Некоторые вопросы Министерства внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 және «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кұрылымын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» 2012 жылғы 12 шілдедегі № 354 жарлықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулыға 1, 2-қосымшаларда көрсетілген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесінде: реттiк нөмiрлерi 257, 259, 265, 270-жолдар мынадай редакцияда жазылсын: «257. Орталық өңірлік әскери тергеу басқармасы. 259. Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы. 265. Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасы. 270. Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасы.»; реттiк нөмiрлерi 258, 260, 262, 263, 264, 266, 267, 268, 269, 272-жолдар алынып тасталсын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта аталатын аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1565 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта аталатын аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Астана әскери тергеу басқармасы Орталық өңірлік әскери тергеу басқармасына.
Тармақ 2
2. Алматы әскери тергеу басқармасы Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасына.
Тармақ 3
3. Ақтау әскери тергеу басқармасы Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасына.
Тармақ 4
4. Шығыс әскери тергеу басқармасы Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасына.
Басқа 12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта ұйымдастырылатын аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 1565 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қайта ұйымдастырылатын аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Тармақ 1
1. Қарағанды әскери тергеу басқармасын, Қостанай әскери тергеу басқармасын қосу жолымен Орталық өңірлік әскери тергеу басқармасы.
Тармақ 2
2. Гвардия әскери тергеу басқармасын, Сарыөзек әскери тергеу басқармасын, Талдықорған әскери тергеу басқармасын, Тараз әскери тергеу басқармасын, Шымкент әскери тергеу басқармасын қосу жолымен Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасы.
Тармақ 3
3. Ақтөбе әскери тергеу басқармасын қосу жолымен Батыс өңірлік әскери тергеу басқармасы.
Тармақ 4
4. Өскемен әскери тергеу басқармасын, Аягөз әскери тергеу басқармасын қосу жолымен Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасы.