанын таңдаған кондоминиум объектісін басқару субъектісі ауысқан кезде жинақ шотындағы ақша қалдығы сақталуға және кондоминиум объектісін басқарудың жаңа субъектісі ашқан жинақ шотына үш жұмыс күні ішінде аударылуға тиіс.
Бап 51-5. 51-5-бап. Басқарушы компания
51-5-бап. Басқарушы компания
Тармақ 1
1. Басқарушы компания тұрғын үй инспекциясын «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес кондоминиум объектісін басқару жөніндегі өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар етеді.
Тармақ 2
2. Басқарушы компания:
Тармақша 1
1) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің тізімін қалыптастыруды;
Тармақша 2
2) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің тұруы (болуы) үшін қауіпсіз және жайлы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыруды;
Тармақша 3
3) жиналыстың өткізілуін ұйымдастыруды;
Тармақша 4
4) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдармен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға коммуналдық қызметтер көрсету туралы шарттар жасасуды;
Тармақша 5
5) жиналыстың және үй кеңесінің шешімдерін орындауды;
Тармақша 6
6) кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасының және кондоминиум объектісін басқару жөніндегі жылдық есептің жобаларын жасауды және оларды үй кеңесінің қарауына ұсынуды;
Тармақша 7
7) үй кеңесіне кондоминиум объектісін басқару жөніндегі ай сайынғы есепті ұсынуды;
Тармақша 8
8) күнтізбелік он күн бес ішінде кондоминиум объектісіне ағымдағы және жинақ шоттарын ашуды және (немесе) мүліктің меншік иелері бірлестігінің ағымдағы және жинақ шоттарын басқаруды;
Тармақша 9
9) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің ағымдағы, жинақтаушы, нысаналы жарналарды және орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналарды енгізуіне мониторингті жүзеге асыруды;
Тармақша 10
10) жазбаша талап ету бойынша бір ай ішінде Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесіне ағымдағы және жинақ шоттары бойынша операцияларға байланысты қаржылық құжаттаманың (үзінді көшірмелер), кондоминиум объектісін басқару жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептердің, жиналыс шешімдерінің көшірмелерін қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда ұсынуды;
Тармақша 11
11) коммуналдық көрсетілетін қызметтердің сапасына және олардың пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне үздіксіз берілуіне мониторингті жүзеге асыруды;
Тармақша 12
12) кондоминиум объектісін басқару жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептерді, жиналыс және үй кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпаратты және өзге де ақпаратты (бар болса) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, жалпыға қолжетімді орындарда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастыруды;
Тармақша 13
13) инженерлік желілер мен жабдықтарды жылыту маусымына дайындау, лифтілер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған көтергіштерді, түтін жою, өрт дабылы, ішкі өртке қарсы су құбыры жүйелерін тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды;
Тармақша 14
14) ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларында көрсетілген талаптарға сәйкес ақпарат беруді;
Тармақша 15
15) кондоминиум объектісін басқаруға байланысты өзге де функцияларды орындауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Көппәтерлі тұрғын үйдің тапсырыс берушісі (құрылыс салушы) көппәтерлі тұрғын үйді тіркегеннен кейін пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдаған не кондоминиум объектісін басқару субъектісін таңдаған кезге дейін екі жылдан аспайтын мерзімге басқарушы компанияны тартуға құқылы.
Тармақ 4
4. Пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері арасында кондоминиум объектісін басқару нысанын не кондоминиум объектісін басқару субъектісін таңдау туралы келісімге қол жеткізілмеген кезде тұрғын үй инспекциясы екі және одан астам ай ішінде немесе жиналыс хаттамасының негізінде пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің өтініші бойынша тұрғын үй инспекциясының кондоминиум объектісін басқару жөніндегі уақытша басқарушы компанияны айқындау және тағайындау қағидаларына сәйкес уақытша басқарушы компанияны айқындайды және тағайындайды.
Тармақ 5
5. Уақытша басқарушы компания кондоминиум объектісін басқару субъектісінің функцияларын пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері кондоминиум объектісін басқару нысанын таңдаған немесе кондоминиум объектісін басқару субъектісін таңдаған кезге дейін жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Уақытша басқарушы компания кондоминиум объектісін басқару үшін күнтізбелік он бес күн ішінде екінші деңгейдегі банкте ағымдағы және жинақ шоттарын ашуға міндетті.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй инспекциясы уақытша басқарушы компанияны тағайындаған кезде кондоминиум объектісін басқару бойынша көрсетілетін қызметтер тұрғын үй инспекциясы мен уақытша басқарушы компания арасындағы шарттың негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Уақытша басқарушы компания кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес кондоминиум объектісін басқару бойынша қызметтерді кондоминиум объектісін басқаруға арналған жарналардың ең төмен мөлшері бойынша көрсетеді.
Бап 51-6. 51-6-бап. Пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативі
51-6-бап. Пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативі
Тармақ 1
1. Пәтерлердің (тұрғын емес үй-жайлардың) меншік иелері кооперативінің қызметі осы Заңға, «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен пәтерлер меншік иелері кооперативінің үлгілік жарғысы негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативінің атауында «пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативі» деген сөз тіркесі болуға тиіс. Пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативінің атауында «ПМК» аббревиатурасы пайдаланыла отырып, оның атауын қысқартуға жол беріледі.
Тармақ 3
3. Пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативтерін тіркеу (қайта тіркеу) және тарату «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі. Бұл ретте пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативін тіркеу үшін бастамашы топтың құрамына осы Заңда белгіленген тәртіппен жиналыстарда ұсынылған екі және одан көп кондоминиум объектісінің пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар меншік иелерінің өкілдері кіреді.
Тармақ 4
4. Пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелерінің кооперативі мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің тізімін қалыптастыру;
Тармақша 2
2) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің тұруы (болуы) үшін қауіпсіз және жайлы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) жиналыс өткізуді ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсынатын ұйымдармен кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға коммуналдық қызметтер көрсету туралы шарттар жасасу;
Тармақша 5
5) жиналыстың және үй кеңесінің шешімдерін орындау;
Тармақша 6
6) кондоминиум объектісін басқаруға арналған шығыстардың жылдық сметасының және кондоминиум объектісін басқару жөніндегі жылдық есептің жобаларын жасау және оларды үй кеңесінің қарауына ұсыну;
Тармақша 7
7) үй кеңесіне кондоминиум объектісін басқару жөніндегі ай сайынғы есепті ұсыну;
Тармақша 8
8) күнтізбелік он күн бес ішінде кондоминиум объектісіне ағымдағы және жинақ шоттарын ашу және (немесе) мүліктің меншік иелері бірлестігінің ағымдағы және жинақ шоттарын басқару;
Тармақша 9
9) пәтерлер, тұрғын емес үй-жайлар, орынтұрақ орындары, қоймалар меншік иелерінің ағымдағы, жинақтаушы, нысаналы жарналарды және орынтұрақ орындарын, қоймаларды күтіп-ұстауға арналған ағымдағы жарналарды енгізуіне мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) жазбаша талап ету бойынша бір ай ішінде Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың, орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесіне ағымдағы және жинақ шоттары бойынша операцияларға байланысты қаржылық құжаттаманың (үзінді көшірмелер), кондоминиум объектісін басқару жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептердің, жиналыс шешімдерінің көшірмелерін қағаз жеткізгіште және (немесе) электрондық нысанда ұсыну;
Тармақша 11
11) коммуналдық көрсетілетін қызметтердің сапасына және олардың пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың, орынтұрақ орындарының, қоймалардың меншік иелеріне үздіксіз берілуіне мониторингті жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) кондоминиум объектісін басқару жөніндегі ай сайынғы және жылдық есептерді, жиналыс және үй кеңесі қабылдаған шешімдер туралы ақпаратты және өзге де ақпаратты (бар болса) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасында белгіленген талаптарды ескере отырып, жалпыға қолжетімді орындарда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінде орналастыру;
Тармақша 13
13) инженерлік желілер мен жабдықтарды жылыту маусымына дайындау, лифтілер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған көтергіштерді, түтін жою, өрт дабылы, ішкі өртке қарсы су құбыры жүйелерін тиісінше пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 14
14) ақпаратты электрондық нысанда қалыптастыру, өңдеу, сондай-ақ орталықтандырылған түрде жинау және сақтау, оның ішінде тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы ақпараттандыру объектілерінің жұмыс істеу қағидаларында көрсетілген талаптарға сәйкес ақпарат беру;
Тармақша 15
15) кондоминиум объектісін басқаруға байланысты өзге де функцияларды орындау.
Тармақ 5
5. Пәтерлер (тұрғын емес үй-жайлар) меншік иелері кооперативі алған кірістер оның мүшелері арасында бөлінбейді және жарғылық мақсаттарға жіберіледі.
Тарау 8. 8-тарау. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтері
8-тарау. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтері 📌 Ескерту. 8-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 52. 52-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтерін құру
52-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтерін құру
Тармақ 1
1. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі көппәтерлі тұрғын үйді салу және кейіннен тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің арасында пәтерлерді, тұрғын емес үй-жайларды, тұрақ орындарын енгізілген немесе енгізілуге жататын пай жарналарының сомасына сәйкес бөлу үшін құрылады және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындағанға дейін әрекет етеді.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінен өзге нысанда азаматтар бірлестігінің көппәтерлі тұрғын үй салуына жол берілмейді.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй-құрылыс кооперативін құру тұрғын үй-құрылыс кооперативінің құрылтай жиналысын өткізуден басталады және заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеумен аяқталады.
Тармақ 4
4. Азаматтар тұрғын үй-құрылыс кооперативінің құрылтай жиналысын өткізуді және оның қарауына шығарылатын құжаттардың жобаларын дайындау жөніндегі бастамашы топтарды құра алады.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің құрылтай жиналысы мынадай мәселелерді шешеді:
Тармақша 1
1) тұрғын үй-құрылыс кооперативін құру, оның атауы және орналасқан жері туралы шешім қабылдайды;
Тармақша 2
2) қызмет нысаны мен мақсатын айқындайды;
Тармақша 3
3) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жарғысы мен құрылтай шартын бекітеді;
Тармақша 4
4) атқарушы, бақылау және өзге де органдарды сайлайды;
Тармақша 5
5) мемлекеттік тіркеу мерзімдерін және оған жауапты адамдарды айқындайды;
Тармақша 6
6) тұрғын үй-құрылыс кооперативін құруға байланысты өзге де мәселелерді шешеді. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі құрылтай жиналысының шешімі хаттамамен ресімделеді. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі құрылтай жиналысының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі құрылтай жиналысының төрағасы оның қатысушыларының көпшілік даусымен сайланады.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй-құрылыс кооперативін құру арқылы көппәтерлі тұрғын үйді салу жобасында бір жер учаскесіне бірнеше құрылыс объектісі көзделуі мүмкін.
Тармақ 7
7. Алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 📌 Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 52-1. 52-1-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басқару органдары
52-1-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басқару органдары
Тармақ 1
1. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басқару органдары:
Тармақша 1
1) жоғары орган – жалпы жиналыс;
Тармақша 2
2) атқарушы орган – басқарма (төраға);
Тармақша 3
3) бақылау органы – ревизиялық комиссия (ревизор) болып табылады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жарғысында тұрғын үй-құрылыс кооперативінің өзге де органдарын құру көзделуі мүмкін. 📌 Ескерту. 8-тарау 52-1-баппен толықтырылды - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 53. 53-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне мүше болу шарттары
53-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне мүше болу шарттары
Тармақ 1
1. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің саны мемлекеттік тіркеу кезінде кәмелетке толған он азаматтан кем болмауы керек. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі эскиздік жоба келісілгенге дейін жаңа мүшелерді қабылдауға құқылы емес.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне осы Заңның және тұрғын үй-құрылыс кооперативі жарғысының талаптарын сақтай отырып жүргізілген жаңа мүшелерді қабылдау атқарушы органның хаттамасымен және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын жасасу арқылы ресімделеді. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің саны тұрғын үй-құрылыс кооперативіндегі пай санынан аспауға тиіс.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесі болғысы келетін азамат тұрғын үй-құрылыс кооперативінің атқарушы органына тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қабылдау туралы жазбаша нысанда өтініш береді. Өтініште тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетілуге тиіс.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің атқарушы органы он күн ішінде өтінішті қарайды, оң шешім қабылдаған кезде хаттама ресімдейді және тұрғын үй-құрылыс кооперативінің атынан азаматпен жергілікті атқарушы орган тіркейтін тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартын жасасады.
Тармақ 5
5. Жылжымайтын мүлікке тіркелген меншік құқығы, егер тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жарғысында өзгеше көзделмесе, тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылмайды.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі әрбір мүшесінің дауыс саны шешімдерді қабылдаған кезде тұрғын үй-құрылыс кооперативіндегі оның пай санына пропорционалды болады. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесі иеленетін пай саны, сондай-ақ олардың мөлшері, егер тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жарғысында өзгеше көзделмесе, шектелмейді.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартына сәйкес тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесіне берілетін пәтер не тұрғын емес үй-жай немесе тұрақ орны тұрғын үй-құрылыс кооперативіндегі пай деп танылады.
Тармақ 8
8. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесі қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлерінің, егер тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жарғысында өзгеше көзделмесе, тұрғын үй-құрылыс кооперативіне мүшелікке қабылдануға бірінші кезекте құқығы бар. Соңғы жағдайда кооператив мұрагерлерге тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүлкіндегі үлесін оның пайына пропорционалды түрде төлейді.
Тармақ 9
9. Пай жарналарын енгізу тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартына сәйкес ақшамен жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы үшін жер учаскесін ресімдеуге арналған шығындар көппәтерлі тұрғын үй құрылысының жалпы құнына енгізіледі және тұрғын үй-құрылыс кооперативінің барлық мүшесіне бөлінеді.
Тармақ 11
11. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің пай жарналарын енгізуі уәкілетті орган бекіткен, тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қызметін ұйымдастыру және тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің пай жарналарын төлеу қағидаларына және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшелері:
Тармақша 1
1) тұрғын үй-құрылыс кооперативінен белгіленген тәртіппен ерікті түрде шығуға;
Тармақша 2
2) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қызметіне қатысуға, тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басқару органдарын сайлауға және оған сайлануға, тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қызметін жақсарту, оның басқару органдарының жұмысындағы кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 3
3) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басқару органдарынан олардың қызметі туралы ақпарат алуға, оның ішінде қаржылық есептілік деректерімен және басқа да құжаттамамен тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жарғысында айқындалған тәртіпте танысуға;
Тармақша 4
4) тұрғын үй-құрылыс кооперативі басқару органдарының өздерінің мүдделерін қозғайтын шешіміне сотқа шағым жасауға құқылы.
Тармақ 13
13. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жарғысымен тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге де құқықтары белгіленуі мүмкін.
Тармақ 14
14. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшелері:
Тармақша 1
1) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жарғысын сақтауға;
Тармақша 2
2) тұрғын үй-құрылыс кооперативі жалпы жиналысының шешімдерін орындауға;
Тармақша 3
3) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің алдындағы, тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жарғысында айқындалған оның қызметіне қатысу жөніндегі міндеттемелерді орындауға;
Тармақша 4
4) тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартына сәйкес пай жарналарын енгізуге міндетті.
Тармақ 15
15. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшелері тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жарғысында көзделген, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін басқа да міндеттерді атқаруы мүмкін. 📌 Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 54. 54-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесіне пай беру
54-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесіне пай беру
Тармақ 1
1. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесіне оның пайын тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартында көзделген мерзімнен кешіктірмей беруге міндетті.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесіне оның көппәтерлі тұрғын үйдегі пайын беруді тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басқару органы салынған көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілгеннен кейін беру актісі негізінде жүзеге асырады. 📌 Ескерту. 54-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 55. 55-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтерін қаржылық (кредиттік) қолдау
55-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтерін қаржылық (кредиттік) қолдау
Тармақ 1
1. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтері Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен мемлекеттен, мемлекеттік емес меншік нысанына негізделген заңды тұлғалардан, азаматтардан ақшалай кредиттер және өзге де қаржылай көмек ала алады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтері жалпы негіздерде кредиттер де ала алады. 📌 Ескерту. 55-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 56. 56-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативiнiң жарғысы
56-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативiнiң жарғысы
Тармақ 1
1. Тұрғын үй-құрылыс кооперативтері тұрғын үй-құрылыс кооперативінің үлгілік жарғысына сәйкес әзірленген және тұрғын үй-құрылыс кооперативінің құрылтай жиналысында қабылданған жарғы негізінде әрекет етеді.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жарғысында:
Тармақша 1
1) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің атауы, мақсаттары мен міндеттері;
Тармақша 2
2) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің орналасқан жері;
Тармақша 3
3) тұрғын үй-құрылыс кооперативіне мүше болу шарттары, мүшелікті иелену тәртібі және оны тоқтату шарттары, оның мүшелерінің құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 4
4) тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің пай жарналарын енгізу тәртібі;
Тармақша 5
5) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшелерін есепке алу тәртібі;
Тармақша 6
6) тұрғын үй-құрылыс кооперативін құру, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі;
Тармақша 7
7) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басқару органдарын сайлау тәртібі, өкілеттіктері мерзімі және олардың құзыреті;
Тармақша 8
8) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде көзделген өзге де мәліметтер қамтылуға тиіс.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жарғысында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер қамтылуы мүмкін.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жарғысын тұрғын үй-құрылыс кооперативі құрылтай жиналысының барлық қатысушысы бекітуге тиіс.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жарғысына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар мемлекеттік тіркелуге жатады. 📌 Ескерту. 56-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 57. 57-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативін мемлекеттік тіркеу және оның қызметін жүзеге асыру
57-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативін мемлекеттік тіркеу және оның қызметін жүзеге асыру
Тармақ 1
1. Тұрғын үй-құрылыс кооперативін мемлекеттік тіркеуді әділет органдары Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырады. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының талаптарына сәйкес көппәтерлі тұрғын үй салуды жүзеге асырады
Тармақ 2
2. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің тұрақты жұмыс істейтін атқарушы органы орналасқан жер тұрғын үй-құрылыс кооперативінің орналасқан жері деп танылады.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің атқарушы органы орналасқан жері өзгерген кезде әділет органдарына хабар беруге міндетті.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі мынадай өкілеттіктерге ие:
Тармақша 1
1) көппәтерлі тұрғын үй салуға ғана бағытталған қызметпен айналысу;
Тармақша 2
2) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің құқықтарын бұзатын, мемлекеттік органдардың актілеріне не олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне), жергілікті өзін-өзі басқару органдарының актілеріне Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасау;
Тармақша 3
3) көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару, тұрғын үй сатып алу жөніндегі қызметті қоспағанда, заңды тұлғаның тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жарғысында көзделген мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті өзге де құқықтарын жүзеге асыру. 📌 Ескерту. 57-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.06.08 N 163-IV; жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 254-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 58. 58-бап. Кооператив мүшесiнiң отбасы мүшелерiнiң құқықтары
58-бап. Кооператив мүшесiнiң отбасы мүшелерiнiң құқықтары
Тармақ 1
1. Тұрғын үй-құрылыс кооперативi мүшесiнiң отбасы мүшелерiнiң ауқымы осы Заңның 21-бабына сәйкес белгiленедi.
