Вопросы Комитета по атомной энергетике Министерства энергетики и минеральных ресурсов Республики Казахстан Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгі Атом энергетикасы жөнiндегі комитетiнің мәселелерi
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегі комитетi туралы ереже;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгі Атом энергетикасы жөнiндегі комитетiнiң құрылымы бекiтiлсiн.
📌 Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 25.01.2001 № 133 қаулысымен.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары бiлiм министрлiгi Атом энергиясы жөнiндегі комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 18 тамыздағы N 1197 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 41, 367-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ МИНЕРАЛДЫҚ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛIГІНIҢ АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ ЖӨНIНДЕГІ КОМИТЕТI ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 23 қыркүйектегi
N 1442 қаулысымен
бекiтiлген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ МИНЕРАЛДЫҚ РЕСУРСТАР МИНИСТРЛIГІНIҢ АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫ ЖӨНIНДЕГІ КОМИТЕТI ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
📌 ЕСКЕРТУ. Тақырыбы және мәтінінде сөздер өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.25. N 133 қаулысымен .
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ядролық қаруды таратпау режимiн қамтамасыз ету және атом энергиясын қауiпсiз пайдалануды реттеу саласын басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң ведомствосы болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiне, басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттiк мекеме ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбалар, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде есеп шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
Комитет, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берiлетiн болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы.
Тармақ 4
4. Комитет өз құзыретiндегі мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi бар бұйрықтар шығарады.
Тармақ 5
5. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
Тармақ 6
6. Комитеттiң заңды мекен-жайы:
480020, Алматы қаласы, Лиза Чайкина көшесi, 4.
Тармақ 7
7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегі комитетi" мемлекеттiк мекемесi.
Тармақ 8
8. Осы ереже Комитеттiң құрылтайшылық құжаты болып табылады.
Тармақ 9
9. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.
Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлермен Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде шарттық қатынастарға түсуiне тыйым салынады.
Егер Комитетке заң кесiмдерiнде кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiс республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.
Тармақ 2. 2. Комитеттің негізгі мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
2. Комитеттің негізгі мiндеттерi, функциялары мен құқықтары
Тармақ 10
10. Комитеттiң негізгі мiндеттерi мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) атом энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу;
Тармақша 2
2) ядролық материалдар мен иондаушы сәуле көздерiн есепке алу мен бақылаудың мемлекеттiк жүйесiнiң жұмысын қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) өз құзыретi шегiнде атом энергиясын пайдалану саласындағы тауарлар мен қызмет көрсетулердiң экспорты мен импортын мемлекеттiк бақылау;
Тармақша 4
4) халықаралық ядролық қаруды таратпау режимдерінде белгiленген тiзбелердегі ядролық материалдар, технологиялар, жабдықтар, қондырғылар, арнаулы ядролық емес материалдар, өнiмдер, екi ұдайы мақсаттағы жабдықтар мен материалдарды, сондай-ақ радиоактивтi сәуле көздерi мен изотоптық өнiмдердi экспорттауды бақылауға қатысу;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының аумағында ядролық және радиациялық қауiпсiздiктiң қамтамасыз етілуiн мемлекеттiк қадағалау, атом энергиясын пайдаланатын объектiлердегі аварияға қарсы жоспарлауды бақылау, сондай-ақ ядролық материалдар мен қондырғылардың физикалық қорғалуының қамтамасыз етiлуiн қадағалау.
Тармақ 11
11. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) атом энергиясын қауiпсiз пайдалану саласыңда, оның iшiнде, техногендiк және табиғи тектегі иондаушы сәулелердiң халық пен қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсерiн болдырмау және азайту саласында мемлекеттiк саясатты iске асырады;
Тармақша 2
2) атом энергиясын қолдану объектiлер персоналы мен олардың орналасқан аудандарында тұратын және еңбек қызметiн жүзеге асыратын халықты қорғау, сондай-ақ ядролық қаруды таратпау режимiн, атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық және радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын ядролық, радиоактивтiк және арнаулы ядролық емес материалдар, екi ұдайы пайдаланыстағы материалдарды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) ядролық, радиоактивтiк және арнаулы ядролық емес материалдар, екi ұдайы пайдаланыстағы материалдар мен ядролық технологиялар, сондай-ақ атом энергиясын пайдалану саласындағы басқа да тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң, коммерциялық мақсаттағы беру, сату немесе сатып алу немесе коммерциялық емес мақсаттағы берудi қоса алғанда, экспорты мен импортын бақылауды жүзеге асыруға қатысады;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Yкiметiне жыл сайын атом энергиясын пайдалану объектiлерi қауiпсiздiгiнiң жай-күйi туралы есептi тапсырады;
Тармақша 5
