Об утверждении Правил организации отбора инновационных проектов в области агропромышленного комплекса Павлодарской области Қолданыста
Басқа 0
Павлодар облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы инновациялық жобаларға іріктеу ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағының 10-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 2011 жылғы 14 қыркүйектегi «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне уәкiлеттi мемлекеттiк органдар мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тексерiлетiн субъектiлерге қойылатын талаптарды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау құзыреттерiн қайта қарау мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 128-ө өкiмiне сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Павлодар облысының агроөнеркәсіптiк кешені саласындағы инновациялық жобаларға іріктеу ұйымдастыру қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.К. Әшімбетовке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Павлодар облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы
инновациялық жобаларға іріктеу ұйымдастыру қағидасы
Павлодар облысы әкімдігінің
2012 жылғы 20 желтоқсан
№ 364/12 қаулысымен бекітілді
Павлодар облысының агроөнеркәсіптік кешені саласындағы
инновациялық жобаларға іріктеу ұйымдастыру қағидасы
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы, Павлодар облысының агроөнеркәсіптiк кешені саласындағы инновациялық жобаларға іріктеу ұйымдастыру қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және оларды облыстық бюджет қаражаты есебінен енгізу мен тарату үшін, Павлодар облысының агроөнеркәсiп кешенi (бұдан әрi – облыс АӨК) саласындағы инновациялық жобаларға iрiктеу ұйымдастырудың тәртiбiн белгiлейдi.
Тармақ 2
2. Осы Қағидада мынадай негiзгi ұғымдар қолданылады:
Тармақша 1
1) агроөнеркәсiптiк кешен – ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеудi және өткізуді, сондай-ақ тамақ өнеркәсiбiн, оларды қазiргi заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететiн iлеспе өндiрiстер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауiпсiздiктi, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
Тармақша 2
2) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерi - агроөнеркәсiптiк кешенде қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
Тармақша 3
3) бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi – Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртiпте облыстың АӨК инновациялық тәжiрибенi тарату және енгiзу бойынша бюджеттiк бағдарламаға әкiмшiлiк ету жөнiндегi функциялар жүктелген Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы;
Тармақша 4
4) инновация – экономикалық тиiмдiлiктi арттыру мақсатында, экологиялық қауiпсiздiктi ескере отырып, жаңа немесе жетiлдiрiлген өндiрiстер, тауарлар, жұмыстар мен қызметтер технологиялары, техникалық, өндiрiстiк, әкiмшiлiк, коммерциялық сипаттағы ұйымдастырушылық шешiмдер, сондай-ақ өзге де қоғамдық пайдасы бар нәтиже түрiнде практикалық іске асыруға қол жеткізген жеке және (немесе) заңды тұлғалар қызметiнiң нәтижесi;
Тармақша 5
5) инновациялық жоба – технологиялар трансфертiне, жаңа немесе жетiлдiрiлген өндiрiстер, тауарлар, жұмыстар және қызметтер технологияларын жасауға бағытталған, белгiлi бiр уақыт мерзiмi iшiнде iске асырылатын iс-шаралар кешенi;
Тармақша 6
6) инновациялық қызмет субъектiлерi – экономиканың басым секторларында инновациялық жобаларды іске асыратын не отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға жылжыту жөніндегі қызметті іске асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар;
Тармақша 7
7) өтінім – инновациялық қызмет субъектiлерi бюджеттік бағдарлама әкімшісіне ұсынатын, осы Қағиданың қосымшаларына сәйкес ресімделетін, белгілі нысандағы құжаттар пакеті.
Тарау 2. 2. Инновациялық жобаларды iрiктеу шарттары
2. Инновациялық жобаларды iрiктеу шарттары
Тармақ 3
3. Инновациялық жобаларды iрiктеу өтiнiм берген инновациялық қызмет субъектiлерi арасында жүзеге асырылады және агроөнеркәсiптiк кешеннiң мынадай салалық бағыттары бойынша жүргiзiледi:
өсiмдiк шаруашылығы және егiншiлiк (оның iшiнде өсiмдiктердi қорғау және өсiмдiктер карантинi);
мал шаруашылығы және ветеринария;
ауыл шаруашылығын механикаландыру;
ауылшаруашылық өнiмiн қайта өңдеу.
Тармақ 4
4. Аймақ жағдайына қолдануға болатын қолданбалы сипаттағы ғылыми жетiстiктердi (әзiрленiмдердi) енгiзу және тарату жұмыстардың келесі түрлерін қамтиды:
ауыл шаруашылығын жүргiзудiң озық технологиялық әдiстерi, ауылшаруашылық өнiмiн өндiрудің жетілдірілген үдерiстерi;
облыстың АӨК жаңа машиналарды және механизмдердi, қазіргі заманғы конструкцияларды немесе техникалық жүйелерді пайдалану (конструкторлық жұмыстар);
ғылыми және инновациялық технологиялардың тәжiрибелiк үлгiлерiн (жаңадан жасалған қағидаттық өзгешелiктерi бар бiрегей моделдердi) пайдалану;
селекция жетiстiктерін қолдану.