Тармақ 2
2. Егер жиналған пайға төлемдер ерлi-зайыптылар бiрлесiп өмiр сүрген кезеңде төленсе, егер олардың арасындағы келiсiмде өзгеше белгiленбеген болса, жиналған пайдың бiр бөлiгiне кооператив мүшесi зайыбының (жұбайының) құқығы танылуы мүмкiн.
Тармақ 3
3. Қайтыс болған кооператив мүшесi мұрагерiнiң пай жинауға құқығы танылуы мүмкiн.
Тармақ 4
4. Жиналған пайдың бiр бөлiгiне құқығы болатын кооператив мүшесiнiң отбасы мүшелерi пайдаланылып отырған үй-жай жөнiнде нақ кооператив мүшесi сияқты құқықтар мен мiндеттердi пайдаланады. Кооператив мүшесi отбасының басқа мүшелерi кооператив мүшесiнiң үй-жайында тұрақты тұру (пайдалану) құқығын пайдаланады. 📌 Ескерту. 58-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 59. 59-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне мүшелікті тоқтату
59-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне мүшелікті тоқтату
Тармақ 1
1. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне мүшелік мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) ерікті түрде шыққанда;
Тармақша 2
2) сату, сыйға тарту, өзгеше түрде билік ету арқылы пайға құқықты жоғалтқанда немесе иеліктен шығарылғанда;
Тармақша 3
3) тұрғын үй-құрылыс кооперативі жалпы жиналысының немесе соттың шешімі бойынша шығарғанда;
Тармақша 4
4) тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесі қайтыс болғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен ол хабарсыз кетті деп танылғанда немесе қайтыс болды деп жарияланғанда;
Тармақша 5
5) тұрғын үй-құрылыс кооперативі таратылғанда, тоқтатылады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесі тұрғын үй-құрылыс кооперативіндегі пайға құқықты иеліктен шығарған немесе жоғалтқан жағдайда, тұрғын үй-құрылыс кооперативіне мүшелікті тоқтату тұрғын үй-құрылыс кооперативі атқарушы органының шешімімен ресімделеді. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіндегі пайға құқығын осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес иеліктен шығарған немесе жоғалтқан тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесі бұл туралы тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басқару органына хабар береді. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің басқару органына бұл ақпаратты тұрғын үй-құрылыс кооперативіндегі пайға құқық алған адамдар бере алады. 📌 Ескерту. 59-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 60. 60-бап. Кооперативтен шығудың салдары
60-бап. Кооперативтен шығудың салдары
Тармақ 1
1. Кооператив мүшесi оның құрамынан шыққан кезде пай жарнасының толық сомасын өзi төлегенге дейiн пәтерде тұратын жиналған пайдың бiр бөлiгiне құқығы болатын отбасы мүшесi кооперативке кiруге басым құқыққа ие болады.
Тармақ 2
2. Кооперативтен шыққан оның мүшесi жиналған пайдың бiр бөлiгiне құқығы болатын отбасы мүшесiнiң келiсiмiмен кооператив мүшесiнiң құқықтары мен мiндеттерiн беруге өзi тiлек бiлдiретiн басқа адамды көрсете алады. Мұндай адам кооперативке кiруге басым құқық алады.
Тармақ 3
3. Алып тасталды - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 📌 Ескерту. 60-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 61. 61-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінен шығару
61-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінен шығару Пай жарналарын төлеу мерзімін тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартында көзделген мерзімнен үш айдан астам өткізіп алуға жол берген тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесі тұрғын үй-құрылыс кооперативі жалпы жиналысының шешімімен тұрғын үй-құрылыс кооперативінен шығарылуы мүмкін. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің атқарушы органы тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесіне оны тұрғын үй-құрылыс кооперативінен шығару туралы мәселені тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жалпы жиналысына шығарудың себептері туралы хабарламаны қолма-қол, табыс етілгені туралы хабарламасы бар тапсырыс хат жіберу жолымен, ұялы байланыс немесе электрондық пошта арқылы, сондай-ақ хабарламаны тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып, күнтізбелік он күннен кешіктірмей жазбаша нысанда хабарлауға тиіс. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жалпы жиналысында тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесіне өзін тұрғын үй-құрылыс кооперативінен шығару мәселесі бойынша пікір айту құқығы берілуге тиіс. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің шығарылатын мүшесі келмеген және одан тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жалпы жиналысын ауыстыру туралы өтініш болмаған жағдайларда, тұрғын үй-құрылыс кооперативі жалпы жиналысының қатысушылары тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесін оның қатысуынсыз шығару туралы шешім қабылдауға құқылы. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жалпы жиналысына тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшелерінің жартысынан астамы қатысуға тиіс. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі жалпы жиналысының шешімі тұрғын үй-құрылыс кооперативінің жалпы жиналысына қатысушылардың көпшілік даусымен қабылданады. Бұл ретте, шешім қабылдау кезінде тұрғын үй-құрылыс кооперативі әрбір мүшесінің дауыс саны тұрғын үй-құрылыс кооперативіндегі оның пай санына пропорционалды болады. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесін тұрғын үй-құрылыс кооперативінен шығару туралы жалпы жиналыстың шешіміне сотқа шағым жасалуы мүмкін. 📌 Ескерту. 61-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 62. 62-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінен шығарудың немесе ерікті түрде шығудың салдарлары
62-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінен шығарудың немесе ерікті түрде шығудың салдарлары
Тармақ 1
1. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі жалпы жиналысының немесе соттың шешімі бойынша тұрғын үй-құрылыс кооперативінен шығарылған кезде тұрғын үй-құрылыс кооперативінің шығарылған мүшесі тұрғын үй-құрылыс кооперативінде өзіне тиесілі пайды нарықтық құны бойынша өзі дербес өткізеді немесе басқаға береді. Егер тұрғын үй-құрылыс кооперативінің шығарылған мүшесі бір ай ішінде өзіне тиесілі пайды өткізбесе, онда тұрғын үй-құрылыс кооперативінің шығарылған мүшесіне тиесілі пайды одан әрі өткізуді тұрғын үй-құрылыс кооперативінің атқарушы органы жүргізеді.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесі тұрғын үй-құрылыс кооперативіндегі өзіне тиесілі пайды өзі дербес өткізген немесе басқаға берген кезде тұрғын үй-құрылыс кооперативінен ерікті түрде шығады. Тұрғын үй-құрылыс кооперативіне мүшелік осы Заңның 59 және 61-баптарында айқындалған тәртіппен тоқтатылады.
Тармақ 3
3. Өткізу кезінде пайдың құны тұрғын үй-құрылыс кооперативінің шығарылған мүшесімен жасалған тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу шартында көзделген ақша сомасынан кем болмауға тиіс. Пайды өткізуден алынған ақша мынадай тәртіппен бөлінеді: тұрғын үй-құрылыс кооперативінің шығарылған мүшесі енгізген ақша қайтарылады; тұрғын үй-құрылыс кооперативінің шығарылған мүшесі берешегінің сомасы тұрғын үй-құрылыс кооперативіне аударылады.
Тармақ 4
4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген төлемдерден кейін қалған сома тұрғын үй-құрылыс кооперативі мен тұрғын үй-құрылыс кооперативінің шығарылған мүшесі арасында тең үлестермен бөлінеді. 📌 Ескерту. 62-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 63. 63-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшесiнiң пай жарнасының толық сомасын енгізуі
63-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі мүшесiнiң пай жарнасының толық сомасын енгізуі Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшесі көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға қабылдағанға дейін пай жарнасының толық сомасын енгізуге міндетті. 📌 Ескерту. 63-бап жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 64. 64-бап. Босаған тұрғын үйдi басқа адамға беру
64-бап. Босаған тұрғын үйдi басқа адамға беру 📌 Ескерту. 64-бап алып тасталды - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 65. 65-бап. Пай жарнасын қайтару
65-бап. Пай жарнасын қайтару 📌 Ескерту. 65-бап алып тасталды - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 66. 66-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қызметін тоқтату
66-бап. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің қызметін тоқтату
Тармақ 1
1. Көппәтерлі тұрғын үй құрылысының аяқталуы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісімен ресімделеді. Объектіні пайдалануға қабылдау актісі құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне объект туралы және (немесе) жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке олардың құрауыштары туралы сәйкестендіру және техникалық мәліметтерді енгізу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін негіз болып табылады.
Тармақ 2
2. Объектіні пайдалануға қабылдау актісі тіркелгеннен кейін және пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың бірінші меншік иесінің меншік құқығы ресімделгеннен кейін тұрғын үй-құрылыс кооперативінің атқарушы органы бір ай мерзімде кондоминиум объектісін тіркеуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 3
3. Тұрғын үй-құрылыс кооперативінің мүшелері жылжымайтын мүлікті тіркеу үшін айқындалған тәртіппен, пәтерлерге, тұрғын емес үй-жайларға меншік құқығын тіркеуге міндетті.
Тармақ 4
4. Кепілдік мерзімі шегінде анықталған көппәтерлі тұрғын үй құрылысының кемшіліктерін жою бойынша талап ету құқығы тұрғын үй-құрылыс кооперативінде, пәтердің, тұрғын емес үй-жайдың , орынтұрақ орнының, қойманың меншік иесінде, мүліктің меншік иелері бірлестігінде, кондоминиум объектісін басқару субъектісінде туындайды. Бұл ереже тұрғын үй-құрылыс кооперативі мен мердігер арасындағы құрылыс мердігерлігі шартында көзделуге тиіс.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй-құрылыс кооперативі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің барлық міндеттемесін орындағаннан кейін өз қызметін тоқтатады. 📌 Ескерту. 66-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.06.08 № 163-IV; жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бөлім 4. 4 БӨЛIМ
4 БӨЛIМ
Тарау 9. 9-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ТҰРҒЫНЖАЙ НЕМЕСЕ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАН ЖАЛДАҒАН ТҰРҒЫНЖАЙ БЕРУ
9-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ТҰРҒЫНЖАЙ НЕМЕСЕ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАН ЖАЛДАҒАН ТҰРҒЫНЖАЙ БЕРУ 📌 Ескерту. Тарау тақырыбына өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182; 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 67. 67-бап. Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру
67-бап. Тұрғынжайға мұқтаж адамдарды есепке қою және мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік кәсіпорындар тұрғынжайға мұқтаж адамдардың тізімдерін жүргізеді және тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған адамдардың тізімдерін және соңғы жиырма төрт айда мемлекеттік мекемелердің, мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін олардың тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойылған күнін көрсете отырып, өздерінің интернет-ресурстарында жариялайды. Тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған адамдардың тізімдерін және мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған адамдардың тізімдерін өздерінің интернет-ресурстарында жариялау талаптары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, құқық қорғау органдарына, арнаулы мемлекеттік органдарға, азаматтық қорғау органдарына қолданылмайды. Жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайлардан басқа, мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайлар қызметтік тұрғынжайларға теңестіріледі.
Тармақ 2
2. Осы баптың 4, 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар аталған мекемелердің осы елді мекендегі тұрғынжайға мұқтаж жұмыскерлеріне пайдалануға беріледі. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға беріледі. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру мақсатында құрылған мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжай берудің міндетті шарты олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда, жаңа тұрғылықты жері бойынша меншік құқығында тұрғынжайдың болмауы болып табылады. Мемлекеттік мекемелер беретін тұрғынжайлар қызметтік тұрғынжайлар болып табылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік кәсіпорындардың тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар осы кәсіпорындардың жұмыскерлеріне пайдалануға беріледі және қызметтік тұрғынжайларға теңестіріледі.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар Қазақстан Республикасы Президентінің, Құрылтайының, Премьер-Министрінің және Үкіметінің қызметін қамтамасыз ететін және оқшауланған мүлікті жедел басқару құқығы жоқ мемлекеттік органдардың осы елді мекендегі тұрғынжайға мұқтаж мемлекеттік қызметшілеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын өзге де адамдарға пайдалануға беріледі.
Тармақ 5
5. Ведомстволық тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғынжайлар лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалған не мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған, осы елді мекендегі тұрғынжайға мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезінде осы елді мекендегі тұрғынжайға мұқтаж мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарына лауазымдық міндеттерін атқару кезеңіне пайдалануға беріледі.
Тармақ 6
6. Осы елді мекендегі Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорының жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайлары тұрғынжайға мұқтаж деп танылған және тиісінше Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдарының, азаматтық қорғау органдарының кадрларында тұрған қызметкерлерге (жұмыскерлерге) қызмет өткеру (еңбек қатынастары) кезеңіне беріледі.
Тармақ 7
7. Астананың тұрғын үй қорын есепке алу және күтіп-ұстау саласындағы коммуналдық мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар осы елді мекендегі тұрғынжайға мұқтаж мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік ұйымдар жұмыскерлеріне пайдалануға беріледі. 📌 Ескерту. 67-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.06 № 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 N 553-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 126-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2017 № 114-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.05.2019 № 251-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2020 № 323-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.11.2022 № 157-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (30.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2026 № 291-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 68. 68-бап. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар
68-бап. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтар 📌 Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. Халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
Тармақша 1-1
1-1) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер;
Тармақша 1-2
1-2) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері;
Тармақша 2
2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар;
Тармақша 3
3) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
Тармақша 4
4) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар;
Тармақша 5
5) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер;
Тармақша 6
6) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жатады. Мұндай адамдардың жасы әскери қызметке шақырылған кезде мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
Тармақша 7
7) қандастар;
Тармақша 8
8) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар;
Тармақша 9
9) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар;
Тармақша 10
10) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;
Тармақша 11
11) толық емес отбасылар;
Тармақша 12
12) асырауында кәмелетке толмаған балалары және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын, бірақ жиырма үш жасқа толмаған балалары бар жесір әйелдер (тұл ер адамдар) жатады. 📌 Ескерту. 68-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.07.06 N 276, 2009.06.08 N 163-IV, 2010.05.29 № 283-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2012.01.06 № 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2019 № 251-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2020 № 323-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 69. 69-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаж деп тану
69-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаж деп тану
Тармақ 1
1. Кәмелетке толған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар, егер:
Тармақша 1
1) бірыңғай республикалық электрондық базаға және «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;
Тармақша 2
2) тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжай берген кезде олардың осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;
Тармақша 3
3) тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде және мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжай берген кезде олардың Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайы болмаса;
Тармақша 4
4) есепке алуды осы тұрғынжайдың орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын олардың жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен авариялық деп танылса, тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.
Тармақ 2
2. Кәмелеттік жасқа толуы туралы талап кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолданылмайды. Мұндай адамдарды әскери қызметке шақырған кезде жасы мерзімді әскери қызмет өткеру мерзіміне ұзартылады.
Тармақ 3
3. Коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған жалдаушының (қосымша жалдаушының) отбасы мүшелері тұрғынжайды жалдаушы (қосымша жалдаушы) сияқты негіздер бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаж деп таныла алмайды.
Тармақ 4
4. Жалғыз тұрғынжайы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған кезде меншік құқығындағы авариялық тұрғынжайды Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес коммуналдық меншікке береді. 📌 Ескерту. 69-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 06.05.2019 № 251-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 70. 70-бап. Азаматтардың мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу құқығы
70-бап. Азаматтардың мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу құқығы Ерлi-зайыптылардың әрқайсысында некеге тұрғанға дейiн осындай тұрғын үйi болған жағдайларды қоспағанда, азамат (зайыбымен және кәмелетке толмаған балаларымен бiрге) осы елдi мекенде мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бiр тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алуға құқылы. 📌 Ескерту. 70-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2006.07.07.N 182 Заңымен.
