Об утверждении Правил учета и дальнейшего использования, в том числе реализации, имущества, поступившего в собственность государства по отдельным основаниям Күшін жойған
Басқа 0
Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшінде сату ережесiн бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.07.2002 № 833 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы аумағында жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алудың және одан әрi пайдаланудың, соның iшiнде сатудың бiрыңғай ережесiн белгiлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса берiлiп отырған Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату ережесi бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) "Тәркiленген, иесiз мүлiкті, мұрагерлік құқық бойынша мемлекетке көшкен мүлiктi, қазыналарды, сондай-ақ ломбардтар қабылдаған, бiрақ иесi мерзiмiнде келiп алмаған қымбат металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды есепке алу, бағалау және өткiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 наурыздағы N 236 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1992 ж., N 11, 191-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 3 желтоқсандағы N 1216 қаулысының 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., N 47, 573-құжат);
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 сәуiрдегi N 322 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., N 16, 158-құжат).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары өздерiнiң бұрын
қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдерiн осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі осы
қаулыны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын және оның орындалуын
бақылауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 9. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке
алу және одан әрi пайдалану, соның ішінде сату Ережесi
Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2000 жылғы 28 қыркүйектегі
N 1467 қаулысымен
бекiтілген
Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне түскен мүлiктi есепке
алу және одан әрi пайдалану, соның ішінде сату Ережесi
Тарау 1
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ереже мемлекет меншiгiне түскен мүліктi (бұдан әрi - Мүлiк) есепке алу және одан әрi пайдалану, соның iшiнде сату тәртiбiн мынадай негiздер бойынша белгілейдi:
Тармақша 1
1) мемлекет кiрiсiне сот кесiмдерi негiзiнде тәркiленген (бұдан әрi - тәркiленген мүлiк);
Тармақша 2
2) мемлекет кiрiсiне сот кесiмi негiзiнде берiлген заттай айғақтар (бұдан әрi - заттай айғақ);
Тармақша 3
3) белгiленген тәртіпте иесiз деп танылған (бұдан әрi - иесiз мүлiк);
Тармақша 4
4) мемлекет меншiгiне белгіленген тәртiпте тегін көшкен, соның iшiнде "мемлекет пайдасына тауардан бас тарту" кеден режимiнде ресiмделген тауарлар және көлiк құралдары;
Тармақша 5
5) мемлекетке мұрагерлiк құқығы бойынша көшкен, соның ішінде иесiз мұра (бұдан әрi - мұрагерлік мүлiк);
Тармақша 6
6) көмбелер және (немесе) олжалар.
Тарау 2
Тармақ 2. 2. Мүлiктi есепке алу
2. Мүлiктi есепке алу
Тармақ 2
2. Мүліктi есепке алу салық органдарына жүктеледi, оларды қорғау жөнiнде шара қолдануды заңнамаға сәйкес мемлекеттiк органдар мен лауазымды тұлғалар жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Мүлiктi есепке алудың толықтығы мен уақытылылығын қамтамасыз ету үшiн салық органдарына мыналар мәлiметтер бередi:
Тармақша 1
1) мұрагерлiк мүлкi бар-жоғы туралы өсиетті орындаушы нотариустар;
Тармақша 2
2) заң кесiмдерiне және/немесе сот кесiмдерiне сәйкес коммуналдық
меншiкке түскен Мүлiк туралы жергiлiктi атқарушы органдар;
Тармақша 3
3) Мүлiктiң бар-жоғы туралы ақпараты бар өзге де мемлекеттік органдар.
Тармақ 4
4. Мүлiктi салық органдарында есепке қою мынадай негіздерде жүзеге
асырылады:
Тармақша 1
1) тиiстi сот кесімдерiне (тәркiленген, иесiз мүлiк және заттай
айғақтар);
Тармақша 2
2) нотариус берген мұраға мемлекеттiк құқығы туралы куәлiк
(мұрагерлiк мүлiк);
Тармақша 3
3) кедендiк ресiмдеу аяқталғаннан кейiн "мемлекет пайдасына тауардан
бас тарту" кеден режимiне сәйкес мәлiмделген жүк кеден декларациясы
("мемлекет пайдасына тауардан бас тарту" кеден режимiнде ресiмделген
тауарлар және көлiк құралдары);
Тармақша 4
4) мемлекет меншiгi құқығы туындағанын куәландыратын өзге де құжаттар
(өзге мүлiк).