Тармақ 5
5. Келесі іс-шараларды орындау бойынша жұмысты бағалау жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарының (бұдан әрi – ҒЗТКЖ) нәтижелерiн өндiрiске енгiзудi, оның iшiнде зерттеулер үшін ғылыми шығыс материалдарын сатып алуды ғылыми-әдiстемелiк сүйемелдеу жөнiнде кеңес беру қызметтерi;
Тармақша 2
2) облыстың АӨК субъектiлерiнiң немесе ғылыми, тәжiрибелiк және өзге де аграрлық сала ұйымдарының өндiрiстiк базасында «егiстiк күндерi» ғылыми-практикалық семинар-кеңестер өткiзу;
Тармақша 3
3) ҒЗКТЖ тәжiрибесiн және алынған нәтижелерiн тарату (тұсау кесер, мақалалар жариялау, брошюралар, буклеттер әзiрлеу және шығару бейнематериалдар дайындау).
Тармақ 6
6. Инновациялық жобаларды енгiзу жөнiндегi iс-шараларға облыстық бюджеттен бөлінген қаражатты игеру мерзiмi Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің талаптарына сәйкес белгiленедi және 12 (он екі) айдан аспауы тиiс.
Тарау 3. 3. Инновациялық жобаларды iрiктеу тәртiбi
3. Инновациялық жобаларды iрiктеу тәртiбi
Тармақ 7
7. Инновациялық жобаларды iрiктеудi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi конкурстық негiзде жүргiзедi.
Тармақ 8
8. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi:
құрамына облыстың мүдделi жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлдерiн, тәуелсiз сарапшыларын (келісім бойынша), агрөнеркәсiп кешенi саласында қызмет атқаратын мамандар мен облыстық жетекшi ғалымдарын (келісім бойынша), Павлодар облысында инновацияларды дамыту және енгізу жөніндегі ғылыми техникалық кеңес мүшелерін (келісім бойынша) енгiзе отырып, инновациялық жобаларды iрiктеу жөнiндегi конкурстық комиссияны (бұдан әрi – Комиссия) құрады. Комиссияның жұмыс органы бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi болып табылады;
республикалық маңызы бар мерзiмдiк басылымда және өзiнiң интернет-ресурсында мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде, конкурс өткiзуге дейiн 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей конкурс өтетiнi туралы хабарландыруды жариялайды.
Тармақ 9
9. Алдағы конкурс туралы хабарландыруда мынадай мәлiметтер болуы тиiс:
Тармақша 1
1) конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қабылдау мерзiмi және орны;
Тармақша 2
2) конкурсқа қатысуға берiлетiн өтiнiмге қоса ұсынылатын қажетті құжаттардың тiзбесi, оларды ресiмдеу талаптары.
Тармақ 10
10. Конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген тұлға (бұдан әрi - Өтiнiм берушi) өтiнiмдi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсiне жарияланған хабарландыруда белгiленген мерзiмде және осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысанда бередi.
Тармақ 11
11. Өтiнiм берушi өтiнiмге, оның ажыратылмайтын бөлiгi ретiнде мынадай құжаттарды қоса бередi:
Тармақша 1
1) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысанда инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарын;
Тармақша 2
2) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес нысанда инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарына түсiндiрме жазбаны;
Тармақша 3
3) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысанда инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралардың, Өтiнiм берушi құрастырған, шығыстар сметасын;
Тармақша 4
4) аграрлық сипаттағы инновациялық технологияларды енгiзу және тарату үшін қажетті ғылыми-техникалық және материалдық-өндiрiстiк базаға құқық белгілейтін құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн немесе жалға беру туралы шартты;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi кейiнге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнiң салықтық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударылымдар бойынша берешегiнiң жоқтығы туралы, өтiнiм берiлген күннiң алдындағы бiр айдан ерте емес берiлген, тиісті салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын;
Тармақша 6
6) Өтінім берушіге қызмет көрсететін банктің немесе банк филиалының, соның ішінде шетелдік банктің, Өтінім берушінің міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша мерзімі өткен берешектерінің жоқ екендігі туралы белгіленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасын. Анықтама өтінім берілген күннің алдындағы бір айдан артық емес уақытта алынуы тиіс;
Тармақша 7
7) аграрлық сипаттағы ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық салалардағы жұмыстарды атқаруға Өтiнiм берушiнiң бiлiктiлiгiн растайтын құжаттың нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
Тармақша 8
8) заңды тұлғалар үшiн қосымша:
құрылтайлық құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерi (жарғы, мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiк), құрылтайлық шарт;
соңғы екi жылдағы қаржы есебiнiң көшiрмесi;
Тармақша 9
9) жеке тұлғалар үшiн қосымша:
жеке куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi (жеке куәлiгiнде жеке сәйкестендіру нөмірінің деректері болмаған жағдайда, тіркеу органы берген сәйкестендіру нөмірі бар құжаттың көшірмесі қоса беріледі).