Тарау 10. 10-тарау.
10-тарау. 📌 Ескерту. 10-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 07.07.2006 № 182; тақырыбы алып тасталды - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 71. 71-бап. Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюы
71-бап. Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюы
Тармақ 1
1. Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің осы Заңның 69-бабына сәйкес тұрғынжайға мұқтаж деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюы Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою қағидаларына сәйкес осы елді мекенде тіркелген жері бойынша жүзеге асырылады. Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары сақтала отырып жүзеге асырылады. Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қою кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімін алуға міндетті. Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою туралы шешімді есепке қою туралы хабарламаны не есепке қоюдан уәжді бас тартуды жібере отырып, ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі қабылдайды және өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының азаматына, қандасқа электрондық пошта арқылы немесе ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы оның абоненттік нөміріне мәтіндік хабар түрінде жіберіледі.
Тармақ 2
2. Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің астанада, республикалық маңызы бар қалаларда Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюы кезінде соңғы үш жылда тұрғылықты жері бойынша тіркеу талап етіледі. Көрсетілген талап кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балаларға, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балаларға қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Жетім балалардың, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар білім беру ұйымына, медициналық немесе басқа да ұйымға келіп түскен күннен бастап немесе оларға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген күннен бастап не патронат тәрбиешiмен, баланы қабылдайтын ата-аналармен шарт жасасқан күннен бастап үш ай ішінде баланы жетім балалардың, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалардың бастапқы есепке қойылған жері бойынша не заңды өкілінің нақты тұратын жері бойынша тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюға міндетті. Баланы қабылдайтын отбасы бала асырап алудың, қорғаншылықтың немесе қамқоршылықтың, патронаттық тәрбиенің күші жойылғаннан кейін жетім балаларды, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балаларды білім беру ұйымдарына, медициналық немесе басқа да ұйымға қайтарған жағдайда, балалар асырап алушыға, қорғаншыға, қамқоршыға, патронаттық тәрбиешіге, баланы қабылдайтын ата-анаға берілгенге дейін олар тұрғынжайға мұқтаждарды есепке алу тізімдерінде қалпына келтіріледі. Жетім балалар, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балалар облыс шегінде тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қоюдың бастапқы күні сақтала отырып, тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойылады. Тұрғылықты жері ауысқан кезде жетім балаларды, ата-аналарының (ата-анасының) қамқорлығынсыз қалған балаларды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар етіп қайта ұйымдастырылған жағдайда, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешені мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша берілген жағдайда, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері ретінде тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған, мемлекеттік мекеменің немесе қазыналық кәсіпорынның жұмыскерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері деп танылады.
Тармақ 5
5. Бірыңғай республикалық электрондық базада тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюға жол берілмейді.
Тармақ 6
6. Бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тізімдерін түгендеу ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің интернет-ресурсында Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың жаңартылған тізімдерін жариялай отырып, тоқсанына кемінде бір рет жүргізіледі. 📌 Ескерту. 71-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.06.27 № 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 04.07.2013 № 126-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.05.2022 № 118-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 72. 72-бап. Тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қоюдан бас тарту негіздері
72-бап. Тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қоюдан бас тарту негіздері Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды, егер:
Тармақша 1
1) «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайлары бар болған немесе болған;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайлары болған;
Тармақша 3
3) мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың Қазақстан Республикасында меншік құқығында тұрғынжайлары болған;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан пайдалануға берілген тұрғынжайы немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайы болған;
Тармақша 5
5) ұсынылған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде анық емес деректер болған;
Тармақша 6
6) олар бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды алған және жекешелендірген;
Тармақша 7
7) олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған, басқа елді мекенде орналасқан жалғыз тұрғынжайы болған;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, меншігіне тұрғынжай сатып алған жағдайларда тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюдан бас тартылады. 📌 Ескерту. 72-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 N 587, 2006.07.07 N 182, 2009.06.08 N 163-IV, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 73. 73-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығару негіздері
73-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығару негіздері 📌 Ескерту. 73-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тармақ 1
1. Бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығару:
Тармақша 1
1) осы Заңның 69-бабына сәйкес тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін негіздер болмаған;
Тармақша 2
2) басқа елді мекенге тұрақты тұру үшін кеткен;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекемедегі немесе мемлекеттік кәсіпорындағы еңбек қатынастарын тоқтатқан;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай алған;
Тармақша 5
5) тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшін негіздер ретінде анық емес деректерді қамтитын құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынған;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған немесе шет мемлекеттің аумағында тұруға ықтиярхат не тұрақты тұру құқығын растайтын өзге де құжат алған;
Тармақша 7
7) соттың заңды күшіне енген айыптау үкіміне сәйкес өмір бойына бас бостандығынан айырылған;
Тармақша 8
8) соттың заңды күшіне енген шешімімен хабарсыз кетті деп танылған;
Тармақша 9
9) қайтыс болған немесе соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жариялаған жағдайларда жүзеге асырылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда:
Тармақша 1
1) жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар кәмелетке толғанынан кейін;
Тармақша 2
2) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар бала кәмелетке толғаннан кейін немесе баладан мүгедектік алынған (белгіленбеген) не ол қайтыс болған жағдайда;
Тармақша 3
3) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар балалары кәмелетке толғаннан немесе олар қайтыс болғаннан кейін;
Тармақша 4
4) толық емес отбасылар балалары кәмелетке толғаннан немесе олар қайтыс болғаннан кейін;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келген, Қазақстан Республикасының азаматтығын алған қандастар;
Тармақша 6
6) жесір әйелдер (тұл ер адамдар) балалары кәмелетке толғаннан немесе олар қайтыс болғаннан кейін тұрғынжайға мұқтаждар есебінен шығарылуға жатпайды.
Тармақ 2
2. Есепте тұрған азамат тұрақты тұруға басқа жаққа қоныс аударған не ол қайтыс болған жағдайда, егер бұл орайда отбасының онымен бiрге есепке тұрған мүшелерiн тұрғынжайға мұқтаж деп тану үшiн негiздер жойылмаса, олардың кезегi сақталады.
Тармақ 2-1
2-1. Алып тасталды - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 3
3. Мүдделi адамдарға есептен шығару туралы шешiм қабылданғаннан кейiн он күн мерзiм iшiнде есептен шығарудың негiздерi көрсетiлiп жазбаша түрде хабарланады.
Тармақ 4
4. Азамат тұрғынжайға мұқтаждар есебiне ол үшiн негiздер болмаса да қойылып, тәртiп бұзушылық байқалған, бiрақ кейiннен мұндай негiздер пайда болған (отбасы мүшелерi санының көбеюi, отбасының жиынтық табысының кемуi және сол сияқтылар) жағдайларда ол негiздер пайда болған күннен бастап мұқтаж деп танылады және оның кезегi соған сәйкес ауыстырылады. 📌 Ескерту. 73-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 06.05.2019 № 251-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.10.2021 № 67-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 207-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 74. 74-бап. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру
74-бап. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру
Тармақ 1
1. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарына, қандастарға тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сәйкес, кіріс деңгейіне және тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойылған күніне қарай іске асырылады. Бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың құқықтары тең деп танылады. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналардың, көпбалалы отбасылардың, мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылардың, бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдардың, жесір әйелдердің (тұл ер адамдардың) осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 1) және 3) тармақшаларында көзделген тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алу кезінде тұрғынжай бөлінетін жыл аясында бірінші кезекте құқығы болады, оларға жалпы тұрғынжайлар көлеміндегі тұрғынжайдың кемінде жетпіс пайызы беріледі.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған кезде мүгедектігі бар балаларды күтіп-бағуды жүзеге асыратын адамдар алатын әлеуметтік төлемдер, зейнетақы төлемдері, білім беру ұйымдарында жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар алатын мемлекеттік стипендиялар Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың кірісіне қосылмайды.
Тармақ 3
3. Осы Заңның 68-бабының 10) тармақшасында айқындалған санатқа жататын, бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жеріндегі жергілікті атқарушы органдар бір жылдан кешіктірмей тұрғынжайлармен қамтамасыз етеді.
Тармақ 4
4. Осы Заңның 10-8-бабы 1-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімді тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сәйкес ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі қабылдайды. 📌 Ескерту. 74-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 № 587, 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2006.07.07 № 182, 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.05.29 № 283-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.06.27 № 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.06 № 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 № 553-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 126-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2017 № 114-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.05.2019 № 251-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2020 № 323-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 75. 75-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру нормасы
75-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру нормасы
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй әр адамға кемiнде он бес шаршы метр және көп дегенде он сегiз шаршы метр пайдалы алаң, бiрақ кемiнде бiр бөлмелi пәтер мөлшерiнде немесе жатақханадан бөлме берiледi.
Тармақ 2
2. Алынып тасталды - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 3
3. Осы баптың 1-тармағында белгiленген мөлшерден асатын тұрғын үй алаңы артық деп есептеледi.
Тармақ 4
4. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiткен аурулар тiзiмiнде санамаланған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын азаматтарға, сондай-ақ мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға жеке қосымша бөлме берiледi. Аталған қосымша алаң артық деп есептелмейдi.
Тармақ 5
5. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үй мөлшерiн анықтаған кезде отбасында жүктi болғанына жиырма екі аптадан асқан әйелдiң болуы ескерiледi.
Тармақ 5-1
5-1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған жалғыз тұрғынжайда тұрып жатқан азаматқа (отбасына) тұрғынжай беру нормасын есептеген кезде оның меншігіндегі тұрғынжай алаңының көлемі ескерілмейді.
Тармақ 6
6. Алып тасталды – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 7
7. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай берудің осы бапта белгіленген нормалары Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тұрғынжайға мұқтаждығын анықтау мақсатында олардың меншік құқығындағы тұрғынжайларының жеткіліктілігін бағалауға қолданылмайды. 📌 Ескерту. 75-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 N 587, 2006.07.07 N 182, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 76. 76-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының тұрғын үйлерiне немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерiне қойылатын талаптар
76-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының тұрғын үйлерiне немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерiне қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Азаматтарға тұру үшiн берiлетiн мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй сол елдi мекеннiң жағдайларына қарай тұрмысқа жайлы және мұқтаж адам есепте тұрған елдi мекеннiң шегiнде болуға тиiс. Осы тармақпен белгiленген талаптарға сай келмейтiн тұрғын үй мұқтаж адамның және оның отбасының кәмелетке толған барлық мүшелерiнiң жазбаша келiсiмiмен ғана берiлуi мүмкiн. Мұндай тұрғын үй беру мұқтаж адамдарды есептен шығаруға әкеп соғады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй беру кезiнде бiр бөлмеге әр жынысты адамдарды (ерлi-зайыптылардан басқа) тұрғызуға жол берiлмейдi.
Тармақ 3
3. Мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, қарттарға, денсаулық сақтау саласындағы орталық атқарушы орган бекіткен аурулар тізімінде санамаланған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай олардың тілегі ескеріле отырып төменгі қабаттардан, лифтілері бар көппәтерлі тұрғын үйлерден, ал тірек-қимыл аппараты функциялары бұзылған мүгедектігі бар адамдарға екінші қабаттан жоғары емес қабаттан беріледі.
Тармақ 4
4. Алып тасталды – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 📌 Ескерту. 76-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.07.09 N 587, 2006.07.07 N 182, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 77. 77-бап. Мемлекеттік мекемелердің немесе мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру туралы шешімі
77-бап. Мемлекеттік мекемелердің немесе мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжай беру туралы шешімі
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжай мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясының тұрғынжай беру туралы шешімінің және үш данада жасалатын тұрғынжайды жалдау шартының негізінде беріледі. Тұрғынжайды жалдау шартының бірінші данасы мемлекеттік мекемеде сақталады, екінші данасы жергілікті атқарушы органға беріледі, ол қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшінші данасы жұмыскерге беріледі және тұрғынжайда тұруға құқық беретін құжат болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжай мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй комиссиясының тұрғынжай беру туралы шешімінің және үш данада жасалған тұрғынжайды жалдау шартының негізінде беріледі. Тұрғынжайды жалдау шартының бірінші данасы мемлекеттік кәсіпорында сақталады, екінші данасы жергілікті атқарушы органға беріледі, ол қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады, үшінші данасы жұмыскерге беріледі және тұрғынжайда тұруға құқық беретін құжат болып табылады.
Тармақ 3
3. Осы Заңның 67-бабының 4-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдар тұрғынжай беретін мемлекеттік мекемеге мемлекеттік органдардың тұрғынжайға мұқтаж адамдарының тұрғын үй комиссиясы бекіткен тізімдерін жібереді. Мемлекеттік мекеменің тұрғын үй комиссиясының шешімі тұрғынжайға мұқтаж адамдардың мемлекеттік орган ұсынған тізімдері негізінде қабылданады.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сондай-ақ құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан қызметтік тұрғынжай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сондай-ақ құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй комиссиясының шешімі негізінде не ақпараттық жүйе болған кезде сол арқылы автоматты режимде беріледі. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, сондай-ақ құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй комиссиялары қызметінің және ақпараттық жүйесінің жұмыс тәртібін уәкілетті мемлекеттік органның басшысы айқындайды. 📌 Ескерту. 77-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 78. 78-бап. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың жариялылығы мен ашықтығы
78-бап. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың жариялылығы мен ашықтығы
Тармақ 1
1. Бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тізімдері ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің интернет-ресурсында ай сайын жарияланады. Соңғы жиырма төрт айдағы тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың тізімдері бірыңғай республикалық электрондық базада, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасында тұрғынжайға мұқтаждар есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың талап етуі бойынша танысу үшін беріледі және ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын алған Қазақстан Республикасының азаматтары, қандастар тізімдерінің нысандары: бірыңғай республикалық электрондық базаға, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қою күнін; тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шарасының түрі мен берілген күнін қоса алғанда, оны алу негіздерін қамтиды.
Тармақ 3
3. Ұлттық даму институты мәртебесіне ие тұрғын үй құрылысы жинақ банкі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру қағидаларына сәйкес осы Заңда көзделген функцияларды жүзеге асыру үшін астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына және уәкілетті органға бірыңғай республикалық электрондық базаға, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» электрондық базасына қолжетімділікті ұсынуға міндетті. 📌 Ескерту. 78-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182; 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 79. 79-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдiң немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдiң босаған бөлiгiн беру
79-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдiң немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдiң босаған бөлiгiн беру 📌 Ескерту. 79-бап алынып тасталды - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тарау 11. 11-тарау. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан үйлердi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған үйлердi жалдаушылардың (қосымша жалдаушылардың) құқықтары мен мiндеттерi
11-тарау. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан үйлердi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған үйлердi жалдаушылардың (қосымша жалдаушылардың) құқықтары мен мiндеттерi 📌 Ескерту. Тарау тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182 Заңымен.
Бап 80. 80-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау)шарты
80-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау)шарты
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты тұрғын үй беру туралы шешiмнiң негiзiнде жергiлiктi атқарушы орган немесе мемлекеттiк кәсiпорынның немесе мемлекеттік мекеменің әкiмшiлiгi (жалға берушi) мен азаматтың (жалға алушының) арасында жазбаша түрде жасалады. Мұндай шарттар мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлмеуге тиiс.
Тармақ 1-1
1-1. Жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi қосымша жалдау шарты тұрғын үй беру туралы шешiмнiң негiзiнде жергiлiктi атқарушы орган мен азаматтың арасында жазбаша нысанда жасалады.
Тармақ 2
2. Алып тасталды - ҚР 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартынан туындайтын қатынастарға тиiстi реттерде Қазақстан Республикасы азаматтық заңнамасының нормалары да қолданылады. 📌 Ескерту. 80-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182; 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 81. 81-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау)шартының мәнi
81-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау)шартының мәнi
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартының нысанасы дара (бөлек) тұрғын үй болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқа тұрғын бөлмеге (бөлмелерге) шығатын (кiретiн) есiгi бар тұрғын бөлме, бөлменiң бiр бөлiгi, сондай-ақ пәтердегi қосалқы үй-жайлар мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартының дербес мәнi бола алмайды. 📌 Ескерту. 81-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182 Заңымен.
Бап 82. 82-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау)шартын жарамсыз деп тану
82-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау)шартын жарамсыз деп тану
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты:
Тармақша 1
1) азаматтар мұндай тұрғын үй берiлуiне мұқтаждық туралы шындыққа сай келмейтiн мәлiметтер берген;
Тармақша 2
2) шартта көрсетiлген тұрғын үйге басқа азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарын бұзған;
Тармақша 3
3) лауазымды адамдар тұрғын үй беру туралы мәселенi шешу кезiнде заңсыз әрекеттер жасаған;
Тармақша 4
4) тұрғын үйдi беру кезегi бұзылған;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тұрғын үй берудiң тәртiбi мен шарттары бұзылған өзге де жағдайларда жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Шартты жарамсыз деп тану туралы талап шарт жасалған күннен бастап үш жыл iшiнде мәлiмделуi мүмкiн. 📌 Ескерту. 82-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 83. 83-бап. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi
83-бап. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасы мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi
Тармақ 1
1. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасы мүшелерiнiң ауқымы осы Заңның 21-бабына сәйкес айқындалады.