Мүлiк салық органдарында, заңнамада көзделген өзге де жағдайларда
есепке қойылады.
Тарау 3
Тармақ 3. 3. Мүлiктi бағалау
3. Мүлiктi бағалау
Тармақ 5
5. Мүлiктi бағалауды (қайта бағалауды) субъектiлер заңнамада
белгiленген тәртiппен жүргізедi.
Тармақ 6
6. Мемлекет меншiгіне түскен жылжымайтын мүлiктi осы Ереженiң 1-тармағында көрсетiлген негіздер бойынша жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар субъект бағалайды.
Жылжымайтын мүлiкті бағалау жөнiндегі субъектiнi таңдауды, сондай-ақ оның қызмет көрсетуiне ақы төлеудi заңнамада белгіленген тәртiппен салық органы жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Осы Ереженiң 1-тармағында көрсетiлген, заңнамалық кесiмдерде оларға арнайы бағалау тәртiбi белгіленбеген мүлiктiң жекелеген түрлерiн бағалау (қайта бағалау) үшiн аймақтық салық органы басшысының бұйрығымен мүдделi мемлекеттiк органдардың (салық органының, кеден органының, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi сот қаулысын орындау жөнiндегі комитетiнiң немесе басқа да мемлекеттiк органдардың) кемiнде үш өкiлiнен тұратын бағалау жөнiндегі комиссия құрылады.
Заңнамалық кесiмдерге және/немесе сот кесiмдерiне сәйкес коммуналдық меншiкке түскен мүлiктi бағалауды (қайта бағалауды) жүзеге асыру кезінде комиссия құрамына тиiстi жергiлiктi атқарушы орган өкiлдерi енгiзiледi.
Тармақ 8
8. Комиссия салық органы оны есепке алғаннан бастап 5 күндiк мерзiмде Мүлiктi бағалауды (қайта бағалауды) жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Мүлiкті (ақша мен төлем құжаттарынан басқа) бағалау (қайта бағалау) сапасын, тозуын және бағалау үшiн мәнi бар басқа да өлшемдердi ескерiп, нарық бағасы бойынша жүргізiледi.
Ақша және төлем құжаттары бастапқы бағасы бойынша бағаланады.
Бағалы металдар, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдарға комиссия бағасы алдын ала жасалған болып табылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Касса операциялары мен құндылықтарды сақтау орталығында (филиал) тасымалдау (қайта жiберу) мақсатына арналып жүргiзiледi.
Тармақ 10
10. Бағалау нәтижелерi бойынша комиссияның барлық мүшесi қол қойған бағалау туралы кесiм жасалады.
Тарау 4
Тармақ 4. 4. Мүлiктi одан әрi пайдалану, соның ішінде сату
4. Мүлiктi одан әрi пайдалану, соның ішінде сату
Тармақ 11
11. Көркем, тарихи, мұражай, нумизматикалық және өзге де құндылықтарға жататын, белгiленген тәртiпте тарих және мәдениет ескерткiштерi деп танылған заттар мәдениет саласындағы орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша жедел басқару құқығы бар мемлекеттiк мәдениет мекемелеріне тегiн берiледi.
Тармақ 12
12. Қымбат металлдар, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдар үкiмет (бюджеттiк) резервiне кейiн есептеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Касса операциялары және құндылықтарды сақтау орталығына (филиал) тапсырылады.
Тармақ 13
13. Ақша Агент банкi* немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi филиалдарына берiледi, төлем құжаттары және қор құндылықтары (акциялардан басқа) мемлекеттiк бюджет кiрiсiне кейiн есептеу үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің филиалдарына берiледi. Ұлттық валюта Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми бағамы бойынша операция жасалған күнге есептеледi.