Тармақ 12
12. Өтiнiм және қоса берiлетiн барлық құжаттар нөмiрленген, қоса берiлген құжаттардың тiзбесiн көрсете отырып бiр папкаға жинақталған, осы Қағиданың және оған қосымшалардың талаптарына сәйкес ресiмделген болуы тиiс.
Тармақ 13
13. Өтiнiм берушi берiлген құжаттардың, бастапқы мәлiметтердiң, есептеулердiң, негiздемелердiң толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етедi.
Тармақ 14
14. Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi өтiнiмдерді тіркеуді келіп түскен күні жүзеге асырады.
Ұсынылған құжаттар осы Қағиданың талаптарына сай келмейтіні анықталған жағдайда, бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi құжаттарды алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнi iшiнде ол туралы өтiнiм иесіне хабарлайды.
Анықталған сәйкессіздіктерді өтiнiм берушi құжаттарды қабылдау мерзiмi өткенге дейiн жояды, олай болмаған жағдайда өтінім қабылданбайды.
Осы Қағиданың 11, 12, 13 - тармақтарының талаптарына сәйкес келген өтiнiмдер Комиссияның қарауына енгiзіледі.
Тармақ 15
15. Комиссияның отырысы өтiнiмдердi қабылдау аяқталған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнiнен кешiктiрмей белгiленуi тиiс.
Тармақ 16
16. Комиссия өтiнiмдердiң инновациялық жобаларды iрiктеудiң мынадай критерийлерiне сәйкестiгiн тексередi:
Тармақша 1
1) жобаның инновациялық бағыттылығы, практикалық iске асырылымдығы, облыстың АӨК енгiзу және пайдалану деңгейi және мүмкіндігі;
Тармақша 2
2) облыстың АӨК дамытудың басым бағыттарына сәйкестiгi;
Тармақша 3
3) инновациялық жобаның қаражатын игеру бойынша нақты тұжырымдалған ұсыныстың болуы және инновациялық жобаны облыстың АӨК енгізу болашағы;
Тармақша 4
4) инновациялық жобаны енгiзуден болатын технологиялық тәуекелдердi облыстың АӨК нақты субъектiсiнiң жағдайында енгiзу үдерiстерiн авторлардың (келісім бойынша) жеке сүйемелдеуi арқылы мейлiнше азайту;
Тармақша 5
5) инновациялық жобаны енгiзуге қажеттi жабдықтың, инфрақұрылымның, бiлiктi кадрлардың, жұмыс тәжiрибесiнiң және ресурстардың болуы;
Тармақша 6
6) инновациялық жобаның экономикалық мақсатқа лайықтылығы.
Тармақ 17
17. Комиссия өтiнiмдердi қарау қорытындылары бойынша инновациялық жобалардың iрiктеу критерийлеріне сәйкестігі және(немесе) сәйкес еместігі және оларды облыстық бюджет қаражаты есебінен енгізу және тарату қажеттілігі туралы шешім қабылдайды, шешім Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.
Тармақ 18
18. Комиссия отырыстары оның құрамының жалпы санының екіден үш бөлігі қатысса заңды деп есептеледi. Комиссияның шешiмi ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең түскен жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
Егер Комиссия мүшелерінің бірі қабылданған шешіммен келіспесе және хаттамаға қол қоймаса, ол өзінің келіспеу себептерін жазбаша түрде баяндайды, ол Комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.
Тармақ 19
19. Инновациялық жоба инновациялық жобаларды іріктеудің белгіленген критерийлеріне сәйкес келмеген жағдайда, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қаржыландырудан бас тарту туралы шешімді, шешім қабылданған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде, өтінім берушіге жолдайды.
Тармақ 20
20. Конкурстың қорытындылары бойынша инновациялық жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылданған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi конкурстың жеңiмпазымен осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес үлгiде Инновациялық жобаны енгiзу жөнiнде шарт (бұдан әрi - Шарт) жасасады және Шартта көзделген тәртiппен қаржыландыруды жүзеге асырады.