Тармақ 2
2. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасы мүшелерi жалға алушымен тең құқықтарды пайдаланады және мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартынан туындайтын мiндеттердi атқарады. Отбасының кәмелетке толған мүшелерi аталған шарттан туындайтын мiндеттемелер бойынша жалға алушымен (қосымша жалға алушымен) бiрге мүлiктiк жағынан жауапты болады.
Тармақ 3
3. Егер осы Заңның 21-бабында аталған азаматтар жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасы мүшелерi болуын тоқтатса, бiрақ олар тұратын тұрғын үйде тұруды жалғастырса, олар да жалға алушы (қосымша жалға алушы) мен оның отбасы мүшелерi сияқты тұрғын үй құқықтары мен мiндеттерiн сақтап қалады. 📌 Ескерту. 83-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182 Заңымен.
Бап 84. 84-бап. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) өзiтұратын мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергiлiктiатқарушы орган жалдаған тұрғын үйге өз отбасының мүшелерiн кiргiзу құқығы
84-бап. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) өзiтұратын мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергiлiктiатқарушы орган жалдаған тұрғын үйге өз отбасының мүшелерiн кiргiзу құқығы
Тармақ 1
1. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы өзi тұратын тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге жұбайын, балаларын, ата-анасын өз отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң жазбаша келiсiмiн алып кiргiзуге құқылы. Кәмелетке толмаған балаларын ата-аналарымен бiрге тұрғызуға отбасының басқа мүшелерiнiң келiсiмi талап етiлмейдi.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге отбасының мүшелерi ретiнде кiргiзiлген адамдар осы бапқа сәйкес, егер кiргiзiлген осы азаматтардың, жалдаушының (қосымша жалдаушының) және онымен бiрге тұратын кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң арасында өзгеше бiр жазбаша келiсiм болмаса, бұл тұрғын үй-жайды онда тұратын қалған адамдармен бiрдей пайдалануға құқық алады.
Тармақ 3
3. Алынып тасталды - ҚР 2006.07.07 N 182 Заңымен. 📌 Ескерту. 84-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182 Заңымен.
Бап 85. 85-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдiң уақытша болмаған азаматтар үшiн сақталу мерзiмдерi
85-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдiң уақытша болмаған азаматтар үшiн сақталу мерзiмдерi
Тармақ 1
1. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) немесе оның отбасының мүшелерi уақытша болмаған кезде оларға мемлекеттiк тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорынан алынған тұрғын үй алты ай бойы сақталады.
Тармақ 2
2. Егер жалға алушы (қосымша жалға алушы) немесе оның отбасының мүшелерi дәлелдi себептермен алты айдан артық уақыт болмаса, бұл мерзiм болмаған адамның өтiнiшi бойынша тиiсiнше ұзартылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдiң немесе жеке тұрғын үй қорындағы жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдiң уақытша болмаған азаматтарға неғұрлым ұзақ мерзiмге сақталуының шарттары мен жағдайлары осы Заңның 86-бабымен белгiленедi. 📌 Ескерту. 85-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182 Заңымен.
Бап 86. 86-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдiң немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдiң азаматтар үшiн сақталу жағдайлары
86-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдiң немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдiң азаматтар үшiн сақталу жағдайлары
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй азаматтар үшiн мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде не Қазақстан Республикасының қатысуымен одан тыс жерлерде құрылған қарулы күштер құрамында әскери қызметтен өткенде - қызмет мерзiмi iшiнде;
Тармақша 2
2) еңбек шарты бойынша немесе сайланбалы қызметке сайлануына байланысты жұмысқа кеткенде - бүкiл жұмыс iстеген уақыты iшiнде;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша шетелге кеткенде - шетелде болған уақыты iшiнде;
Тармақша 4
4) оқуға кеткенде - оқу уақыты iшiнде;
Тармақша 5
5) балаларды балалар мекемесiне тәрбиелеуге орналастырғанда - олардың осы мекемеде болған бүкiл уақыты iшiнде, туысқандарының немесе қорғаншысының (қамқоршысының) қолында - балалар кәмелетке толғанға дейiн;
Тармақша 6
6) қорғаншы (қамқоршы) мiндеттерiн орындауға байланысты кеткенде - бұл мiндеттердi тоқтатқанға дейiнгi барлық уақытта;
Тармақша 7
7) емделуге кеткенде - емделуде болған уақыты iшiнде;
Тармақша 7-1
7-1) мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемеде (ұйымда) уақытша тұрған кезде – тұрған кезеңінде;
Тармақша 8
8) күзетпен ұстау не адамға сол жерде тұру мүмкiндiгiнен айыратын қылмыстық жаза немесе қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шарасын қолдану кезiнде – күзетпен ұстау не қылмыстық жазасын немесе қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шарасын өтеген мерзiмi iшiнде сақталады. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғынжайға құқығынан айыру бұл жағдайда сот үкiмiмен көзделуi мүмкiн.
Тармақ 1-1
1-1. Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдалану құқығы онда болмаған адамдарға осы бапта көрсетiлген мерзiмдер аяқталған күннен бастап алты ай бойы сақталады. 📌 Ескерту. 86-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182, 2007.05.15 N 253, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2013 № 126-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.04.2017 № 58-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 87. 87-бап. Адамдарды мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктiатқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдалану құқығынан айырылды деп тану тәртiбi
87-бап. Адамдарды мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктiатқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдалану құқығынан айырылды деп тану тәртiбi Адамдарды осы заңның 85 және 86-баптарында белгiленген мерзiмiнен артық уақыт болмауы салдарынан мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдалану құқығынан айырылды деп тану жалға берушiнiң немесе бұл үй-жайда тұруға қалған жалға алушының (қосымша жалға алушының) не оның отбасы мүшелерiнiң (бұрынғы мүшелерiнiң) талабы бойынша жүзеге асырылады. 📌 Ескерту. 87-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182 Заңымен.
Бап 88. 88-бап. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) уақытша болмаған жағдайда мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктiатқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдалану құқығы
88-бап. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) уақытша болмаған жағдайда мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктiатқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдалану құқығы Жалға алушы (қосымша жалға алушы) уақытша болмаған мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйде немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйде тұратын отбасының мүшелерi бүкiл тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi бұрынғы шарттармен пайдалануға құқылы. Бұл орайда олар осы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалға алу шарты бойынша құқықтарын жүзеге асырып, сол бойынша мiндеттi болады. Азамат уақытша болмаған кезде мемлекеттiк тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорындағы пайдалану құқығы сақталатын тұрғын үй алаңы артық деп есептелмейдi. 📌 Ескерту. 88-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182 Заңымен.
Бап 89. 89-бап. Уақытша болмаған жалға алушының (қосымша жалға алушының) мiндеттерi
89-бап. Уақытша болмаған жалға алушының (қосымша жалға алушының) мiндеттерi Жалға алушының уақытша болмауы осы Заңның 90-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, оны мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алу шарты бойынша мiндеттердi атқарудан босатпайды. Қосымша жалға алушының уақытша болмауы оны жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi қосымша жалға алу шарты бойынша мiндеттердi атқарудан босатпайды. 📌 Ескерту. 89-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182 Заңымен.
Бап 90. 90-бап. Уақытша болмаған жалдаушыға тиесілі, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалану
90-бап. Уақытша болмаған жалдаушыға тиесілі, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалану 📌 Ескерту. 90-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Егер мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжайда немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайда осы Заңның 86-бабына сәйкес тұрғынжай өзінде сақталатын уақытша болмаған жалға алушының отбасы мүшелерi тұрмайтын болса, жалға алушы жалға берушінің жазбаша келісімі бойынша тұрғынжайдың сақталу мерзiмiне тұрғынжайға қосымша жалдау (уақытша тұрғызу) шарты бойынша уақытша тұрғындар кiргiзуге құқылы. Егер жалға алушы өзіне сақталатын мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға өз қалауы бойынша үш ай мерзiм iшiнде ешкiмдi тұрғызбаса, жалға берушi бұл тұрғынжайды жалға алушының келiсiмiмен мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжай жалға алушыға сақталатын мерзiмнiң шегiнде қосымша жалдау шарты бойынша басқа азаматтарға беруге құқылы. Қосымша жалдау мерзiмi (уақытша қоныстандыру) жалдаушы мен оның отбасы мүшелерi мерзiмiнен бұрын қайтып келген кезде қысқартылуы мүмкiн.
Тармақ 2
2. Жалға алушы немесе оның отбасы мүшелерi қайтып оралған соң олар қосымша жалдаушылардан немесе уақытша тұрғындардан жалға берушi берген тұрғын үйді дереу босатуды талап етуге құқылы. Қосымша жалдаушылар (уақытша тұрғындар) тұрғын үйдi босатудан бас тартқан жағдайда, жалға алушының немесе оның отбасы мүшелерiнiң талап етуi бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй берiлместен сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін. 📌 Ескерту. 90-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 91. 91-бап. Тұрғын үйдi күрделi жөндеуден өткiзуге байланысты азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру
91-бап. Тұрғын үйдi күрделi жөндеуден өткiзуге байланысты азаматтарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы көппәтерлі тұрғын үйге күрделi жөндеу жүргiзiлген кезде жөндеудi тұрғындардың (жалға алушылардың) тұрғын үйді босатуынсыз жүргiзу мүмкiн болмаса, жалға берушi жөнделетiн үй-жайды жалдау шартын бұзбастан, күрделi жөндеу жүргiзiлетiн уақытқа жалға алушыға және оның отбасы мүшелерiне басқа тұрғын үй беруге мiндеттi.
Тармақ 2
2. Тараптардың келiсiмi бойынша көшiрудiң орнына жалдау шартының бұзылуы, ал жалға алушыға жаңа жалдау шарты бойынша тұрақты пайдалануға осы Заңның 75 және 76-баптарында, 106-бабының 2, 3, 4-тармақтарында көзделген талаптарға сай келетiн басқа тұрғынжай берiлуi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Жалға алушыға күрделi жөндеуге байланысты көшу кезiнде келтiрiлген шығындарды жалға берушi өтеуге тиiс. Жалға алушы тек күрделi жөндеу кезiнде берiлген тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн, сондай-ақ бұл тұрғын үйде көрсетiлген коммуналдық қызметтер үшiн ғана ақы төлейдi.
Тармақ 4
4. Жалға алушы және оның отбасы мүшелерi тұратын мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй күрделi жөндеудiң нәтижесiнде сақталмайтын жағдайларда жалға алушыға күрделi жөндеу басталғанға дейiн басқа тұрғын үй берiлуге тиiс. Жалға алушының немесе жалға берушiнiң талап етуi бойынша басқа тұрғын үй күрделi жөндеудiң нәтижесiнде үй-жай едәуiр үлкейтiлiп және жалға алушыда артық алаң пайда болған жағдайларда да берiледi. Егер күрделi жөндеудiң нәтижесiнде тұрғын үй тарылып кетсе, жалға алушыға оның талап етуi бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорынан осы Заңның 75 және 76-баптарында, 106-бабының 2, 3, 4-тармақтарында көзделген талаптарға сай келетiн басқа тұрғын үй берiледi. 📌 Ескерту. 91-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 92. 92-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау)шартын өзгерту
92-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау)шартын өзгерту Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты жалдаушының, оның кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң және жалға берушiнiң келiсiмiмен ғана өзгертiлуi мүмкiн, бұған осы Заңда көзделген реттер қосылмайды. Жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi қосымша жалдау шарты, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, қосымша жалдаушының, оның кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң және жергiлiктi атқарушы органның келiсiмiмен ғана өзгертiлуi мүмкiн. 📌 Ескерту. 92-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182 Заңымен.
Бап 93. 93-бап. Бiр отбасына бiрiккен жалдаушылардың (қосымша жалдаушылардың) талап етуi бойынша шарттың өзгертiлуi
93-бап. Бiр отбасына бiрiккен жалдаушылардың (қосымша жалдаушылардың) талап етуi бойынша шарттың өзгертiлуi 📌 Ескерту. 93-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 270-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi). Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы бiр тұрғын үйде немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйде тұратын және тұрғынжайларды жеке жалдау шарты бойынша пайдаланатын азаматтар бiр отбасына бiрiгуi жағдайында өздерi тұратын бүкiл тұрғын үйге өздерiнiң бiреуiмен жалдау (қосымша жалдау) шартын жасауды жалға берушiден талап етуге құқылы. Ескерту. 93-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 182; 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 94. 94-бап. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) отбасы мүшелерiнiң арасында отбасылық қатынастарды тоқтатқан кезде мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдалану тәртiбiн белгiлеу
94-бап. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) отбасы мүшелерiнiң арасында отбасылық қатынастарды тоқтатқан кезде мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдалану тәртiбiн белгiлеу Отбасылық қатынасты тоқтатқан, бiрақ тұрғын үйдi жалға алудың ортақ шарты бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы бiр тұрғын үйде немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйде тұрып жатқан адамдар жекелеген жалға алу (қосымша жалға алу) шартын жасамастан, тұрғын үйдi пайдалану тәртiбiн анықтауға құқылы. Келiсiмге келе алмаған кезде дау пайда болғанға дейiнгi тұру жағдайы ескерiлiп дау сотпен шешiледi. 📌 Ескерту. 94-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182 Заңымен.
Бап 95. 95-бап. Отбасының басқа мүшесiн жалға алушы (қосымша жалға алушы) деп тану салдарынан жалдау (қосымша жалдау) шартын өзгерту
95-бап. Отбасының басқа мүшесiн жалға алушы (қосымша жалға алушы) деп тану салдарынан жалдау (қосымша жалдау) шартын өзгерту Жалға алу (қосымша жалға алу) шартында көрсетілген жалға алушы (қосымша жалға алушы) отбасының кәмелетке толған мүшесi жалға алушының (қосымша жалға алушының) және отбасының кәмелетке толған қалған мүшелерiнiң келiсiмiмен жалға берушіден бұрын жасалған жалға алу (қосымша жалға алу) шарты бойынша алғашқы жалға алушының (қосымша жалға алушының) орнына өзін жалға алушы (қосымша жалға алушы) деп тануды талап ете алады. Жалға алушы (қосымша жалға алушы) қайтыс болған (қаза тапқан), заңды күшіне енген сот шешімімен қайтыс болды деп жарияланған, заңды күшіне енген сот шешімімен хабарсыз кетті деп танылған не соттың заңды күшіне енген айыптау үкіміне сәйкес өмір бойына бас бостандығынан айырылған жағдайларда, жалға алушының (қосымша жалға алушының) отбасының жалға алу (қосымша жалға алу) шартында көрсетілген кәмелетке толған кез келген мүшесiне нақ осындай құқық тиесілі болады. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) ауысуы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шартын қайта ресімдеуге алып келеді. 📌 Ескерту. 95-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 96. 96-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi айырбастау
96-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi айырбастау Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайлармен алмасу тәртібі осы Заңның 98, 101 және 110-баптарында белгіленген тұрғынжайлардың құқықтық режимдерімен айқындалады. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жалға алушы айырбастауды ресiмдеу үшiн уақытша болмағандарды қоса алғанда, өзiмен бiрге тұратын отбасының кәмелетке толған мүшелерiнiң келiсiмiн алуға тиiс. 📌 Ескерту. 96-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2017 № 114-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Тарау 12. 12-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерге және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтеріне АҚЫ ТӨЛЕУ
12-тарау. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлерге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерге және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтеріне АҚЫ ТӨЛЕУ 📌 Ескерту. 12-тараудың тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР 2004.07.05 N 568, 2006.07.07 N 182, 2009.06.08 N 163-IV, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 97. 97-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
97-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы және аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету
Тармақ 1
1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақының мөлшерін уәкілетті орган бекіткен, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес астананың, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы (коммуналдық тұрғын үй қорынан), мемлекеттік мекеменің әкімшілігі (мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан) немесе мемлекеттік кәсіпорынның әкімшілігі (мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан) белгілейді.
Тармақ 2
2. Жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін уәкілетті орган бекіткен, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес жергілікті атқарушы орган белгілейді.
Тармақ 3
3. Жергiлiктi атқарушы орган азаматтардың белгiлi бiр санаттарына жеке тұрғын үй қорындағы немесе жалға берiлетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн төлемақыны бюджет қаражаты есебiнен жүргізуге құқылы. Жергілікті өкілді орган айқындайтын азаматтардың санаттарына жеке тұрғын үй қорындағы және жалға берiлетін үйлердегі тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн төлемақы төлеу жөніндегі шығыстар жергілікті бюджетке жүктеледі.
Тармақ 4
4. Мемлекет Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға): ағымдағы және жинақтаушы жарналарды; коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға; мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөнінде шаралар қабылдайды.
Тармақ 5
5. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін астананың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдары тұрғын үй көмегін беру қағидалары негізінде айқындайды.
Тармақ 6
6. Меншіктің барлық нысанындағы тұрғынжайлардағы коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін төлемақы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен бекітілген тарифтер бойынша алынады.