* Агент банкі - заңнамаға сәйкес айқындалған мемлекеттік мекемеге қызмет көрсетуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк.
Тармақ 14
14. Осы Ереженiң 11-13-тармақтарында көрсетiлмеген, азаматтық айналымнан алынбаған және айналымда шектелмеген мүлiк, егер заңнамалық кесiмдерде оны пайдаланудың арнайы тәртiбi белгіленбеген болса, сатуға жатады, мұның өзiнде:
Тармақша 1
1) шаруашылық серiктестіктерiнiң жарғылық капиталындағы акциялар мен үлестер жекешелендiру туралы заңнамада көзделген жағдайларда және тәртiпте сатылады;
Тармақша 2
2) заттай айғақтар, егер олардың сатылу тәртiбiн заңнамалық
кесімдерге сәйкес сот айқындамаса осы ережеде белгіленген тәртiпте
сатылады;
Тармақша 3
3) өзге де Мүлiктi салық органдары заңнамада көзделген тәртiппен
аукциондарда, биржаларда, сондай-ақ сауда және өзге де мамандырылған
ұйымдар (бұдан әрi - сауда ұйымы) арқылы сатады.
Тармақ 15
15. Салық органдары коммуналдық меншiкке түскен Мүлiктi сатуды
жергілікті атқарушы органдармен келiсiм бойынша жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Мүлiктi сату мына тәртiптердi сақтай отырып жүргiзiледі:
Тармақша 1
1) ашық тауар биржалары арқылы заңнамада белгiленген олардың ең
төменгi партиясының болуы кезiнде тауар биржалары арқылы сатылады;
Тармақша 2
2) сауда ұйымдары арқылы:
жарамдылық (сақталу) мерзiмi шектелген азық-түлiк тауарлары;
пайдаланылған өндiрiстiк тауарлар (көлiк құралдарынан басқа);
жекелеген даналары мемлекет меншiгiне көшкен тауарлар сатылады (көлiк
құралдарынан басқа);
Тармақша 3
3) өзге де Мүлiк аукционда сатылады.
Тармақ 17
17. Санитарлық-эпидемиялық сараптама пайдалануға жарамсыз деп таныған
азық-түлiк тауарларды заңнамаға сәйкес аумақтық салық органдары жанында
құрылған комиссия жояды.
Тарау 5
Тармақ 5. 5. Қорытынды ережелер
5. Қорытынды ережелер
Тармақ 18
18. Мүлiк сатудан түскен қаражат заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекет бюджетi кiрiсiне толық көлемде аударылады.
Тармақ 19
19. Мүлiктi есепке алу, бағалау, сақтау, салып жiберуге байланысты шығындар және сату жөнiндегi өзге де шығындар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Тарих және мәдениет ескерткiштерiне жататын заттарды (көмбе) тауып алған және өткiзген адамға, сондай-ақ мұндай көмбе табылған жер учаскесiн пайдаланушыға немесе жылжымайтын мүлiк иесiне Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгiленген сыйақы төлемiн төлеудi заңнамада айқындалған тәртiпте республикалық бюджет қаражатынан уәкiлеттi мемлекеттік орган жүргiзедi.
Тармақ 21
21. Мемлекет меншiгiне түскен Мүлiк негiзiндегі сот кесiмi күшiн
жойған жағдайда (тиiстi бөлiкке өзгерiстер енгiзiлген), салық органы
мүлiктi заттай қайтаруды жүргізедi. Ал, егер Мүлiк сатылған жағдайда,
заңнамада белгiленген тәртiппен уәкілеттi мемлекеттiк орган сатудан түскен
қаражат шегiнде оның құнын өтеудi жүргiзедi.
22. Мүлiктi есепке алу және одан әрi пайдалану жөнiндегi лауазымды
тұлғалардың iс-әрекетiне Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгіленген тәртiппен шағымдануы мүмкiн.