Басқа 55. Өтiнiм нысаны
Павлодар облысының
агроөнеркәсiп кешенi саласындағы
инновациялық жобаларға iрiктеу
ұйымдастыру қағидасына
1-қосымша
Өтiнiм нысаны
1
2
3
1
Тiркеу нөмiрi және күнi (бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiнiң қызметкерлерi толтырады)
2
Инновациялық жобаның атауы
3
Өңiрдiң агроөнеркәсiптiк кешенiнде инновациялық тәжiрибенi енгiзу және тарату саласы (кiшi саласы)
4
Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралардың қысқаша сипаттамасы (жобаның негiзгi мақсаттарын және мәнiн, жоба нәтижелерiнiң нақты қолданылуын, осыған ұқсас жобаларды iске асыруға қатысу тәжiрибесiн көрсету)
5
Жобаның ұзақтығы (айлар бойынша)
6
Жобаның басталу және аяқталу күнi
7
Сұратылған қаражат сомасы (теңге)
8
Өтiнiм берушiнiң (заңды тұлғалар үшін) атауы, мекенжайы, телефоны/факсы, электрондық поштасының мекенжайы)
9
Өтiнiм берушiнiң байланысатын тұлғасының (жеке тұлғалар үшін) Т.А.Ә., мекенжайы, телефоны, электрондық поштасы
10
Инновациялық жобаның жетекшiсi (аты, тегi және лауазымы, телефоны/факсы, электрондық поштасы көрсетiледi)
11
Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шараларды iске асыруға қатысатын агроөнеркәсiп кешенi субъектiлерiнiң атауы, мекенжайы, телефоны/факсы, электрондық поштасының мекенжайы
Басқа 56. Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi
iс-шаралар жоспары нысаны (атауын көрсету)
Павлодар облысының
агроөнеркәсiп кешенi саласындағы
инновациялық жобаларға iрiктеу
ұйымдастыру қағидасына
2-қосымша
Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi
iс-шаралар жоспары нысаны (атауын көрсету)
Қызмет түрлерi
Күтiлетiн нәтижелер (1 жыл)
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
1
2
Қызмет түрлерi
Күтiлетiн нәтижелер (2 жыл)
1 тоқсан
2 тоқсан
3 тоқсан
4 тоқсан
1
2
Басқа 57. Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi
iс-шаралар жоспарына түсiндiрме жазба нысаны
Павлодар облысының
агроөнеркәсiп кешенi саласындағы
инновациялық жобаларға iрiктеу
ұйымдастыру қағидасына
3-қосымша
Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi
iс-шаралар жоспарына түсiндiрме жазба нысаны
Тармақ 1
1. Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралардың атаулары.
Тармақ 2
2. Iс-шараларды iске асыру орны: елдi мекен.
Тармақ 3
3. Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралардың мақсаты және мiндеттерi.
Тармақ 4
4. Өтiнiм берушi инновациялық қызмет субъектiсiнiң және инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шараларға қатысушы агроөнеркәсiп кешенi субъектiлерiнiң қысқаша сипаттамасы:
Өтiнiм берушiнің толық атауы;
Өтiнiм берушi - инновациялық қызмет субъектiсi және инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шараларға қатысушы агроөнеркәсiп кешенi субъектiлерi қызметiнiң сипаттамасы;
басты мамандар, олар орындайтын қызметтердiң түрлерi (түйiндемесi және бiлiктiлiгiн растайтын құжаттар қоса берiлiп).
Тармақ 5
5. Өндiрiстiң осы буынындағы проблемаларды, iс-шаралар қандай проблемаларды шешуге бағытталғанын көрсете отрып, инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шараларды негiздеу. Iс-шараларды iске асырудың маңыздылығы мен қажеттiлiгiн, олардың өңiр агроөнеркәсiп кешенiнiң технологиялық даму деңгейiне және еңбек өнiмдiлiгiне ықпалын сипаттау.
Тармақ 6
6. Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шараларды iске асыру аясында көрсетiлетiн негiзгi қызметтер тізбесі, олардың сипаттамасы, өндiрiсте қолдану үшiн, жобаны орындау барысында сынақтан өткiзiп, көрсету үшiн ұсынылатын нақты шешiмдер және технологиялар, нақты шаруашылық, аудан және облыс экономикасы үшiн практикалық мәнiн бағалау. Әр қызметтiң мақсатын, мазмұнын, ұзақтығын, күтiлетiн нәтижелерiн, ресурстардың қажеттiлiгiн, оның iшiнде инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi іс-шаралар жоспарын iске асыруға қатысушы агроөнеркәсiп кешенi субъектiсiнiң базасында ғылыми әзiрленiмдердi (технологияларды) енгiзу және тарату бойынша ғылыми-зерттеу әдiснамасын көрсету қажет.