Тармақ 7
7. Тұрғынжайға ақы төлеу және коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін төлемақы жөніндегі шығыстарды тұрғынжайда тұратын бірнеше жалдаушы (қосымша жалдаушы) немесе меншік иесі арасында бөлу тәртібі – тараптардың келісуімен, ал келісімге қол жеткізілмеген кезде сот тәртібімен айқындалады.
Тармақ 8
8. Осы баптың 4-тармағында көзделген шығыстарға ақы төлеу бойынша жеңілдіктер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленеді. 📌 Ескерту. 97-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.11.16 № 477, 2004.07.05 № 568, 2004.12.20 № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2006.07.07 № 182, 2009.06.08 № 163-IV; 2011.06.27 № 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 N 542-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 13. 13-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРУДIҢ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
13-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРУДIҢ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI
Бап 98. 98-бап. Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарының пайдалануына берiлген коммуналдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердiң құқықтық режимi
98-бап. Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарының пайдалануына берiлген коммуналдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үйлердiң құқықтық режимi 📌 Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Тармақ 1
1. Коммуналдық тұрғын үй қорынан халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына берiлетiн тұрғынжайды жалдаушы осы Заңда көзделген шарттармен және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қалдық құны бойынша жекешелендiре алады.
Тармақ 2
2. Осы бапта аталған азаматтарға берiлген, сондай-ақ халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына берiлген тұрғын үйдi жергiлiктi атқару органының келiсiмiмен басқа тұрғын үйге ауыстыруға болады. Бұл орайда ауыстыру азаматтардың тұрғын үй жағдайын қасақана нашарлатуға әкеп соқпауға тиiс, өйткенi бұл жағдайда ол осы Заңның 69-бабына сәйкес тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж адам болып шығады.
Тармақ 3
3. Осы Заңда белгіленген жағдайларда коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйлер жалдаушылардың меншігіне өтеусіз беріледі.
Тармақ 4
4. Коммуналдық тұрғын үй қорынан пәтер алуға құқығы бар азаматтар үшін жаңа көпқабатты тұрғын үйлерді салу арқылы коммуналдық тұрғын үй қорын ұлғайту кезінде жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджет қаражаты есебінен энергиялық тиімді көппәтерлі тұрғын үйлерді ғана салады. 📌 Ескерту. 98-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1999.06.07 № 391-I, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2019 № 251-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 98-1. 98-1-бап. Жергiлiктi атқарушы орган сатып алған тұрғын үйдiң құқықтық режимi
98-1-бап. Жергiлiктi атқарушы орган сатып алған тұрғын үйдiң құқықтық режимi 📌 Ескерту. 98-1-бап алып тасталды – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 98-2. 98-2 бап. Коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайлардың құқықтық режимі
98-2 бап. Коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайлардың құқықтық режимі
Тармақ 1
1. 1990 жылға дейінгі кезеңде пайдалануға берілген, меншік нысанын өзгерткен мемлекеттік кәсіпорынға тиесілі болған, мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғынжайында тұратын Қазақстан Республикасының азаматы өзі тұрып жатқан тұрғынжайды осы Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес жекешелендіруге құқылы.
Тармақ 2
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген, коммуналдық меншікке берілген тұрғынжай онда тұратын жалдаушыға беріледі, ол оны Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы.
Тармақ 3
3. Жалдаушы қайтыс болған жағдайда, осы тұрғынжайды жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Тармақ 4
4. Тұрғынжайды жалдаушының коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжайды жекешелендіруі кәмелетке толған отбасы мүшелерінің келісуімен және кәмелетке толмағандардың құқықтары ескеріле отырып жүргізіледі.
Тармақ 5
5. Тұрғынжайды жекешелендіру жалдаушы (оның мұрагері) мен жергілікті атқарушы орган арасында жасалатын тұрғынжайды жекешелендіру туралы шартпен ресімделеді. 📌 Ескерту. Заң 98-2-баппен толықтырылды - ҚР 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 99. 99-бап. Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан əскери қызметшілерге берілетін қызметтік тұрғынжайлардың құқықтық режимі
99-бап. Қарулы Күштер, басқа да əскерлер мен əскери құралымдар, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдары мемлекеттік мекемелерінің тұрғын үй қорынан əскери қызметшілерге берілетін қызметтік тұрғынжайлардың құқықтық режимі 📌 Ескерту. 99-бап алып тасталды - ҚР 12.12.2017 № 114-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 100. 100-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйлердiң құқықтық режимi
100-бап. Мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйлердiң құқықтық режимi 📌 Ескерту. 100-бап алынып тасталды - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 101. 101-бап. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердiң құқықтық режимi
101-бап. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердiң құқықтық режимi
Тармақ 1
1. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлердi пайдалану жөнiндегi қатынастарға осы Заңның 93 және 95-баптарының қағидалары қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген тұрғынжайларды беру және оларды пайдалану тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджеттiк ұйымдардың, мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерi, ғарышкерлікке кандидаттар, ғарышкерлер, мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар, егер олар мемлекеттiк қызметте, мемлекеттік кәсіпорында немесе бюджеттiк ұйымдарда (мемлекеттiк сайланбалы қызметте болу мерзiмiн қоса алғанда) кемiнде он жыл (жиынтығында) жұмыс iстесе, сондай-ақ, егер еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:
Тармақша 1
1) ұйымның таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша;
Тармақша 2
2) одан әрi жұмыс iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты;
Тармақша 3
3) зейнеткерлікке шығуына байланысты тоқтатылса, жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, өздерi тұратын қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендiре алады. Ғарыш қызметі саласында он бес жылдан астам жұмыс стажы бар ғарышкерлікке кандидаттардың, ғарышкерлердің тұрғын үйді өтеуіз жекешелендіру құқығы бар. Қызметтiк тұрғын үйге теңестiрiлген тұрғын үй берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Тармақ 4
4. Еңбек сiңiрген жылдары күнтiзбелік есептеумен он және одан көп жыл болған құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері немесе әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен немесе әскери қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы. Еңбек сiңiрген жылдары күнтiзбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері немесе әскери қызметшілер, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен немесе әскери қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар қызметтік тұрғынжайларға теңестірілген, өздері тұрып жатқан тұрғынжайларды өтеусіз жекешелендіруге құқылы. Құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен немесе әскери қызметтен шығарылған, осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде аталған, қызметтік тұрғынжайға теңестірілген тұрғынжай берілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, жекешелендіру құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді.
Тармақ 4-1
4-1. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері немесе әскери қызметші қызмет өткеру кезінде қаза болған (қайтыс болған) жағдайда, аталған қаза болған (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелерінің осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтік тұрғынжайға теңестірілген тұрғынжайды алуға және оны өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді меншік иесінің немесе ол уәкілеттік берген мемлекеттік органның жазбаша келісімімен мемлекеттiк кәсіпорынның тұрғын үй қорындағы басқа тұрғын үйге айырбастауға болады.
Тармақ 6
6. Осы баптың 3, 4 немесе 4-1-тармақтарында белгіленген негіздер болған кезде тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім шығарады.
Тармақ 7
7. Осы бапта көрсетілген адамдардың тұрғын үйді босатуына, оларды шығаруға осы Заңның 14-тарауында көзделген негiздер бойынша жол берiледi.
Тармақ 8
8. Қызметтiк тұрғын үйлерге теңестiрiлген тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 📌 Ескерту. 101-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.01.06 № 529-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.13 N 553-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.16 № 562-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 13.06.2017 № 69-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2025 № 196-VIII (30.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 13-1. 13-1-тарау. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін (курсантты және (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) және әскери қызметшіні (мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшіні, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшіні, курсант пен кадетті, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғын үймен қамтамасыз ету ерекшеліктері
13-1-тарау. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін (курсантты және (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) және әскери қызметшіні (мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшіні, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшіні, курсант пен кадетті, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғын үймен қамтамасыз ету ерекшеліктері 📌 Ескерту. 13-1-тараудың тақырыбына өзгерістер енгізілді - ҚР 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.06.2025 № 196-VIII (30.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен. Ескерту. 4-бөлім 13-1-тараумен толықтырылды - ҚР 2012.02.13 N 553-IV (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; жаңа редакцияда - ҚР 12.12.2017 № 114-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 101-1. 101-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің (курсантты және (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) және әскери қызметшінің (мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшіні, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшіні, курсант пен кадетті, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғынжайға құқығының іске асырылуы
101-1-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің (курсантты және (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) және әскери қызметшінің (мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшіні, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшіні, курсант пен кадетті, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғынжайға құқығының іске асырылуы
Тармақ 1
1. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін (курсантты және (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) және әскери қызметшіні (мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшіні, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшіні, курсант пен кадетті, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғын үймен қамтамасыз ету осы тарауда белгіленген тәртіппен олар тұрғынжайға мұқтаж деп танылған күннен бастап жүзеге асырылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған құқық қорғау органы мен азаматтық қорғау органының қызметкерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қызметтік тұрғынжай беру арқылы жүзеге асырылады, ал тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымды атқаратын арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне, әскери қызметшіге, сондай-ақ құқық қорғау органы мен азаматтық қорғау органының қызметкеріне олардың таңдауы бойынша қызметтік тұрғынжай беріледі немесе олардың жеке арнайы шотына тұрғын үй төлемдері аударылады. Тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымды атқаратын арнаулы мемлекеттік органның қызметкерін, әскери қызметшіні, сондай-ақ құқық қорғау органы мен азаматтық қорғау органының қызметкерін қызметтік тұрғынжай беру арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету тәртібін және тұрғын үй төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, тоқтата тұру және қайта бастау тәртібін, сондай-ақ оларды пайдалану мақсаттары мен негіздерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдарының тұрғын үй төлемдерін алуға жататын лауазымдар тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Әрекеттегі резервтің қызметкері мен әскери қызметшісіне, штаттағы жасырын қызметкерге тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру тәртібін арнаулы мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының (прокуратура мен азаматтық қорғау органдарын қоспағанда) бірінші басшылары және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.
Тармақ 2
2. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің және әскери қызметшінің өзі тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайды осы Заңда белгіленген тәртіппен жекешелендіруге құқығы бар.
Тармақ 3
3. 2013 жылғы 1 қаңтарға күнтізбелік есептеумен он және одан көп жыл әскери қызметте болған, күнтізбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл әскери қызмет мерзімі бар және жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда тұратын әскери қызметшінің Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар.
Тармақ 4
4. Отбасының басқа елді мекенге көшу қажеттілігіне байланысты арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе әскери қызметші жұбайының (зайыбының) қызмет (әскери қызмет) орны өзгерген кезде отбасы жағдайы бойынша қызметтен шығуды қоспағанда, арнаулы мемлекеттік органның қызметкері немесе әскери қызметші қызметте болудың шекті жасына жету бойынша, денсаулық жағдайы бойынша, штаттардың қысқаруына байланысты немесе отбасы жағдайы бойынша қызметтен шығарылған кезде мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеген кезеңдер үшін біржолғы тұрғын үй төлемдерін алады. Арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшісіне осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қызметтен шығарылған кезде біржолғы тұрғын үй төлемдері арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке (үздіксіз қызметке) кірген соңғы күнінен бастап – 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін, ал Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінен, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардан арнаулы мемлекеттік органдарға (үздіксіз қызметке) көрсетілген күннен кейін ауысқан жағдайда бұрын жүзеге асырылған ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің кезеңдері шегеріле отырып, 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалады. Жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғынжайда 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін тұрған арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне немесе әскери қызметшіге осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша қызметтен шығарылған кезде біржолғы тұрғын үй төлемдері көрсетілген тұрғынжайда тұрған кезеңдері үшін, бұрын жүзеге асырылған ағымдағы тұрғын үй төлемдерінің кезеңдері шегеріле отырып, ағымдағы тұрғын үй төлемдері мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде жүзеге асырылады. Осы тармақта көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыруды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тармақ 5
5. Қызмет өткеру кезеңінде мертігуіне (жарақаттануына, жаралануына, контузия алуына) немесе науқастануына байланысты әскери-дәрігерлік комиссия қызметке (әскери қызметке) жарамсыз деп танып, есептен (әскери есептен) шығарған құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері және әскери қызметші қызметтен шығарылған кезде аталған қызметкер мен әскери қызметшіге біржолғы тұрғын үй төлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен аударылады.
Тармақ 6
6. Тұрғын үй төлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мақсаттарға пайдаланылады.
Тармақ 7
7. Тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алу құқығы немесе тұрғынжайға меншік құқығының туындауы бір рет жүзеге асырылады. 📌 Ескерту. 101-1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.02.2026 № 263-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 101-2. 101-2-бап. Әскери қызметшілердің тұрғынжай құқығын іске асыруы
101-2-бап. Әскери қызметшілердің тұрғынжай құқығын іске асыруы 📌 Ескерту. 101-2-бап алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 101-3. 101-3-бап. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін (курсантты және (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) және әскери қызметшіні (мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшіні, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшіні, курсант пен кадетті, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғынжайға мұқтаж деп тану
101-3-бап. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін (курсантты және (немесе) тыңдаушыны қоспағанда) және әскери қызметшіні (мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшіні, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшіні, курсант пен кадетті, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті адамды қоспағанда) тұрғынжайға мұқтаж деп тану
Тармақ 1
1. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері және әскери қызметші, егер олардың:
Тармақша 1
1) осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы болмаса, тұрғынжайға мұқтаж деп танылады. Бұл ретте тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің болуы есепке алынбайды. Осы тармақшаның бірінші бөлігінің талабы тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша орындалмаған міндеттемесі бар құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкеріне және әскери қызметшіге қолданылмайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған тұрақты пайдалануында тұрғынжайы болмаса, тұрғынжайға мұқтаж деп танылады. Осы тармақтың тұрғынжайға мұқтаж деп тану бөлігіндегі күші құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің және әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне қолданылады. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкері және әскери қызметші жұбайының (зайыбының) некеге тұрғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейін осы елді мекенде өзіне меншік құқығында тиесілі тұрғынжайы бар болған не соңғы бес жыл мерзім ішінде иеліктен шығарылған тұрғынжайы болған жағдайда, аталған қызметкер немесе әскери қызметші жұбайы (зайыбы) есепке алынбай тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.
Тармақ 2
2. Егер ерлі-зайыптылар құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерлері және (немесе) әскери қызметшілер болып табылса, тұрғын үй төлемдері ерлі-зайыптылардың таңдауы бойынша олардың біреуіне жүргізіледі. Олардың біреуінің жеке арнайы және (немесе) жинақ шоттары оның өтініші бойынша «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен жабылады. Ерлі-зайыптының біреуінің жеке арнайы және (немесе) жинақ шоттарындағы тұрғын үй төлемдерінің сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғын үй төлемдерін алушы ерлі-зайыптының екіншісінің жеке арнайы және (немесе) жинақ шоттарына аударылады.
Тармақ 3
3. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерін және әскери қызметшіні, егер олар не олардың зайыбы (жұбайы) немесе отбасы мүшелері осы елді мекенде:
Тармақша 1
1) біржолғы тұрғын үй төлемдерін немесе ақшалай өтемақы алса;
Тармақша 2
2) тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемелерді орындаса, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы оның туындауы құқығын пайдаланса, оның ішінде қызмет өткеретін жерінде осы Заңның 101-6-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген құқықты пайдаланған болса;
Тармақша 3
3) тұрғынжайды купондық тетік арқылы жекешелендіруді жүзеге асыруды қоспағанда, тұрғынжайды жекешелендіру құқығын іске асырса;
Тармақша 4
4) зайыбының (жұбайының) некеге тұрғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейін тұрғынжайы болған жағдайды қоспағанда, соңғы бес жыл ішінде тұрғынжайды иеліктен шығаруды жүргізсе, тұрғынжайға мұқтаж деп танудан бас тартылады. Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген жағдайларда тұрғынжайда елу пайыздан кем үлестің иеліктен шығарылуы есепке алынбайды;
Тармақша 5
5) меншік құқығында, оның ішінде меншікті қаражаты есебінен және (немесе) ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып алған не неке шартының, сондай-ақ сыйға тарту шартының талаптарымен немесе мұрагерлік бойынша пайда болған тұрғынжайы бар болса, тұрғынжайға мұқтаж деп танудан бас тартылады. Құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкерінде және әскери қызметшіде мұрагерлік бойынша алынған тұрғынжайды қоспағанда, ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алу кезеңінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы өзге де тұрғынжай пайда болған жағдайда да оларды тұрғынжайға мұқтаж деп танудан бас тартылады.