5) техникалық және технологиялық нормаларды, ережелер мен стандарттарды қамтитын нормативтiк кесiмдердi әзiрлеудi ұйымдастырады, өз құзыретiндегі мәселелер бойынша, оның iшiнде атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті жүзеге асыратын адамдарға қойылатын талаптар мен оларды жұмысқа жiберу тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдер қабылдайды;
Тармақша 6
6) ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдалану саласындағы нормативтiк және нормативтiк құқықтық кесiмдердi орындауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 7
7) ядролық обьектiлер мен қондырғылардың олардың жұмыс циклының барлық кезеңдерiндегі қауiпсiздігін негіздейтiн материалдарды қарайды және келiседi;
Тармақша 8
8) ядролық материалдардың мемлекеттiк есебiн жүргізедi және оларды сақтау, тасымалдау мен пайдалану кезiнде физикалық қорғалуын қамтамасыз етудi қадағалауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) ядролық қаруды таратпау режимiн қамтамасыз етумен және ядролық энергияны қауiпсiз пайдаланумен байланысты қызметтi жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының басқа ұйымдарының Атом энергиясы жөнiндегі халықаралық агенттiкпен (АЭХАГ) және басқа да тиiстi халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимылын жүзеге асырады және үйлестiредi;
Тармақша 10
10) авариялық байланысты ұйымдастыруды, аварияға қарсы жоспарлауды бақылауды, ядролық және радиациялық авариялар мен авариялық жағдайлар туралы мамандандырылған халықаралық ұйымдармен және басқа да мемлекеттердiң қадағалаушы ұйымдарымен жедел хабар алмасуды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) өз құзыретi шегіндегі мәселелер бойынша зерттеу және ғылыми жұмыстарды ұйымдастырады, осы саладағы халықаралық ынтымақтастыққа қатысады;
Тармақша 12
12) атом энергиясын қауiпсiз пайдалану және ядролық қаруды таратпау режимiнiң шарттарын орындау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстарды енгізедi;
Тармақша 13
13) өзiне заңнамада жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен:
Тармақша 1
1) атом энергиясын пайдалануға байланысты қызмет түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыруға және лицензиялық ережелердiң сақталуын өз құзыретi шегiнде бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 2
2) атом энергиясын пайдалануға байланысты кез келген қызметті инспекциялауға және бақылауға, осы мақсатта атом энергиясын пайдалану объектiлерiне енуге және олардың қызметiн сипаттайтын құжаттарға кедергісiз қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекеттiк қадағалауды жүзеге асыру мақсатында өлшеулер жүргізуге, сынама жасауға және алуға, тиiстi аспаптар мен жабдықтарды орнатуға;
Тармақша 3
3) ядролық қондырғының бiр бөлiгi ретiнде жоспарланып отырған ядролық отынның немесе құрылғылар мен жабдықтарды жасау жөнiндегi талаптардың орындалуын бақылауды осындай iс-қимылды келiсу жолымен жүзеге асыруға;
Тармақша 4
4) ұйымдар мен азаматтардан атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметтi бақылау мен қадағалау, сондай-ақ Комитетке жүктелген өзге де мiндеттердi iске асыру үшiн қажеттi мәлiметтер мен құжаттарды қандай бiр болмасын шек қоюсыз сұратуға және алуға;
Тармақша 5
5) қызметкерлерге, халыққа немесе қоршаған ортаға тiкелей қауiп төндiруге әкеп соғатын жағдайлар анықталған ретте заңды тұлғалардың атом энергиясын пайдаланумен байланысты қызметiн тоқтата тұру немесе тоқтату туралы мәселе қоюға;
Тармақша 6
6) атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнаманы бұзған тұлғаларды жауапқа тарту мәселелерi жөнiнде тиiстi мемлекеттiк органдарға ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 7
7) қызметi атом энергиясын пайдаланумен байланысты мемлекеттiк кәсiпорындар мен өзге де ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгізуге;
Тармақша 8
8) заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 3. 3. Комитеттiң мүлкi
3. Комитеттiң мүлкi
Тармақ 13
13. Комитеттің жедел басқару құқығындағы окшауланған мүлкi болады.
Тармақ 14
14. Комитетке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.
Тармақ 15
15. Комитеттiң өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Комитетке заңнамада белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
Тармақ 4. 4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
4. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 16
16. Комитетті Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
Төрағаның Комитеттiң төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасы Комитет жұмысын ұйымдастырады және басқарады, Комитетке жүктелген мiндеттердi орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап бередi.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасы осы мақсатта:
Тармақша 1
1) өзiнiң орынбасары мен Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiгiн айқындайды;
Тармақша 2
2) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитет қызметкерлерiн көтермелеу және оларға тәртiптiк шаралар қолдану туралы шешiмдер қабылдайды;
Тармақша 4
4) бұйрықтарға қол қояды;
Тармақша 5
5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi;
Тармақша 6
6) мемлекеттiк органдарда және өзге де мекемелерде Комитеттiң мүддесiн бiлдiредi;
Тармақша 7
7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 5. 5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
5. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 19. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы жөніндегі комитетінің ҚҰРЫЛЫМЫ <*>
19. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000 жылғы 23 қыркүйектегi
N 1442 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы жөніндегі комитетінің ҚҰРЫЛЫМЫ <*>
📌 ЕСКЕРТУ. Тақырыбы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.01.25. N 133
қаулысымен .
Басшылық
Радиациялық және ядролық қауіпсіздік басқармасы
Материалдарды бақылау бөлімі