Тармақ 7
7. Нәтижелiлiк: инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шараларды iске асыру нәтижелерiнiң сан мен сапа көрсеткiштерi. Көрсеткіштерде агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерi мен облыс экономикасының еңбек өнiмдiлiгiн және өндiрiс тиiмдiлiгiн жақсартуға ықпалын бағалай отырып, жоспарланған нәтижелер туралы ақпарат қамтылуы тиiс.
Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi іс-шаралар жоспарын iске асырудың экономикалық пайдаларын бұрын қолданылған технологиялармен салыстырып көрсету, облыстың аграрлық өнеркәсіп кешенін дамыту, аграрлық нарықтағы ахуал тұрғысынан iс-шараның мақсаттылығын негiздеу қажет.
Тармақ 8
8. Экологиялық бағалауда ұсынылып отырған технологиялардың қоршаған ортаға және облыстың табиғат ресурстарына ықпалын бағалау болуы тиiс (оң ықпал, ықпалсыз немесе керi ықпал). Керi ықпал болған жағдайда, мұндай ықпалдың зардабын азайту үшiн қандай әрекеттер қолданылатынын көрсету қажет.
Тармақ 9
9. Тәуекелдер: инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi Iс-шаралар жоспарын табыспен аяқтау үшiн негiзгi тәуекелдер және сол тәуекелдерден өту жөнiндегi шаралар.
Тармақ 10
10. Жобаның тiршiлiкке қабiлеттiлiгi: инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шараларға қатысушы агроөнеркәсiп кешенi субъектiлерi өндiрiсiнiң қаржыландыру аяқталғаннан кейiнгi тұрақтылығын қамтамасыз ету үшiн қабылданатын шараларды сипаттау қажет.
Басқа 68. Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi
iс-шаралардың шығыстар сметасы нысаны (атауын көрсету керек)
мың теңге
Павлодар облысының
агроөнеркәсiп кешенi саласындағы
инновациялық жобаларға iрiктеу
ұйымдастыру қағидасына
4-қосымша
Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi
iс-шаралардың шығыстар сметасы нысаны (атауын көрсету керек)
мың теңге
№
Шығыстардың баптары*
Өлш. бiрл.
Бағасы
Құны
оның iшiнде айлар бойынша
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
1.
Еңбекақы
1.1.
1.2.
2.
Iссапар шығыстары
2.1.
2.2.
3.
Тiкелей шығыстар
3.1.
3.2.
4.
Үстеме шығыстар
Жиыны:
* инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шараларды iске асырудың әрбiр жылына бөлек көрсетiледi
Басқа 69. Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi
ШАРТ нысаны
Павлодар облысының
агроөнеркәсiп кешенi саласындағы
инновациялық жобаларға iрiктеу
ұйымдастыру қағидасына
5-қосымша
Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi
ШАРТ нысаны
2012 ж. «__» __________ № ___
Бұдан әрi Тапсырыс берушi деп аталатын ________________________
__________________________ атынан, Қағида негiзiнде әрекет ететiн ___
_____________________________________________________________________
бiр тараптан, және бұдан әрi Орындаушы деп аталатын, ________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
атынан, Жарғы негiзiнде әрекет ететiн _______________________________
_____________________________________________________________________
екiншi тараптан, Инновациялық жобаларды iрiктеу жөнiндегi комиссияның 20__ жылғы «__» __________ №___ шешiмiн басшылыққа ала отырып, инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты және мынадай келiсiмге келдi:
Тарау 1. 1. ШАРТТЫҢ МӘНІ
1. ШАРТТЫҢ МӘНІ
1.1 Тапсырыс берушi 019 «Инновациялық тәжiрибенi тарату және енгiзу жөнiндегi iс-шараларды жүргiзу» бюджеттiк бағдарламасы бойынша инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес атқарылатын агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы инновациялық жобаны енгiзу жөнiнде тапсырма бередi, ал Орындаушы оны енгiзу жөнiнде өзiне мiндеттеме қабылдайды.
Бағдарлама атауы:
Бағыты:
Тақырыбы:
Тармақ 1.2
1.2. Орындаушы ________________________________ әзiрлеген және
осы Шарттың ажырамас бөлiгi болып саналатын ______________________
инновациялық жобаға сәйкес _______________________________________
инновациялық жобасын енгiзу және тарату бойынша қызметтi мынадай шаруашылықтардың өндiрiстiк жағдайларында атқаруға мiндеттенедi:
Тармақша 1
1) __________________________________________________
Тармақша 2
2) __________________________________________________
Тармақша 3
3) __________________________________________________
Тармақ 1.3
1.3. Орындаушының 201__ жыл iшiнде қызмет көрсету мерзiмi.
Тармақ 1.4
1.4. Тапсырыс берушi мен Орындаушының арасында көрсетiлген қызмет актiсiне қол қойылғаннан кейiн қызмет көрсетiлдi деп саналады.