Тармақ 4
4. Осы баптың күші курсантқа, кадетке және (немесе) тыңдаушыға, мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшіге, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшіге, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті адамға қолданылмайды. 📌 Ескерту. 101-3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); ҚР 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2025 № 175-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2025 № 196-VIII (30.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 101-4. 101-4-бап. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау, қайта есептеу және тоқтату
101-4-бап. Ағымдағы тұрғын үй төлемдерін тағайындау, тоқтата тұру, қайта бастау, қайта есептеу және тоқтату 📌 Ескерту. 101-4-бап алып тасталды – ҚР 12.02.2026 № 263-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 101-5. 101-5-бап. Тұрғын үй төлемдерін пайдалану мақсаттары
101-5-бап. Тұрғын үй төлемдерін пайдалану мақсаттары 📌 Ескерту. 101-5-бап алып тасталды – ҚР 12.02.2026 № 263-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 101-6. 101-6-бап. Тұрғын үй төлемдерін алушының құқықтары мен міндеттері
101-6-бап. Тұрғын үй төлемдерін алушының құқықтары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Тұрғын үй төлемдерін алушы:
Тармақша 1
1) қызмет өткеріп жүрген мемлекеттік мекемеден өзінің жеке арнайы шотына аударылған ақша туралы мәліметтерді жыл сайын талап етуге;
Тармақша 2
2) пайдаланылмаған тұрғын үй төлемдерінің сомасын жеке арнайы шотында жинақтауға;
Тармақша 3
3) тұрғын үй төлемдерін қызмет өткеріп жүрген жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының кез келген өңірінде мақсаты бойынша пайдалануға құқылы.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй төлемдерін алушы:
Тармақша 1
1) тұрғын үй төлемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мақсаттарға жұмсауға;
Тармақша 2
2) тұрғын үй төлемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мақсаттарда пайдалану фактісі бойынша оқиға басталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей тиісті растайтын шарттарды қоса бере отырып, қызмет өткеріп жүрген мемлекеттік мекемені бұл туралы баянат арқылы хабардар етуге;
Тармақша 3
3) отбасы құрамы өзгерген кезде бұл туралы қызмет өткеретін мемлекеттік мекемені азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, анықтама берілген не сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде баянат арқылы хабардар етуге;
Тармақша 4
4) тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемелерді, оның ішінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып орындаған кезде, сондай-ақ тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы меншік құқығы туындаған кезде осы міндеттемелер орындалған күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қызмет өткеріп жүрген мемлекеттік мекемені бұл туралы хабардар етуге;
Тармақша 5
5) қызмет өткеретін жерінде тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемесі болған кезде өзінің жеке арнайы және жинақ шоттарындағы артық тұрғын үй төлемдерін қабылданған міндеттемелерді мерзімінен бұрын өтеуге жыл сайын жіберуге;
Тармақша 6
6) тұрғын үй төлемдерін алушының отбасы мүшелерінде тұрғынжайға меншік құқығы туындаған жағдайда, бұл туралы қызмет өткеріп жүрген мемлекеттік мекемені тұрғынжайға меншік құқығы тіркелген күннен бастап бір айдан аспайтын мерзімде баянат арқылы хабардар етуге;
Тармақша 7
7) қызмет өткеріп жүрген мемлекеттік мекеменің талабы бойынша ағымдағы тұрғын үй төлемдері аударылатын өзінің жеке арнайы және жинақ шоттарындағы ақша қозғалысы туралы үзінді көшірмені ұсынуға;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мақсаттарға пайдаланылмаған тұрғын үй төлемдерінің сомасын өзі қызмет өткеріп жүрген мемлекеттік мекеменің шотына қайтаруға міндетті. 📌 Ескерту. 101-6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.06.2025 № 196-VIII (30.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); ҚР 12.02.2026 № 263-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 101-7. 101-7-бап. Тұрғын үй төлемдерін алушының міндеттері
101-7-бап. Тұрғын үй төлемдерін алушының міндеттері 📌 Ескерту. 101-7-бап алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 101-8. 101-8-бап. Тұрғын үй төлемдеріне қолсұғылмаушылық кепілдіктері
101-8-бап. Тұрғын үй төлемдеріне қолсұғылмаушылық кепілдіктері Тұрғын үй төлемдерін алушының міндеттемелері бойынша тұрғын үй төлемдері есепке жатқызылатын жеке арнайы шот ретінде ашылған банктік шоттар бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мақсаттар үшін жинақ шоттарындағы тұрғын үй төлемдерінің сомасына тыйым салуға, өндіріп алуды қолдануға және шығыс операцияларын тоқтата тұруға жол берілмейді. Тұрғын үй төлемдерін алушылардың тұрғынжайға жеке қажеттіліктерін қамтамасыз ету жөніндегі шарттарды қоспағанда, тұрғын үй төлемдері, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақша бюджетке алып қоюға жатпайды, иесінің немесе басқа адамдардың міндеттемелері бойынша кепіл немесе өзге де ауыртпалық нысанасы бола алмайды. 📌 Ескерту. 101-8-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.02.2026 № 263-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 101-9. 101-9-бап. Қайтыс болған (қаза тапқан), хабарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің және әскери қызметшінің отбасы мүшелерінің, мұрагерлерінің құқықтары
101-9-бап. Қайтыс болған (қаза тапқан), хабарсыз кетті деп танылған немесе қайтыс болды деп жарияланған құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің және әскери қызметшінің отбасы мүшелерінің, мұрагерлерінің құқықтары
Тармақ 1
1. Тұрғын үй төлемдерін алушы қайтыс болған (қаза тапқан), оны заңда белгіленген тәртіппен хабарсыз кетті деп таныған немесе қызмет өткеру кезінде қайтыс болды деп жариялаған жағдайларда оның отбасы мүшелерінің, ал олар болмаған жағдайда мұрагерлерінің тұрғын үй төлемдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен пайдалануға құқығы бар.
Тармақ 2
2. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) тұрғын үй төлемдерін алушының отбасы мүшелеріне біржолғы тұрғын үй төлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.
Тармақ 3
3. Біржолғы тұрғын үй төлемдері, егер тұрғын үй төлемдерін алушының қаза табуы (қайтыс болуы):
Тармақша 1
1) өз-өзiне қол жұмсауға дейін жеткізген жағдайларды қоспағанда, өз-өзiне қол жұмсауы салдарынан;
Тармақша 2
2) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кезде;
Тармақша 3
3) психикалық белсенді заттарды (сол тектестерді) медициналық емес мақсатта тұтыну және масаң күйі салдарынан;
Тармақша 4
4) біржолғы тұрғын үй төлемдерін алу немесе қызметтен жалтару мақсатында өзiне қасақана қандай да бір дене зақымын (өзінің дене мүшесiн зақымдау) немесе денсаулығына өзге де зиян келтiру салдарынан;
Тармақша 5
5) қызмет өткеру туралы келісімшарттың талаптарын бұзған тұрғын үй төлемдерін алушының әрекеттері салдарынан болғаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, төленбейді.
Тармақ 4
4. Осы Заңның 101-1-бабының 4 немесе 5-тармағында көзделген біржолғы тұрғын үй төлемдерін алмаған құқық қорғау органының, арнаулы мемлекеттік органның, азаматтық қорғау органының қызметкері және (немесе) әскери қызметші қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оларды алу құқығы олардың отбасы мүшелеріне өтеді.
Тармақ 5
5. Қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің және әскери қызметшінің отбасы мүшелері басқа тұрғынжай өтеусіз негізде берілмей, тұрып жатқан тұрғынжайдан шығарыла алмайды. 📌 Ескерту. 101-9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2025 № 196-VIII (30.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 12.02.2026 № 263-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Бап 101-10. 101-10-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің және әскери қызметшінің отбасы мүшелері
101-10-бап. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің және әскери қызметшінің отбасы мүшелері 📌 Ескерту. 101-10-баптың тақырыбына өзгерістер енгізілді - ҚР 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.06.2025 № 196-VIII (30.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен. Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган, азаматтық қорғау органы қызметкерінің және әскери қызметшінің отбасы мүшелеріне:
Тармақша 1
1) жұбайы (зайыбы);
Тармақша 2
2) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған баланы (балаларды) қоспағанда, баласы (балалары), оның ішінде ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің баласы (балалары);
Тармақша 3
3) сот шешімі негізінде бөлек тұратын, бұрынғы некеден (некелерден) (ерлі-зайыптылықтан) туған мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) қоспағанда, жасына қарамастан, ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің мүгедектігі бар баласы (мүгедектігі бар балалары), оның ішінде бала кезінен мүгедектігі бар адам (мүгедектігі бар адамдар) жатады. Бала (балалар) тұрғын үй төлемдерін алушының отбасы мүшесі (мүшелері) ретінде бір рет және олардың таңдауы бойынша ата-аналарының біреуінде ғана есепке алынады. 📌 Ескерту. 101-10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 06.10.2020 № 365-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.04.2021 № 26-VII (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2025 № 196-VIII (30.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 101-11. 101-11-бап. Ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрғынжай құқығын іске асыруы
101-11-бап. Ішкі істер органдары, азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің тұрғынжай құқығын іске асыруы 📌 Ескерту. 101-11-бап алып тасталды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 101-12. 101-12-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеген кезеңдер үшін біржолғы тұрғын үй төлемдері
101-12-бап. Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжаймен қамтамасыз етілмеген кезеңдер үшін біржолғы тұрғын үй төлемдері 📌 Ескерту. 101-12-бап алып тасталды – ҚР 12.02.2026 № 263-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 101-13. 101-13-бап. Әскери қызметшілерге ақшалай өтемақы
101-13-бап. Әскери қызметшілерге ақшалай өтемақы 📌 Ескерту. 101-13-бап алып тасталды – ҚР 12.02.2026 № 263-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 101-14. 101-14-бап. Жеке арнайы шот
101-14-бап. Жеке арнайы шот 📌 Ескерту. 101-14-бап алып тасталды – ҚР 12.02.2026 № 263-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 101-15. 101-15-бап. Кейбір тұрғын үй төлемдерін алушылар құқықтарының ерекшеліктері
101-15-бап. Кейбір тұрғын үй төлемдерін алушылар құқықтарының ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Тұрғын үй төлемдерін алушы:
Тармақша 1
1) тұрғынжайды меншікке алу, оның ішінде төлемдерді бөліп төлеу немесе ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалану арқылы алу;
Тармақша 2
2) кейіннен сатып алынатын тұрғынжайды жалға алу ақысын төлеу;
Тармақша 3
3) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу кезінде жарналарды төлеу;
Тармақша 4
4) тұрғын үй және тұрғын үй-құрылыс кооперативіне қатысу кезінде жарналарды төлеу;
Тармақша 5
5) тұрғын үй төлемдерін пайдалану арқылы тұрғынжайды меншікке алуға арналған шарт бойынша міндеттемелер орындалғанға дейін «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 2025 жылғы 1 шілдеге дейін жасалған шарттар бойынша өзіне қабылдаған міндеттемелерін орындағанға дейін ағымдағы тұрғын үй төлемдерін алу құқығын сақтайды. Бұл ретте осы баптың бірінші бөлігінде көзделген ағымдағы тұрғын үй төлемдері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жағдайларда тоқтатылады. Осы баптың бірінші бөлігінің күші қызметтен шығарылған адамдарға қолданылмайды. 📌 Ескерту. 101-15-баппен толықтырылды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР 12.02.2026 № 263-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Тарау 14. 14-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙДI ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАН ЖАЛДАҒАН ТҰРҒЫН ҮЙДІ ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫН ТОҚТАТУ
14-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН ҮЙДI ЖӘНЕ ЖЕКЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНАН ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАН ЖАЛДАҒАН ТҰРҒЫН ҮЙДІ ПАЙДАЛАНУ ҚҰҚЫҒЫН ТОҚТАТУ 📌 Ескерту. 14-тараудың тақырыбына өзгерістер енгізілді – ҚР 2006.07.07 N 182; 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 102. 102-бап. Жалдаушының мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзуы
102-бап. Жалдаушының мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзуы
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдаушы (қосымша жалдаушы) кез келген уақытта (кәмелетке толған отбасы мүшелерiнiң келiсiмiмен) жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзуға құқылы.
Тармақ 2
2. Жалдаушы (қосымша жалдаушы) мен отбасы мүшелерi тұрақты тұру үшiн басқа жаққа көшiп кеткен жағдайда тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау шарты олар кеткен күннен бастап бұзылды деп есептеледi. 📌 Ескерту. 102-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182 Заңымен.
Бап 103. 103-бап. Жалға берушiнiң талап етуi бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзу
103-бап. Жалға берушiнiң талап етуi бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзу
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты жалға берушiнiң талап етуiмен осы Заңда белгiленген негiздер бойынша ғана бұзылуы мүмкiн. 2. Жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылған жағдайда, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа да негіздер бойынша жалдаушы (қосымша жалдаушы) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда ол сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін. 3. Ата-анасының қамқорлығысыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қатысты мемлекеттік тұрғын үй қорынан басқа жарамды тұрғын үй және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер берілместен тұрғын үйді босату немесе одан шығару туралы талаптар қоюға жол берілмейді. 📌 Ескерту. 103-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 2006.07.07 N 182; 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 104. 104-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй беру арқылы тұрғын үйді босату
104-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан басқа тұрғын үй беру арқылы тұрғын үйді босату
Тармақ 1
1. Осы Заңның 107-бабында, 108-бабының 1-тармағында, 111 және 114-баптарында көзделген жағдайлардан басқа, азаматтар өздеріне тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беріле отырып, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді босатады.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 91-бабының 1-тармағында және 103-бабының 3-тармағында көрсетiлген реттерде тұру үшiн жарамды басқа тұрғын үй-жай берiледi.
Тармақ 3
3. Үйді босату туралы талап етушi заңды тұлға басқа тұрғын үй берiлуiн қамтамасыз етедi. 📌 Ескерту. 104-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 2006.07.07 N 182, 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 105. 105-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беру арқылы үйді босату негiздерi
105-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйден тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй беру арқылы үйді босату негiздерi
Тармақ 1
1. Мына реттерде:
Тармақша 1
1) егер көппәтерлі тұрғын үй жер учаскесiнiң мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына байланысты бұзылуға жататын болса;
Тармақша 2
2) егер көппәтерлі тұрғын үй одан әрі тұру (болу) үшін жарамсыздығына байланысты қайта жабдықтауға жататын болса;
Тармақша 3
3) егер көппәтерлі тұрғын үй авариялық деп танылса;
Тармақша 4
4) тұрғын үйдi күрделi жөндеудiң нәтижесiнде тұру жағдайы айтарлықтай өзгерсе (осы Заңның 91-бабының 2 және 3-тармақтары);
Тармақша 5
5) тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты осы Заңның 108-бабының 2-тармағында көзделген негiздер бойынша жарамсыз деп танылса, мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылуы мүмкін, ал жалдаушы (қосымша жалдаушы) өзіне тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй берiлiп тұрғын үйді босатады.
Тармақ 2
2. Босатылған үйдiң орнына берiлетiн тұрмысқа жайлы тұрғын үй осы Заңның 75 және 76-баптарының, 106-бабындағы 2, 3, 4-тармақтардың талаптары мен ережелерiне сай келуге тиiс. 📌 Ескерту. 105-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 182; 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 106. 106-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді босатуына байланысты азаматтарға берiлетiн тұрғын үй
106-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлерді босатуына байланысты азаматтарға берiлетiн тұрғын үй
Тармақ 1
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді босатуына байланысты азаматтарға берiлетiн басқа тұрғын үй осы Заңның 75 және 76-баптарының талаптарына сай келуге және олар босатқан тұрғын үйдiң көлемiнен кем болмауға тиiс.
Тармақ 2
2. Егер жалдаушы (қосымша жалдаушы) бұрын бiр бөлмеден артық алаңда тұрған болса, оған сонша бөлмелер санынан тұратын жеке тұрғын үй берiлуге тиiс.
Тармақ 3
3. Егер жалдаушыда (қосымша жалдаушыда) артық алаң болса, тұрғын үй осы Заңның 75-бабындағы 1-тармақта көзделген нормаларға сәйкес берiледi, ал қосымша алаңға құқығы бар жалдаушыға (қосымша жалдаушыға) немесе онымен бiрге тұратын адамға - қосымша алаңға құқығы ескерiле отырып берiледi.
Тармақ 4
4. Бұзылатын үйде кемiнде он бес жыл тұратын азаматтарға олардың қалауы бойынша басқа жайлы тұрғын үй бұзылған құрылыстың орнына немесе соған жақын жерден салынған тұрғын үйлерден берiледi. Бұл азаматтар осындай тұрғын үй берiлгенге дейiн осы баптың 5-тармағының талаптарына сәйкес келетiн уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етiледi.
Тармақ 5
5. Тұру үшiн жарамды тұрғынжай осы елдi мекен шегiнде болуға әрі санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келуге тиiс. Көшiп-қону азаматтың тұрғын үй жағдайының, осы Заңның 69-бабында көрсетiлгенiндей, тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаждыққа әкелiп соқтырмауға тиiс. Жалға алушының (қосымша жалға алушының) осы Заңның 105-бабындағы 1-тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшаларында көрсетiлген жағдайларда көшiп-қонуға байланысты шығындарын жалға берушi өтеуге тиiс.
Тармақ 6
6. Осы Заңның 105-бабында көзделген негiздер бойынша азаматтардың тұрғын үйді босатпауына байланысты оларды шығаруға байланысты даулар сот тәртiбiмен шешiледi. Осы Заңның 108-бабындағы 2-тармақта көзделген жағдайдан басқа реттерде, жалға алушыны (қосымша жалдаушыны) шығару туралы сот шешiмiнде шығарылған адамға берiлетiн тұрғын үй, осы тұрғын үй орналасқан мекен-жай көрсетiле отырып жүргiзiлуге тиiс. 📌 Ескерту. 106-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 182; 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 107. 107-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайдан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайдан басқа тұрғынжай берілмей тұрғынжайды босату негіздері
107-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайдан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайдан басқа тұрғынжай берілмей тұрғынжайды босату негіздері Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайдан немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайдан, егер:
Тармақша 1
1) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері тұрғынжайды үнемі қиратса немесе бүлдірсе;
Тармақша 2
2) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері тұру (болу) шарттарын үнемі бұзу арқылы басқа адамдардың өздерімен бір тұрғынжайда немесе бір көппәтерлі тұрғын үйде тұруына мүмкіндік бермесе;
Тармақша 3
3) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері дәлелді себептерсіз тұрғынжайды пайдаланғаны үшін төлемақы төлеуден қатарынан алты ай бойы жалтарса;
Тармақша 4
4) адамдар ата-аналық құқығынан айырылған болса және олардың ата-аналық құқықтарынан айырылуына байланысты балаларымен бiрге тұруы мүмкiн емес деп танылса;
Тармақша 5
5) адам тұрғынжайға өз бетімен басып кiрiп алса;
Тармақша 6
6) тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шарты осы Заңның 108-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша жарамсыз деп танылса;
Тармақша 7
7) мұрагерлік, сыйға тарту тәртібімен тұрғынжайды меншікке сатып алуды қоспағанда, жалға алушы (қосымша жалға алушы), жалға алушының (қосымша жалға алушының) жұбайы (зайыбы) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жеріне қарамастан, меншік құқығындағы тұрғынжайды сатып алса, басқа тұрғынжай берілмей, тұрғынжайды босатуға жол берiледi. Мұрагерлік, сыйға тарту тәртібімен тұрғынжайды сатып алған жағдайда, жалдаушы (қосымша жалдаушы), жалдаушының (қосымша жалдаушының) жұбайы (зайыбы) он екі ай ішінде сатып алынған тұрғынжайды иеліктен, тұрғынжайды босатуға не мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғынжайды немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды қайтарып беруге міндетті;
Тармақша 8
8) осы Заңның 111-бабында (101-бабының 3, 4 немесе 4-1-тармақтарында, 109-бабының 2, 2-1 немесе 2-2-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда) және 114-бабында көзделген негіздер туындаса;
Тармақша 9
9) осы Заңның 85 және 86-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жалға алушы (қосымша жалға алушы) тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шартын жаңа мерзімге қайта жасасудан жергілікті атқарушы органнан хабарлама алған күннен бастап үш ай бойы жалтарса;
Тармақша 10
10) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері жалға берушінің жазбаша келісімінсіз тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шарты бойынша тұрғынжайға тұрғындарды кiргiзсе не оған уақытша тұрғындарды тұрғызса;
Тармақша 11
11) жалға алушы (қосымша жалға алушы), оның отбасы мүшелері тұрғынжайды жалдау (қосымша жалдау) шартының талаптарын үнемі бұзса, басқа тұрғынжай берiлмей, тұрғынжайды босатуға жол берiледi. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша тұрғын үй босатылмаған жағдайда, азаматтар сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін. 📌 Ескерту. 107-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2006.07.07 № 182; 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 108. 108-бап. Тұрғын үйдi жалға алу (қосымша жалға алу) шартын жарамсыз деп танудың салдары
108-бап. Тұрғын үйдi жалға алу (қосымша жалға алу) шартын жарамсыз деп танудың салдары
Тармақ 1
1. Шарт жасасып, тұрғын үй алған адамдардың көрінеу құқыққа сыйымсыз әрекеттерi салдарынан тұрғын үйдi жалға алу (қосымша жалға алу) шарты жарамсыз деп танылған жағдайда, олар тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде басқа тұрғын үй берiлместен шығарылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Егер тұрғын үйдi жалға алу (қосымша жалға алу) шарты осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайлардан басқа негiздер бойынша жарамсыз деп танылса, шартта аталған азаматтар тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде өздерiнiң бұрын тұрып келген тұрғын үйi немесе тұрмысқа жайлы басқа тұрғын үй берiліп шығарылуы мүмкін. Басқа тұрғын үй беру мiндетi шартты жарамсыз деп тануға әрекетi негiз болған заңды тұлғаға жүктеледi. Бұл жағдайда соттың шешiмiнде берiлетiн тұрғын үйдiң мекенжайы көрсетiлмеуi мүмкiн.
Тармақ 3
3. Жалдау (қосымша жалдау) шартын жасасу кезiнде заңсыз әрекетке жол берген лауазымды адам Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауапқа тартылады. 📌 Ескерту. 108-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 2006.07.07 № 182, 2007.07.06 № 276 (орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Тарау 15. 15-тарау. ҚЫЗМЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДI ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНЫҢ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН БӨЛМЕЛЕРДI ПАЙДАЛАНУ
15-тарау. ҚЫЗМЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДI ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНЫҢ ЖАТАҚХАНАЛАРЫНДАҒЫ ТҰРҒЫН БӨЛМЕЛЕРДI ПАЙДАЛАНУ
Бап 109. 109-бап. Қызметтiк тұрғын үйлер
109-бап. Қызметтiк тұрғын үйлер
Тармақ 1
1. Қызметтік тұрғынжайлар өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты жұмыс орны бойынша тұруға тиісті Қазақстан Республикасының азаматтарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және қандастарды жалдау шарты бойынша қоныстандыруға арналады.
Тармақ 2
2. Осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк мекемелердің жұмыскерлері, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьялары мен судьялар, егер олар мемлекеттiк қызметте, бюджеттiк ұйымдарда, мемлекеттік кәсіпорындарда немесе судья лауазымында (мемлекеттiк сайланбалы лауазымда болу мерзiмiн қоса алғанда) кемiнде он жыл (жиынтығында) жұмыс iстесе, сондай-ақ еңбек қатынастары мынадай негіздер бойынша:
Тармақша 1
1) ұйымның таратылуы, қызметкерлер санының немесе штатының қысқартылуы бойынша;
Тармақша 2
2) одан әрi жұмыс iстеуге кедергi келтiретiн сырқатына байланысты;
Тармақша 3
3) зейнеткерлікке шығуына байланысты;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы лауазымында болу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылса, жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, өздерi тұрып жатқан қызметтiк тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендiре алады. Қызметтiк тұрғын үй берілген қызметкер қайтыс болған жағдайда, жекешелендіру құқығы қайтыс болған (қаза тапқан) адамның жұмыс iстеген мерзiмiне қарамастан, қайтыс болған (қаза тапқан) адамның отбасы мүшелеріне өтеді. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушы ретінде қызметтік тұрғынжай берілген Қазақстан Республикасының азаматтары және қандастар, егер олар қызметтік тұрғынжайда кемінде бес жыл тұрса, өздері тұратын қызметтік тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіре алады.
Тармақ 2-1
2-1. Еңбек сiңiрген жылдары күнтiзбелік есептеумен он және одан көп жыл болған әскери қызметшілер немесе құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ әскери қызметтен, құқық қорғау органдарындағы қызметтен немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар жекешелендіруге жататын, тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларды қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы. Еңбек сiңiрген жылдары күнтiзбелік есептеумен жиырма және одан көп жыл болған әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ әскери қызметтен, құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдардағы қызметтен қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша немесе штаттардың қысқартылуына байланысты шығарылған адамдар жекешелендіруге жататын, тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайларды өтеусіз жекешелендіруге құқылы. Әскери қызметтен немесе құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен шығарылған, осы тармақта аталған, қызметтік тұрғынжай берілген адам қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оны жекешелендіру құқығы қаза тапқан (қайтыс болған) адамның отбасы мүшелеріне өтеді;
Тармақ 2-2
2-2. Әскери қызметші немесе құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдардың, азаматтық қорғау органдарының қызметкері қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оның отбасы мүшелерінің осы Заңда белгіленген тәртіппен қызметтік тұрғынжай алуға және оны өтеусіз жекешелендіруге құқығы бар.
Тармақ 3
3. Қызметтiк тұрғын үйлерді жекешелендіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Тармақ 4
4. Осы баптың 2, 2-1 немесе 2-2-тармақтарында белгіленген негіздер болған кезде тұрғын үй комиссиясы тұрғын үйді жекешелендіру туралы шешім шығарады. Бұл тұрғын үйді жалдаушының кейіннен жекешелендіруі үшін ол коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстырылады. 📌 Ескерту. 109-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.06.27 № 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 22.11.2024 № 138-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.06.2025 № 196-VIII (30.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 110. 110-бап. Қызметтiк тұрғын үйдi беру және оны пайдалану
110-бап. Қызметтiк тұрғын үйдi беру және оны пайдалану
Тармақ 1
1. Еңбек қатынастарының сипатына қарай өз міндеттерін орындау кезеңінде Қазақстан Республикасы азаматтарын, оның ішінде лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалған не мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабы бойынша ауыстырылған мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарын қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғынжайды беру және оны пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қатынастарының сипатына байланысты өз міндеттерін орындауы кезеңінде оларды қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғынжайды пайдалануға осы Заңның 90, 93 және 95-баптарының қағидалары қолданылмайды. Лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалған не мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттарына ротациялау орны бойынша қызметтік тұрғынжай болмаған жағдайда, еңбек қатынастарының сипатына қарай міндеттерін орындау кезеңіне тиісті төлемдер беріледі. Ротациялық төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен басқа елді мекенге ротацияланған мемлекеттік қызметшілерге берілетін ротациялық төлемдердің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, қайтару, тоқтата тұру және қайта бастау қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік органды көшіру кезіндегі төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілерге берілетін тұрғын үй төлемдерінің, көтерме жәрдемақы төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, қайтару, тоқтата тұру және қайта бастау, сондай-ақ жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындарды өтеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезіндегі төлемдер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілерге берілетін тұрғын үй төлемдерінің, көтерме жәрдемақы төлемдерінің мөлшерін есептеу, оларды тағайындау, қайта есептеу, жүзеге асыру, тоқтату, қайтару, тоқтата тұру және қайта бастау, сондай-ақ жеке мүлкін тасымалдауға арналған шығындарды өтеу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің пәрменді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және қандастарды қоныстандыруға арналған қызметтік тұрғынжайды беру және оларды пайдалану тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын Қазақстан Республикасының азаматтарын және қандастарды қоныстандыруға берілетін қызметтік тұрғын үйге осы Заңның 71, 72, 73, 74, 90, 93 және 95-баптарының күші қолданылмайды.
Тармақ 3
3. Қызметтік тұрғынжай осы Заңда көзделген шарттарда және тәртіппен басқа қызметтік тұрғынжайға айырбасталуы мүмкін. 📌 Ескерту. 110-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.03.2023 № 214-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2026 № 291-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 111. 111-бап. Қызметтiк тұрғынжайларды босату және олардан шығару
111-бап. Қызметтiк тұрғынжайларды босату және олардан шығару
Тармақ 1
1. Осы Заңның 109-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастарына байланысты қызметтік тұрғынжай берiлiп, ол қатынастарды тоқтатқан жұмыскерлер, оның ішінде лауазымға ротациялау тәртібімен тағайындалған не мемлекеттік органның көшірілуіне байланысты басқа елді мекенге ауыстырылған мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бір елді мекеннен екіншісіне көшуге байланысты қызмет бабындағы лауазымдық орын ауыстыру кезінде мемлекеттік қызметшілердің жекелеген санаттары басқа тұрғын үй-жай берiлместен өздерiмен бiрге тұратын барлық адамдармен қоса шығарылуға тиіс. Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін.
Тармақ 1-1
1-1. Әскери қызметтен немесе құқық қорғау органдарындағы, арнаулы мемлекеттік органдардағы, азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен шығарылған, тұрып жатқан қызметтік тұрғынжайды жекешелендіру құқығы жоқ адамдар өздерімен тұрып жатқан барлық адамдармен қоса басқа тұрғынжай берілместен қызметтік тұрғынжайды босатады. Олай болмаған жағдайда олар сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Аталған негiздер бойынша, осы бапта көзделген негіздер бойынша қызметтiк тұрғынжайды босату туралы талап еңбек қатынастарын тоқтатқан күннен бастап үш жылдың iшiнде қойылуы мүмкiн. 📌 Ескерту. 111-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.11.2015 № 417-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2022 № 114-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.03.2023 № 214-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.05.2026 № 291-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 112. 112-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханалардан тұрғын үй-жай беру тәртiбi
112-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханалардан тұрғын үй-жай беру тәртiбi Мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы жатақханалардан тұрғын үй-жай кәсiпорын, мекеме әкiмшiлiгiнiң шешiмi бойынша еңбек шартымен жұмыс iстейтiн кезеңiнде, сондай-ақ студенттер (курсанттар, кадеттер, аспиранттар, тыңдаушылар) мен оқушылардың оқуы кезеңiнде тұруы үшiн берiледi. Шешiмде жатақханадан тұрғын үй-жай берiлген адаммен бiрге тұрғызылатын барлық адамдар аталуға тиiс. Басқа адамдарды тұрғызуға тыйым салынады. 📌 Ескерту. 112-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 1999.06.07 N 391-I, 2007.05.15 N 253; 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 113. 113-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының жатақханаларындағы тұрғын үй-жайларды пайдалану тәртiбi
113-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорының жатақханаларындағы тұрғын үй-жайларды пайдалану тәртiбi 📌 Ескерту. 113-бап алынып тасталды - ҚР 2011.06.27 N 444-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 114. 114-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы жатақхананы босату және одан шығару
114-бап. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы жатақхананы босату және одан шығару
Тармақ 1
1. Еңбек шарты бойынша жұмыс iстеген және осы еңбек қатынастарын тоқтатқан адамдар, сондай-ақ оқу орындарында оқыған және олардан шығып қалған адамдар өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерiмен қоса өздеріне жұмысына немесе оқуына байланысты берiлген мемлекеттiк тұрғын үй қорының жатақханасын босатуға тиiс. Осы талап орындалмаған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған адамдар басқа тұрғын үй-жай берілместен сот тәртібімен шығарылуға жатады. Осы ереже еңбек шарты немесе жергілікті атқарушы органдардың және кәсіпорындар (мекемелер) әкімшіліктерінің өзге де шешімдері негізінде мемлекеттік тұрғын үй қоры жатақханаларындағы бөлме үлгісіндегі тұрғын үй-жайларда тұру құқығын алған адамдарға, сондай-ақ қоныстанған кезінен бастап осы Заң күшіне енгенге дейін іс жүзінде тұрып жатқан басқа да адамдарға қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Осы Заңның 107-бабында көзделген негiздер бойынша да басқа тұрғын үй-жай берілместен жатақханаларды босатуы, олардан шығарылуы мүмкiн. 📌 Ескерту. 114-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 1999.06.07 N 391-I, 2007.05.15 N 253; 11.06.2026 № 306-VIII (01.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бөлім 5. 5 БӨЛIМ
5 БӨЛIМ
Тарау 16. 16-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРУ ЖӨНIНДЕГI ШАРТТЫҚ МIНДЕТТЕМЕЛЕР
16-тарау. ТҰРҒЫН ҮЙ БЕРУ ЖӨНIНДЕГI ШАРТТЫҚ МIНДЕТТЕМЕЛЕР
Бап 115. 115-бап. Шарттық мiндеттемелер ұғымы және олардың түрлерi
115-бап. Шарттық мiндеттемелер ұғымы және олардың түрлерi 📌 Ескерту. 115-бап алынып тасталды - ҚР 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 116. 116-бап. Орнына басқа тұрғын үй беру жағдайымен бұзылуға тиiстi тұрғын үйдi босату туралы шарт
116-бап. Орнына басқа тұрғын үй беру жағдайымен бұзылуға тиiстi тұрғын үйдi босату туралы шарт
Тармақ 1
1. Жер учаскесiнiң мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен шығарылуына байланысты тұрғын үйлердi бұзған жағдайда жергілікті атқарушы орган мен меншiк иелерiнiң (жалдаушылардың) арасында бұзылған тұрғынжайлардың орнына бұрынғы меншiк иелерiне (жалдаушыларға) нақ сол немесе басқа жер учаскесiндегi жаңадан салынған басқа тұрғынжайларды меншiкке (жалдауға) беру туралы шарт жасалуы мүмкiн. Бұл жағдайда жергілікті атқарушы орган меншiк иесiне (жалдаушыға) сол Заңның 75-бабы 1-тармағының талаптарына сай келетiн тұрмысқа жайлы тұрғын үй беруге мiндеттi, ал бұзылуға тиiстi тұрғын үй иелерi (жалдаушылар) өздерi тұратын тұрғынжайды шартта көрсетiлген мерзiмде босатуға мiндеттi. Тараптардың келiсiмi бойынша шартта тұрмысқа жайлы тұрғын үй берудiң өзге де жағдайлары мен мерзiмдерi, мүмкiн болатын өтемақы сомасы, тұрғын үйдiң көлемi, қабаты, бөлмелер саны, отбасының құрамы және басқа тараптардың мүддесiн қозғайтын жағдайлар көрсетiледi. Тұрғын үй тиiсiнше меншiкке немесе пайдалануға берiлуi мүмкiн. Тұрмысқа жайлы тұрғынжай берiлгенге дейiн көшiрiлуге тиiстi азаматтар осы елдi мекенде орналасқан әрi санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келетiн уақытша тұрғынжайларға (олардың келiсiмiмен) орналастырылады. Уақытша тұрғынжайға ақы төлеу жөнiндегi шығындар жергілікті атқарушы органға жүктеледi.