Тарау 2. 2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2. ТАРАПТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Тармақ 2.1
2.1. Орындаушы:
Тармақ 2.1.1
2.1.1. Қызметтi __________________________________ инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес тиiсiнше сапалы атқаруға;
Тармақ 2.1.2
2.1.2. Қызметтi осы Шарттың 1.3-тармағында көрсетiлген мерзiмде толық көлемде көрсетуге;
Тармақ 2.1.3
2.1.3. Егер қызмет көрсету барысында Орындаушы осы Шарттың талаптарынан ауытқуға жол берген болса барлық айқындалған кемшiлiктердi Тапсырыс берушiнiң талабы бойынша тегiн түзетуге;
Тармақ 2.1.4
2.1.4. Орындаушы осы Шарттың 1.3-тармағында көрсетiлген мерзiмде көрсетiлген қызметтер туралы толық қорытынды есептер беруге мiндеттi.
Тармақ 2.2
2.2. Тапсырыс берушi:
Тармақ 2.2.1
2.2.1. Орындаушы көрсететiн қызметтiң барысы мен сапасын оның қызметiне араласпай тексеруге;
Тармақ 2.2.2
2.2.2. Көрсеткен қызметтердiң актiсiне қол қойылғанға дейiн Тапсырыс берушiнiң Шартты орындаудан бас тартуы туралы хабарламаны алғанға дейiн Орындаушы көрсеткен қызметтердiң бiр бөлiгiне тең белгiленген бағаны төлей отырып, кез келген уақытта Шарттың талаптарын орындаудан бас тартуға құқылы.
Тарау 3. 3. ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТАҚЫ ТӨЛЕУ ШАРТТАРЫ
3. ШАРТТЫҢ ЖАЛПЫ СОМАСЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТАҚЫ ТӨЛЕУ ШАРТТАРЫ
Тармақ 3.1
3.1. Шарттың жалпы сомасы барлық салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi ескере отырып, қызметтердi көрсетуге байланысты барлық шығындардың құнын қоса ________ теңге (жазбаша) құрайды.
Тармақ 3.2
3.2. Орындаушының қызмет ақысын Тапсырыс берушi мынадай тәртiппен төлейдi:
Тапсырыс берушi шарт сомасының 30 % көлемiндегi соманы алдын ала, осы шарт Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тiркелген сәттен бастап 5 (бес) банктiк күн iшiнде төлейдi;
Келесi төлем ай сайын, нақты көрсетiлген қызметтер бойынша, орындаушы ұсынған көрсетiлген қызметтерге шот-фактура мен қабылдау актiсi негiзiнде аванс толық өтелгеннен кейiн, есептік айдан кейінгі айдың 15-не дейінгі мерзімде жүргiзiледi.
Тармақ 3.3
3.3. Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шараларды жергiлiктi бюджеттен қаржыландыру облыстың АӨК-де инновациялық технологияларды мiндеттi енгiзу жағдайында осы Шартпен белгiленген мерзiм iшiнде жүргiзiледi.
Тармақ 3.4
3.4. Инновациялық жобаны қаржыландыруға облыстық бюджеттен бөлiнген қаражат оның мақсатты бағытына және белгiленген тәртiппен бекiтiлген шығыстар сметасына қатаң сәйкес пайдаланылуы тиiс.
Инновациялық жобаның мақсатты пайдаланылмаған қаражаты 15 күнтізбелік күн ішінде облыстық бюджетке қайтарылуы тиіс.
Тармақ 3.5
3.5. Орындаушы өзiнде талапқа сай бухгалтерлiк есеп және көрсетiлген қызметтердiң нақты құнына оның кезеңдерi бойынша талдау жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге мiндеттенедi.
Тарау 4. 4. ҚЫЗМЕТТІ ТАПСЫРУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
4. ҚЫЗМЕТТІ ТАПСЫРУ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
Тармақ 4.1
4.1. Орындаушы Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi iс-шаралар жоспарын орындаудың кезеңдерiнде ресiмдеп беруге тиiстi болған ғылыми-техникалық және өзге де құжаттаманы бере отырып, Тапсырыс берушiге инновациялық жобаны енгiзу және тарату бойынша көрсетiлген қызметтерi туралы тоқсан сайын осы Шарттың 2-қосымшасына сәйкес үлгiде есептік кезеңнен кейінгі айдың 15-не дейінгі мерзімде аралық есеп беруге мiндеттенедi.
Тармақ 4.2
4.2. Орындаушы Тапсырыс берушiге осы Шарт орындалып бiткеннен кейiн ________ жылдың 1 желтоқсанынан кешiктiрмей инновациялық жобаны тарату және енгiзу бойынша көрсетiлген қызметтер туралы осы Шарттың 2-қосымшасына сәйкес үлгiде жылдық қорытынды есеп беруге мiндеттенедi.
Тармақ 4.3
4.3. Орындаушы Тапсырыс берушiге көрсетiлген қызметтердiң актiсiн ___________ жылдың 15 желтоқсанынан кешiктiрмей бередi.
Тармақ 4.4
4.4. Қызметтер мерзiмiнен бұрын көрсетiлген жағдайда, Тапсырыс берушi мерзiмiнен бұрын қызметтердi қабылдауға және еңбекақы төлеуге құқылы.
Тармақ 4.5
4.5. Егер қызмет көрсету барысында керi нәтиже алынатындығы немесе қызметтердi бұдан әрi көрсетудi жалғастыру қисынсыз екенi анықталса, Орындаушы қызметтi тоқтатқаннан кейiн 5 күн мерзiм iшiнде Тапсырыс берушiге хабарлап, инновациялық тәжірибені енізуді тоқтатуға мiндеттi.
Мұндай жағдайда тараптар қызмет көрсетудi жалғастырудың қисындылығы мен бағыттары туралы мәселенi талқылап қарауға мiндеттi.
Тарау 5. 5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
5. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
5.1.Шартта көзделген мiндеттер орындалмаған жағдайда тараптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайлар мен тәртiпке сәйкес жауапты болады.
Тармақ 5.2
5.2. Екі тарап қол қойған жазбаша өзгерістерді қоспағанда, Орындаушының ұсынған қызметтеріне байланысты Келісімшартқа ешқандай толықтырулар немесе өзгерістер енгізуге рұқсат етілмейді.
Тармақ 5.3
5.3. Белгіленген уақытта жұмыс орындалмаған жағдайда Орындаушы бюджетке мерзімінен кешіктірілген әрбір күнтізбелік күні үшін шарттың жалпы сомасының 0,1% мөлшерінде тұрақсыздық айыбын төлейді.
Тарау 6. 6. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
6. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
Тармақ 6.1
6.1. Осы Шарт Орындаушы тарапынан тәртiп бұзылғаны анықталған жағдайда кез келген кезеңiнде бұзылуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда, екi тарап көрсетiлген қызметтер актiсiне қол қойғаннан кейiн Тапсырыс берушi Орындаушыға нақты көрсетiлген қызметтер үшiн соманы төлейдi.
Тармақ 6.2
6.2. Тапсырыс берушi мен Орындаушы Шарт бойынша немесе оған байланысты барлық келiспеушiлiк пен дауларды тiкелей келiссөздер жүргiзу барысында шешу үшiн барлық күшқайратын жұмсауы тиiс.
Тармақ 6.3
6.3. Егер тараптар осындай келiссөздер жүргiзу басталған күннен кейiн 21 күн iшiнде Шарт жөнiндегi өзара дауды шеше алмаса, тараптардың әрқайсысы бұл мәселенiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiлуiн талап етуге құқылы.
Тарау 7. 7. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ
7. ШАРТТЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ МЕРЗІМІ
Тармақ 7.1
7.1. Осы Шарт оны Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде тiркегеннен кейін күшiне енедi және 20__ жылғы «___» _________ дейiн қолданыста болады.
Тарау 8. 8. ӨЗГЕ ДЕ ТАЛАПТАР
8. ӨЗГЕ ДЕ ТАЛАПТАР
Тармақ 8.1
8.1. Шарт мемлекеттік және (немесе) ресми тілінде жасалады.
Тармақ 8.2
8.2. Осы шарт 2 дана болып жасалды. 2 дананың өзара айырмашылығы жоқ және күші де бірдей.
Тармақ 8.3
8.3. Шартқа сәйкес бір тарап екінші тарапқа қандай да бір мәлімдемені хат, жеделхат, телекс немесе факс арқылы жолдайды, кейін түпнұсқасы беріледі.
Тармақ 8.4
8.4. Форс-мажорлық жағдайларды қоспағанда, Орындаушы шартта көзделген мерзімде қызметтерді ұсына алмаса, бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Шарт шеңберіндегі өзінің құқығына нұқсан келтірместен мерзімнен тыс әрбір күнтізбелік күн үшін шарт құнының 0,1% көлемінде тұрақсыздық айыбының қосымша сомасы ретінде шарт бағасынан ұстап қала алады.
Тармақ 8.5
8.5. Егер Шартты орындаудың кешеуілдетілуі форс-мажорлық жағдайлардың салдарынан болса, оның талаптарының орындалмағаны үшін Өтінім беруші тұрақсыздық айыбының төленуі немесе шарттың бұзылуы үшін жауапты болмайды.