Тармақ 2
2. Егер тұрмысқа жайлы тұрғын үй шартта көрсетiлген мерзiмде берiлмесе, жергілікті атқарушы орган соттың шешiмi бойынша өз қаражаты есебiнен тұрған үйiнен айрылған меншiк иесiне (жалға алушыға) шарттың ережелерiнде көзделген талаптарға сәйкес басқа тұрғын үй сатып алуға, сондай-ақ шарттық мiндеттемелердiң бұзылуы салдарынан келтiрiлген залалды өтеуге мiндеттi болады. 📌 Ескерту. 116-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.07.10 № 227; 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 116-1. 116-1-бап. Тұрғынжайды реновациялау
116-1-бап. Тұрғынжайды реновациялау
Тармақ 1
1. Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасы Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамасына сәйкес тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын іске асыру жөніндегі уәкілетті ұйымды және (немесе) реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шартты жасасқан уәкілетті компанияны тарта отырып, қаржыландыру тетігін және оны іске асыру өлшемшарттарын, оның ішінде реновациялауға жататын объектілердегі тұрғынжайдың меншік иелеріне өтеу тәртібі мен шарттарын белгілейді.
Тармақ 2
2. Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасына енген көппәтерлі тұрғын үйлердегі тұрғынжайдың меншік иелеріне тұрып жатқан адамдар санына қарамастан, техникалық паспорттарға сәйкес «бөлме үшін бөлме» қағидаты бойынша қолданыстағы пәтерлердің орнына жаңа пәтерлер меншікке беріледі. Бұл ретте жаңа тұрғын үйдегі тұрғын бөлмелер саны қолданыстағы тұрғын бөлмелердің санынан кем болмауға тиіс.
Тармақ 3
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген талаптар бойынша берілген және сүрілетін тұрғынжайдың көлемінен асатын, тұрғынжайды реновациялау бағдарламаларын іске асыру жөніндегі уәкілетті ұйымның тұрғын үй қорынан берілетін тұрғынжай алаңы артық болып есептелмейді.
Тармақ 4
4. Жеке тұрғын үйлердің немесе тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелеріне олардың құны өтеледі не тараптардың келісімі бойынша тең дәрежелі тұрғын немесе тұрғын емес үй-жайлар беріледі.
Тармақ 5
5. Тұрғынжайды реновациялауға жататын объектілердің тізбесін жергілікті атқарушы органдар егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары шеңберінде айқындайды.
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұрғынжайды реновациялауға жататын көппәтерлі тұрғын үйлер немесе жеке тұрғын үйлер орналасқан жер учаскелерінде мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға жол берілмейді.
Тармақ 7
7. Реновациялау объектілерін сүруге барлық меншік иелерінің келісімі болған жағдайда ғана тұрғынжайды реновациялау бағдарламасы шеңберінде жол беріледі.
Тармақ 8
8. Жергілікті атқарушы орган тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын іске асыру жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындайды және қаржыландырады. Тұрғынжайды реновациялау бағдарламасын іске асыру жөніндегі уәкілетті ұйымды қаржыландыру жергілікті бюджет және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Тармақ 9
9. Жергілікті атқарушы орган сүрілген реновациялау объектілерінің орнына тұрғынжай салуды тұрғынжайды реновациялау бағдарламасына сәйкес ұйымдастырады. Бұл ретте сүру жергілікті бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шарт жасасқан уәкілетті компания тұрғынжайды реновациялауды «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырған кезде тұрғынжайды сүру уәкілетті компанияның қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 📌 Ескерту. 16-тарау 116-1-баппен толықтырылды - ҚР 09.01.2026 № 254-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бөлім 6. 6 БӨЛIМ
6 БӨЛIМ
Тарау 17. 17-тарау. ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР
17-тарау. ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 117. 117-бап. Тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтар кезегiнiң сақталуы
117-бап. Тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтар кезегiнiң сақталуы
Тармақ 1
1. Тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұрған азаматтар осы Заң күшiне енгiзiлген кезден бастап мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бұрынғы тәртiппен тұрғын үй алу құқығын сақтайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк кәсiпорындардың тұрғын үй қоры мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорына берiлген жағдайда тиiстi жергiлiктi атқарушы органға тұрғын үй қорымен бiрге жұмыс орны бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтардың тiзiмi де берiледi. Бұл орайда тұрғын үй қоры берiлген кезде жұмыс орны бойынша тұрғын үйге мұқтаждар есебiнде тұратын адамдар оларды жұмыс орны бойынша есепке қабылдау күнiн негiзге ала отырып тұрғылықты жерi бойынша жасалған тiзiмге енгiзiледi. Егер аталған адамдар тұрғылықты жерi бойынша да есепке тұрса, олар арыз берушiнiң таңдауымен жұмыс орны немесе тұрғылықты жерi бойынша есепке қойылған күнiне қарай тiзiмге енгiзiледi. Жергiлiктi атқарушы органдар тұрғын үйге мұқтаждар тiзiмiне өзгерiстердi осы Заңның 78-бабында белгiленген тәртiп бойынша, енгiзiлген өзгерiстер себебiн көрсету және анықтау арқылы он күн мерзiм iшiнде жария етедi.
Бап 118. 118-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бiрiншi кезекте және кезектен тыс тұрғын үй беру
118-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бiрiншi кезекте және кезектен тыс тұрғын үй беру
Тармақ 1
1. Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн есепте тұрғандар қатарынан тұрғын үйге мұқтаждарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бiрiншi кезекте тұрғын үй:
Тармақша 1
1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге, сондай-ақ «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында санамаланған, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне;
Тармақша 2
2) Кеңес Одағының Батырларына, Социалистiк Еңбек Ерлерiне, "Алтын алқа" алқасымен марапатталған және бұрын "Ардақты ана" атағы берiлген аналарға, сондай-ақ Даңқ, Еңбек Даңқы, "КСРО Қарулы Күштерiнде Отанға қызмет еткенi үшiн" ордендерiмен марапатталғандарға;
Тармақша 3
3) азамат және Ұлы Отан соғыстары кезеңiнде және КСРО мен Қазақстан Республикасын қорғау жөнiндегi басқа да жауынгерлiк операциялар кезiнде ұрыс қимылдарын жүргiзген армия құрамында болған адамдарға, азамат және Ұлы Отан соғыстарының партизандарына, жауынгер-интернационалистерге, сондай-ақ КСРО мен Қазақстан Республикасын қорғау жөнiндегi жауынгерлiк операцияларға қатысқан басқа да адамдарға;
Тармақша 4
4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдарға (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарды қоспағанда);
Тармақша 5
5) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi атқару кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде не өндiрiстегi жазатайым жағдайдың салдарынан қаза тапқан адамдардың немесе хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердiң (партизандардың) отбасыларына;
Тармақша 6
6) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдарға;
Тармақша 7
7) Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің қорытындысы бойынша экологиялық зiлзалалардың, Чернобыль апатының, Семей полигонындағы ядролық сынақтар жарылыстарының, сондай-ақ азаматтық және әскери мақсаттағы басқа да ядролық объектiлердегi жарылыстардың салдарынан денсаулық жағдайы нашарлаған азаматтарға;
Тармақша 8
8) заңсыз сотталу немесе саяси тұрғыда сотсыз қуғын-сүргiнге ұшырау (сот тәртiбiмен саяси қуғын-сүргiн құрбандары деп таныту немесе саяси қуғын-сүргiннен зардап шегу) фактiлерi сот тәртiбiмен анықталған азаматтарға;
Тармақша 9
9) 30 жасқа дейiн алғаш некеге отырған және некеге отырғаннан кейiнгi алғашқы үш жылда балалы болған жас жұбайлар отбасыларына;
Тармақша 10
10) мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған адамдарға;
Тармақша 11
11) көп балалы отбасыларға;
Тармақша 12
12) үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға, жасына байланысты зейнеткерлерге, жалғызілікті аналарға (некеге тұрмаған, бала тәрбиелеп отырған әйелдерге), егіз бала тапқан отбасыларға, егер азаматтардың бұл санаттары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалатын ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен кіріс алатын болса;
Тармақша 13
13) жиырма жылдан артық қызмет атқарған және әскери қызметтен жасына, денсаулық жағдайына немесе штаттың (қызметкерлер санының) қысқаруына байланысты босатылған әскери қызметшiлерге Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери қызметке дейiнгi тұрған жерiне қайтып оралған кезде;
Тармақша 14
14) мемлекеттiк бiлiм беру мекемелерiнiң педагогтеріне;
Тармақша 15
15) мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде халыққа тiкелей медициналық және дәрi-дәрмек көмегiн көрсетушi медицина және фармацевтика қызметкерлерiне;
Тармақша 16
16) судьяларға, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тең дәрежеде беріледі. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан бiрiншi кезектi тәртiппен тұрғын үй алған азаматтар жергiлiктi атқару органдарының шешiмi бойынша ғана бiрiншi кезектi тәртiппен басқа тұрғын үй алудың тiзiмiне тағы да енгiзiлуi мүмкiн.
Тармақ 2
2. Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн есепте тұрғандар қатарынан тұрғын үйге мұқтаждарға мемлекеттiк тұрғын үй қорынан кезексiз тұрғын үй:
Тармақша 1
1) тұрғын үйi Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғат апаттарының салдарынан тұру үшiн жарамсыз болып қалған азаматтарға;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк балалар мекемесiнен, туған-туысқандарынан, қорғаншысынан немесе қамқоршысынан қайтып оралған адамдарға, бұрын тұратын тұрғын үйiне оның бұзылуы немесе тұрғын емес үй-жай етiп жабдықталуы себептi қайтып оралуы мүмкiн болмаған жағдайда;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарының негізінде қылмыстық iстiң тоқтатылуына байланысты үкімнің күші жойылуы нәтижесінде жазаны өтеуден босатылған, заңсыз сотталу салдарынан тұрғынжайынан айырылған адамдарға бұрынғы тұрғынжайын қайтару мүмкіндігі болмаған кезде, егер тұрғынжай беру туралы талап ақталғаннан кейін бір жылдың ішінде мәлімделсе;
Тармақша 4
4) кәмелетке толғанға дейiн ата-анасынан айрылған жиырма жасқа толмаған жетiм балаларға берiледi. Әскери қызметке шақырылған кезде мұндай адамдардың жасы олардың мерзiмдi әскери қызметтен өту мерзiмiне ұзартылады;
Тармақша 5
5) еңбек шартынан туындайтын мемлекеттiк мiндеттемелер әсерiмен тұрғын үй берiлуге тиiстi не бұрынғы тұрғын үйiн пайдалану мүмкiндiгiнен заңсыз айрылған адамдарға;
Тармақша 6
6) бұрынғы тұрғын үйi өздерiне сақталмайтын жағдайда, егер бұл басқа жерге көшумен байланысты болса, сайланбалы мемлекеттiк қызметке сайланған адамдарға берiледi.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары берiлген адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы заңдарда белгiленген тәртiппен тұрғын үй алуға құқылы. 📌 Ескерту. 118-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.03.21 № 308; 2007.05.15 № 253; 2011.01.06 № 379-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 294-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 06.05.2020 № 323-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 119. 119-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан шарт арқылы тұрғын үй беру
119-бап. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан шарт арқылы тұрғын үй беру
Тармақ 1
1. Осы Заң қабылданғанға дейiн қолданылып келген тұрғын үй заңдарына сәйкес жасалған шарттар осы Заңда мұндай шарттар жасау көзделмеген жағдайларда да орындалуға тиiс.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй-жай беру туралы шарт жасасқан мемлекеттiк кәсiпорынның тұрғын үй қоры мемлекеттiк коммуналдық тұрғын үй қорына берiлген жағдайда шартпен келiсiлген тұрғын үй беру мiндетi бұл қорды өз иелiгiне қабылдаған жергiлiктi атқарушы органдарға жүктеледi.
Тармақ 3
3. Мемлекеттiк тұрғын үй қоры мен аяқталмаған тұрғын үй құрылысы басқа құрылыс салушыға берiлген кезде оған бұрынғы құрылыс салушының шартпен келiсiлген тұрғын үй беру мiндеттерi жүктеледi.
Бап 119-1. 119-1-бап. Қазақстан Республикасының астанасында мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты бұзған кезде меншiкке тұрғын үй беру ерекшелiктерi
119-1-бап. Қазақстан Республикасының астанасында мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иеліктен шығаруға байланысты бұзған кезде меншiкке тұрғын үй беру ерекшелiктерi 📌 Ескерту. Тақырыпқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен. Қазақстан Республикасының астанасында мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерiн мәжбүрлеп иеліктен шығарған кезде иеліктен шығарылатын жер учаскесiнде орналасқан тұрғын үйдiң меншiк иесiнің таңдауы бойынша тұрғын үйдiң нарықтық құны мөлшерiнде өтем төленедi не меншігіне тұрмысқа жайлы тұрғын үй берiледi, егер азаматтарға заңмен өзге де жеңiлдiктi нормаларға кепiлдiк берiлмеген болса, оның пайдалы алаңы мәжбүрлеп иеліктен шығарылатын тұрғын үйдiң пайдалы алаңынан аспауға тиiс. Шарттық мiндеттемелерге орай нақ сол немесе басқа жер учаскесiнде бұзылғандардың орнына жаңадан салынған тұрғынжайлардан бұрынғы меншiк иелерiнiң (жалға алушылардың) меншiгiне (жалға) басқа тұрғын үй беру құрылыс салушының келiсiмiмен ғана жүзеге асырылады. Ескерту. 119-1-баппен толықтырылды - ҚР 2001.07.10 № 227 Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.01 № 414-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 2011.07.22 № 479-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 119-2. 119-2-бап. Ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша талап ету құқығын беру ерекшелiктерi
119-2-бап. Ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша талап ету құқығын беру ерекшелiктерi 📌 Ескерту. 119-2-бап алып тасталды – ҚР 15.07.2025 № 207-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 120. 120-бап. Қызметтiк тұрғын үйден шығару ерекшелiктерi
120-бап. Қызметтiк тұрғын үйден шығару ерекшелiктерi Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн берiлген қызметтiк тұрғын үйден тұру үшiн жарамды басқа тұрғын үй берiлместен:
Тармақша 1
1) мүгедектігі бар адамдарды (өздері жасаған қылмыс салдарынан мүгедектік белгіленген адамдарды қоспағанда);
Тармақша 2
2) Ұлы Отан соғысының қатысушыларын, сондай-ақ жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдарды;
Тармақша 2-1
2-1) «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында санамаланған, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерін;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттердi, әскери қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде, өндiрiстегi жазатайым жағдайдың салдарынан қаза тапқандардың немесе хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердiң отбасыларын;
Тармақша 4
4) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшесінің қорытындысы бойынша Чернобыль апатының, Семей полигонындағы ядролық сынақтар жарылыстарының, сондай-ақ басқа да азаматтық және әскери мақсаттағы ядролық объектiлердегi төтенше жағдайлардың салдарынан денсаулық жағдайы нашарлаған азаматтарды;
Тармақша 5
5) қызметтiк тұрғын үй берген кәсiпорында немесе мекемеде кемiнде он жыл жұмыс iстеген адамдарды;
Тармақша 6
6) қызметтен босатылған, өздерiне соған байланысты қызметтiк тұрғын үй берiлген, бiрақ сол кәсiпорынмен немесе мекемемен еңбек қатынастарын тоқтатпаған адамдарды;
Тармақша 7
7) жасы бойынша немесе денсаулық жағдайы бойынша, сондай-ақ штаттардың қысқаруына, кәсiпорынның немесе мекеменiң таратылуына байланысты жұмыстан босатылған адамдарды;
Тармақша 8
8) қызметтiк тұрғын үй берiлiп, қайтыс болған қызметкерлердiң отбасы мүшелерiн;
Тармақша 9
9) көп балалы отбасыларын шығаруға болмайды. 📌 Ескерту. 120-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2002.03.21 N 308; 03.12.2015 № 433-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.05.2020 № 323-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) заңдарымен.
Бап 121. 121-бап. Мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiзделген заңды тұлғаларға тиесiлi тұрғын үйлердiпайдалану
121-бап. Мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiзделген заңды тұлғаларға тиесiлi тұрғын үйлердiпайдалану Мемлекеттiк емес меншiк нысанына негiзделген заңды тұлғаға тиесiлi тұрғын үйдi жалдау жөнiнде осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн жасалған шарт аталған шарттың қолданылу мерзiмiнде күшiн сақтап қалады. 📌 Ескерту. 121-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бап 122. 122-бап. Прокуратура органдарының, экономикалық тергеп-тексеру қызметінің және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету ерекшеліктері
122-бап. Прокуратура органдарының, экономикалық тергеп-тексеру қызметінің және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету ерекшеліктері Осы Заңның 13-1-тарауының тұрғын үймен қамтамасыз ету ерекшеліктері бөлігіндегі күші 2025 жылғы 1 шілдеден бастап прокуратура органдарының, экономикалық тергеу қызметінің және азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне қолданылады. 📌 Ескерту. 122-баппен толықтырылды – ҚР 30.06.2025 № 203-VIII (01.07.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.