Тармақ 8.6
8.6. Осы шарттың мақсаттарына арналған «форс-мажор» деген сөздер Орындаушы тарапынан бақылау мүмкіндігінен айырған, алдын-ала болжауға болмайтын және Орындаушының қателігіне немесе салдыр-салақтығына қатысы жоқ сипаттағы оқиғаны білдіреді. Мұндай оқиғалар соғыс жағдайы, табиғаттағы және стихиялық апаттар, оба, карантин және Қызметтерді көрсетуге эмбаргоны қамтуы мүмкін, алайда барлық жағдайлар мұндайлармен де шектелмейді.
Тармақ 8.7
8.7. Форс-мажорлық жағдайға тап болғанда, Орындаушы мұндай жағдайлар мен оның себебі туралы Тапсырыс берішіге дереу жазбаша түрде хабарлауы тиіс. Егер Тапсырыс берішіден басқадай жазбаша нұсқаулық келмесе, Орындаушы Шарт бойынша өз міндеттемесін атқаруды мүмкіндікке қарай одан әрі жалғастырады және Шартты орындаудың форс-мажорлық жағдайға қатысы жоқ тиімді жолдарын іздестіреді.
Тарау 9. 9. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
9. ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ
Тапсырыс берушi:
_______________
М.О.
Орындаушы:
______________
М.О.
Басқа 116. 201_ ж. «__» ______ №____ ШАРТ БОЙЫНША
№ ___ КӨРСЕТIЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕР
АКТІСІ НЫСАНЫ
Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi
201_ ж. _______ № __ Шартқа
1-қосымша
201_ ж. «__» ______ №____ ШАРТ БОЙЫНША
№ ___ КӨРСЕТIЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕР
АКТІСІ НЫСАНЫ
201_ ж. «__» _______
Бiз, төменде қол қоюшылар, ____________ Қағида негiзiнде әрекет ететiн Тапсырыс берушi, _____________ тұлғасында бiр тараптан, және ____________ Жарғы негiзiнде әрекет ететiн Орындаушы ____________, бiрiншi басшы __________________________ тұлғасында екiншi тараптан,осы Актiмен, инновациялық жобаны енгізу жөнінде __________ № ____ шартқа сәйкес, Тапсырыс берушi 019 «Инновациялық тәжiрибенi тарату және енгiзу жөнiндегi қызметтер» бюджеттiк бағдарламасы бойынша мынадай қызметтердi қабылдағанын растаймыз:
Тармақша а
а)
Тармақша б
б)
Тармақша в
в)
Барлық салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi қоса есептегенде көрсетiлген қызметтердiң құны _____________________________________________________________ құрайды
(Сомасы санмен және жазбаша, валютаның атауы)
Қызметтер сапалы көрсетілді (орындалды) және Шарттың талаптарына сәйкес келеді. Тараптардың бiр-бiрiне қояр кiнәлары жоқ.
МО ____________ ТАЖ МО ______________ ТАЖ
Басқа 120. Аралық және қорытынды есептiң нысаны*
Инновациялық жобаны енгiзу жөнiндегi
201_ ж. _______ № __ Шартқа
2-қосымша
Аралық және қорытынды есептiң нысаны*
Есеп түрi
Есеп беру күні
Өтiнiм берушiнiң атауы
Шарттың нөмiрi және күнi
Қаржыландыру мақсаты
Қаржыландыру сомасы
Есептiлiк кезеңi
Қол жеткiзiлген нәтижелер
Қорғау құжатының атауы (бар болған жағдайда)
Қорғау құжатының нөмiрi және берiлген күнi (бар болған жағдайда)
Инновациялық жобаны енгiзу бойынша қол жеткiзiлген нәтижелер
№
Серiктестiң атауы
Шарттың атауы
Шарттың нөмiрi және күнi
Шарттың сомасы
Шарттың мерзiмi
Төлем шарттары
Инновациялық жобаның нәтижелерiн әрi қарай тарату бойынша iс-шаралар
№
Әлеуеттi серiктестiң атауы
Iс-шаралар
Болжамды шығын сомасы
Шарт жасасудың болжамды мерзiмдерi
Инновациялық жобаның нәтижелерiн енгiзудiң нақты нысаны және көлемдерi*
№
Енгiзу нысаны
Енгiзу көлемдерi (мың теңге)
1-шi жыл
2-шi жыл
3-шi жыл
1
Ауыл шаруашылығы өнiмдерiнiң жаңа өндiрiсiн ұйымдастыру және/немесе жаңа түрлерiн енгiзу
2
Жаңа агротехнологияны және/немесе қызметтi енгiзудi ұйымдастыру
3
Жаңа технологиялық жабдықтарды ұйымдастыру
4
Агротехнологияларды енгiзудiң басқа да нысандары
* қаржыландыру ерекшелiктерiне қарай толтырылады.